Бас прокуратура Қаңтар оқиғасына байланысты елімізде 1 396 адам сотталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазинформға сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомство ақпаратына сәйкес 574 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін сотталған. 

"Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес мәліметтер жария етуге жатпайды. Дегенмен, аталған оқиғаға қатысқаны туралы жеткілікті дәлелдер алынған тұлғалар қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бүгінде 1 396 тұлға, оның ішінде 574 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және ұйымдастырғаны үшін сотталды", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар 12 азамат жаппай тәртіптсіздікті ұйымдастырғаны үшін бас бостандығынан айырылды. 

"Осынау қайғылы оқиға кезінде 2 960 қару ұрланды. Оның 1 мыңнан астам табылды. Қалған қаруды іздеу жалғасып жатыр", – деп нақтылады Бас прокуратура өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында 5 қаңтарда Қаңтар оқиғасының екі жылдығына байланысты белсенділер мен қайғылы оқиғада құрбан болғандардың туыстары жиналып, құран бағыштағаны туралы жазған едік. Қаза болғандардың кейбір жақындары туыстарының жазықсыз жан тапсырғандарын айтып, биліктен әділдік талап етті. Белсенділер әлі күнге дейін шындықтың ашылмағанын алға тартып, бұған үкіметті кінәлады


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.