Қарағанды облысында жұмысшы пойыздың астына түсіп, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Қайғылы оқиға 15 қаңтар күні "Шұбаркөл көмір" АҚ ішкі теміржол желісінде болған. Бағыттау бекетінің кезекшісі беймәлім жағдайда пойыз астына құлап, қаза тапқан.

Компанияның мәліметінше, жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен.

"Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды. компания ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді", — делінген компания хабарламасында.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.