Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты блогер Нұр Қанатұлы қазақстандықтарға жұмыс күнін сағат 8:00-де бастап, 17:00-де аяқтауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Блогердің сөзінше, біз ерте ұйықтап, ерте оянып жүргендіктен жұмыс уақытын да соған лайық өзгерту керек. 

"Менде мынадай ұсыныс бар: жұмыс уақытын таңғы 8:00-ден кешкі 17:00-ге дейін өзгертсек. Өйткені, бізді бір сағатқа артқа жылжытты. Біз ерте ұйықтап, ерте ояна бастадық. Сіздерге қалай? Өз пікірлеріңізді жазсаңыздар", – деді блогер.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от nur.kanatuly.kz (@nur.kanatuly.kz)

Блогердің ұсынысын Instagram қолданушыларының көбі қолдады.

  • Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу экономикаға соққы болып тие ме – Ұлттық экономика вице-министрі жауап берді
  • "Адамдардың ұйқысы қанады": Сарапшылар бірыңғай уақыт белдеуіне ауысудың пайдасы жайлы айтты

"Мектеп мәселесін де көтеру керек. Балалардың сабағы 19:00-де аяқталады. Бұл бұрынғы уақыт бойынша 20:00. Дала қою қараңғы", "Иә, бір уақытта электр қуатының тарифі көтеріліп, уақыт энергия орталығының пайдасына өзгертілді. Жарықты 1 сағат бұрын қосамыз. Монополия пайда тауып жатыр", "Таңертең сыртқа шықсаң түс болып кеткен сияқты әсер аласың", – деді желі қолданушылары. 

Еске салайық, 1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.