Бүгінде қоршаған орта проблемаларын шешу Қазақстан Үкіметі мен жеке бизнестің бірқатар бастамалары мен стратегияларының объектісіне айналуда. Автоөндірушілер жылдан жылға ауаға, суға, топыраққа теріс әсерді азайтуға тырысып келеді. 20 жылдан астам тарихы бар Allur компаниясы экологияны жақсарту үшін істеп жатқан жұмыстары туралы мәліметтерді жариялады.

Жасыл өндіріс

Қостанай қаласындағы Allur зауытының барлық қалдықтары, ерекшелігіне, түрлеріне қарамастан, мамандандырылған ұйымдарда қайта өңделеді әрі кәдеге жаратылады. Мысалы, картон мен пленка жинастырылып, оралғаннан кейін қайта өңдеуге жіберіледі, нәтижесінде өндірісте қолдануға арналған жаңа материалдар пайда болады. Ал, қайта пайдалануға жарамсыз қалдықтар кәдеге жаратылады.

"Біздің компанияның принциптерінің бірі – пайда әкелу. Біз қоғамға және қоршаған ортаға қосқан үлесіміз үшін жауаптымыз, сондықтан экология мәсесі Allur қызметкерлерінің жұмысында аса маңызды орынға ие. Заңдар мен нормаларды қатаң сақтаудан басқа, біз зауыттың әр қызметкеріне экологияға қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы ойды жеткізуге тырысамыз. Сондықтан Корпоративтік университет мамандары Allur-да арнайы эко-курстарын оқытады. Онда оқыған жұмысшыларымыз қоқысты сұрыптаудың оңай әрі тиімді әдістері туралы мәлімет алады, өз үйінде  экологияның дамуына қалай үлес қосу керегін үйренеді",– дейді Allur зауытының инженер-экологы Амина Сапарбекова.

Allur компаниясының экологиялық қызметінің негізгі аспектілерінің бірі – қоршаған ортаға әсерді жүйелі бақылап отыру. Жұмыс заманауи техникалық құралдар мен жабдықтарды пайдалана отырып жүргізіледі. Ал, нәтижесі мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес талданады. Стандарттар тек атмосфералық ауада ғана емес, сонымен қатар су мен топырақ ресурстарында да сақталады.

Осылайша, соңғы өлшеулердің бірі компания қызметінен ауаға көміртегі оксиді шығарындыларының көлемі рұқсат етілген 5 грамммен 2,9 мг/м3 құрайтынын көрсетті. Тиімді нәтижелер басқа көрсеткіштерден де байқалуда.  

Жасыл корпоративті мәдениет

Allur қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға ұмтылып қана қоймайды, сонымен қатар экологиялық тұрақтылықты дамытуға бағытталған бастамаларды да белсенді түрде қолдайды. Корпоративті мәдениет аясында қызметкерлер "жасыл" жобаларға қатысуға ынталы. Мұндай бастаманың бір мысалы – компанияның электронды құжат айналымына көшуі, бұл қағазды  аз жұмсауға және орман ресурстарына әсерін азайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар, Allur қоршаған ортаны жақсартатын жобаларды қолдайды. Ол адамдардың қайта өңдеуге қатысу әрі  хабардар болуы. Мысалы, Ecosun ұйымымен әріптестік Алматының дилерлік орталықтарында макулатура мен басқа да қалдықтарды қайта өңдеуге арналған экобокстарды орнатуға мүмкіндік берді. Серіктестердің мәліметінше, жобаны жүзеге асыру барысында 100-ден астам ағашты сақтап, 6000 вт электр қуаты мен 122 мың литр суды үнемдеген.

Жасыл автокөліктер

Allur электромобильдердің бірегей үлгілерін таныстырады: Kia EV6, Hongqi E-HS9 және JAC e-JS4, олар озық технологиялар мен жоғары экологиялық тиімділікті біріктіреді, жүргізушілер мен жолаушыларға қоршаған ортаға зиян келтірместен қозғалу әдісін ұсынады. Көміртегі шығарындыларын азайтуға ерекше назар аударылады.

Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде электр көліктерінің саны 5 есеге өсті. Егер 2022 жылы 788 электр көлігі есепке алынса, 2023 жылдың соңына қарай 3696 осындай көлік тіркелген.

Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін Алматы мен Астана дилерлік орталықтарында зарядтау станциялары орналастырылған. 

Осылайша, Allur экологияға жауапты екенін көрсетуде. Өөндіріс пен тұрақты тәжірибені коммерциялық мүдделермен сәтті үйлестіруге болады. Бұл өз кезегінде компанияға қоғамның өркендеуіне деген адалдығын байқата отырып, даму қарқынын арттыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған жаңа технологиялар мен бастамалар болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтауды қамтамасыз етеді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.