Қарағанды облысы прокуратурасы тексеру барысында тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і аталған санатқа жатпайтыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қарағанды облысы прокуратурасы тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізген кезде 50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілгенін анықтады", – деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.

Облыс прокуратурасы тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і аталған санатқа жатпайтыны және мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға құқығы жоқ екенін анықтады. 

Сонымен бірге 50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілген.

  • Елімізде енді жалға берілген пәтерді жекешелендіруге болады
  • Өңірлерде ақша бопсалап, несие алдырумен айналысқан жастардың қылмыстық топтары анықталды — ІІМ

"Азаматтардың жалға берілген тұрғын үйге төлемдер бойынша қарызы – 20 миллион теңге, ден қою актілері бойынша жергілікті атқарушы органдар сотқа талап-арыз берді. Шахтинск қаласында жекешелендіру түріндегі алаяқтық фактісі анықталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, Ақтоғай ауданында мұқтаж жандарға арнап қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін 4 тұрғын үй сатып алынған.
 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.