Apple ірі смартфон өндірушілер рейтингінде екінші орынға түсіп, Samsung-тан қалып қойды. Мұндай деректі IDC зерттеу компаниясы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Биыл қаңтар-наурыз айларында Apple смартфондарының жеткізілімі шамамен 10% қысқарған. 2024 жылдың бірінші тоқсанында Samsung өз үлесін 20,8% өсірді, ал Apple нарыққа смартфондардың 17,3%-ын жеткізді. Жеткізу көлемі бойынша Xiaomi 14,1%-дық көрсеткішпен үшінші орынды иеленді.

2023 жылы жеткізілімдердің 20,1%-ы Apple, 19,4%-ы Samsung компаниясына тиесілі.

Apple өнімділігі төмендеуіне Қытайдағы сатылымның азаюы әсер еткен. Биыл көрсеткіш 24% төмендепті. Өйткені Қытай билігі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге iPhone телефондарын пайдалануға тыйым салған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.