Зайсан ауданы әкімі Т.Қасымжановтың «2016 жылы жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстарының қорытындылары және 2017 жылы алда тұрған міндеттер туралы» есепті баяндамасының тезистері



жүктеу 175.34 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі175.34 Kb.

Зайсан ауданы әкімі Т.Қасымжановтың «2016 жылы жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстарының қорытындылары және 2017 жылы алда тұрған міндеттер туралы» есепті баяндамасының тезистері

Өткен ширек ғасырдың ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы нығайып, өңірдің әр саласында өркенді өзгерістер жалғасын тапты.

Бүгінгі таңда Зайсан ауданы облыс көлеміндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы серпінді дамып келе жатқан, ауылшаруашылық бағытындағы ауданның бірі.

Ауыл шаруашылығы

2016 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің жалпы көлемі 17 млрд. теңге болып, 2015 жылға сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсімі 100,1 пайызды құрап, табиғи көлем индексі 100 пайыздан асады деп болжануда. Ауылшаруашылығында өндірілген өнімнің 69,3 пайызы мал шаруашылығының, 30,7 пайызы егін шаруашылығының үлесінде.

Өткен жыл қорытындысында 14848,7 тонна ет (102,8 пайыз), 42643,1 тонна сүт (100,7 пайыз), 6252,2 мың дана жұмыртқа (102,3 пайыз) өндірілді.

Төрт түлік, ірі-қара, қой-ешкі, жылқы 3-5 пайызға өсті.

Мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар бойынша көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде асыл тұқымды мал сатып алуға 436 шаруа қожалығына – 95,0 млн. теңге, аналық баспен селекциялық және мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін - 326,7 млн.теңге, сиыр етінің құнын азайтуға – 21,7 млн. теңге, жиыны– 443,4 млн.теңге субсидия берілді.

«Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары аясында шаруа қожалықтарына 191,2 млн. теңге несие берілді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Мұрагер» атты тауарлы сүт фермасы құрылып, жоспарлы жұмыстарын жалғастыруда.

Малдардың жұқпалы ауруларының алдын алу үшін эпизотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге бюджеттен бөлінген – 83,0 миллион теңге толық игерілді.

2016 жылы барлық егістіктердің көлемі 17943 гектарды құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 6 пайызға артты. Жиналған дәнді-дақылдардың көлемі 15660 тонна болып, дәнді астықтың әр гектарынан 21 центнерден өнім алынды. Күнбағыс, көкөніс, картоп дақылдарынан межелі өнім жиналды. Қыстаманы ойдағыдай өткізуге 137,0 мың тонна ірі сабақты мал азығы, 3,0 мың тонна мөлшерінде пішен, пішендеме дайындалып, 4,5 мың тонна жем құйылды. 4,0 мың гектарға сүдігер жыртылды. Өткен жылы республикалық бюджет есебінен 2000 гектар егістікке кекіреге және 2000 гектар жерге «Азиялық» шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Егін шаруашылығының өнімділігін арттыру, өнім сапасын жақсарту, жанар-жағар май құнын өтеу мақсатында 236 шаруа қожалығына еккен егінінің әр гектарына жиыны 28 млн. теңгенің субсидиясы төленді.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы бойынша игерілмей жатқан жалпы ауданы 65 821 гектар жер учаскелері анықталды. Аталған жер учаскелерін ауданның арнайы жер қорына қайтару жұмыстары жүргізілді.

Өткен 2016 жылы ауылшаруашылығын дамытуға республикалық және жергілікті бюджеттерден, ауылшаруашылық құрылымдарының өз қаражаты есебінен 900,0 млн теңгеге жуық инвестиция тартылды

Өңірде өндірілген картоп, көкөніс түрлерімен аудан халқы толық қамтылады. Сонымен қатар ауданда
үш жақты, оның ішінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, қала, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтары картоп,
қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз өнімдерін қыс маусымына сақтап, арзан бағада аудан жұртшылығына саудалау мақсатында 51 меморандум жасалды.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында өткен жылы лизинг бағдарламасы бойынша несиеге 6 «МТЗ-82» (Белорусь) тракторы алынды. ҚХР-нан 2 астық комбайны, 23 шағын тракторларын шаруа қожалықтары өз қаражатына сатып алды.

«Үйдене» су жүйесіндегі қондырғыларды жөндеуге мемлекеттен

2 млрд. 200 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржының 550 млн. теңгесі «Үйдене» су қоймасын жөндеуге, қалғанына

«Р-3», ЛМК каналдарын толық жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Аудан бойынша 48 отбасы шағын мал бордақылау алаңдарының жұмыстарын бастап, ауылдағыларды жұмыспен қамтып, малдарын семіртуде. «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қала, ауылдық округтерден 67 тұрғын шағын мал бордақылау алаңдарын ашуға ниет білдірді. Несие алуға құжаттары облыстық ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау мекемесіне жіберілді. Бүгінгі күнге дейін 22 жанұяға 46,9 мың теңгенің несиесі берілді. Несие беру жұмыстары жалғасуда.



Шағын және орта кәсіпкерлік

Аудан көлемінде шағын және орта бизнес субъектісі ретінде тіркелген заңды тұлғалар саны – 117, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 96.

Шағын кәсіпкерлік саласында – 2826 кәсіпкер халыққа қызмет көрсетуде. Бөлшек сауда айналымы мөлшермен 4 млрд 900,0 млн. теңгені құрайды деп күтілуде.

Инфляциялық үдерістерді тежеу, яғни, халық тұтынатын негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында әр аптаның сенбі күндері тұрақты түрде жәрмеңке өткізіліп, ауылшаруашылық өнімдері базар бағасынан 15-20 пайыз төмен саудаланды. Өткен жылы 53 жәрмеңке өткізіліп, 242,9 млн. теңгенің өнімі сатылды.

Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында азық-түлік сауда дүкендерінен әлеуметтік бұрыштар ұйымдастырылып, бекітілген тізімге сәйкес аз қамтылған отбасыларына нанның бөлкесі 55 теңгеден саудаланса, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

Қазіргі таңда ауылдық округтерде жеке өзінің ісін ашамын немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарын дамытуға арналған «Үдемелі индустриалды инновациялық даму», «Өндіріс-2020», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Даму Өндіріс», «Жұмыспен қамту-2020» атты мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Ол өзінің өміршеңдігін көрсетуде. Ауданда 144 дүкен, 12 дәріхана, 3 мал дәріханасы, 19 наубайхана, 9 қонақ үй, 24 машина жөндеу шеберханасы, 8 жанар-жағар май станциясы, 22 қоғамдық тамақтандыру орыны, 5 базар және 15 шаштараз қызмет көрсетеді. Өткен жылы «Сәлем» сауда үйі, 3 дүкен, 1 қосалқы бөлшектер дүкені, 1 шаштараз, 2 дәріхана, 1 монша іске қосылып, 45 адамды қамтыған жаңа жұмыс орындары ашылды.



Өнеркәсіп, инвестиция және құрылыс

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 7,0 млрд. теңгені құрап, өнім өндірудің табиғи көлем индексі 120,0 пайызға өсті.

Тау-кен, мұнай, газ өндірісінде қызмет жасайтын «Сайқан» және «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС-і өткен жылы 49,6 мың тонна көмір, 800 тонна мұнай, 450,0 миллион текше метр табиғи газ өндірді.

Зайсан қаласындағы «Бірінші


кезектегі ішкі кварталдық газ тарату желілерін іске қосу кешені» жобасы бойынша соңғы екі жылда 766,4 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде қаладағы 1 мыңнан астам тұрғын үйге, 12 бюджеттік және 78 коммерциялық мекемеге, мектептерге газ тартылды.

Биылғы 2017 жылы жобаны аяқтауға 261,0 млн.теңге бөлініп отыр, яғни, үстіміздегі жылы Зайсан қаласын газдандыру жұмысы толығымен іске асырылады.

Жобалық құны – 1266,0 млн.теңге «Зайсан ауданының 9 елді мекендеріндегі газ құбырларының кентшілік және орамішілік желілер салу» (Қаратал, Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Үлкен Қаратал) нысанының
құрылыс жұмыстарына 2014-2016 жылдары 986,8 млн.теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Ауылдық округтердегі елді мекендерді газбен жабдықтау желілерінің ұзындығы – 118,985 шақырымды құрайды. Аталған жобаға 2017 жылы қосымша қаражат сұралып, жұмыстар жалғасады.

Әлеуметтік сала нысандарын газдандыру мақсатында 5 мектептің қазандығын газға ауыстыруға жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға өткізілген.

«Нұр» шаруа қожалығының «Шағын ет комбинаты» жобасы аумақтық индустрияландыру картасына енгізілген. Жылына 2200 бас ірі қара мен жылқы малы сойылып, 330 тонна ет және шұжық, консервіленген ет өнімдерін шығарып, 20-ға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Қытай Халық Республикасының инвесторы арқылы ауданда трактор және ауылшаруашылық құрылғыларын сататын «Иртыш-ТЗ» қызмет көрсету орталығы ашылып, бүгінгі күнге 17 млн. теңгенің әртүрлі ауылшаруашылық техникалары сатылды. Екіжақты ынтымақтастық келісім бойынша 2016-2018 жылдары 80,0 млн теңгенің инвестициясы тартылмақ.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3 жеке кәсіпкер 126,5 млн. теңге несие алып, жаңадан 33 жұмыс орны ашылды. Аталған бағдарлама аясында аудан кәсіпкерлеріне тренинг-оқытулар өткізіліп, 31 адамға сертификаттар тапсырылды.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі жылдың болжамды қорытындысы бойынша 11516,0 млн. теңге болып, табиғи көлем индексі 86,2 пайызға болжануда.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалаға жоспарланған жалпы ұзындығы 43,511 шақырым кәріз желісін тарту жұмыстары межелеген уақытында толық аяқталады.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ауданда білім және денсаулық сақтау салалары бойынша 260,5 млн. теңгенің 36 жобасы іске асырылды. 146 адам, оның ішінде 89 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс орындарымен қамтылды.

2016 жылы 2253 шаршы метрді құрайтын 18 тұрғын үй және 4 шағын кәсіпкерлік нысандары пайдалануға берілді. 2015 жылмен салыстырғанда көлемі 4,6 пайызға артты. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Зайсан қаласының Боқажанов көшесінде салынған 60 пәтерлі №88 және №88/1 жатақхана 29 жасқа дейінгі жұмыс істеп жүрген жастарға берілді.

Ауданға инвестиция тарту мақсатында жұмыстар жалғасын тапқан. Қазіргі күні табиғи газ бен көміртегі диоксидін өндіру зауытын салу құрылысына жер телімі беріліп,


алғашқы жұмыстары басталды. 2017 жылы аймақтық индустрияландыру картасына «КазУглеГаз» ЖШС-нің жалпы құны 230,0 млн. теңге болатын «Табиғи газ бен көміртек диоксидін
өндіру зауытын ашу» туралы инвестициялық жобасын енгізуге жұмыс атқарылуда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары

Өткен жылы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстау, жол белгілерін қалпына келтіру, елді-мекендердегі көшелерге ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Елді мекендердегі инженерлік инфрақұрылымды және көлік қатынасын дамыту бағыты бойынша игілікті істер атқарылды.

Облыс орталығына әуе қатынасы арқылы жолаушыларды тасымалдау қалпына келтірілді. Биылғы жылы мемлекеттік сатып алу Заңы бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты
1 ақпаннан бастап аптасына 3 рет әуе қатынасы қайта жалғасады. Қалааралық, кентішілік және елдімекендерге автобус қатынастары тұрақты қызмет көрсетуде.

Ауылдардағы және шалғайдағы елдімекен тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жолға қойылды. Өткен жылы Жарсу, Қуаныш ауылдарының су жүйелері жөнделіп, ондағы халық таза ауызсумен қамтамасыз етілді.

2017 жылы Зайсан қаласының су құбырлары құрылысы мен Қаратал ауылының су құбырларын қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Шілікті ауылының су жүйесін жөндеу бойынша құжаттамасы дайындалуда.

Қала, ауылдық округтеріндегі елдімекендерді абаттандыру, санитария, жарықтандыру жұмыстарына 98,5 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Зайсан қаласындағы Абай саябағы абаттандырылып, аудан тұрғындарының, қонақтардың, жастардың демалатын орталығына айналды.



Бюджет

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 6856,1 млн.теңгені құрап, 100 пайыз орындалды.

Жыл қорытындысында аудандық бюджеттің өз кірісі 1194,9 млн. теңгеге, 102,7 пайызға орындалды, жоспардан артық 31,8 млн теңге кіріс түсті. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне қосымша салық көздерін іздестіру алгоритмі іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде аудан бюджеті 24,9 млн. теңге көлемінде қосымша салықтар мен алымдармен толтырылды.

Жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу ережесіне сәйкес, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүліктi жария ету бойынша Зайсан ауданы әкімінің аппаратында құрылған комиссиямен 136 өтініш қаралды, 5 өтініш кері қайтарылды, 8 өтініш жария етілмеді. Жалпы түскен барлық өтініштердегі жылжымайтын мүліктің құны 1 млрд. 109,7 млн. теңгені құраған.

Білім саласы

2016-2017 оқу жылында аудандағы 27 мектептегі оқушы контингенті 6325 баланы құрады. 11 балабақшада – 959, шағын орталықтарда – 516, мектепалды даярлық сыныбында – 435 бала тәрбиеленуде. Бұл барлық 1 жастан


5 жасқа дейінгі бала санының
84,8 пайызы, 3 жастан 6 жасқа дейінгі бала санының 100 пайызын құрайды. Бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамту мақсатында Айнабұлақ ауылындағы бұрынғы емдеу мекемесі аудандық бюджет қаражаты есебінен жөндеуден өткізіліп, 30 орындық балабақша ашылды.

Өткен жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеу бойынша орташа балл – 78,3 болып, облыстық көрсеткіштен (82) 3,7 балға төмен нәтиже көрсетті.

2016-2017 оқу жылынан бастап, М.Дәуленов орта мектеп-интернаты жанында спорт сыныбы, Айнабұлақ орта мектебі жанында кадет сыныбы,
М.Әуезов орта мектебі жанында мектепалды даярлық зияткерлік сыныбы, «Ертөстік» балабақшасы жанында валеологиялық топ және Х.Мұстафина атындағы лицей мектебі жұмысын бастады.

Ауданда мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінде 3005 бала қосымша білім алуға тартылған, бұл барлық оқушының 49 пайызын құрайды.

Мектеп оқушыларының жазғы демалысының мәнді өтуіне үлкен көңіл бөлініп, 1-10 сынып аралығындағы 5687 оқушы толығымен жазғы сауықтырумен қамтылды.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту-Жол картасы-2020» бағдарламасы


және аудандық бюджет қаражаты есебінен 139,1 млн теңге қаржы игеріліп, 15 білім беру нысандары ағымдағы жөндеуден өткізілді, материалдық-техникалық жарақтауға 51,1 млн. теңге, жаңа буынды оқулықтармен қамтуға республикалық және жергілікті бюджеттен 51,0 млн теңге бөлінді.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға «Туған жерге тағзым» акциясы аясында игілікті істер жалғасын тапқан. Биылғы оқу жылында мектеп түлектері 1,7 млн. теңге көлеміндегі қаражатқа 10 пән кабинеттерін, 1 мәжіліс залын жабдықтап, қажетті жабдықтарды сыйға тартты.



Денсаулық сақтау

Аудан тұрғындарына 7 бөлімнен тұратын 112 төсектік аурухана, амбулаториялық – поликлиникалық көмекті аудандық аурухананың құрамындағы мамандандырылған клинико - диагностикалық бөлімі, заманауи қондырғылармен


жабдықталған кіші диагностикалық орталық, 1 қалалық, 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория, оларға қарасты ФАП және медициналық пункттер қызмет көрсетеді.

Туу көрсеткіші 2015 жылдың деңгейінде 17,7 қалып, табиғи өсім 10,2-ден 9,9-ға төмендеді. Нәресте өлімі 7,4 -тен 6,5 -ке төмендеп, ана өлімі соңғы төрт жылда тіркелген жоқ.

Туберкулез ауруымен науқасқа шалдыққандар көрсеткіші төмендеп, алғаш рет тіркелгендер көрсеткіші 100 мың адамға есептегенде 39,4-тен 28,8-ге азайды, қайтыс болғандар жоқ. Қатерлі ісік ауруымен алғаш рет тіркелгендер көрсеткіші 138,6 пайыз болып, осы науқастан қайтыс болғандар көрсеткіші 55,2 пайыздан 86,6 пайызға артып отыр.

Медициналық мекемелердің материалдық – техникалық базасын жарақтандыру барысында заманауи медициналық құрал – жабдықтар алынып, жылу қазандығы ағымдағы, аурухана лифтері күрделі жөндеуден өтті. Терапия бөлімінің терезелері ауыстырылып, Қаратал ауылдық дәрігерлік емханасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Халыққа медициналық-диагностикалық көмек көрсету аясын кеңейту мақсатында қалада талапқа сай «Сапа» атты жеке меншік кіші диагностикалық орталығы ашылып, қызмет көрсетуде.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай

Өткен жылы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық хал-ахуалы бір қалыпты болды, төтенше жағдайлар орын алған жоқ.

Мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлік нысандарына жоспарлы және жоспардан тыс арыз-шағымдар бойынша тексерулер жүргізіліп, 174 заң бұзушылықтар бойынша 5,6 млн.теңгеге айыппұлдар салынды.

Әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ағымдағы жылдың басынан жұмыс іздеуші ретінде 1109 адам тіркелсе, олардың 865-і жұмысқа орналастырылды, жұмысқа орналастыру деңгейі 78 пайызды құрады.

Жастар іс-тәжірибесінен өтуге 2016 жылға 1131,0 мың теңге бөлініп, 14 жұмыссыз жас маман жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы 16 адамның еңбегіне 600,0 мың теңге төленді.

Жұмыспен қамту бөлімі арқылы ағымдағы жыл басынан 492 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді.

Жыл көлемінде 18,8 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек және 34,1 млн теңге балалар жәрдемақысы төленді.

«Өрлеу» қанат қақты жобасына қатысқан 220 – отбасының 991 шартты ақшалай көмек алушысына республикалық бюджеттен 23,6 млн, теңге, аудандық бюджеттен 20,0 млн теңге қаражат жұмсалып, азаматтар өзін-өзі қамтамасыз етуге және әлеуметтік тұрмыс жағдайларын жақсартуға қол жеткізді.

Аудан көлемінде «Жұмыспен қамту-Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы үш бағыт бойынша
жүзеге асырылды. Бағдарламаға қатысуға 387 адам өтініш беріп, әлеуметтік келісім-шарттар жасалып, жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 101-і 29 жасқа дейінгі жас азаматтар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар саны – 264, жұмыссыздар -123 және аз қамтылғандар- 24, мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны-8.

Бағдарламаның бірінші бағыты –


инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 36 жоба бойынша 260,4 млн. теңге қаржы игеріліп, жұмыспен қамту орталығы арқылы 89 адам жұмыспен қамтылды. Екінші бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 22 адам 46,6 млн. теңгенің несиесін алды. Үшінші бағыттың бірінші компоненті бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 11 адам жіберіліп, қарастырылған 2151,0 мың теңге қаржы игерілді.

Жастар практикасына 11 жас маман жіберіліп, жоспар толығымен


орындалды. Аталмыш бағдарламаның
2-ші компоненті бойынша Зайсан қаласында салынған екі 60 пәтерлі
тұрғын үйлерге 29 жасқа дейінгі әр салада жұмыс істейтін жастар қоныстандырылды.

Мәдениет

Аудан халқына 20-дан астам мәдениет ошақтары қызмет көрсетеді. Өткен жылы бұл салада атқарылған мәдени іс-шаралар негізінен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жастардың патриоттық сезімін, елге, жерге деген сүйіспеншілігін нығайту мақсатында «Азат елдің ұрпақтарымыз!», «Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік!» атты көркемөнерпаздар байқауының ұйымдастырылуымен қорытындыланды.

Ауданда мәдени-танымдық туризмді дамытуда әлеуетке ие тарихи, мәдени 10 архитектуралық және 26 археологиялық ескеркіш тіркелген.

Туристік және аңшылық істі дамытудың негізгі орындары «Кіші Жеменей», «Майшат», «Тебеген» учаскелеріндегі демалыс базалары. Өткен жылы шетелдік 37 турист келіп қайтты.

2016 жылдың осы саладағы сүбелі табысы – Шілікті өңірінен табылған құнды жәдігерлер. 2017 жылы Шілікті ауылдық округінде ашық аспан асты мұражай құрылысын бастау жұмыстары қолға алынады.

Тіл саясаты саласындағы жұмыстардың дамуы – ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын ақпаратпен тиімді сүйемелдеу, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.



Спорт

Ауданда дене шынықтыру және спорт саласы бойынша барлығы 109 спорттық нысан жұмыс істейді. Оның 70-і ауылдық елдімекендерде орналасқан. 2016 жылы спортпен шұғылданушылар 12100-ге жетіп, аудан тұрғындарының 32 пайызын қамтыды. Бұқаралық спортты дамыту барысында жыл көлемінде 100-ге жуық спорттық шаралар ұйымдастырылды. Спорттық жарыстардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілді. 60-80 жас аралығындағы ардагерлер мен мүгедектердің дәстүрлі спартакиадасы ұйымдастырылды. Спорт мектебінің құрылғанына 50 жыл толуы қарсаңында қалада жекпе-жек залы, Үлкен Қаратал, Қарабұлақ ауылдарында спорт модулдерінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Айнабұлақ ауылында ашылған жағажай волейболы спортсүйер қауымға үздіксіз маусымдық қызмет көрсетті.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған XХ-шы халықтық спорт ойындарында аудан командасы жүлделі ІІ-орынға ие болды.

2016 жылдың шілде айында Монғол Халық Республикасының Ұлан Батыр қаласында «Олимпиадалық мәре» атты жасөспірімдер арасында бокстан өткен халықаралық турнирде ауданның 2 спортшысы жүлделі орын алып, алтыннан алқа тақса, Ақтөбе қаласында гір спортынан өткен әлем чемпионатында аудан спортшысы күміс медальға ие болды.



Қоғамдық тәртіп

Аудан бойынша тіркелген қылмыстар саны - 326, былтырғы жылғы сәйкес мерзімде 312 болған, яғни, 4,5 пайызға артып отыр. Бұған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстардың 2015 жылмен салыстырғанда 19 дерекке артуы негізгі себеп болды. Жалпы қылмыстың ашылу деңгейі 81,7 пайызды құрады. Салыстырмалы мерзіммен салыстырғанда 9,6 пайызға жоғарлаған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 22 жол-оқиғасы тіркеліп, 6 фактіге өскенімен, апат салдарынан қайтыс болғандар саны 2015 жылмен салыстырғанда 5-тен 1-ге дейін төмендеді.

Тіркелген қылмыстар ішіндегі ауыр қылмыстар саны – 21, 2015 жылдың сәйкес мерзімінде - 11, яғни, 10 дерекке көбейген. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабына сәйкес қасақана денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша 8 дерек тіркеліп, ауыр қылмыстар санының артуына ықпал етті.

Ауыр қылмыстардың түрлері бойынша тіркелген 21 фактінің 18-і ашылды, 3-і тоқтатылуына байланысты қылмыстардың ашылу дерегінің төмендеуіне, яғни, 88,5 пайыз (2015 жыл – 90,9 пайыз) болуына өз әсерін тигізді.

Көшеде және қоғамдық жерлерде орын алатын қылмыстардың алдын алу мақсатында Зайсан қаласында аудандық ішкі істер бөліміне қарасты 8 көшелік бейне бақылау камерасы орнатылған. Барлық сауда орындары бейне бақылау камераларымен қамтамасыз етілген. 27 орта мектепте 4 мектеп инспекторы және 6 кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасайтын аймақтық учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқарады.

Діни экстермизм және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі


жұмыстар жалғасын тапқан. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен мемлекеттік органдардың потенциалын пайдалана отырып, ақпараттық насихаттық шаралар жүргізу қабылданған.

Қоғамдық саяси жағдай

Ауданда қоғамдық-саяси және діни ахуал тұрақты.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99-қадамын іске асыру аясында қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң аясында өткен жылы ауданда құрылған аудандық Қоғамдық кеңес жыл көлемінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына қоғамдық институттар мен азаматтардың қатысуын қамтыды. Қоғамдық бақылау саласында барлығы 20-дан астам кеңес отырысын өткізді. 50-ге тарта мәселелер қаралды. Қала, ауылдық округ деңгейінде қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеліп, мемлекеттік саясатты іске асыру ісіне азаматтардың белсене қатысуы қамтамасыз етілді.

Өткен 2016 жыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі белесі аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» тұжырымдамасына сәйкес аталып өтті. Ауданда 500-ден астам мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар, «25 жұлдызды күн» аясында тұрғындарға 3 спорт кешені, 1 балабақша, шағын ет комбинаты, дәріхана, қайта жаңғыртылған автобекет, елдімекен тұрғындарын таза ауыз сумен қамту сияқты игілікті істермен жалғасты.

Жыл көлемінде бірнеше қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды. Оған меншік
нысанына қарамастан барлық мекеме, кәсіпорын, ұжымдар, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес өкілдері атсалысты.

Аудандағы Үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтары және қоғамдық бірлестіктер жыл көлемінде барлық қоғамдық – маңызды іс-шараларға қатысып, өз үлестерін қосты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аудан ардагерлерінің күшімен даярланған мерекелік концерт көрермен қошеметіне ие болды. Осы орайда ерікті мүгедектер қоғамының жұмысын атап өткен жөн.

Шалғай елдімекендерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясында «Мәңгілік Ел» және рухани-мәдени идеологиялық керуен сапарлары ұйымдастырылып, өткізілді.

Ауданда «Туған жерге тағзым» акциясы нәтижелі жалғасын тапқан. Өңірдің тумалары ауданнан шыққан кәсіпкерлердің, іскер азаматтардың демеуімен игілікті істер атқарылуда. 2016 жыл көлемінде 55,5 млн. теңгенің 78 жобасы жүзеге асырылды.

Жастар саясатын жүзеге асыру барысында ауданда үшінші жыл қатарынан елдімекендерді көркейту, көгалдандыру жұмыстарын атқаруға «Жасыл ел» сарбаздарының жұмысы ұйымдастырылып, оған 100 сарбаз тартылды.

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ҰОС, тыл ардагерлеріне жастардың қамқоршы топтары әртүрлі тұрмыстық көмектер көрсетті.

Өмірлік тәжірибесі аз жастардың радикалды экстремистік ұйымдардың имансыз идеологиясының «тұзағына» ілінбеуі үшін дін жөніндегі
ақпараттық – насихаттық топтары, құрамындағы көпті көрген аға буын өкілдері бірлескен үздіксіз жұмыстар атқарды. Жыл басынан бері мақсатты топтар арасында 150-ден астам кездесулер өтсе, оның ішінде 38 кездесу жастар арасында болып, 6 мыңға жуық жастар қамтылды.

Ауданның рухани ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлестерін қосып келе жатқан 17 діни бірлестіктер (16 мешіт, 1 православие шіркеуі) жергілікті атқарушы билікпен тығыз қарым – қатынаста белсенді жұмыс атқарады.

Ауданда «Ұлт құндылығының қазынасы – аға буын өкілдері – Мәңгілік Елдің мызғымастығының кепілі» атты аудан өңірінің аға буын өкілдері және облыс көлеміндегі имамдардың қатысуымен 1 форум өткізілді. Ауданда 4 рет облыстық, 1 рет республикалық ақпараттық – насихаттық топтың мүшелері келіп жұмыс жүргізді.

Есепті кездесулерде түскен сауалдар

2016 жылдың 18-30 қаңтар күндері аралығында аудан әкімінің, қала, ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері өтті. Есептік кездесулерге жиыны 3727 адам қатысып, 43 адам сөз сөйледі. Жарыссөзге шығып сөйлеушілерден 49, жазбаша 11,


арнайы қойылған жәшіктерден 13, жиыны 73 ұсыныс-пікірлер түсті.

Бүгінгі күні 35 ұсыныс орындалып, 58 ұсынысқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бақылауға 6 ұсыныс қойылды.

Облыс әкімі аппаратымен бақылауға алынған 15 ұсыныс-пікірлердің 14-і орындалып, 1 ұсыныстың орындалуы биылғы жылға жоспарланған.

Аудан әкімдігіне ағымдағы жылы жеке және заңды тұлғалардан 1772 өтініш (2015 жылы 2768 болған) түсті. Мазмұны жағынан 1109-ы жер, жерді пайдалану, 663-і әр түрлі мәселелер бойынша.

Бұл өтініштер тиісті мемлекеттік органдармен мерзімінде қаралып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауаптары берілді. Аудан әкімінің жеке қабылдауында 274 адам болды.

2017 жылға міндеттер

2017 жылы да бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында жұмыстар жүргізіледі.

- Жыл көлемінде Зайсан қаласының су құбыры желілерін жөндеу;

- Қаратал ауылындағы су құбыры желілерін жаңғырту;

- Зайсан қаласын газдандыру;

- 9 елді мекенде газ құбырының кентішілік және орамішілік желілерін салу;

- Шалқар мен Жарсу ауылдарына спорт модульдерін салу;

- Зайсан қаласының көшелерін орташа жөндеуден өткізу;

- аудан бойынша сібір жарасы көмінділеріне арнайы белгі қойып, қоршау;

- орталық кітапхана мен қорғаныс бөлімі ғимаратын газға қосу, Спамбетов пен Боқажанов көшелеріндегі 60-пәтерлі 4 тұрғын үйді газға қосудың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу;



- білім беру мекемелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- әуежайды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет