Зал іші Наурыз мерекесіне сәйкес безендірілген



жүктеу 56.75 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі56.75 Kb.


Наурыз тойы «Бастаңғы»


Зал іші Наурыз мерекесіне сәйкес безендірілген. Төрде қазақтың киіз үйінің ішкі көрінісі жабдықталған. Сандық үстінде жинаулы құрақ көрпелер. Ортада дөңгелек үстел, айналасында жаюлы көпелер.

Киіз үйдің жанында бір топ бала асық ойнау қызығында, енді бір топ бала ұлттық ойынымыз арқан тарту ойынымен күш снастырып жатыр.

Қыздарымыз алты-бақан -әткеншек теуіп ойнауда.
Құттықтау сөз:

Қымбатты ата-аналар ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Елімізде бақыт, байлық болсын! – деген тілектермен, бүгін «Күншуақ» тобының дайындаған «Наурыз кеші – Бастаңғы» атты ертеңгілігін тамашалауға хош келдіңіздер.

І - Жүргізуші:

Наурыз той көңіл тойы, көктем той,

Жақсылық болса дейтін өмір бойы.

Биыл да былтырғыдай ақ-көбейсін,

Елдегі бақыт, байлық бақ көбейсін!
ІІ – жүргізуші:

Уақыты күн мен түннің теңелетін,

Жыл басы жұрт шаттыққа кенелетін.

Жасқа жас қосып жатқан бұл Наурыздың,

Достарым байқайсың ба? Кереметін.
І – жүргізуші:

Наурыз құтты болсын ағалар,

Наурыз құтты болсын ағалар,

Наурыз құтты болсын аналар,

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурыз құтты болсын баршамызға.
ІІ – жүргізуші:

Мейрімін Наурыз - мейрам төгіп жатыр,

Бар әлем қуанышқа бөгіп жатыр.

Сағынып көріскен жұрт бірін-бірі,

Құшағын айқастырып өбіп жатыр.
Әсемай: Балалар бүгін орталықта Наурыз тойы болып жатыр, менің мамам сонда кетті, Іңкәр мен Ақжүністің мамалары да сонда кетіпті.
Назерке: Менің әжем сол Наурыз тойға – Наурыз көже дайындауға кетті.

Ғани: Менің көкем сол Наурыз тойында көрініс көрсетеді.
Қ.Іңкәр: Менің мамам Наурыз тойда ән айтады.
Әсемай: Балалар онда біз неге өзіміз Наурыз тойын «Бастаңғы» түрде тойламаймыз.
Балалар: Тойлайық, келісеміз.

Бастаңғы жасайық.
Қ.Іңкәр: Үйлерімізден мамаларымыз дайындаған тамақтардан алып келейік. Менің үйімде жеңешем бар, сол бізге дастархан жаюға көмектеседі.
І -Жүргізуші: Біздің үйге қонақтар келіп қалыпты, балалар жоғары шығыңдар, дөңгеленіп отыра қойыңдар.
Исатай: Мен үйден апам пісірген бауырсақ әкелдім.
Рамазан: Менің әжем балқаймақ пісірген, мен соны алып келдім.
Мақсат: Менің әжем «Наурыз көже» пісірді мен соны алып келдім.
Замира: Менің папам қаладан конфет әкелді соны әкелдім.
Бексұлтан: Менің мамам қазы пісірген мен соны әкелдім.
Әсемай: Менің мамам тәтті тоқаш дайындаған, мен содан алып келдім.
ІІ – жүргізуші: Менің қонақтарға дайындаған бұжы мен малдың сүтінен дайындаған құрт пен ірімшік бар, соларды дастархандарыңа әкелейін. Қыздарымыз Нұршат, Аяулым оларда тәттілер әкелген екен.
Исатай: Балалар отырысымызға өз өнерлерімізді көрсетейік.

Замира: Армысыңдар халайық,!

Әркез аман болайық

Наурыз тойын қуанып

Жылда қарсы алайық.
Сержан: Наурыз келді құт болып,

Мына бізге нұр болып.

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады.
Қарақат: Жақында аналарымыздың мерекесі өтті ғой, сонда айтқан «Айналайын ақ мамам» әнін орындайық.
Хор: «Айналайын ақ мамам»
Расул: Наурыз күні той-думан,

Ортамызды ашалық.

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжу-маржан шашайық.
Мақсат: Жақсылыққа бас болып,

Алдымызға ас болып.

Келген Наурыз құт болсын,

Берері тағы мол болсын.
Қ.Інкәр: Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан қараңыз.
Қ.Інкәр: Енді биші қыздарымыз Әсемай мен Қарақаттың Наурыз-думан биін тамашалайық .
Алдияр: Балалар енді жұмбақ жапсырып ойнайық .

Ұйқыдан оянамыз,

Бетімізді жуамыз.

Анамызға ереміз,

Балабақшаға келеміз.
Балалар: (жауабы) таңертең.
Қарақат: Серуенде жүреміз,

Анамызды күтеміз.

Апай –сау болыңыз деп,

Үйімізге кетеміз.

Балалар: (жауабы) кеш
Әлижан: Үйлерде шам жанады,

Маңдай тастай қараңғы.

Ертегіні тыңдап алып,

Тәтті ұйқыға батамыз.
Балалар: (жауабы) түн
Хор: Армысың әз – Наурыз
Нұршат: Ата-бабам тойлаған,

Наурзым, армысың.

Қызығына тойлаған,

Дархан дала қарлы шың.
Ақжүніс: Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салайық балалар,

Би билейік бәріміз.
Би: «Қара жорға» (2-бала, 2-қыз)
Жүргізуші: Енді балаларымыз дайындаған жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісін тамашалаңыздар. Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты.
Мадияр: ио-ио

Мен алысты жақын қыламын, күшімді көреді, сүтімді қымыз қылып ішеді, қылымнан арқан еседі, адамға мен пайдалымын. Жыл ағасы мен боламын.
Сол кезде түйе былай дейді.

Исатай: бө-бө

Мен сен сияқты аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Табылған шөпті жеп шөлде де жүре беремін. Сүтімді ішеді, жүнімнен жүн тоқиды. Жыл басы болу маған лайық.
Мұны тыңдап тұрған сиыр былай дейді.

Рамазан: мө-мө

Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді. Құрт-май жасайды. Жыл басы маған лайық.
Оған қой тұрып, былай деп айтады.

Әсемай: мә-мә

Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді, жүнімнен киіз тігеді, шұлық тоқиды. Менің сүтім – пайдалы. Жыл басы мен болуым керек.
Бір кезде ит шығып былай дейді.

Қарақат: Аф-аф

Мен болмасам сендердің барлығыңды ұрлап не қасқыр жеп тауысар еді. Мен дұшпан көрінсе, иеме үріп хабар беремін. Жыл басы мен болуым керек.
Тыңдап тұрған тауық былай дейді.

Расуль: қыт-қыт

Мен болмасам адам ерте жұмысына бармай ұйықтап қалар еді, мен ерте тұрып таң атты деп оятамын. Кеш болса жатар мезгіл болды деп тағы шақырамын. Жыл басы мен болуым керек.
Жүргізуші: Тышқан не айтарын білмей тұрады да, қулық ойлап, жиылған көпке былай дейді.



Замира: шиық-шиық

Бұл таластан еш нәрсе өнбес күнді кім бірінші көрсе сол жыл басы болсын.
Жүргізуші: Біз көреміз, біз көреміз деп хайуанаттар таласып тұрғанда, тышқан қулығын асырып, түйенің өркешіне шығып отырады, содан бәрінен бұрын жаңа жылды күнін тышқан көріп, жыл басы атаныпты.










Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет