Зайсан аудандық білім бөлімінің 018 жылдың айындағы атқарған жұмыстары туралы



жүктеу 65.08 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі65.08 Kb.

Зайсан аудандық білім бөлімінің 2018 жылдың 3 айындағы атқарған жұмыстары туралы
Ауданда 2018 жылдың 3 айы бойынша 27 мектеп: оның 17-і орта, 8-і негізгі орта, 2-і бастауыш мектеп, 13 балабақша: оның 5-і жекеменшік, 3 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді.

Бүгінгі күні Зайсан ауданы бойынша 13 балабақшада - 1558, 16 шағын орталықтарда - 516, мектепалды даярлықта-644, барлығы 2718 бала тәрбиеленуде, бұл барлық 1 жастан 5 жасқа дейінгі бала санының 91,9 %, 3 жастан 6 жасқа дейінгі бала санының 100 % құрайды.

Оқушы контингенті- 6340 баланы құрайды. 6-18 жас аралығындағы мектеп жасындағы барлық бала оқумен қамтылып отыр. 2017-18 оқу жылының ІІІ тоқсанын аудан мектептері 53,3 пайыз сапамен аяқтады. Үздіктер саны- 1194, екпінділер-2185. Аудан деңгейінен жоғары сапа көрсетіп отырған М. Әуезов, М. Ломоносов, Х. Мұстафина, Тасбастау, Октябрь, Жарсу, Қаратал, Қазақстан, Шекарашы, Амангелді, Жаңатұрмыс, Саржыра, Биқадамов, Қарасай мектептері.
Ауданда 929 мұғалім жұмыс істейді.Олардың 786- жоғары, 143 мұғалім арнаулы орта білімді, жоғарғы санатты мұғалім-138, бірінші санатты-297, екінші санатты-285, мұғалім санатында-209.
Аудандық білім бөлімі бойынша 2018 жылдың 3 айында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

2018 жылғы ағымдағы жөндеуден өтетін 4 мектептің құжаттары конкурсқа беріліп, жеңімпаз анықталып, келісім шартқа отырылды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында балабақшалардың арасында ұйымдастырылған «Өнерлі ұрпақ- ел болашағы» атты аудандық байқау ұйымдастырылып, 10 балабақша, 90 тәрбиеленуші және 32 тәрбиеші қамтылды. Өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Балдәурен», «Айналайын», «Ертөстік» балабақшаларында аудандық семинарлар ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне аудандық олимпиададан жүлделі I орын алған 28 оқушы қатысып, 15-і жүлделі I,II,III орындарды иеленді. Бұл қатысқан оқушылардың 54 % -ын құрады. Нәтижесінде Зайсан ауданының командасы облыстан жүлделі III орынды иеленді. III дәрежелі дипломмен және «Үздік олимпиадалық команда» кубогымен марапатталды.

Сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 - 8 сыныптар арасында аудандық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 25 мектептен 695 оқушы қатысты. Оның 177-сі жүлделі I, II,III орындарға ие болды.

7-8 сынып оқушылары арасында химия мен биологиядан юниорлық олимпиада өтіп, жеңімпаздар облыстық турына қатысып, жүлделі орындар иеленді. Жакула Күшікұлы атындағы аудандық химия, биология пәндерінен олимпиадаға 9-11 сынып оқушыларынан 62 бала қатысып, 18-і жеңімпаз атанды. Облыстық кезеңіне аудандық команда қатысып, биологиядан 2 орынды иеленді. Республикалық «Балалар бастауы-2018» қоғамдық бастамалар байқауының аудандық кезеңіне 46 оқушы қатысып, 27 жүлделі орындарға ие болды.

Облыстық «Малахит», «Лидер»,Тұлпар», «Адам және табиғат» интеллектуалды конкурстарына ауданнан 545 бала қатысып, жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. «Казнаковка білім беру қорының» 2,3 тур олимпиадалары өтіп, аудан оқушылары жақсы білім сапасын көрсете білді.


«Жыр алыбы- Жамбыл» облыстық жас ақындар сайысына ауданнан 2 оқушы қатысып, М. Ломоносов орта мектебінің оқушысы жүлделі 2- орынды иеленді. «Мультимедиялық журналистика» бағытында жұмыс жүріп жатқан мектептер облыс бойынша сырттай өткізілген «Мен- бейнеблогер» сайысына қатысып, «Туған мектебім» номинациясы бойынша Қаратал орта мектебінің оқушысы 1- орынды иеленсе, Х. Мұстафина мектеп- лицейінің оқушысы «Репортаж» номинациясы бойынша марапатталды.

Облыстық «Әбіш оқулары» сайысына аудандық оқудан жеңімпаз болғандар қатысып, «Көркемсөз оқу», «Суретшілер», көрініс көрсету, жоба қорғау бағыттары бойынша 1,3 орындарды жеңіп алды. «Әбіш оқуларының» республикалық кезеңіне қатысқан аудан оқушылары көрініс көрсетуден жүлделі 2- орын, жоба қорғаудан 2- орынды иеленді.

ШҚМУ ұйымдастырған «Болашақ филолог», «Болашақ журналист» олимпиадасына Х. Мұстафина мектеп- лицейі және Айнабұлақ орта мектебінің 9,11 – сынып оқушылары қатысып, сертификатқа ие болды. «Нұр орда» мектеп- лицейінде республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңіне аудан оқушылары «Тілші әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Жазушылар» бағыттары бойынша қатысып, 1,2,3 орындарды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды. Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 3 жеңімпазы облыстық кезеңінде 1,2 орындарды иеленіп, 1 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында география пәнінен «Туған өлке» тармағы бойынша мұғалімдердің музейлер мен тарихи орындарға экскурсия сабақтары мен саяхаттары ұйымдастырылды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Интеллектуалды жастар шығармашылығы 2018» байқауы жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасындағы жас техниктермен шығармашыл жастардың ғылыми-техникалық және шығармашылық, құрастырушылық ой қабілеттерін олардың ізденгіштік өнертапқыштық дағдыларын қалыптастыру дамыту үйлестіру мақсатында және озық тәжірибедегі жұмыстарды даралап кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Оған ауданның 24 мектебі қатысып, І орынды М.Ломоносов орта мектебі, ІІ орын Шілікті орта мектебі, ІІІ орынды Х.Мұстафина мектеп - лицейі иеленді. Аудандық көрмеге робототехника, нано-технологиялар бойынша жұмыстар ұсынылып, жоғары деңгейде дайындалған жобалар облыстық IT-фестивальға жолданды.
2017-18 оқу жылында қорытынды аттестаттау және ҰБТ ұйымдастыру және өткізу бойынша білім бөлімінен комиссия және аудан әкімінің бекітуімен мемлекеттік комиссия құрылды. 11 сынып оқушыларының ҰБТ пунктіне тіркелу жүргізілуде.

2017-18 оқу жылында аудан мектерін 476 түлек аяқтағалы отыр. Олардың 13-і орыс, 463-і қазақ сыныптарында оқиды. Олардың 392-і ҰБТ ге қатысуға ниет білдіріп отыр. Мектеп бітіруші түлектердің 28-і «Алтын белгі» белгісіне, 17-і Үздік аттестатқа үміткер ретінде тіркеліп отыр. Үміткер түлектердің қорытынды аттестаттауға дайындығын жетілдіру мақсатында көктемгі каникул күндері дайындық курстары өтті. Сонымен қатар мектеп түлектеріне тест орталығы арқылы және «Достық», «Ю- Тест» орталықтарының кітапшаларымен сынама тест ұйымдастырылды. Қараша айында аудан бойынша орташа балл-60,6 болса, наурыз айындағы сынама тест қорытындысы бойынша-78,5 балды құрады.

11-сыныпқа қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдерге «Эссе және оған қойылатын талаптар» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Қазақстандық орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында енгізіліп жатқан педагогикалық бастамалармен таныстыру мақсатында 2017-2018 оқу жылында 5,7-сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер арасында шеберлік сыныбы өткізілді. Мұғалімдердің теориялық және кәсіби біліктілігін айқындау, кәсіби шеберлігін жетілдіру, педагогикалық шығармашылықты дамыту мақсатында санаты жоқ, ІІ, І санатты мұғалімдер арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада өткізілді.

Аудандағы жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу шаралары арнайы кесте бойынша ұйымдастырылып отыр.


«Орта білім беру барысына үш тілде оқытуды енгізу» біліктілікті арттыру курсынан өткен 25 мұғалімнің ең жоғарғы - С1 деңгейін – 1, В1 – 12, В2 – 7, А2 – 5 мұғалім алды. Осы бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру курсын В1, В2 деңгейлерімен аяқтаған педагог кадрлардың сертификаты жалпы білім беру мекемелерінің жоғары сыныптарында биология, химия, физика, информатика пәндерін ағылшын тілінде жүргізу мүмкіндігін беріп отыр. А1 деңгейінде бітірген информатика пәні мұғалімінің 3-уі білімдерін жетілдіру үшін 5 айлық курс оқуда. 10 айлық тілдік курсты 4 мұғалім жалғастыруда.
Аудан оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Ауданаралық мектеп оқушыларының «Қысқы демалыс» атты мини футболдан ашық біріншілік жарысы, шайбалы хоккейден мектеп оқушыларының арасында аудандық «Жұлдызша» турнирі, 1 Спартакиадасы бағдарламасы аясында волейболдан аудандық жарысы, Ғ.Салбановтың атына арналған баскеболдан мектепаралық аудандық жарысы, ҚР-сы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне аудандық іріктеу жарысының 2-ші кезеңі- «Зайсан Барысы» өтті.

Өскемен қаласында өткен 9 жазғы облыстық баскетбол жарысына Зайсан ауданының оқушылар құрама командасы жүлделі 3-ші орынды жеңіп келді.
Ауданның 11 мектебінде робототехника кабинеті жөндеуден өткізілді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын еске асыру бойынша 27 мектеп интернет желісіне қосылған. Кең жолақты жоғары интернет желісіне 11 мектеп қосылды. (жылдамдығы 3-4 Мб/с). 2018 жылы облыстық бюджеттен 13571,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен қосымша 32395,0 мың теңге бөлінді. Ауылдық жерлерде орналасқан мектептерде интернет жылдамдығын арттыру мақсатында спутниктік антенна орналастыру үшін әр мектепке қосымша 220,0 мың теңге берілді.

Бүгінгі күні барлық мектептер кең жолақты интернет желісіне қосылу шарасын ашық конкурсқа жариялады (беру жылдамдығы 4 Мб/с төмен болмауы көрсетілген).

Bilim Media Group компаниясымен 27 мектептің барлығы келісімшартқа отырды. 2017 жылы 27 мектептің 7 –уі онлайн жүйесіне қосылса, 20 мектеп оффлайн формасында болған. 2018 жылғы жоспар бойынша тек бір мектеп оффлайн формасында болады.

Барлық аккаунттар толықтай 100% белсендірілген. Мұғалімдердің контентті пайдалануға қызығушылықтары жоғары. Барлық кабинеттер мультимедиялық құрылғылармен жоспар бойынша жабдықталуда.

Күнделік жүйесінде ауданның 12 мектебі жұмыс жүргізеді. 2018 жылы 5 мектеп жаңадан қосылды. Облыс, жергілікті жерден бөлінген бюджет бойынша барлық мектептерде Wi-Fi нүктелері арттырылып, жүйеде жұмыс жүргізу белсенділігі арттырылады.
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бірқатар тәрбие шаралары өтті. «Ай қонағы» К.Кыдырпатшаевпен кездесу, «Үздік сынып жетекшісі-2018», «Үздік интернат тәрбиешісі-2018» байқаулары, «Нұр себеле,Ұлыстың ұлы күні», «Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі» атты аудандық семинар-практикумдары, «Қамқорлық», «Отбасы сағаты», « Өмірге «ия!» деп айт!» акциялары өткізілді.

«Мейірімге толы жүрек» атты өзін-өзі тану пәні бойынша онкүндіктің салтанатты жабылуы өтті.



Білім бөлімінің басшысы Н. Калибаев
Орын Ж. Байсаринова


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет