Заңды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін «Жемшөп өндірісін дамыту»



жүктеу 1.7 Mb.
бет1/8
Дата22.04.2019
өлшемі1.7 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Заңды тұлғалар үшін «Жемшөп өндірісін дамыту» инвестициялық бағыты бойынша жемшөп дайындау, жемшөп тарату, жемшөп әзірлеу техникаларын сатып алуға арналған құжаттар тізбесі

              1. №7 қосымшаға сәйкес қатысуға өтінім; №8 қосымшаға сәйкес сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Ортақ қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және ол туралы несие бюросынан ақпарат алуға келісімі – осы Регламентке қоса берілген нысан бойынша түпнұсқалар;

              2. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтайшылық шарттың және (немесе) жарғының (енгізілген барлық өзгертулерімен және толықтыруларымен бірге), қарыз алушының (Ортақ қарыз алушының) салық төлеуші куәлігінің нотариальды түрде куәландырылған көшірмелері;

              3. Қол қою құқығы бар және мөр оттискісі бар лауазымды тұлғалардың қолтаңбаларының үлгілері қойылған карточканың нотариальды түрде куәландырылған түрнұсқасы;

              4. Қоғам талаптарына сәйкес Қарыз алушының атынан несиелік және кепілдікті құжаттамаға қол қоюға уәкілеттенген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

              5. Қатысу (акция) үлесінің 10% астамына ие құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) және заңды тұлға басшысының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

              6. ҚҚС есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;

              7. Осы Регламентке қоса берілген № 10, 11, 12 және 13 қосышаларға сәйкес нысан бойынша соңғы екі жыл бойынша және өтінім беретін күннің алдындағы күнтізбелік айдың соңғы күніне ақырғы есепті жыл бойынша салық декларациясының көшірмесін қоса отырып, қаржылық есептілік, сонымен қатар осы Регламентке қоса тіркелген №14 қосымшаға сәйкес талаптардың, міндеттемелердің, негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық запастардың мағыналарын ашу – бірінші басшысы мен бас бухгалтердің (болса) қолтаңбасымен және мөрімен расталған түпнұсқалар;

              8. Осы Регламентке қоса берілген №15 қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспар – бірінші басшының мөрімен және қолтаңбасымен расталған түпнұсқалар;

              9. Бастапқы тіркеу туралы, бүкіл қайта тіркеулер және олардың себептері туралы, жарғыға жасалған өзгертулер туралы мәліметтер, сондай-ақ, жарғы капиталының мөлшері мен құрылтайшыларының құрамы көрсетілген әділет органдарының анықтамасы;

              10. Қызмет көрсетуші қаржы ұйымдарының (банктердің, лизингілік компаниялардың, несие серіктестіктері мен несие ұйымдарының) анықтамасы

- несие берешегінің болуы (болмауы) туралы және несие берешегі болған жағдайда – несие тарихы (несие түрі, несие сомасы, мақсатты пайдаланылу, берілу мерзімі, ай сайынғы төлем мөлшері, кепілзатқа берілген мүлік, төлемді тәртіп, қайта құрылғандығы және мерзімі ұзартылғандығы) – түпнұсқа.

- өтінім берер алдындағы соңғы 12 айға банк шоты бойынша айдың басына және соңына кіріс және шығыс ақша қалдығын көрсете отырып, шоттарының болуы туралы, айналымдар туралы (қажет болған жағдайда, есеп шотынан үзінді көшірме талап етілуі мүмкін), соңғы 6 ай бойынша есеп шотынан үзінді көшірме – түпнұсқа (қажеттілігіне қарай ұсынылады).



Несие берешегі болған жағдайда, несие тарихы бойынша құжаттардың көшірмелері тапсырылады: несие желісін ашу туралы шарттар немесе келісімдер, несие шарттары, лизинг шарттары, несие (лизинг) бойынша төлемақы кестелері, кепілзат шарттарының көшірмелері.

              1. Бірінші басшының немесе оның орынбасарының қолы қойылған соңғы үш ай бойынша бюджетке және бюджеттен тыс қорларға берешегінің болмауы немесе болуы туралы салық органының мөрі қойылған анықтамасы – түпнұсқа (егер салық органының анықтамасына басшы немесе оның орынбасары қол қоймаған болса, анықтамаға қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелері тапсырылады);

              2. Шаруа (фермер) қожалықтарын жүргізу үшін жеке меншік құқығында немесе уақытша ақылы жер пайдалану құқығында жер телімін/-дерін беру туралы жергілікті атқарушы органының шешімі, жер телімін/-дерін жалдау (сатып алу-сату) туралы шарт және жеке меншік немесе уақытша ақылы жер пайдалану құқығына берілген акт, сондай-ақ, жерге құқықтарын тіркеу туралы әділет органы берген анықтаманың түпнұсқасы;

              3. Несие ұйымының немесе өзге субъектінің Ықтимал қарыз алушының Инвестициялық жобаны ортақ қаржыландыруы үшін Ықтимал қарыз алушыға ақша ресурстарын беру ниеті туралы құжаттардың түпнұсқалары;

              4. Жарғылық капиталға ақы төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі (АҚ қоспағанда);

              5. Ықтимал қарыз алушының кепілдікті мүлкінің өтімділігі мен жеткіліктілігіне бағалау жүргізуге қажетті құжаттар тізбесі осы Регламентке қоса тіркелген №17 қосымшаға сәйкес тапсырылады;

              6. Ықтимал қарыз алушының уәкілетті органының «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан қаржыландыру алу туралы шешімі, мұндай қаржыландыру сомасын, сондай-ақ, меншікті ортақ қаржыландыру мөлшерін көрсете отырып – түпнұсқа;

              7. Ықтимал қарыз алушының уәкілетті органының Атқарушы органның құрылуы және Атқарушы органның басшысын сайлау туралы шешімі (егер Атқарушы орган алқалы болған жағдайда) – заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірме;

              8. Міндетті аудит жүргізуге жататын субъектілер үшін – соңғы 2 жыл бойынша жылдық қаржылық есептілікті тексеру нәтижелеріне негізделген аудиторлық қорытындылардың көшірмелері, тексеріс жүргізетін аудиторлық ұйымдардың лицензиялары;

              9. Акционерлік қоғамдармен құқықтық сараптама жүргізу үшін қосымша келесі құжаттар ұсынылады:

    1. Акция шығарылымы анықтамалығының көшірмесі;

    2. Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

    3. Акция шығарылымы мен оларды орналастыру қорытындылары туралы хабарламаның көшірмесі;

    4. Шақыру күніндегі жағдай бойынша (Қазақстан Республикасы заңнамасымен қажет болған жағдайларда) барлық қатысушыларын (акционерлерін) көрсете отырып, бағалы қағаздар иелерінің тізілімінен анықтама түпнұсқасы (үзінді көшірме);

    5. Тізілім жүйесін жүргізу бойынша қызмет көрсетуге тапсырма-шарт көшірмесі (толықтыруларымен және өзгертулерімен бірге, мұндайлар болған жағдайда).

              1. Соңғы 2 (екі) жыл бойынша «Ауыл шаруашылығы және шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі туралы есеп» 1-аш нысан бойынша статистикалық есептілік – статистикалық органның белгісімен көшірме немесе аудандық (қалалық) статистика бөлімінің анықтамасы – түпнұсқа.

              2. Егер Ықтимал қарыз алушының негізгі қызмет түрі мал шаруашылығы болса, онда келесі құжаттарды тапсыру қажет:

- соңғы 2 (екі) жыл бойынша және өтінім беретін күннің алдындағы соңғы 3 (үш) ай бойынша «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» 24-аш нысан бойынша статистикалық есептілік;

- соңғы 2 (екі) жыл бойынша «Жемшөп шығыны» 10-аш нысан бойынша статистикалық есептілік;



              1. Егер Ықтимал қарыз алушының негізгі қызмет түрі өсімдік шаруашылығы болса, онда соңғы 2 (екі) жыл бойынша жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан жоғары болғанда «Барлық жерлерден дәнді дақылдарды жинау туралы есеп» 29-аш нысан бойынша статистикалық есептілік;

Оперативтік басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімін беруге тиісті (қаржы лизингісі нысанында инвестиция алған жағдайда) - түпнұсқа.
Ескерту:

        1. Осы Регламентпен көзделген құжаттарда Ықтимал қарыз алушы мен Инвестициялық жоба туралы күмәнді ақпараттың болуы Ықтимал қарыз алушының жобасын қабылдамауға немесе Инвестициялық жобаны қаржыландыру туралы шартты бұзуға (егер мұндай шарт жасалған болса) әкеліп соғуы мүмкін.

        2. Осы тізбеде көрсетілген тиісті құжаттардың жай көшірмелерін жобаның несие сарапшысы (менеджер) «Түпнұсқамен салыстырылды. Көшірмесі дұрыс. _________ лауазымын көрсете отырып, несие сарапшысының (менеджердің) аты-жөнін жазумен, қолы ___________» деген жазуды жаза отырып, көшірмені растайтын жобаның несие сарапшысы көшірмені салыстырып, растауға тиісті.

        3. Нотариальдық растау бойынша тиісті талаптар қойылатын осы тізбеде көрсетілген құжаттардың көшірмелері өтінім беретін күнге дейін 1 ай бұрын (одан ерте емес) нотариуспен расталуға тиісті. Егер осы Регламенттің талаптарымен құжат көшірмеде ұсынылуы мүмкін және/немесе нотариальды түрде расталуы мүмкін деп тура көрсетілмесе, онда аталмыш құжат негізгі нұсқада (түпнұсқада) беріледі.

        4. осы тізбеге сәйкес Ықтимал қарыз алушының бірінші басшысымен Егер қол қойылуы талап етілетін құжаттарға өзге тұлғалар қол қойса, құжаттарға қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын сенімхаттың түпнұсқасы беріледі.

        5. Ықтимал қарыз алушының үлестес тұлғалары болған жағдайда, үлестес тұлғалар бойынша осы Тізбенің 33-1 тармағының 2), 6), 7), 10) , 11), 18), 20) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсыру қажет.Үлестес тұлғалар қызметін мал шаруашылығында және/немесе өсімдік шаруашылығында жүзеге асырған жағдайда, онда осы Тізбенің 33-1 тармағының 21), 22) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тапсырылады. Сонымен бірге бірінші басшылардың және жарғылық капиталда 10% артық үлесі бар құрылтайшылардың немесе акциялардың 10% астамына ие акционерлердің жеке бас куәлігінің көшірмесі және салық төлеуші куәлігі (СТН). Егер өтініш берушінің үлестес тұлғасы жеке тұлға болып табылса, жеке бас куәлігінің көшірмесі мен салық төлеуші куәлігі (СТН) тапсырылады.

        6. Шаруашылық серіктестіктердің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, аталмыш мәселелерге қатысты құжаттарды тапсыру қажет (меншік құқығын қатысу үлесіне ауыстыру жөніндегі мәмілелер және мұндай мәмілелер бойынша төлемақылар туралы құжаттар).

        7. Егер қайта ұйымдастыру болған жағдайда, онда қайта құруға (бірігуге, қосылуға, бөлісуге, бөлінуге, қайта құрылуға) қатысты құжаттар ұсынылуға тиісті.

        8. Егер заңды тұлға қайта ұйымдастырылса, қайта құруды өткізу туралы жалпы жиналыс қатысушыларының шешімі, бөліністік теңгерім, тапсыру актісі және заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылу фактісін растайтын басқа да құжаттар тапсырылуға тиісті.


ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІНЕ ҚОСЫМШАЛАР

7 қосымша

Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қарыз алушыларды іріктеуге қатысуға

заңды тұлғаларға арналған

ӨТІНІМ

 

Кімге: «ҚазАгроҚаржы» АҚ



Кімнен:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(ықтимал қарыз алушының толық атауы көрсетіледі)

1. Конкурсқа қатысуға талаптанған заңды тұлға (ықтимал қарыз алушы) туралы мәліметтер:



 Ықтимал қарыз алушының заңды, пошталық мекен-жайы және байланыс телефондары

 

Заңды тұлғаның банк деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сонымен қатар заңды тұлғаға қызмет көрсетуші банкінің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы

 

Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні

 

 

2.___________________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны мен толық атауы көрсетіледі)

конкурстық құжаттамамен көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес

осы өтінім арқылы өзінің _____________________________________________________________________ бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін қарыз алушыларды іріктеу конкурсына қатысуын растайды

(инвестициялық бағыттың толық атауы көрсетіледі)

және ықтимал қарыз алушы ретінде

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға дайындығын білдіреді

(жобаның қысқаша сипаттамасы, іске асырылатын жері және құны көрсетіледі)

сол үшін для чего запрашиваю финансирование в размере ____________________________________________________теңге көлемінде қаржыландыру сұраймын, соның ішінде лизинг түрінде _________________________________________________________________теңге, және қарыз түрінде ___________________________________________________________________________ теңге.

Бұл ретте қарыз қаражаттары келесі мақсаттарға пайдаланылатын болады:

1.

2.



3.

Лизинг заты болатындар:

1.

2.

3.



Ескерту: міндетті түрде барлық лизинг заттарын және қарызды пайдаланудың елеулі бағыттарын көрсету қажет.


  1. Қамтамасыз ету ретінде келесіні беруге міндеттенемін:



Ұсынылатын кепілзатпен қамтамасыз ету түрі

Қамтамасыз ету сипаттамасы

Кепілдік сомасы, лизинг затының бағалау құны

1










2









4. Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау ретінде келесі құжаттарды қоса тіркейміз:





ҚҰЖАТТЫҢ ТОЛЫҚ АТАУЫ

ЖОЛТЕРІНІҢ САНЫ

ЕСКЕРТПЕ

1










2










Ескертпе: тізілімге барлық қоса тіркелген құжаттарды енгізу қажет.
Біздің өтінімдегі және оған қоса тіркелген құжаттардағы барлық мәліметтердің дұрыстығына кепіл береміз және конкурстық құжаттамамен танысқанымызды растаймыз, конкурс ұйымдастырушысына өзіміздің құқықтылығымыз, біліктілігіміз туралы, іске асырылуға ұсынылып отырған инвестициялық жобаның сапалы және өзге сипаттамалары туралы күмәнді мәліметтер беру салдары туралы хабардармыз.

____________________________________________


___________________/________________________/

(Ықтимал қарыз алушының бірінші басшысының аты-жөні және оның қолы)

  Толтырылған күні ____________________

М.О.

___________________________(қолы)

Әр жолте парафирленеді

8 қосымша

Инвестициялық жобаны іске асыруға қатысу үшін

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАҒА (АҚ, ЖШС және т.б.) АРНАЛҒАН

САУАЛНАМА

Басшының

суреті

(компьютерде немесе анық жазумен қолдан толтырылады)



1. Жалпы мәліметтер

Заңды тұлғаның толық атауы



Заңды тұлға



Нақты мекен-жайы



Телефон/факс/e-mail



Меншік түрі



Заңды тұлғаның СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі)



Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі мен күні



Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания



Банк деректемелері (барлық қызмет көрсетуші банктердегі есеп, валюталық және өзге де шоттар көрсетіледі), БСК:

КҰЖС:









  1. Басшылар:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет