Зайсан ауданының әкімі А



жүктеу 25.03 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі25.03 Kb.



Зайсан ауданының 2018 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама
2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіпте 11670,9 млн. тенгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4036,8 млн. теңгеге немесе 52,9% артық болып, табиғи көлем индексі 100,6%-ды құрады. Аудандық өнеркәсіп өнімі көлемінің облыстағы үлесі – 0,9%.

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 15 млрд. 35,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,4% артық. Табиғи көлем индексі 101,4% .

Мал шаруашылығы өнімдері біршама өсіп, оның ішінде ет тірі салмақта 9828,9 тонна болып, 102,1% -ға , сүт 35784,7 тонна болып 103,0%- ға, жұмыртқа 4632,0 мың дана болып, 102,4%- ға орындалды. Ірі қара – 82180 бас болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,9% артқан, қой-ешкі – 83172 бас болып өткен жылдан 22685 басқа немесе 21,4%-ға азайған, жылқы – 24013 бас болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 18,2% артқан, құстар – 66950 бас болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғандағы деңгейінде қалды. Жыл басынан бері аудан экономикасына 4938,4 млн.теңгенің инвестициялары тартылды.

Ағымдағы жылдың 9 айында аудан аумағында 2043,6 млн.теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды, бұл өткен жылғы деңгейден (2017 жылы – 2215,3 млн.теңге) 7,8%-ға төмен. Табиғи көлем индексі – 87,0%.

2017 жылмен салыстырғанда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 12%-ға артып, көлемі 1834 ш.м. құрады.

Есепті кезеңде тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны - 152, өткен жылдың осы мерзімінен 8,6% артық, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 118, 2017 жылдың осы мерзімінде 105 болған, өсу қарқыны 112,4%.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 5202,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 35,9%-ға немесе 1373,3 млн.теңгеге артық орындалып, табиғи көлем индексі 127,2% құрады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ағымдағы жылдың басынан жұмыссыз ретінде 603 адам тіркелген. Есепті кезеңде 2170 адам жұмысқа орналастырылды, жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны – 363 (өткен жылы 360), жастар іс-тәжірибесінен өтуге 32 (өткен жылы 29) жұмыссыз жас маман, әлеуметтік жұмыс орындарына 35 (өткен жылы 24) адам жіберілді. Жыл басынан жұмыспен қамту бөлімі арқылы 576 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Жұмысқа орыналасу мәселесі бойынша келгендердің ішінде, жұмысқа орыналастырылғандар үлесі – 94,5%-ды құрады.

Ауданда 27 мектеп: оның 17-і орта, 8-і негізгі орта, 2-і бастауыш мектеп. 13 балабақша мен 16 шағын орталықтарда, мектепалды даярлық сыныптарында 2649 бала тәрбиеленуде, бұл барлық 3 жастан 6 жасқа дейінгі бала санының 100,0% құрайды. 2018 жылы қаңтар-қыркүйек айларында туылған балалар саны – 520 (өткен жылы 483), туу көрсеткіші 18,7 болды (өткен жылдың сәйкес мерзімінде 19,0 құраған). Туберкулезбен ауырған 9 адам анықталды, ана өлімі деректері тіркелмеген. Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары – 1095,9 млн.теңге, нақты орындалғаны 1138,2 млн теңге немесе 103,9%. 2017 жылмен салыстырғанда 59,5 млн.теңге артық түсімдер жиналды, өсу қарқыны – 105,5%.



Аудан бюджетінің шығындар жоспары - 5626,8 млн. теңгені құрап, 5623,9 млн. теңгеге немесе 99,9% орындалды. Жыл басынан бері тіркелген қылмыстар саны - 211, 2017 жылға сәйкес мерзімде 204 болған, яғни 7 дерекке жоғарылау байқалады. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі – 88,9%.

Ауданның экономика және

қаржы бөлімінің басшысы Н.Қабидолдина


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет