Моңғолия астанасында 60 тонна газ жарылып, содан кейін жақын маңдағы сауда орны, бірнеше ғимарат пен көлік өртенген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілер арқылы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, қаза болғандар бар, бірақ олардың нақты саны белгісіз. Кейбірі жарылыс 24 адамның өмірін қиғанын жазып жатыр. News.mn дерегінше, алты адам мерт болып, ондаған тұрғын жараланған. 

Vehicle with 60 tons of gas explodes in Mongolia pic.twitter.com/WU1kKuzBi8

— Viral Video Vortex (@Vid_Vortex) January 24, 2024

 

Басылым жүк көлігінің жарылуына тайғақ жол себеп болғанын айтады. Төтенше жағдай маңындағы үй тұрғындарын эвакуациялап жатыр. 

Мамандардың сөзінше, жедел көмек қызметінің үш қызметкері және тағы екі адам мерт болды. 20-дан астам автокөлік жанып кетті. 

Жү көлігі жарылыстан 30-40 метр жерге ұшып кеткен. 

Газ таситын көлік жүргізушісі оқиғаға басқа автокөлікпен соғысу себеп болуы мүмкін екенін атап өтті. 

Бұған дейін кеше кешке Астанадағы теміржол вокзалына жақын жерде ірі өрт тұтанғанын жаздық.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.