Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуге жақын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/meiirim.nursultanov

Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының салмағында сынға түсетін Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 10 KO) WBC ұйымының жаңартылған рейтингінде 1-орынға көтеріліп,чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға жақындады. Оның алдында тек чемпион Джермалл Чарло мен уақытша чемпиондық белбеудің иегері Карлос Адамес қана тұр. Джермалдың “Канелоға” қарсы жекпе-жек өткізетінін ескерсек, чемпиондық атақ үшін Мейірім мен Карлос Адамес жұдырықтасу тиіс. 

Әлімханұлы көздеген боксшымен "Канело" жұдырықтасады

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсететін орта салмақта екі бірдей чемпиондық белбеу (IBF, WBO) Жәнібек Әлімханұлына тиеслі.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.