Зал іші Қазақстанның Тәуелсіздігіне 22 жыл мерекесіне орай безендендірілген. Балалар ортаға музыка әуенімен кіреді. І жүргізуші



жүктеу 79.05 Kb.
Дата30.03.2019
өлшемі79.05 Kb.


Зал іші Қазақстанның Тәуелсіздігіне 22 жыл мерекесіне орай безендендірілген. Балалар ортаға музыка әуенімен кіреді.
І жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.


ІІ жүргізуші: Тәуелсіз ел болу дегеніміз – кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры тереңұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.
І жүргізуші: Ендеше, құрметі ата – аналар, ұстаздар мен балалар! Сіздерді Тәуелсіздіктің 22 жылдық мерейлі тойымен Екеуі бірге: шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
ІІ жүргізуші 16-желтоқсан еліміз үшін ерекше күн. Осыдан 22 жыл бұрын президентіміздің жарлығы бойынша еліміздің тәуелсіздігі жарияланды. Сол күннен бастап 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі болып тойланады. Ал биылғы жылы елімізде тағы да бір үлкен мереке аталып өтілді. Ол 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні, барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні. Елбасын тану да – елтанудың, мемлекеттанудың енші бөлінбес бөлігі. Жиырма бір жылдан бері жемісті жұмыс атқарып келе жатқан Президенттің ұлан-ғайыр қызметі осы ойымыздың айқын дәлелі Қамқорлығыңыз үшін зор алғыс! -дегіміз келеді.
Ортада Н.Ә.Назарбаевтың «Жан шуағы » еңбегінен үзінді
Өлең:

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?

Тәләйлі болсын талғамың!

Өркені өссін қазақтың,

Осы – менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын

Қала болсын Астана,

Осы – менің мұратым!

О, Ақорда, Ақ шатыр,

Ұлысыма бақ шатыр.

Баянды болсын Азаттық,

Осы – менің мақсатым!

Халқым – менің тірегім,

Құрбан жаным, жүрегім!

Атымыз озсын бәйгеде,

Осы – менің тілегім


І жүргізуші. Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.


Ән : «Отан деген атамекен» орындайтын Әлім, Елдар, Ермахан, Дулат.
Отанды бiз Атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткенi оны мекен еткен,

Бабамыз мен атамыз.


Қ- сы

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана, Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел!
Отанды әркiм анасындай

Қастерлейдi бағалап.

Өйткенi Отан баласындай,

Бiздi өсiрер аялап.


Жүргізуші: Отаным-жүрегім сен,

Күш алам өзіңнен мен.

Жаралғам топырағыңнан

Нәр алғам бұлағыңнан- дей отырып ортаға Отанын сүйетін балаларымызды ортаға шақырамыз.


Көк аспанда тулардың

Желбірейтін күні бұл.

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні бұл.


Жұпар шашқан гүлімнің,

Жаңа ашылған күні – бұл.

Менің ана тілімнің

Бағы ашылған күні бұл.


Қадамың бар баспаған

Асуың бар баспаған,

Халқым жетсін мұратқа

Ей, бас қала -Астанам!


Жаса- жаса Астана,

Өркен жая бастаған.

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған.


. Менің елім – тәуелсіз Қазақстан,

Қазақстан – қасиетті гүл бағым,

Бақытыңды, шаттығыңды жырладым.

Тәуелсіздік таңы болсын баянды,

Саған ғана кеудемдегі нұр, жалын.

Жүргізуші: -Ата-анаға көз қуаныш

Алдында өскен еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш

Гүлденіп ой өлкесі,- деп Абай атамыз айтқандай ерке қызымыз Айеркенің орындауында «Туған елім» әнімен қарсы алыңыздар.



Ән: «Туған елім»

Жүргізуші: Енді мерекеміздің бір кезегін ойынға берейік.

Ойын: «Бәйтерек»
Ортаға жүгіріп бір бала кіреді «Сүйінші, сүйінші біздің тойға би аталар келеді» - дейді. Ортаға Төле би, Қазбек би және Әйтеке би кіреді. Екі бала келіп амандасады.

  • Асалаумагалейкум та билер.

  • Уа алейкум ассалам Отаныңның үлкен азаматы болыңдар.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме аталар ! Мына жас ұрпаққа айтатын қандай өсиеттеріңіз бар?

Төле би : Уа, халқым Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт береке – атаң қымбат,

Асқар тауың - әкең қымбат,

Мейірімді – анаң қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Қазыбек би: Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма,

Кесапаты ң тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өрешіл болма,

Өркеніңді өшірерсің


Әйтеке би: Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса,

Бай болар ер жігіттер мүлкі болса.

Жақсылардың белгісі сол емеспе

Қара қылды қақ жарған әділ болса.


Жүргізуші: Айтқан өсиеттеріңізді әрқашанда біздің балалар орындайды би аталар.Отаны үшін отқа түсетін біздің бүлдіршіндер бүгін Тәуелсіздіктің 21 жылдығын тойлап жатыр , тойымыздың қонағы болыңыздар. Балаларымыздың өнерін көріңіздер.Ортада біздің әнші қыздарымыз

Ән: Қыздар тобы «Туған жер»

Жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті халқымызға бақ қонып,

Кетпесін туған жердің берекесі. – дей отырып балаларымыздың биін тамашалаңыздар.


Би. . «Көңілді күн»

Туған жер – алтын таң

Кең далам, таулы орман.

Ұл мен қыз қорғаймыз,

Бақытты ұлы Отан.
Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілді

Ортада – аспан әлемі


Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.


Ортаға шар ұстап 6 қыз шығады шардың жібіне байланған көгершіндер. Би басталған шақта шарды аспанға ұшырады.Қыздар обручтармен көгершіндер биін билейді

Ортаға «Көк тудың желбірегені» әнімен туды ұстап 3- бала шығады бәрі бір қатарға тұрып тақпақтарын айтады.


Таңғажайып атыңда дәл табылды.

Табылды да талай жұртқа таңылды.

Туған елім көкке жетті көк туың

Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі


Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!


Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,

Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз.

Тәуелсіздік – білектегі әліміз,

Тәуелсіздік – жүректегі әніміз.


Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағат, өнегесі, еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.


Тәуелсіздік – менің соққан жүрегім ғой,

Тәуелсіздік – ата-баба тілегі ғой.

Бар Әлемді өзіне таң қалдырған,

Тәуелсіздік – еліміздің тірегі ғой!

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген шуақпын


Жыр арнадым еліме тебірене,

Үміт артам елімнің ертеңіне

Тәуелсіздік алғалы елімізде,

Отаным жылдан- жылға көркеюде


Елімде бейбіт, тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын

Елімнің ел ағасы, ел басшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын


Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалады шапағы,

Байтақ елім, Тәуелсіз Қазақстан!

Ең бақытты балалардың Отаны!


Ән: «Отан менің өз елім»
Ойын: «Орамал »
Жүргізуші: Мерекемізге тау халқының дүл- дүл жігіттері «Жігіттер» биімен келіпті.

Би: «Жігіттер»

Жүргізуші. Алты алаштың баласы,

Қауымдасқан күні -бұл.

Бір – бірімен жарасып,

Бауырласқан күні бұл. – деп кезекті балаларымызға берейік.

Егемен болмай, ел болмас,

Етек – жеңі кең болмас.

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас.

Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр.

Жылдарымыз жайдары.


Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан - өлең, отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.


Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менң туған өлкем.


Отан – менің ата-анам,

Отан - үлкем, астанам.

Отан – менің ауылым,

Отан – менің бауырым.

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.




Жүргізуші: Ортада мың бұралған қыздарымыз Тәуелсіздігіміз арта берсін деген ұғыммен тойға шашу әкеліпті..

Би: «Дастархан»

Жүргізуші: Әлем сүйген салтымыз бар,

Бейбітшілік – ел ұраны.

Өмір сүйген халқымыз бар.

Бейбіт елдің біз ұланы.


Ән: «Жаса Қазақстан»
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет