Солтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдайлар департаменті өңірге қарасты Айыртау ауданы, Новоукраинка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 73 жастағы әйелдің денесі табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, Новоукраинка елді мекені, Армянская көшесінде тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар "101" жедел арнасына бүгін сағат 01:30 шамасында түскен.

Ауылға ең жақын өрт сөндіру бөлімшесі 10 шақырым қашықта орналасқан.

  • "Тірі адамдардан айырылып қалуымыз мүмкін": Төтенше жағдайлар министрі Майқайыңдағы жер астына түсіп кеткен автобусты іздеуге қатысты пікір білдірді
  • Алматыдағы лай көшкінінен қаза тапқан жасөспірімнің денесі табылды

"Тұрғын үйдің жалпы аумағы 200 шаршы метр, өрт 96 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан осы үйдің иесі, 1951 жылы туған әйелдің денесі табылды. Көршілерінің айтуынша, ол жалғыз тұрып келген. Алдын ала болжам бойынша пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған", – делінген баспасөз хабарламада.

Өртті жеке құрамнан 6 адам және 2 арнайы техника үш сағаттың ішінде толық сөндірді.

Еске салайық, төтенше жағдайлар министрлігі 2024 жылы 10 ақпанда дронның көмегімен қамыстардың арасынан жоғалған адамдардың бірінің денесі табылып, жағаға шығарылғанын айтты. Бұған дейін Билікөл көлінде Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары Қарабастау ауылының тұрғындарын іздеуді қайта бастағанын жаздық. Құтқарушылар әуесқой балықшыларды 10 күн бойы іздеді, кейін 21 қаңтарда ауа-райына байланысты іздеулер тоқтатылған еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.