Єулиеата ¤Њіріндегі 1920 – 1930 жылдары ќалыптасќАН



жүктеу 137.26 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі137.26 Kb.



ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕГІ 1920 – 1930 ЖЫЛДАРЫ ҚАЛЫПТАСҚАН

ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ЖАҒДАЙ
Бозымбекова А.С.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


1920-шы жылдары үш революция мен бірінші дүниежүзілік соғыс артта қалып, қазақ халқының мемлекеттігі тарихи тұрғыдан қабылдауға болатын шекарада қалпына келтірілді .

Алмасып отырған әлеуметтік- экономикалық, саяси және мәдени жағдайларға сәйкес қоғамдық, саяси және ұлттық сана формалары да өзгерді. Дәстүрлі әдет-ғұрып бүліншілікке ұшырап, жаңа түсініктер қалыптасты ,ол өз кезегінде тіпті де жаңа түсініктермен ауыстырылған еді. Осындай жағдайда адам санасы өтіп жатқан өзгерістерді түйсініп үлгере алмауы себепті жылдам ауытқып отырған тұрмыс салтына ілесе алмады.

1918 жылдың көктемінде Кеңес үкіметіне өз армиясы мен қалаларда шоғырланған мемлекеттік қызметкерлерін және осындағы «пролетариаттарды» азық-түлікпен қамтамасыз ету аса үлкен маңызға ие болған еді. Большевиктерге бұл жағдайдан шығудің екі мүмкіндігі болды: не қираған экономиканы ілдебайлап қалпына келтіру үшін ептеп нарықтық қатынастарды енгізу, немесе күштеу шараларын қолдану. Олардың екінші жолды таңдағаны белгілі.

Петроградтағы мұндай кесапатты саясаттың салқыны Оңтүстік Қазақстан өңіріне тез-ақ жеткен болатын. Бүкіл елді қамтыған саяси дағдарысты экономикалық құлдырау күшейте түсті.1917 жылғы құрғақшылық нәтижесінде жылдың соңына қарай аштыққа ұшыраған жеке қожалықтардың саны: Әулиеата уезінде 44307,Ақмешіт уезінде 24810,Түркістанда 12296, Шымкент уезінде – 33618 еді [1, б.226].

1918 жылдың ортасында-ақ Түркістан Республикасында азық-түлік жағдайы мүлдем қиындап кетті. Түркістанға Солтүстік Кавказдан, Россиядан, Сібірден тасылатын астық бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында аса ауыр жағдай мен темір жол транспортының жүйесіз жұмысы кесірінен мүлдем доғарылды. Өлкенің өз ішінде астық даярлау ісін жүйелі тәртіпке келтіру мақсатында атқарылған шаралар нәтижесіз аяқталды.

Республиканы сұрапыл аштық жайлады. Күн көрудің барлық көзінен айырылған халық баудай түсе бастады. Көшпенділер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 пайызын қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 пайызы қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тура келді [2, 46-б.]. Осындай жағдайда ашаршылыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған БОАК-тың 1918 жылдың 9 мамырындағы «Азық-түлік Халық Комиссариатына нанның қорын жасырып және оны саудаға салғандығы үшін деревня буржуазиясына қарсы күресте төтенше өкілеттіліктер беру туралы»декретінің 7 бабында: «қолында артық наны бар және оны станциялар мен жинау және құю (себу) орындарына жеткізбегендер халық жаулары болып табылады және барлық мүлкі кәмпескеленіп, 10 жылдан кем емес уақытқа түрмеге жабылады»,- деп көрсетілген [3, б.98].

Осыдан кейін-ақ Түркістан республикасы ОК төрағасы үшін-Солькин, Түркістан республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы –Колеев, Азық-түлік комиссары – Казаков қолдарын қойған Қаулыда нанды өз пайдасы үшін саудаға салып жүргендердің ісі революциялық соттардың трибуналына берілетіндігі ескертіледі [4].

Дегенмен негізгі құрбандығы мұсылман халықтары, оның ішінде көшпелі халықтар болған сұрапыл аштықпен күресуге құрамына бірде-бір жергілікті халықтардың өкілі енгізілмеген жаңа үкімет селқостықпен қарады. Тіпті жоғарыдағы қаулыға қолы қойылған Азық-түлік комиссары – Казаковтың кейіннен, Түркістанның ашыққан халқы үшін Бұқарадан сатып алынған шәйді 3 млн. сомға Бұқаралық саудагерлерге қайта сатып, ақшаны қымқырып кеткендігі туралы да айтылады [2, 48-б.].

Жергілікті жерлердегі мұндай берекесіздіктерді мына құжаттардан да көруге болады. «Әулиеата Депутаттар Кеңесі Атқару Комитетінің 1918 жылдың 7 қазанындағы, Хмелевскийдің төрағалығымен өткен мәжілісінде Қаракөл болысының қырғыздары ( қазақтары ) қырғыз (қазақ ) Депутаттар Кеңесінің мүшелері Шолпанқұлов пен Кутенеевтің арызын тыңдап, онда алыпсатарлардың малын реквизициялауға жіберілген Шевяков пен Кольчугин басқарған қызыләскерлердің малы бар барлық қырғыздардың (қазақтардың ) малдарын тартып алып жатқандығы айтылады. Депутаттар сонымен қатар Айдаралы Берденовтың сол қызыләскерлермен бірге жүрген аты-жөні белгісіз сарттың (өзбектің) Қаракөл болысының қырғыздарына (қазақтарына ) егер 5000 сом ақша берсеңдер малдарыңа тимейміз дегендігін айтады».

Саяси күштердің аталған өзіндік ерекшеліктері, қоғамдық санада, әсіресе азамат соғысы тәжірибесінде, кез-келген мәселе тек күш қолдану негізінде шешімін таба алады деген саяси түсініктің берік қалыптасуына алып келді. « Құқық күшін күштің құқына» айналдыру формуласы үстем болып шықты. Сол жылдары қалыптасқан осындай ахуалды мына құжаттан да көруге болады. Онда Әулие-Ата уезі Алмалы болысының бес тұрғыны – Нурманбет Шакелов, Қалмұрза Тұяқов, Махамбет Жетпісбаев, Сейдуалы Рахметов және Кемелбековтер уездік депутаттар Кеңесіне: «осы жылдың 14 июнінде біздің болыстан жылқыларды мобилизациялау кезінде оларды жылқыларының саны 100-ден асатын бақуат адамдардан емес, өздерінің соңғы жылқысын берген кедейлерден тартып алды», - деп арыз түсіреді [5]. Бұл жерде арыз берушілер мәселесінің сиырқұймышақтанып кеткені өз алдына, кедейлерге бостандық әперуші большевиктердің заңсыз әрекеті тайға таңба басқандай көрініп-ақ тұр. Мұндай оқиғалар әрине аз болған жоқ,оларды кездейсоқ болды деп те айта алмайсың. Қазақстандағы жағдай мұнымен қатар басқа да факторларға байланысты күрделене түсті. Халықтың көпұлттылық құрамы ұлт мәселесін шешуде жаңа жолдар іздестіруді айқындаған еді, алайда оның орнына, ұлыдержавалық шовинизм мен ұлтшылдық пиғылдағыларды айыптаған делдалдық саясат біртіндеп үстем бола бастады.

Зерттеліп отырған кезеңдегі Қазақстанның саяси тарихы үшін сол кездегі қалыптасқан және алмасып отырған жағдайда әрекет еткен саяси күштердің ерекшеліктерін анықтаудың да маңызы зор.

Әрине, алғашқы кезде қарсы жақтардың арасындағы әскери қақтығыстар бірнеше күндер мен апталарда, тек кейбір жағдайда ғана бір-екі айдың ішінде жергілікті жағдай шеңберінде шешіліп отырған еді. Алайда 1918 жылдың наурызында үш жылдан аса уақытқа созылған қантөгісті азамат соғысы басталған болатын. Зерттеу тақырыбы тұрғысынан қарағанда бұл, қарама-қарсы тұрған саяси күштердің ә дегеннен-ақ саяси күрестің шектен шыққан формасын таңдап, ешбір ымыраға жүгінбегендігін көрсетеді.

Билік басындағы большевиктер партиясының мұндай тәсілді таңдауы, олардың үнемі астыртын жағдайда әрекет жасап, билікке басқа саяси партиялармен одақтаспай, өзінше, қарулы көтеріліс арқылы келуімен байланысты болса керек.

Буржуазиялық - помещиктік және буржуазиялық - демократиялық, лагерьлердің де саяси икемділігінің, ептілігінің, үгіт-насихат жұмысын шебер жүргізу тәжірибесінің болмауы, олардың самодержавиенің күшімен бүркенуіне әкеліп соқтырған еді. Қазақстандағы социалистік жаңадан құру жағдайындағы маңызды фактордың бірі - Орталықтың түрлі жиналыстар өткізіп, көптеген қаулылар қабылдап және большевиктер партиясының көрнекті қайраткерлерінің республикаға әкелу арқылы ел өміріне жіті мән беруінде еді. Мұндай ынталылықты негізінен екі жағдаймен түсіндіруге болады.

РК(б)П мен оның басшылары үшін Коммунистік Интернационалдың жетекші күші ретінде, бұрынғы Ресей империясының отар аймақтарындағы қарымды жаңа құруларды іс жүзінде көрсетудің маңыздылығы зор болды. Метрополия мен отарлар қарым-қатынасы мәселесінде осындай тұғырнамада тұрған, басқа да еуропалық коммунистік партиялар «ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы туралы» ұранның коммунистік доктрина арқылы жүзеге аса алатындығына көзі жетуі керек болды. Сондықтан да тез арада жақсы жетістіктерге жету өте қажет еді. Большевиктердің осы пиғылды жүзеге асыру үшін жіберілген эмиссарларының алғашқысының бірі П.А.Кобозевке «Известия» газетінің корреспонденті, «Ел Реввоенсоветінің мүшесі және Кеңес республикасының Түркістан бойынша өкілетті өкілі қандай мәселелерді шешуге бара жатқандығын», - сұрағанда, - Кобозев: өзінің негізгі мақсаты Шығыс майданның Оңтүстік қанатындағы жауды талқандау екендігін, ол арқылы Түркістанға төте жол ашылатындығын атап айтқан болатын [6].

Мұның өзі Қазақстанның геостратегиялық орналасуына, яғни оның территориясы арқылы өтетін жолдардың Шыңжанға, одан әрі Британ империясының отарлық иеліктеріне баратындығына байланысты болса керек. Оңтүстік батыс бағыттағы Орта және Таяу Шығыс елдері мен еуропалық аймақта «әлемдік революцияның» - біртіндеп бәсеңдеуіне байланысты, Азия халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының маңызы арта түсті. Дегенмен билік басындағы партия мен үкімет Түркістан республикасының ұлттық өлке ретіндегі тарихи-объективті жағдайын түсінбеді, негігі бағыт ретінде Орталық Россияда іске асырылып жатқан шараларды Түркістанда қайталау мақсатын таңдады. Түркістан коммунистік партиясының ІУ съезінде сөйлеген сөзінде Т.Рысқұлов «большевиктік партия мен кеңес өкіметінің Түркістан өлкесінің жергілікті халықтарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тұрмыстық және діни өмірінің ерекшеліктерінің ескермей, ішкі Россияда іске асырылып жатқан шараларды мұнда да күштеп іске асыру саясатын ұстанғаны басмашылар қозғалысының өршіп кетуіне әсер еткендігіне» тоқталады [2, 83-б.].

Жалпы, қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады.Олардың түсінігі бойынша,қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты.Ал сол тарихи кезеңде отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болсын жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу ауадай қажет болды.Жіктелу,керісінше,оны әлсіретеді,негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді.

Бүкілресейлік құрылтай таратылғаннан кейін,сол арқылы ұлттық автономия алудан үміттенген Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық та тереңдей түсті. Егер «Алаш» партиясына біріккен ұлттық интеллигенция большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені зорлап танушы,қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін жан ұшыра қорғайтын контрреволюциялық күш есебінде қарады [7, 179-б.].

Егер азамат соғысы алдындағы кезеңде, қарама-қарсы жақтар, билік пен саясат мәселесін ,өзінің экономикалық және саяси қуаттарынан айырылған таптар мен сословиелердің күшін пайдалану арқылы шешуге тырысса. соғыс жағдайында қалыптасып келе жатқан Кеңес үкіметі, мәселені тиісінше, жаңадан құрылған мемлекеттік қорғау органдары күшіне сүйене отырып шеше бастады.

1918 ж. көктемінде Сырдария облысында округтық соты құрылды. Дегенмен, Перовск (Қызылорда),Верный (Алматы) қалаларының ескі сотының шенеуніктері Кеңес үкіметі декреттерінің қанқұйлылығына байланысты өз шешімдерінде оларға сүйенбеді. Осыған байланысты 1918 жылдың сәуірінде шыққан Түркістан республикасының Юстииция халық комиссариатының Қаулысында «Әрекетсіздік пен саботажға қатысты қылмысы бар сот орындарының қызметкерлері революциялық трибуналдың сотына өткізіледі»,- делінген [8, б.65].

Осы орайда большевиктердің «халықтық сотының» тұрпатына мына құжат арқылы мән берсек, онда Әулие-Ата уезіндегі сот мәселесі жөніндегі Ережеде былай деп жазылыпты: «Бұрынғы ескі мировой судьяның орнына үш адамдық алқалы сот құрылсын, олардың екеуі орыс болуы міндетті, біреуі жергілікті жердің қазағы бола алады. Оның өзі орыс тілін жақсы меңгеруі қажет» [9]. Міне, осылай. Қазақтардың тағдырын сол кезде кімдердің шешкенін осы құжат айқын-ақ көрсетіп тұр.

Сәл қатаң шаралар мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен өнеркәсіп кәсіпорындары иелерінің саботажына қарсы күресте қолданылды. Көтеріліске шыққан қызметкерлер зейнеткерлікке шығарылмай жұмыстан босатылатындығы туралы ескертіліп, көтеріліс жетекшілері мен бастамашылары жұмыстан қуылды. Түркістан ХКК–нің 1917 жылдың 29 қарашадағы қаулысы өнеркәсіп кәсіпорындарын жабуға қожаларына тиым салды. Кері жағдайда кәсіпорын национализациялануы мүмкін еді

Жаңа үкімет органдары қызметінің тағы бір бағыты оның контрреволюциялық баспасөзбен күресі еді. Кеңес үкіметіне қарсы мерзімді баспасөз басылымдарының үгіт-насихат жүргізу әрекеттері баспасөз туралы Декретке орай, олар жұмысшы және шаруалар үкіметіне бағынбауға немесе оған ашық қарсыласуға шақырған жағдайда, осы әрекеттер бұрмалану факторлары арқылы бүлікке бастау пиғылын тудырады, - делініп, бұл басылымдар жабылып тасталынды [10, б. 217].

1917 жылдың 12 желтоқсанында Түркістан ХКК « Туркестанский вестник» газетін … бүлік пиғылын тудырушы (себуші) ретінде жауып тастады. Жалпы қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде ұлт тілінде шығып тұрған газет-журналдарға бүгінгі күн тұрғысынан талдау жасай отырып сол кездегі большевиктер қитұрқысын қырағылықпен сезіне білген деректерге назар аударасың. «Бірлік туы» газетінде Сұлтанбек Қожанұлының «Түркістандағы орыс сиездері», - атты мақаласында ұлтжанды азамат: «Өткен жылғы ноябрь басынан бері Түркістан аймағының билігін қолдарына алып, өз үкімін жүргізіп, миллионнан астам мұсылмандарды, оларға қоса көп крестиандарды елеусіз етіп, 5-6 болшеуик Түркістанды билеуге бел байлап отыр. Түркістан аймағының мұсыманы бар, басқа халықтары бар, бұларды қаңтардағы бурадай ауыздарынан көбіктерін ағызып, сақылдатып қоя ма, жоқ болмаса бір нәрсе дей ме, оны келешек көрсетер, - деп заманның жүре бара түзеліп кетуіне ниет артса, Балғынбайұлы Қайретдиннің «Тұла бойы қан сасиды», - атты мақаласында 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығындағы Түркістандағы большевиктердің қанды қырғыны туралы баяндай келіп… Бұл сықылды масқаралыққа шыдап та мұсыман рухы қалайша бықсып жата береді? Адамзаттың ең қасиетті құқықтарын таптап кінәсіз қанын судай шашқан бұл сұмдықты не деп айтуға сөз таба алмайсың. Мен түгіл бұл масқаралықты жазбақшы болған тарихшы да оған ұнамды ат қоя алмас [11, 40-б.], - деп күйзеледі. Әрине мұндай газеттерді большевиктер жапты.

Түркістан өлкесінде қарастырылып отырған кезеңде панисламизм және пантүркизм идеялары нақты таратыла бастаған еді. Мұның өзі қызметі -1922 жылы тоқтатылған «Ұлттық бірлестік комитеті» - ұйымының құрылуынан да көрініс тапқан болатын.

Әулиеата уезі қалалық төтенше комиссиясының қызметкері Хамит Расулкариевтың арандатушылығының арқасында аталған ұйым әшкереленіп, жойылады. Бұл оқиғаның мәнісіне келсек, «Ұлттық бірлестік комитетінің» жергілікті ұйымының жетекшісі бұрынғы саудагер Шүкір Мұхаммедов Хамитті осы ұйымға тартуға тырысады. Осы арқылы Расулкариев ұйымда «жұмыс істеп», оның құрылымын, жоспарлаған акцияларын анықтайды [12, б.143]. Аталған комитеттің панисламистік және пантүріктік бағыттағы іс-әрекеттері мен ұйымның басмашылармен тығыз байланыстылығы анықталып, 1922 жылдың қыркүйегінде айыптаулар қорытындысы негізінде ұйым жетекшілерінің бірі Муэтдин мен оның жеті бірдей сыбайластары Түркістан майданының әскери революциялық трибуналының шешімімен ату жазасына кесілді [13, с.46 - 47].

Бұл жағдай қазіргі заман тұрғысынан қарағанда түсінуге қиын да болар, бірақ жекелеп алғанда, мәселе террорды кімнің бірінші бастағанында емес, әлеуметтік қарама-қайшылықтық шиеленісуі мен қарама- қарсы жақтардың мәдениет деңгейі оны шешудің бір-ақ жолын - өз қарсыластарын жоюды қарастырғандығында еді. Яғни латын тілінен аударғанда қорқыныш, үрей ұғымдарын білдіретін террор анықтамасы шын мәнінде «қорқыту», «үркіту» құралына айналды [14, с. 372-373].

Кеңес үкіметі панисламизм мен пантүркизм идеяларының таратылуына қатаң шектеулер қойды. Жалпы империя жағдайында-ақ тек қазақ және татар елдері арасында ғана емес, жалпы ресейлік мұсылман, түркі халықтары көлемінде көрінген бұл табиғи өзін-өзі сақтау ниетінен туындаған ынтымастыққа, ұлыдержавалық ұстанымның идеологтары панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, реакциялық мағына беруге тырысты. Өз ретінде бұл әдісті империялық күштер іліп алып кетіп, мемлекеттік саясаттың құралына айналдырды. Ал шын мәнінде мұсылман, түркі халықтарының метрополия алдында өздерінің табиғи талаптарын бірігіп қоюға ұмтылушылықтан басқа ешқандай да ұйымдық негізде саяси әрекетке көшпегендігі анық. Орыс миссионерлері мен шенеуніктері отарлық езгідегі елдердің өзара ынтымақтасуына түрткі болған мемлкеттік саясаттағы әділетсіздік екендігі жөнінде көп ойлап бас ауыртпады. Басқаша айтқанда, «панисламизм» мен «пантюркизм» идеясы саналы түрде ұлт азаттық қозғалысқа қарсы қойылған құйтырқы күрес әдісі болатын.

Жалпы алғанда Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі жаңа экономикалық саясат салыстырмалы түрде тыныш өтті. Жер-су реформасы, ұлттық межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-ның құрамына Жетісу мен Сырдария облыстарының енуі жалпы жағдайдың жағымдылығымен қатар, саяси ахуалдың реттелуіне де септігін тигізді. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және этносаяси қарама-қайшылықтар әлі де сақталған еді. БК(б)П көрсетілген кезеңде саяси тәжірибедегі сенімсіз қимылдары анықтағандай қиын аморфтық (тұлғасыз, формасыз) жағдайда болды. Қазақстандық өлкелік партия ұйымының жай-күйі де осындай болатын. 1924 жылдың 8 ақпанында Әулиеата уқалкомы атқару бюросының мәжілісінде Сырдария облыстық атқару комитетінің төрағасы Қ.Сарымолдаевтың «ауыл шаруашылығы салығын жинау барысында жіберген келеңсіздіктері үшін (байлардың кейбірін салық төлеуден босатып жіберген)Көшербаев пен Әділбековтердің істерін тезірек аяқтау» туралы телеграммасы талқыланып,онда:Бақылау Комиссиясы өкілдері Уқалком директиваларын орындамай отырған мемлекеттік прокурордың көмекшісі Будаевтың (партия мүшесі) әрекетсіздіктерін анықтап,өз қорытындыларын Уқалкомның атқару бюросына өткізулерін тапсырады [15].

Халық шаруашылығында негізгі экономикалық мәселелер қалпына келтіріліп, техникалық реконструкция жасалынып, бейбіт құрылысқа көшу жағдайында мемлекеттік билікті қорғау органдарын қайта ұйымдастыру (реорганизация) жүргізілді.

20- жылдардың соңына қарай БК(б)П идеялық сипатта біртұтас (монолитті) қалыптасып, ішкі партиялық алауыздықтан азат етілді, партиядан бөлек оппозиция болмауы себепті, халықаралық коммунистік қозғалыста үстемдік етті. Мұндай нақтылы мүмкіндіктің болуы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында қатал әкімшілік–командалық әдістерге көшу пиғылын тудырды.

Сөйтіп, билеуші партия өзінің жергілікті жерлердегі жазалау аппаратындағы тірегін нығайту мақсатындағы жұмыстарын бір сәтке де тоқтатпады.

Осы орайда орталық жіберген көптеген кызметкерлердің басым көпшілігінің қайтадан кері қайтуға талпынатындығына мән беруге болады. Соның да әсері болар, мәселен, Әулиеата уезінде Кеңес өкіметін орнатуға және нығайтуға белсенді қатысқан Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Сыдық Абланов, Ысқақ Әсімов, Кененбай Бармақов, Бекбосын Құлжабаев, Дәуіт Абдуллаевтар 1937-1938 жылдары «халық жауы» ретінде атылып кетті. Ал, Степан Хмелевский, Николай Чернышов, Федотов-Завадский, Данил Цыгановтар Қазақстаннан біржола кетіп қалған. Бұл топтағылардан тек Қарымбай Қошмамбетов ғана бұл зұлматқа жетпей 1930 жылы қарашада дүние салды[16].

Қорыта келе айтарымыз, дәстүрлі қоғамнан индустриалды қоғамға өту жылдамдығының келесі жағы мұндай өтудің құнының қаншалықтылығында болса керек. Әрине, большевиктердің жасаған әлеуметтік әулекілігі қазақ қауымын қатты күйзелтті. Әсіресе, ауыл күйреді. Халқымыздың жартысы қырылып, жартысы босты. Ұлт тарихын жоққа шығару, ұлттың өзін жоққа шығару болып шықты. Көп уақытқа дейін көшпелілерді өз бетімен дами алмайтын, жасампаздық қасиеттен атымен ада, жөн білмес, жүген тимес, қырып - жойғыш сойқан күш ретінде көрсету бел алып келді. Ол пікір көшпелілер мен отырықшылардың өмірлік - рухани мүдделерінің ешқашан бітіспейтін ежелгі кереғарлығы бар деген қисынға сүйенді. Соған иек артып, баяғыда патша генералдары Орталық Азия кеңістіктеріне қол сұғушылықты өркениетті әлемнің қауіпсіздігіне жасалып жатқан қамқорлық деп түсіндірген еді. Ал олардың өңін айналдырып алған мұрагерлері тұтас ұлттарды қаралай жойып жіберу жолдарындағы әсіре интернационалистік көз бояушылықтарын тағы да сол адамзат пен өркениеттің сәулетті болашағына қам жеушілік деп дәлелдеп бақты. Сөйтіп, ресми саясатқа коммунизм деп аталатын қайдағы бір қияли елес арқау болып, қоғамның саяси - әлеуметтік және экономикалық мұраттарына қабыспайтын деректер мен көзқарас тарихтан түп-түгел алынып тасталды [17, 7-б.]. Ғылым тізгінін де өз қолында нықтап ұстаған билеуші партия күллі әлем тарихын барша адамзаттың баяғыдан бері социалистік және коммунистік қоғам құру жолында жүргізіп келе жатқана саналы күресінің шежіресі деп ұғындыруға күш салды. Ал ондай таптық таяздық пен әлеуметтік бөле-жарушылыққа бой алдырмаған тұлғалардың бәрі ұлтын сатқан халық жауы саналып, қатал қуғын-сүргінге ұшырады.


Әдебиет


  1. Елеуов.Т. Установление и упрочение советской власти в Казахстане. - А-Ата. 1961. - с.226.

  2. Каримов Р.Х. НЭП в Узбекистане:,закономерности и специфика. // «общественные науки в Узбекистане» 1998, № 3 – 24 с.

  3. Политика партии большевиков по отношению к крестьянству в период установление и упрочение Советской власти.- М.:Полит. лит.1953. - 98 б.

  4. «Советский Туркестан» 16 август. 1918 г. №53.

  5. ЖОММ 50 - қор. 1 - тізбе. 17 - іс. 45 - п.

  6. Известия ВЦИК, 1918, 13 сентября : в книге «Посланцы Ленина в Казахстане» Сборник очерков, - Алма-Ата, «Казахстан» 1987, б 95.

  7. Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХУІІІ-ХХғ.ғ.) Зерттеулер .- Алматы : Жалын, 2004. – 400 б.

  8. Сапаргалиев М.С. История народных судов Казахстана (1917-1965) , «Казахстан», - Алма-Ата 1966.-224 с.

  9. ЖОММ 50 - қор. 1 - тізбе. 3 - іс. 18 - п.

  10. Собрание узаконений и распоряжений Рабочего и Крестьянского правительство 1917-1918г.г. № 1 с7. В кн. Нурпеисов К. Н.«Становление советов в Казахстане» ( март 1917г.- июнь 1918г.) « Наука» - Алма-Ата , 1987. - с 217.

  11. Қозыбаев С., Рамазанов А.,Аллаберген К. «Әлем баспасөзі тарихынан» (Оқу құралы) – Алматы, «Санат» 1998. - 40 бет.

  12. Арипов Р., Мильштейн Н.. Из истории органов госбезопасности Узбекистана / Документальные очерки истории 1917-1930 г.г. / - Ташкент: Узбекистан, 1967.-184с.

  13. Коканбаев А. Борьба с басмачеством и установленияе Советской власти в Фергане. – Ташкент: Госиздат УЗССР, 1958.-116с.

  14. Политология. «Энциклопедический словарь».-Ростов-на-Дону. 1997.-608с. 124. Жамбыл облысы әкімінің мұрағаты ( бұдан әрі ЖОӘМ) 10 - қор. 1 - тізбе, 113 - іс.

  15. ЖОӘМ 10 - қор. 1 - тізбе, 14 – іс

  16. «Ақ жол» 30 мамыр 1998жыл.

  17. Кекілбаев Ә. «Отан тарихы- рухани жаңғыруымыздың қайнар көзі» (Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан қоғамының қайта жаңғыруы) - Алматы Қазақстан 1998ж. 7бет.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2013 I
konf 2013 I -> Cырдария ¤зені алабындаѓы к¤ксарай контрреттегіші
konf 2013 I -> «теріс-ащыб¦ЛАЌ» су ќоймасыныњ су тастаѓыш ќ¦рылымын
konf 2013 I -> “асар” дауларына ќатысты билік шешімдердіњ ерекшеліктері
konf 2013 I -> Ќылмыстыќ істер бойынша ¤зара ќ¦ЌЫЌТЫЌ К¤мек к¤рсету институтыныњ Ќалыптасу жєне даму тарихы
konf 2013 I -> Виртуалды жеке желілердіњ жіктелуі
konf 2013 I -> Эхинококкоз ауруыныњ жамбыл облысында таралуы жєне
konf 2013 I -> Тєуелсіз ќазаќстан мен германия арасындаѓы ынтымаќтастыќ динамикасы
konf 2013 I -> Талас алабы ¤зендерініњ суын егістікке пайдалануды
konf 2013 I -> Инерциялыќ энергетикалыќ ЌондырѓЫ Ќ¦ру мєселесі
konf 2013 I -> Ауыр металдармен ластанѓан топыраќты ќалпына келтіруде фиторемедиациялау єдісін ќолдану м‡мкіндігін талдау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет