Еркін күрестен әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері Дәулет Ниязбеков Қазақстан чемпионатына қатысты Stan.kz ақпарат агенттігіне ой бөлісті. 

Фото: Olympic.kz

Еркін күрестен үш дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков күрес түрлерінен өткен ел біріншілігінің өте жоғары дәрежеде өткенін айтты. 

"Биылғы Қазақстан чемпионаты барлық жағынан өте жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыру жағынан да, төрешілер де, тіпті балуандардың өнері де жоғары дәрежеде болды", – дейді Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны. 

Сондай-ақ өзі белдескен 65 келідегі балуандардың да мықты екенін, бәсәкелестік жоғары екенін тілге тиек етті.

"Әрине, 65 келіде әлемде ғана емес, еліміз де бәсекелестік өте жоғары. Өздеріңіз көргендей, Ресейдегі үздік балуандардың бірі болған Начын Куулар мықты екенін мойындата алмады. Өзіміздің інілеріміз, қазақ балуандары ел чемпионатын ұтып, лицензиялық турнирде сынға түсу мүмкіндігін алды", – деп қосты балуан.

Айта кетейік, 65 келіде Қазақстан чемпионатын маңғыстаулық Майис Алиев жеңіп алды. Ал ресейлік легионер Начын Куулар қола жүлдегер атанды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.