Бүгін мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымнан қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: РБК

Заң 2022 жылы бірінші оқылымда мақұлданған еді. 

Заң жобасының негізгі ережелері қандай екенін депутат Магеррам Магеррамов түсіндіріп берді:

  • халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
  • кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің елімізге келуін және ел азаматтығын алуын шектеу;
  • экстремистік немесе террористік қызметке тартылған шетелдіктердің елге келуіне тыйым салу;
  • төтенше жағдайларда мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалану мәселесін шешу.

“Жоғарыда аталған жаңашылдықтарды енгізу заңнамадағы бар олқылықты жоюға, көші-қонды бақылауды тиімдірек қамтамасыз етуге, халықты құжаттандыру рәсімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Жұмыс тобының отырыстарында заң жобасын қарағанда мәжіліс депутаттары бірқатар түзету енгізді”, — деп атап өтті депутат.

Бұған дейін әйелдердің құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың көптеген түріне қылмыстық жауапкершілік қарастырылған еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.