Зайсан аудандық білім бөлімінің 2015 жыл көлемінде атқарған жұмыстары туралы



жүктеу 109.66 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі109.66 Kb.

Зайсан аудандық білім бөлімінің 2015 жыл көлемінде атқарған жұмыстары туралы

Ауданда 2015 жыл бойынша 27 мектеп: оның 17-і орта, 8-і негізгі орта, 2-і бастауыш мектеп, 10 балабақша: оның 4-і жекеменшік, 5 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. 10 балабақшада - 716, 17 шағын орталықтарда - 719, барлығы 1435 бала тәрбиеленуде, бұл барлық 1 жастан 5 жасқа дейінгі бала санының 83,1 пайызын, 3 жастан 6 жасқа дейінгі бала санының 99,7% құрайды.


Аудан мектептерінде 913 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 767- жоғары, 146 мұғалім арнаулы орта білімді, жоғарғы санатты мұғалім-126, бірінші санатты-283, екінші санатты-276, мұғалім санатында-228
Аудан мектептері мен мұғалімдері облыстық педагогикалық байқауларда шығармашылық танытып, жүлделі орындардан көріне білді:
Облыстық «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауында М. Ломоносов мектебі номинация
Мектеп басшыларының облыстық байқауы- М. Қайрақова номинация, облыстық «Үздік мұғалім-2015» байқауында Омариев А /Мукарама орта мектебі/,
«Үздік психолог» байқауында Зарылханова А /М.Әуезов/
«Үздік жыл тәрбиешісі» байқауында Б.Иманкулова/ «Ұшқын балабақшасы/,
«Бейнелеу өнері пәнінің Үздік мұғалімі» байқауында Турғанбаев М /Мукарама орта мектебі/
Химия, физика, орыс тілі пәні мұғалімдерінің олимпиадасында М.Досмуханбет/ М.В.Ломоносов, ҚатарбаевЕ /Сарытерек орта мектебі/, Облыстық бейімделген бағдарлама байқауы Салбанова А- І орын /Көгедай орта мектебі/ Ә.Даниярова /М.Әуезов орта мектебі/ т.б байқауларда жүлделі орындар иеленді.
«Жас педагогтардың өңіраралық педагогикалық идеялар фестивалі-конкурсында А.Садықова / М.Әуезов орта мектебі - 3 орын,
«Үздік электронды портфолио» З.Молдаханова /М.Әуезов орта мектебі/- 1 орын,
«Шағын жинақты мектептер: жағдайы мен мәселелері, даму болашағы» пед.оқуда Сатиева Г /Жарсу орта мектебі/ -3 орын,
облыстық конференцияда М.В.Ломоносов, Шілікті. Ю.Гагарин. Тасбастау мектебі мұғалімдерінің жұмыстары жинаққа енгізілді.
Аудан ұстаздарының елеулі еңбектері аудан, облыс , республика көлемінде ерекшеленіп, марапатқа лайық деп танылуда. Педагогтардың тамыз кеңесі, мұғалімдер күні қарсаңында «Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен»-1 мұғалім (Г Омарова- М. Әуезов ОМ), «Қазақстан республикасының үздік педагог қызметкері» төсбелгісімен-1 (Қ. Биқадамов- Қаратал ОМ), «Ерен еңбегі үшін» медалімен-1 (Б. Нукиева- М. Әуезов ОМ), Білім және ғылым миниситрлінің мақтау грамоталарымен 3 (Е. Базаров- Көгедай ОМ, Қ. Шаймарданов-Қартал ОМ, С. Сакибаева- білім бөлімі), облыстық білім басқармасының мақтау грамоталарымен 10 мұғалім марапатталса, мұғалімдер күні қарсаңында облыстық «Алғашқы ұстаз» форумына 10 мұғалім, республикалық деңгейде өтетін форумға ауданнан екі мұғалім қатысу құрметіне ие болды. Сонымен қатар «Қазақстан ұстаздары» төсбелгілерін 8 алдыңғы қатарлы аудан педагогтары иеленді.
Педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептері жанынан ашылған педагогикалық шеберлік және «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталықтары әлемдік тәжірибе негізінде білікті мамандар дайындауда. 2015 жылы ауданда біліктілікті арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша 3 айлық курстан өтіп, 33 мұғалім сертификат алды. Сонымен қатар Мукарама орта мектебінің директоры К.Салахов Астана қаласында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстан өтті. Сонымен қатар пән мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді курстарда барлығы 294 мұғалім, оның 22-і Республикалық біліктілікті арттыру орталығында біліктілігін арттырды.
Ауданда кәсіби бағдар беру және жоғары оқу орындары және дарынды балаларға арналған орталықтармен байланысты арттыру мақсатында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің ұйымдыстыруымен «Білім және денсаулық» көрмесі, ШҚМУ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, КАСУ жоғары оқу орындарымен және Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектеп -лицейінің математика пәнінің мұғалімі Тердікбай Күшаймен өзара тәжірибе алмасу бағытында семинарлар, курстар ұйымдастырылды. ШҚМУ бірлесе жекелеген пәндер бойынша күрделі есептерді, тақырыптарды оқып үйрену,дипломнан кейінгі білімді жетілдіру, оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда оңды ықпал ету мақсатында жас мамандар курсы өткізілді. Курсқа ауданымыздан 19 жас маман қатысып, сертификат алды.
Бүгінгі күні пән кабинеттеріне танымал тұлғалардың, ұлағатты ұстаздардың атын беру дәстүрі қолға алынуда.Мектеп түлектерінің және ұрпақтар қолдауымен 39 кабинетке ұсыныстар түсіп, Мукарама мектебінде 4 кабинет, Шілікті мектебінде1 кабинет, Амангелді мектебінде 1 кабинет, Сарытерек мектебінде 1 кабинет , Айнабулақ мектебінде-2, Х. Мұстафина мектебінде-2 кабинет ашылды.
Аудандағы оқушы контингенті 6137 баланы құрайды. Аудан мектептері 2015-16 оқу жылынның І тоқсанын 51,3 пайыз сапамен аяқтады. 969 оқушы үздік, 1815-і екпінді. Үлгерім-100%. Мектеп бітіруші түлектер саны-335. Олардың 40- «Алтын белгі» белгісіне, 3- Үздік аттестатқа үміткер.
Барлық мектептерде 1-қыркүйек білім күніне мектеп жасындағы балалардың толық қатысып мектепке келуіне жағдай жасау үшін «Мектепке жол», акциясы өтті. Биылғы жылы аудан орталығында өткен акция барысында 1500000 тенге көлемінде аз қамтылған отбасы балаларына оқу құралдары, мектеп формасы, киім- кешектер сыйға тартылды. Акцияға бөлім басшылары, ата- аналар, мұғалімдер, мектеп басшылары, кәсіпкерлер үлкен қолдау көрсетті. Биылғы жылы тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бастамасымен «Мектепке – оқулықпен!» атты 1 тамыздан- 1 қыркүйек аралығында республикалық акциясы өтті. Нәтижесі әр оқушыны оқулықпен қамтамасыз етуде үлкен роль атқарды. .

2014-15 оқу жылында сәуір айында оқу жетістігін сырттай бағалау мониторингісі ауданымыздың 6 мектебіннің (Абай, Жарсу, Шекарашы, Сарытерек орта, Мұжықсу, Маметова орталау) 9- сынып оқушылары арасында өтті. Тестілеуге 109 оқушы қатысты. (Өткен оқу жылы 3 мектеп, қатысқан оқушы саны-63) Тестілеу қорытындысы бойынша Абай атындағы орта мектептің орташа балы-57,6, Жарсу орта мектебінде-54,8, Сарытерек орта мектебі-47,4, Шекарашы орта мектебі-54,3, Маметова орталау мектебі-38,5, Мұжықсу орталау мектебі-48,8, аудан бойынша орташа балл-51,6 құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,8 балға артық (2014ж- 48,8 балл).


Облыстық оқу жетістігін сырттай бақылау департаменті тарапынан Жаңатұрмыс негізгі орта, Қарасай бастауыш, Шекарашы орта және № 1 «Еңлік» балабақшасы мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
Облыс әкімінің «Туған жерге тағзым» акциясы жүйелі жалғасын тауып келеді. Биылғы оқу жылында мектеп түлектері «Абай» орта мектебіне - құны 250 мың тенгеге 1 кабинет /, Мукарама орта мектебіне мәжіліс залы жабдықтары- 250 мың теңгеге, Сарытерек орта мектебіне құны 250 мың теңгеге 1 кабинет, Х.Мұстафина орта мектебіне құны 200 мың теңгеге 1 кабинет және Х.Мұстафинаның ұрпақтары 2 кабинет, Амангелді орта мектебіне құны 350 мың теңгеге 1 кабинет ,Айнабұлақ орта мектебіне құны 105 мың тнг 1 проектор, Кеңсай орта мектебіне мәжіліс залы жабдықтары, Қазақстан орта мектбіне принтер және спорт құралдары, Көгедай орта мектебіне шкаф, Жарсу орта мектебіне стол, орындықтар сыйға тартты.
Мектеп бітіруші 329 түлектен Ұлттық Бірыңғай тестілеуге сұраныс берген 284 оқушы қатысты. Бұл барлық мектеп түлектерінің 86,3 %-ы. Аудан бойынша орташа балл-88,5. Өткен жылмен салыстырғанда 11,5 балға артық. 44түлек дәстүрлі емтихан тапсырса, 1 түлек денсаулығына байланысты мемлекеттік емтииханнан босатылды.
Орташа балы аудан деңгейінен жоғары болған мектептер: М. Дәуленов Мектеп- интернаты (91,7), Амангелді атындағы орта мектебі (97,3), М. Әуезов атындағы орта мектебі- (94,7), Айнабулақ орта мектебі-(100,2), Қаратал орта мектебі- (91,9), Ю. Гагарин атындағы орта мектебі-(95), Сарытерек орта мектебі- (99,1).
ҰБТ қорытындысы бойынша «Алтын белгі» аттестатына үміткер 24 мектеп бітірушіден -19 бекітіп, бұл 79,2% пайызды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 30,2 пайызға артық. Үздік аттестатқа үміткер 2 түлек білімін бекітті, бұл 100%. «Алтын белгі» бекіткен түлектердің орташа балы- 117,7.Өткен жылмен салыстырғанда 3,7 балға артық. «Алтын белгі» аттестатына үміткер түлектердің 3-і бір пәннен, 1-і екі, 1-і 5 пәннен де білімін бекіте алмаса, 2 түлекке бір балл, 1 түлекке 2 балл, 1 түлекке 4 балл жетпеді. Бір балл жетпеген 2 түлекке «Үздік» аттестат берілді. Ең жоғарғы балды-124, Атысбекова Арайлым - М. Ломоносов ОМ, Абдрахманова Балжан- Айнабулақ ОМ, Бадығанов Али-Х. Мұстафина ОМ мектеп түлектері көрсетті. Жоғарғы балл көрсеткіші өткен жылдан 5 балға артық. 100 және 100 ден жоғары балды аудан бойынша 108 мектеп бітіруші жинаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 балаға артық. Пәндер бойынша : Қазақ тілінінің орташа балы-19,3, (өткен жылы-17,4), орыс тілінің орташа балы-15,1(өткен жылы-12,8), математикадан- 16,3 (өткен жылы-12,8), қазақстан тарихынан-19,5 (өткен жылы-17,4), таңдау пәндерінің орташа балы-18,3 (өткен жылы-16,5). Бұдан орташа балл көрсеткішінің өткен жылмен салыстырғанда өскенін көруге болады. Бұл жыл көлеміндегі аудан педагогтарынан құрылған пән ассосацияларының нәтижеге бағытталған жұмысының, сынама тестілеулердің сапалы өтуінің, мектепішілік бақылаудың сапалы ұйымдастырылуының нәтижесі. Өткен оқу жылы 33 мектеп бітіруші 5 пән бойынша 50 балдан төмен алса, биыл 17мектеп бітіруші алған, конкурстық балл бойынша 31 түлек шектік деңгейден өте алмағандықтан жоғары оқу орнына тапсыруға мүмкіндік алмай отыр. Өткен оқу жылы 74 түлек 4 пән бойынша шектік деңгейден өткен жоқ. ҰБТ қорытындысы бойынша «Жас түлек-2015» мерекелік шарасы және мектептерде мектеп бітіру кештері өтті. Биылғы жылы мектеп түлектерінің ҰБТ ге психологиялық дайындығын ұштау, моральдік дайындығын жетілдіру, отбасымен жұмыс жасау мақсатында, Нұр Отан партиясы, Білім және Ғылым Министрлігі, Отбасылық Тәрбиелеу Институты, Аудандық білім бөлімі және психологтардың ұйымдастыруымен «1 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек», «5-7 сынып жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек», «ҰБТ тапсырушы түлектердің ата-аналарына психологиялық көмек» атты кең ауқымды акциялар өткізіліп, оған барлығы 753 ата-ана қатысты. Бала тәрбиесіндегі әкелердің ролін арттыру мақсатында әкелер слеты өткізіліп, оған 60-тан астам әке қатысып, өздерінің ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынас жайында білімдерін нығайтты.
2014-15 оқу жылында аудандық білім бөлімі бойынша «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда аудан түлектерінің оқу жетістігін арттырудың Қадамдық жоспары» жасалып, осы жоспарға сәйкес «Басты талап- сапалы білім, кәсіби біліктілік» тақырыбында ҰБТ дайындықты жандандыру, пән мұғалімдерінің әдіс-тәсілдерін бөлісу мақсатында пәндер қауымдастығының қатысуымен қаңтар- мамыр айлары аралығында қазақ тілі, ағылшын тілі, химия, физика, математика, орыс тілі, тарих, биология, география пәндерінен практикалық семинарлар өткізілді. «Алтын белгі», «Үздік» аттестатқа үміткер түлектердің программалық материалдарды игерудегі олқылықтарды жою, ҰБТге даярлаудың сапасын арттыру мақсатында қысқы, көктемгі каникул күндері аудан орталығында арнайы курс ұйымдастырылды. Бұл курста аудандағы жоғары және бірінші санатты пән мұғалімдері дәріс берді және де 11 сыныпқа сабақ беретін жас пән мұғалімдері тартылып, өзара тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік жасалды. Бұл курстар 2015-16 оқу жылының күзгі каникулында да өткізілді. Мектептердің материальдық-техникалық базасын нығайту, жаңа модификациялы пәндік кабинеттермен жарақтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 1 кабинет(биология)-4991,0 мың теңге,2 кабинет (ЛМК)-9217,0 мың теңге бөлінді. 1 мектепке (5+1) компьютер -600,0 мың теңге, компьютер сатып алуға 1 мектепке 120,0 мың тенге, 4 мектепке электр пешін алуға-1000,0 мың теңге, 8 мектепке насос алуға-1115,0 мың теңге, 4 мектепке холодильник сатып алуға 300,0 мың тенге бөлінді. Сонымен қатар оқушыларды тасымалдауға 1 автобус -5948,0 мың теңге (Көгедай ОМ), мектеп оқушыларын тегін оқулықтармен қамтамасыз етуге- 28354,0 мың теңге бөлінді.
«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу» бағдарламасы бойынша 1 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге - 23170,0 мың тенге бөлінді, жергілікті бюджеттен 3 мектептің жылу қазандықтарын ауыстыруға 25410 мың тенге, Көгедай мектебінің теплотрассасын ауыстыруға 3165,1 мың тенге, «Еңлік» балабақшасының шатырын ауыстыруға-5200,0 мың тенге, Маметова мектебінің спорт залын ағымдағы жөндеуден өткізуге 10900,0 мың тенге, М. Әуезов мектебінің жылу жүйесін ауыстыруға 15139,9 мың тенге, Кеңсай мектебінің спорт залының шатырын ауыстыруға-1288,0 мың тенге, Мұжықсу мектебінің спорт залын ағымдағы жөндеуден өткізуге-3000,0 мың тенге, Гагарин мектебінің спорт залын ағымдағы жөндеуден өткізуге-2152,0 мың тенге, Шілікті мектебінің шатырын жөндеуге 2677,0 мың тенге қаражат бөлініп, жұмыс жүргізілді. . Аудандағы 27 мектептің 3175 оқушылары мектеп асханалары арқылы ыстық тамақпен қамтылып отыр. 2014 жылы 1 оқушыға берілетін тамақтың құны 2 есеге көбейтіліп 86230,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы 86,094,0 мың тенге бөлінді. Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2014 жылы мектеп оқушыларын балмен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 5566,0 мың теңге қаржы бөлінсе, 2015 жылы 7480,0, мың тенге қаржы бөлінді. 10 грамдық стикерлік пакеттегі бал өнімдері «Пасека» шаруа қожалығынан алынып, 1-4 сынып оқушыларына толық және 5-11 сыныптың аз қамтылған отбасы оқушыларына аптасына екі рет беріледі. ПК «Зайсан Сүт» зауыты арқылы 27 мектеп құны 9382,0 мың теңгеге сүт өнімдерін алуға келісім шарт жасалып оқушыларға аптасына 2 рет 400 гр сүт өнімдері берілді.
Облыстық бастауыш сынып оқушылары олимпиадасында 5 оқушы жүлделі орындарға ие болып, «2015 жылдың үздік командасы» атанса, жаратылыс-математикалық бағыттағы зияткерлік және шығармашылық тапсырмаларды шешуде «Сәйгүлік» олимпиадасында 1 оқушы, «Жас физик», «Жас математик» олимпиадасыда 5 оқушы жүлделі орындарға ие болып,командалық есепте 3 орынға ие болды. 9-11 сынып аралығындағы республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде 6 оқушы, облыстық «Абай оқуына» қатысқан 3 оқушының 2-уі жүлделі орынды иеленіп, 1уі Республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық Абай, Махамбет оқуларында 6 оқушы , «Жарқын болашақ» байқауында 4 оқушы, облыстық 2-7 сыныптар арасындағы «Зерде» ғылыми жобалар байқауында 11 оқушы облыстық ғылыми жобалар байқауында 9 оқушы жүлдегер атанып, екі оқушы республикалық кезеңге жолдама алса, 8-11 сынып оқушылары арсындағы облыстық ғылыми жоба сайысында 25 оқушы қатысып, 9 оқушы жүлделі ІІ, ІІІ орындарды жеңіп алды. Республикалық Махамбет оқуларында 1 оқушы жүлделі орынға ие болды. Республикалық Абай- Шәкәрім оқуында Шекарашы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Дүйсенбеова Еркеназ бас жүлдені жеңіп алды. Облыстық «Алтын дауыс» байқауында Қаратал орта мектебінің 6 сынып оқушысы Дауренқызы Айман ІІІ орын алды. Облыстық «Өзін- өзі тану пән олимпиадасына 3 оқушы қатысып, жүлделі І, ІІ орындарды иеленсе, І орын алған 1оқушы республикалық кезеңге жолдама алып, одан ІІІ орынды жеңіп алды.
2015 жылы жасөспірімдер арасындағы суицидалды жағдайлардың алдын алу жұмыстары туралы мәліметтер нәтижесінде профилактикалық есепте 15 бала қалды. Қаңтар айынан-желтоқсан айлары аралығында ауданда жасөспірімдер арасында суицидалды әрекеттер тіркелген жоқ. 2015 жылдың 1 жартыжылдығында аудан әкімінің орынбасарының жанында аудандық білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, бала құқығын қорғау органы қызметкері, аудандық аурухана, аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер инспекторы және психолог біріккен кеңес өткізіліп, онда Ведомствоаралық жоспар бекітілді. Жоспар негізінде 5-11 сынып оқушыларына мектеп психологтарының тарапынан толық диагностикалық жұмыстар жүргізіліп, арнайы жасалған әлеуметтік карталар толтырылды. Сенім телефоны мен анонимді почта қызметі жаңартылып, психолог бұрыштарында аудандық, облыстық сенім телефондарының нөмірлері жазылып, ілінді. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандық спорт, өнер, музыка мектептерімен тығыз байланыс орнатылып оларға қауыпті топтағы оқушыларды тарту, спорттық, мәдени-қоғамдық іс-шараларға қатыстыру жұмыстары қолға алынды. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ай сайын мектептерге жасөспірімдердің түнгі уақыттағы жүріс-тұрысы, олардың арасында кеңінен тарап жатқан қылмыстардың себептері және оны болдырмау жолдары, заңнамаларға 2015 жылдың қаңтар айынан бастап болып жатқан өзгерістер мен, ата-ана және жасөспірімдердің жауапкершілігі жайлы профилактикалық жиналыстар өткізді. 2015 жылдың жазғы маусымында жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында төмендегі шаралар жоспарланып іске асырылуда: Аудан мектептерінің мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлерінің жетекшілеріне,аспазшы,медбикелеріне арналған 2 семинар-кеңес өткізілді. 27 мектеп жанындағы лагерьде 2400 бала демалып, сауықтырылды. 10 мектепте шатырлар, 10 мектепте киіз үйлер тігіліп, күндізгі демалыс алаңдары жұмыс жасады.Онда 5-7 сынып оқушылары,барлығы 600 ге жуық бала демалды.«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына 10 бала 20 күнге тегін демалуға жіберілсе, Шүлбі кентінде орналасқан «Дарын жұлдыздары» оқу-сауықтыру лагеріне 8 бала сауықтырылып қайтты. Аудандық «Байтерек» мәдени-сауықтыру орталығында 4 маусымда 400 бала дем алды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында Шілікті қорғанына ауданымыздан 400 бала Берел қорғанына 50 оқушы, Марқакөлге 50 оқушы саяхатқа барып қайтты. «Мектеп топтарымен алмасу», «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталықтары» инновациялық жоба болып табылады. «Мектеп топтарымен алмасу» бағдарламасы бойынша Куршім ауданынан 30 бала келіп «Бәйтерек» сауықтыру орталығында демалса, біздің ауданнан 30 бала Куршім ауданындағы «Балдәурен» лагерінде демалды. Сонымен қатар ҚХРдан 16 бала Зайсан ауданына келіп демалып қайтса, аудан оқушыларын ҚХР да демалту жоспарланып отыр.
24-желтоқсан 2015ж күні білім бөлімінің ұйымдастыруымен М. Дәуленов атындағы мектеп интернатта Президенттік шырша өткізілді. Ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды. Оған жетім балалар, аз қамтылған, көп балалы жанұя балаларынан 100 бала қатысты. Шырша мерекесін ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 1,599 мың тенге бөлініп, балаларға сыйлықтар, кулек, сапалы қысқы киімдер сыйға берілді. Облыс орталығы Өскемен қаласында өткен Президент шыршасы мен облыс әкімінің шырша мерекесіне ауданнан 8 бала қатысып, оларға бағалы сыйлықтар мен қыстық сапалы киімдер, аяқ киімдер сыйға тартылды.
2015-16 оқу жылының І тоқсанының қорытындысы бойынша Зайсан аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасы тарапынан жүргізілген рейтинг қорытындысы бойынша І орынды иеленді. Төмендегі көрсеткіштер бойынша: Мектепке дейінгі білім беру облыс деңгейінде-2 орын, жалпы орта білім беру бойынша-1 орын, педагогикалық кадр көрсеткіштері бойынша-10 орын, материалдық- техникалық база бойынша-5, қамқоршылық және қорғаншылық, инклюзивті білім беру бойынша-3, тәрбие жұмысы бойынша-11, дарынды оқушылармен жұмыс бойынша-10, қосымша білім беру көрсеткіші бойынша -11, административтик жұмыс бойынша-1, ақпараттық- аналитикалық жұмыс бойынша 1 орын.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет