Париждегі Эйфель мұнарасында үйленуге сөз байласқан қазақстандық жұпты Франция президенті Эммануэль Макрон құттықтады. Видео желіде тарап жұртшылықты тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

Қазақстандық инженер, әлемге үздік студент екенін дәлелдеген Санжар Тайжан Парижде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Видео Санжар Тайжанның Instagram-дағы жеке парақшасында салынған.

Сол күні француз көшбасшысы Эммануэль Макрон жастарды кезіктіріп, олардың сөз байласқанын көріп құттықтаған. Мұнда ол жұптың қай елден екенін сұрайды. Кейін Қазақстаннан екенін біліп, Макрон бұл елде болғанын, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазы тұқымды екі күшікті сыйлағанын айтты.

“Мен сүйікті қызыма үйленуге ұсыныс жасадым. Франция президенті – Эммануэль Макрон бірнеше сағаттан кейін бізді құттықтады”, – деп жазды Санжар Тайжан видео астына. 

  • 450 қыздың ішінен таңдап алынған: Алматылық бүркітші ару өнерімен жұртты тәнті етіп жүр

  • Франция әлемде бірінші болып әйелдердің жасанды түсік жасату құқығын Конституциямен бекітті

Қазақстандықтар жас жұбайлар үшін өте қуанышты.

“Керемет, президентті ешқандай күзетсіз кездестіріп қалып, онымен сөйлесу, қандай ғажап”, “ Бақытты болыңыздар, құттықтаймын”, “Бағы зор екен”,- деп жазды пікір білдірушілер. 

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Макронға қазақы тазының екі күшігін сыйлағанын хабарлаған едік.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Sanzhar Taizhan (@sanzhartaizhan)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.