Қазақстандық косметикалық заттарды сататын дүкен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы видео түсірді. Онда соққыға жығылған бейнедегі әйел қазақстандық әйелдерге фирмалық косметика арқылы бетіндегі көгерген және контузия іздерін қалай жасыру керектігін түсіндіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық косметика дүкені әлеуметтік желіде "Күйеуің ұрса, қандай косметика қолдану керек" деген видео жариялады. Көп уақыт өтпей-ақ бейнебаян 1,6 миллион қаралым жинаған.

Бейнежазбаға түскен дүкеннің негізін қалаушы Әкім Жұлдыз да бетін көгертіп алған. Ол бет күтімі кезінде "құрамында қышқылы бар заттарды қолданбауға” кеңес береді себебі жарақат алған сәтте тері өте сезімтал болады дейді ол. “Оның үстіне біздің өмірімізде уыттылық онсыз да жеткілікті" деп қосады ол. 

Роликтің авторы сөзін: “Сіздермен бірге болған бақытты жар, аяулы ана, жақсы келін – Жұлдыз. Менің кеңестерімді қолданыңыз” деп аяқтайды.

Осыдан кейін экранда Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстардың статистикасы шығады. Бейненің сипаттамасында дүкеннің негізін қалаушы өз жазылушыларына қайырылған.

“Бүлдіршін. Бойжеткен. Әйел. Әртүрлі кезеңдер, бірақ біз жалғызбыз. Біз бір-бірімізді қолдап, түсінуіміз керек. Өйткені, ер адам ешқашан босанудың, етеккір циклінің немесе босанғаннан кейінгі депрессияның не екенін түсінбейді. Біз Moodmart косметика дүкеніміз. Бірақ дүкенде қыздар жұмыс істейді, негізін салушылары қыздар, қонақтарымыз да қыздар. Елімізде және бүкіл әлемде болып жатқан оқиғаларды көріп, жүрегіміз ауырады. Біз қалай көмектесетінімізді білмейміз, бірақ біз өз тарапымыздан осындай бейне түсіріп, көрермендердің назарын осындай жаһандық мәселеге аударуға шешім қабылдадық. Иә, түсінеміз, мұхитқа тамған тамшыдай, бірақ егер әйел басқа әйелді түсініп, қолдаса, үлкен күш пайда болады деп сенеміз. Өйткені, біз тек әйел емеспіз – біз анамыз, біз әпкеміз, қыз, әйел, күтушілерміз және бір мамандық бір өзіміз алып жүрген адамдармыз. Біз күштірекпіз, біз данамыз және ешкімнің бізге қол көтеруге, ренжітуге, қорлауға құқығы жоқ”, – делінген сипаттамада.

Айта кетейік, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық ең үлкен мәселелердің бірі саналады. БҰҰ дерегінше, елде жылына кемі 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табады. Былтыр желтоқсанда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы үкіметке тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық заңнаманы қатаңдату бойынша заң жобасын дайындауды тапсырды.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Уходовая|Декоративная косметика|Алматы (@moodmart.kz)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.