Ўзбекистон республикаси олий ва ўрта махсус таълим вазирлиги низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети



жүктеу 0.56 Mb.
бет1/3
Дата02.05.2018
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3

ЎЗБЕКИСТОН РЕСПУБЛИКАСИ ОЛИЙ ВА ЎРТА МАХСУС ТАЪЛИМ ВАЗИРЛИГИ

НИЗОМИЙ НОМИДАГИ ТОШКЕНТ ДАВЛАТ

ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТИ

Ўзбек тили ва адабиёти факультети

“Ҳимояга рухсат этилсин”

Факультет декани

ф.ф.н., доц. И.М. Азимов

2012 йил


5111300 – “Қозоқ тили ва адабиёти” бакалавр йўналиши бўйича кундузги бўлим IV курс 401 кz -гуруҳ талабаси Амирешова Айдананинг5-9 сыныптарда фразеологизмдерді интерактив әдістер негізінде оқыту мавзусида ёзилган
БИТИРУВ МАЛАКАВИЙ ИШИ
Илмий раҳбар

1. п.ф.н., доц. Н.Сиздикбаев



Тақризчилар:

1. “Ўзбек тилшунослиги”

кафедраси мудири ф.ф.н., доцент

.............................М.Сапарниязова



2. А.Уйсунбаева

Тошкент вилояти, Ўрта Чирчик

Туманидаги № 46 мактаб ўқитувчиси

Ҳимояга тавсия этилсин”

Қозоқ тили ва адабиёти

кафедраси мудири,

п.ф.н., доц. Е. Абдувалитов

2012йил.



ТОШКЕНТ-2012

5-9 сыныптарда фразеологизмдерді интерактив әдістер негізінде оқыту

Мазмұны:

Кіріспе..............................................................................3 бет

І тарау. Фразеологизм және оның өзіндік белгілері.

1.1. Фразеологизм туралы жалпы түсінік......................7 бет

1.2. Фразеологизмдердің түрлері. ..................................12 бет
ІІ тарау. Фразеологизмдерді интерактив негізінде оқыту мәселелері

2.1. Фразеологизмдердің экспрессивті стильдік қасиеттері жайлы мәліметтер және интерактив әдістер.................................................................................22 бет

2.2.Фразеологизмдерді қолданудың стилистикалық тәсілдері.............................................................................25 бет
III.Тарау. Фразеологиялық варианттарда оқытуда жаңаша сабақ өту әдістері...........................................31 бет
3.1. Сабақ үлгілері..........................................................31 бет
IV.Тарау.Қорытынды...............................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

К І Р І С П Е

Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі күннің басты талаптарының бірі – қоғамға білімді, саналы, жан-жақты дамыған азаматтарды тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі орта мектептерде өзгерістің тереңдігімен білімді де, тәрбиені де қайта қарап, жаңа жоспарлар түзілуде. Қазіргі кезде оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру, техникамен жарақталу, оқу-тәрбие процесін басқару, педагог даярлау сияқты маңызды бағыттарды ілгерілетуді жолға қойып отыр. Заман мұғалімдерге жоғары талаптар қояды. Білім берудің бүкіл жүйесін қайта құрудағы басты тұлға – мұғалім. Солай екен, оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру ұстаздан ыждағаттылықты талап етеді. Оқытудың тиімділігін арттырып, жастарды дербес өмір сүруге, еңбекке даярлау үшін заман қазір мұғалімнен творчестволық негіздерді нығайтуды, оқушыларға білімді игеруде бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырғанда ғана сапалы білім, сапалы тәрбие беру жүзеге асады. Орта мектепте оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды берудің мәні үлкен. Тіліміздегі фразеологизмдерді, олардың жасалу жолдарын, түрлерін, өзіндік ерекшеліктерін, оның сөйлемде атқаратын қызметтері тағы сол сияқты қасиеттерін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерін қарастырудың және де жаңа педагогикалық технологиядан пайдаланудың орны ерекше. Солай екен, фразеологизмдердің өзіндік сипатын, ерекшеліктерін мектеп оқушыларына игертудің маңызы орасан зор. «... Егер біз мемлекетіміздің кез келген қаласы мен ауылдарында болмайық, жылт еткен қолынан өнер ұшқыны таматын жастарды көргенде, барлығымыз оны дер кезінде аңғарып, ардақтап, оған жылы лебіз білдіріп, оған жол ашып берсек, барша әркеттерімізбен алға қарай жол жүруімізді міне осындай ұлы мақсатқа қаратсақ, сеніммен айтқанда, көре алмаушылықпен емес, соған әуес етіп жасауды өмір сүру заңына айналдырсақ, біз ұлттық даму барысында және де ұлы шоққыларды иелеуге жете аламыз...1» - деген еді Президентіміз. Сондықтан да біз жастар, ғылым жолында көп ізденіп, келешекте ел үшін аянбай еңбек етуіміз, ұрпақты саналы тәрбиелеуге бел байлауымыз керек. Ол үшін ғылыммен айналысып, талай шығармашылық еңбектер жазуымыз керек.

Жазу-сызу өнерi болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзiнiң тұрмыс-тiршiлiгi, қоғамдық өмiрi, шаруашылығы мен кәсiбi, қуанышы мен күйiнiшi, дүние танымдағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлi өлең-жыр, ертегi-әңгiме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекi айту күйiнде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзi, яғни ауыз әдебиетi деп атаймыз.

Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бiр түрi – халықтың ауыз әдебиетi.

Бұдан, әрине, ауыз әдебиетiнiң көп адам бiрлесiп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетiнiң қандай үлгiлерiн болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бiрақ ерте кезде, жазу өнерi болмағандықтан, ауыз әдебиетiн шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана есiне сақтап және ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткiзген, сөйтiп, жеке авторлар шығарған әдеби туынды кейiннен өңделiп, сұрыпталып, оған ұжым болып творчестволық өзгерiстер енгiзiп отырған.



Біліктілік бітіру жұмысының зерттеу нысаны: оқушылардың сөздік қорын байыту.

Біліктілік бітіру жұмысының мақсаты: Жұмыстың негізгі мақсаты – фразеологизм туралы жалпы ұғым, фразеологиялық оралымдардың өзіне тән белгілері, әсіресе фразеологизмдердің түрлерін ажырату; сол сияқты фразеологизмдердің мақал-мәтелдерде қолданылуы, фразеологизмдердің сөз табына қатысы және есім фразеологизмдер мен етістік фразеологизмдердің бір-бірімен байланысу жолдарын анықтау; фразеологизм тақырыбын мектеп қабырғасында түрлі жаңа педагогикалық технология әдіс-тәсілдері арқылы оқыту сынды ділгір мәселелер бүгінгі ғылыми жұмысымыздың негізгі міндеттерін құрайды. Бітіру мамандық жұмысының негізгі мақсаты орта мектепте фразеологизмді оқыту мәселелеріне қаратылған болып, ол төмендегідей міндеттерді белгілейді:

1) Фразеологизмдерге тиісті болған ғылыми еңбектерді оқып үйрену,талдау. 2) Фразеологизмді мектепте оқыту мәселелеріне және онда жаңа педагогикалық технологияны қолдануға тиісті ғылыми методикалық әдебиеттерді оқу, талдау, амалда қолдау.3)Жаңа педогогикалық технологияға негізделген әдіс-тәсілдерді мектепте оқыту барысында тәжірибеде көріп шығу, оның тиімділігін анықтау. Жұмыста сипаттамалы, салыстырмалы, байқау меродтарынан пайдаланылған. Біліктілік бітіру жұмысының міндеті. Жалпы орта білім беретін мектептерде фразеологизмді оқыту процесі. Оқу – тәрбие істерін қоғамда болып жатқан ең соңғы ғылыми технологиялық жаңалық өзгерістерімен тығыз байланыстыру.



Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбының зерттелуі:

Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінің саласы дегенді, екіншісі – бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Алайда фразеологизмдер жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулқ мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы 15-20 жылға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Соңғы 20-25 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары жан-жақты зерттеліп, қырауар еңбектер жарық көрді2 . Әсіресе, академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес,

_____________________

2 І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. 1977

бүкіл түркологияға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады.

Фразеологизмдер өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы.

Осы үш белгіні түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алапы қарайық. Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады.

Лексикологияның негізгi объектісі — сөз, ал сөздің қыр-сыры өте көп дедік. Лексикология тілдегі сөздердi жан-жақты, әр түрлі тұрғыдан зерттейдi. Соған орай, лексикологияның бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше саласы мен тармақтары бар. Олардың негізгілері мыналар: семасиология, этимология, фразеология, ономасиология, ономастика, топонимика, антропонимика т. т.

Бұл салада қазақ тiл бiлiмi мамандары елеулi еңбектер жасаған. Жалпы тiл бiлiмiнiң мамандарынан К.Аханов және Ә.Хасеновтар қазақ тiлi лексикасын әрi туыс болған, әрi туыс емес тiлдердiң лексикасымен салыстыра зерттеген болса, Ә.Болғанбаев, Ғ.Мұсабаев, I.Кеңесбаев, С.Мырзабеков сияқты ғалымдар өз еңбектерiнде қазақ тiлiнiң негiзгi салаларынан бiрi болған лексика жайлы ой-пiкiрлерiн көрсетiп өткен. Олардың еңбектерінде лексикологияның әр қырынан зерттеліп, қазіргі қазақ тілінде оның теориялық мәселелері айқындалады.

Біз жоғарыдағы лингвисттердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып кішкентай ғана ғылыми жұмысымызды амалға асырдық.

Зерттеу әдісі: Осы біліктілік бітіру жұмысында кластер, ақыл шабуылы, венн диаграммалары, сөз жұмбақтар сияқты әдістерден пайдаланып, фразеологизмдерді оқытуды дәстүрлі және жүйелі түрде талданған.

Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбының таңдалуы мен талқылануы. Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті Өзбек тілі және әдебиеті факультеті «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту методикасы» кафедрасында ұсынылған, сол кафедрада сынақтан өткен және ашық қорғауға ұсынылған.

Біліктілік бітіру жұмысының құрылысы мен көлемі: Біліктілік бітіру жұмысын талданған материалдардың бағыт-бағдары негізінде төмендегіше сипаттауға болады: жұмыстың жалпы сипаттамасы, кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 48 бетті құрайды.

І тарау. Фразеологизм және оның өзіндік белгілері

1.1. Фразеологизм туралы жалпы түсінік



Фразеология грек тiлiнiң phirasis (сөйлемше) және logia (iлiм) деген сөздерiнен жасалған термин. Фразеология лексикологияның бiр саласы болып тұрақты сөз тiркесiнiң түрлерiн, олардың құрамы мен құрылысын, жасалу жолдарын зерттейдi. Тiлдегi сөз тiркестерi өзiнiң лексикалық ерекшелiктерiне қарай екi түрге бөлiнедi:

  1. Еркiн тiркес

  2. Тұрақты фразеологиялық тiркес.

Сөздiң еркiн тiркесiнде сөздер ыңғайына қарай әр түрлi сөздермен тiркеседi.

М: жақсы деген сөз, жақсы қыз, жақсы бала деген сөздерiмен еркiн тiркесiп келедi.

Тұрақты фразеологиялық тiркестерде сөздер кез келген сөздермен тiркесе бермейдi. Белгiлi бiр сөздермен тiркесе айтылып, әбден қалыптасып тұрақты сөз тiркесi болып келедi. М: қой аузынан шөп алмас деген тiркес момын деген мағананы бiлдiредi. Бұл тұрақты сөз тiркесiнiң құрамындағы сөздер сол тiркес iшiндегi сөздер мен тiркесiп барып қана тұрақты фразеологиялық сөз тiркесiн жасайды. Жоғарыдағы сөйлемнiң iшiндегi қойдың орнына ешкi сөзiн қойып айтсақ тұрақты сөз тiркесi бұзылып, фразеологиялық тiркес болудан қалады. Сөйтiп, тұрақты фразеологиялық сөз тiркестерi деп әбден қалыптасқан, өзгертуге келмейтiн сөз тiркестерiн айтамыз. Қазiргi қазақ тiлiндегi фразеологиялық единицаларға мыналар кiредi:


  1. идиома және фразалар

  2. мақал мен мәтел

3) қанатты сөздер мен афоризмдер.

Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінің саласы дегенді, екіншісі-бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Алайда фразеологизмдер жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы 15-20 жылға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексикалық көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Соңғы 20-25 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология проболемалары жан-жақты зерттеліп, қыруар еңбектер жарық көрді. Әсіресе, академик І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің «Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы» атты бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін жан-жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан.

Фразеологизмдер өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1)даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы.

Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Мысалы: Ерке дүкеннен 40 пышақ сатып алды. Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі, О да осал жау емес қыран паңға (Абай). Екі сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркестің алғашқысы- еркін тіркес те, соңғысы- фразалық тіркес.

Оң көз бен оң қол дегендерді түсіну үшін де пәлендей контекстің қажеті жоқ. ­Өйткені бұлар өзінің тура (заттық) мағынасында жұмсалып тұр. Ал «менің оң көзім де, оң қолым да бір өзіңсің» десек, мұндағы оң көз бен оң қол дегендер туынды мағынада қолданылып, фразеологизмге айналған. Бұлар сенімді серік, адал да мықты жәрдемші дегендермен баламалық қарым- қатынасқа түседі. Сондықтан фразалық байлаулы мағынадағы сөздер өзіне лайықты белгілі контексті талап етіп тұрады.

Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылуы жағынан лексимкалық единица - сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде сөйлемнің құрамына енеді. Мәселен, бала, балалы, балалық, балалау, бала-шаға, балажан, балажандық, балалы-шағалы тәрізді сөздер сөйлемнің құрамына енгенде бұлар түбір морфема, аффикстік мор фемаға жіктелмейді, әрқайсысы бір бүтін единица ретінде жұмсалады. Фразеологизмдер де дәл осы сияқты құбылыс деп тану керек.

Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі - мағына тұтастығы. Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз өздігінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті қоян тапқандай дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағына жер, жеті, қоян, табу деген төрт сөздің бір де біреуімен байланыспайтын, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолдануы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданып қана қоймайда, мағыналық жағынан да бір тұтас единица ретінде көрінеді.

Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздерді жігі ажыратылбмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастырнуға я болмаса, тұрақты орын-тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек , мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді.

Фразеологизмдерге тән үш түрлі белгі болғанымен, бұлар бір-бірімен әрдайым ашық ажыратыла бермейді.

Орыс тілі білімінде академик В.В.Виноградов классификациясын негізге алып бөледі. Бұл классификацияны Отандық тіл ғылымына басшылыққа алғалы 30-40 жылда уақыт өтті. Қазақ тіл білімінде осы классификацияны бірден-бір арқау етіп келе жатырмыз.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.



Фразеологиялық тұтастық.

Бұл топқа фразеологизм құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешұандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекеленген сөздерге талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуға көнбейді.



Фразеологиялық бірлік.

Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы, я болмаса, тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған. Сол мағынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бірден көзге шалынады.



Фразеологиялық тізбек.

Бұл да фразеологиялық бірлік сияқтьы еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шаққан. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күнгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөзбен фразеологиялық қалпында сөздің тіркесуінен жасалып, сол қалпында, тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, бауырсақ мұрын, кем иек, ала қол, қара бет, жел аяқ, қарсақ жон, қолаң шаш, мысық мұрт, алтын айдар, жуан жұдырық, қозы жауырын, ақ саусақ, балды бармақ, кең қолтық, көк езу, салпы ерін, кер азу, қалам қас, ай қабақ, теке сақа, торсық шеке, жез таңдай, бір ұрт, қызыл тіл, күміс көмей, қамыс құлақ, шөп желке, қу жақ, қызыл кеңірдек, біз тұмсық, бір төбе, зор кеуде, шер көкірек, аршын төс, қабырға ағайын, көк жұлын, жұйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды, т.б.


Құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер.

Мысалы: бір қолын екі ете алмады, екі иығынан дем алды, үш ұйықтаса, ойда жоқ, ел бетін көрместей болды, табанын жерге тигізбеді, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты, ішкен асы бойына тарамады, көзіне көк шыбын үймелетті, көрер таңды көзімен атырды, ашса алақанында, жұмса жұдырығында, ішкен асын жерге қойды, аяқ қолын бауырына алды, басы ауырып, балтыры сыздады, бұтын бұт, қолын қол қылды, қасынан бір елі тастамады, жеңген иттің желкесінен алды, көңілі су сепкендей басылды, қашпаған қара қашардың уызына қарайтын, қой үстіне боз торғай жұмыртқалады, т.б.


Мақал – мәтел және нақыл сөздер

Мақал - араб тiлiнен енген сөз. Мұның мағынасы «орынды сөз, тиiстi орынды айтылған сөз» дегендi бiлдiредi. әрi ықшам, әрi көркем, терең ойлы, кең сезiмдi асқан ықшам айтылады. Мақалдар көбiнесе екi бөлiмдi мағыналы болып келедi де, алдыңғысы шарт немесе пайдалану ал соңғысында қорытынды немесе түйiндi пiкiр айтылады. М: Кең болсаң кем болмайсың. Тұз астың дәмiн келтiрсе, мақал сөдiң сәнiн келтiредi- деген мақалдардың алдыңғысы шарт не пайдалану және соңғысы қорытынды, түйiндi пiкiр болып тұр.

Мақалда дәлелдеу мен қорытынды пiкiр бiрдей келiп отырады. М: Ексең егiн - орарсың тегiн. Бiлiм - таусылмайтын кен.



Мәтел - деп тұжырымды тиянақтамай жанамалап айтылған образды ықшам халықтың сөз өрнегiн айтамыз. М: Қызым саған айтамын, келiнiм сен тыңда. Айдағаның екi ешкi, ысқырығың жер жарады.

Нақыл сөздер (нақыл араб сөзi - өсиет, мысал айту деген мағынаны бiлдiредi) деп мақал-мәтелдерге үндес көркем, терең мағыналы қысқаша сөз өрнегiн айтамыз. Кейде нақыл сөздердi қанатты сөздер деп те, афоризм деп те атаймыз. М: С.Мұқановтан: «Адамның iшкi сезiмiнiң айнасы – сөз», М.Әуезовтан: «Ар жазасы -бар жазадан ауыр». Нақыл сөздер өзара iштей мынадай топтарға бөлiнедi:

    1. афоризмдер.

    2. қанатты сөздер.

    3. өсиет, даналық сөздер.

Мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтiн мақал-мәтелге ұқсас айтуға оңай көркем сөз тiркесiн афоризм сөз деп атаймыз.

Ал қанатты сөз айтайын деген ойды қысқа көркем түрде бiлдiрiп, әуен ырғағы бар, ел аузында жатқа айтылып кеткен ұтымды сөздер болып табылады.

М: «Талаптың мiнiп тұлпарын,

Тас қияға Өрледiң» (Абай)

Ал, өсиет даналық сөздер тобына қысқа сөзбен көп ойды бiлдiретiн ашық мағыналы үгiт, насихаттық қызметтi атқаратын аталық, даналық сөздер жатады. М: суын iшкен құдыққа түкiрме (халық ауыз.) Осы қанатты сөздердi ғылыми әдебиетте дидактикалық сөздер деп те атайды.
Фразеологизмдердiң стилистикалық қызметi

«Фразеология» терминi кең мағынада алғанда, белгiлi бiр тiлдегi тұрақты сөз тiркестерiнiң барлық түрлерiнiң жиынтығы деген ұғымды бiлдiредi.

Тiлiмiзде қолданылатын жеке сөздермен бiрге көптьеген ерекше қалыптасқан сөз тiркестерi жә е сөйлемшелер бар. Ол сөз тiркестерiнiң екi не онан да көп компоненттерi болады, бiрақ сөз тiркестерi семантикалық бiрлiкте болып, тұтас бiр ұғымды бiлдiредi. Мысалы: көз бояу, жүрегiнiң түгi бар, қу бастан қуырдақтың ет алғаны.т.б. Мұндай тұрақты сөз тiркестерiнiң мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып жалпы халыққа түсiнiктi болып кеткен.

Мағынасы жалпыға белгiлi, грамматикалық байланысы жағынан бiр бүтiн единица болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тiркестерiн тiл бiлiмiнде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды.

Фразеологизмдерге идиом, фраза, мақал-мәтелдер жатады. Сонымен бiрге қалыптасқан тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердiң бiр саласы - қос сөздер. қазақ тiлiндегi қос сөздер форма жағынан да, семантика жағынан да түрлi-түрлi болып келедi. Қос сөздер әдетте екi сөздi болады. Үш сөз қос сөздер сирек кездеседi.

Фразеологизмдердiң өзiне тән негiзгi қасиеттерi:



  1. Дайын тiлдiк единица ретiнде жұмсалады.

  2. Жалпыға бiрдей танылған қолдану заңы болады.

  3. Мағына бiрлiгi сақталады.

  4. Екi сөзден кем болмайды.

Фразеологизмдердiң қай-қайсысы болмасын бәрi де ең алғаш халықтың сөйлеу тiлi негiзiнде қалыптасқан. Сондықтан олар өмiрдiң барлық саласын қамтып, iшкi мазмұны жағынан өте бай келедi. Фразеологизмдер, алдымен, адамдардың ой-сезiмiн, ара-қатынасын, өмiр тануын бiлдiредi.

Қазақ тiлi фразеологизмдерiнiң бiразы өткiр сықаққа құрылған. Ол қасиет әсiресе жағымсыз образдарды сипаттайтын идиом, мақал-мәтелдерде баса сезiледi. Мысалы: «түйе үстiнен сирақ ұйыту», «қу бастан қуырдақтық ет алу», «жұмыртқадан жүн қырыққан», «ит екеш итке де бiр сүйек қарыз» т.б.

Фразеология – тұрақты сөз тiркестерiнiң жүйесiн зерттейтiн тiл туралы ғылымның бiр саласы. Фразеология – соңғы жылдары дамып, қалыптаса бастаған жаңа лингвистикалық пән.

Фразеология өз алдына бөлек лингвистикалық пән ретiнде тiлiмiздегi фразеологизмдердi құрылысына мағыналық ерекшелiгiне қарай жiктеп, топтастырады және тұрақты сөз тiркестерiнiң құрамын анықтап, оның жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейдi.

Тұрақты сөз тiркестерi тiлiмiзде екi түрлi қызмет атқарады:

Бiрiншi, фразеологиялық единицалардың негiзгi қызметi – заттың не құбылыстың атын бiлдiретiн және сөйлем түрiнде келiп, пiкiр алысу құралы болатын тiлдiн элементi.

Екiншi, фразеологиялық единицалар тiлiмiзге образды: бейнелi және мәнерлi рең беруде, тiлiмiздiң эмоционалды-экспрессивтi бояуын арттыруда зор мәнi бар. Тұрақты сөз тiркестерiнiң осы қызметiнiң стилистика үшiн мәнi ерекше зор.

Фразеологиялық единицалар тiлiмiзде көркем, бейнелi етiп, оған айрықша ән бередi. Ол сөйлеу және жазу тiлiмiзде ауыс мағыналы метафоралы сөз тiркестерiн және басқа да бейнелi сөз орамдарын орнын тауып, нақтылы дәл қолданумен байланысты.

Образдылық - тұрақты сөз тiркестерiне тән қасиет. Мысалы, алдану – тақырға отырып қалу; момын - қой аузынан шөп алмас; алыс – ит арқасы қиян; жас – белiнен бесiк табы кетпеген т.б. Бұл тұрақты сөз тiркестерiнiң құрамындағы компоненттерiнiң бәрi де ауыс мағыналы сөздер. Мұндай сөздер – айтылатын ойды бейнелi және әсерлi мағыналы сөздер. Мұндай сөздер – айтылатын ойды бейнелi және әсерлi жеткiзу үшiн таптырмайтын тiлдiк құрал.

Фразеологизмдер өздерiнiң бейнелiк құрылысы жағынан да әр алуан болып келедi. Онда тұрақты эпитет, тұрақты теңеу, тұрақты әсiрелеу сияқты поэтикалық тiл iлгiлерiнiң бәрi де бар:

Тұрақты эпитет: қыпша бел, бұраң бел,ай қабақ, сүмбiл шаш, ақ сұңқар, алма мойын, ин жанды, жылқы мiнездi, айыр тiлдi т.б.

Тұрақты теңеу: атқан таңдай, иненiң жауысындай, көздiң қарашығындай, шөккен нардай, қордың қызындай, есектiң мияндай, инемен құдық қазғандай, көзге бiткен сүйелдей, тонның iшкi бауындай, сөзi түйеден түскендей т.б.

Тұрақты әсiрелеу: көл-көсiр, телегей-теңiз, көп түкiрсе көл болар, әлемде теңi жоқ, ай десе аузы, көн десе көзi, көзi шарасынан шығу, жаны мұрнының ұшына келу т.б.

Тұрақты литота: әсiрелеуде белгiлi бiр зат не құбылыс шамадан тыс үлкейтiлiп айтылса, литотада, керiсiнше, әте кiшiрейтiлiп сипатталады. Мысалы, тiзе бүкпеу, бел жазбау, кiрпiк қақпау, көз iлiнбеу, тiрi жан жоқ, бiр минутқа немесе дүниенi бiр уыс қылу, бiр тарының қауызына сию т.б.

Фрезологизмдерге образдылық, мәнер беретiн синтаксис, фонетика және ырғақ сияқты көптеген тәсiлдер бар. Бұл тәсiлдер тұрақты сөз тiркестерiн поэтикаға жақындатады. МЎселен, фразеологизмдердiң көпшiлiгi шендестiру, дамыту, параллелизм, анафора сияқты поэтикалық синтаксиске құралған.

Шендестiру: антитеза жолымен құрылған тұрақты сөз тiркестерi: мың асуға бiр тосу, бiрде бие, бiрде түйе, түздегi май iшсе, үйдегi зәр iшедi т.б. Антонимге құрылған мақал-мәтелдер: көп тыңда, аз сөйле, бетегеден биiк, жусаннан аласа, ерiншек егiншiден елгезек масақшы озады т.б.

Оксюморон: мағынасы қарама-қарсы, антоним сөздер өз ара тiркесiп, бiр ұғымды бiлдiредi: тiрi өлiк, тiрi жетiм, жаман жақсы көру. Уәдеден шығу, жiпсiз байлану, пышақсыз бауыздау, қайырсыз пайдадан, қайырсыз залал, тiкеннен гүл, захардан бал, түйенiң құйрығы жерге тигенде т.б. дегендердiң әзiл-ойын аралас келетiн сөйлеу тiлi фразеологизмдерiнiң оксюморонға ұқсастығы байқалады.

Дамыту: оқу – бiлiм бұлағы, бiлiм - өмiр шырағы, тай құнанға жеткiзер, құнан атқа жеткiзер, ат мұратқа жеткiзер т.б.

Парараллелизм: киiм кiрi жуса кетер, көңiл кiрi айтса кетер, гүл өссе жердiң көркi, қыз өссе елдiң көркi, сүңгiнiң жарасы бiтер, тiл жарасы бiтпес т.б. Бұл құбылыс мақал мен афоризмдерде жиi кездеседi.

Анафора: анафора деп сөздi не сөйлемшенi сөйлемнiң басында бiр ыңғай қайталауды айтады: қол-қолды табады, бояушы-бояушы дегенге сақалын бояйды, көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады т.б.

Эпифорада қайталанатын сөз керiсiнше сөйлемнiң аяғында келедi. Мысалы, жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла, аласаны атқа санама, жақыныңды жатқа санама, аштық ас талғатпайды, аштықтық жас талғатпайды т.б.

Қайталаудың бұл түрлерi каламбурдың жасалуына негiз болады. Дүниеқор – дүниенiң құлы, қашпаған қашар сиырдың уызы, бояушы бояушы дегенге сақалын бояйды, жақсыда кек жоқ, кектiде тек жоқ мысалдар түбiрлес сөздердiң әр түрлi мағынада қолданылуы арқылы жасал¬ан каламбурлар.

Тұрақты сөз тiркестерi мен сөйлемшелердiң бiр-бiрiмен мағына ұқсастығын әдетте фразеологиялық синоним дейдi. Мысалы, жұмған аузын ашпау, «үндемеу» деген сөзге эквивалент болса, екiншi жағынан, тiс жармау «ләм демеу» деген сөз тiрксетерiне синонимдер эквивалент болады.

Фразеологиялық синонимдер екi, үш, төрт одан да көп болып келе беретiнi байқалады. Мысалы:

Телегей-теңiз, көл-көсiр. Ит жанды, жылқы мiнездi (төзiмдi). Маңдайы ашылған, қыдыр дарыған, бақ қонған (бақытты). Сағы сыну, тауы шағылу, жүрегi шайылу (бетi қайту) т.б.

Кейбiр фразеологиялық синонимдер бiрiнен соң бiрi сатылап дамып, сөз тiркестерiнiң мағынасы кеңейе түскен. Бұған уақыт пен қашықтықты бiлдiретiн фразеологизмдердi мысалға келтiруге болады: шай қайнатым, сүт пiсiрiм, ет асым, бие сауым; таяқ тастам, арқан бойы, қозы көш жер, ат шаптырым т.б.

Фразеологизмдердiң бiр ерекше сипаты – мақал-мәтелдердiң өзара синонимдес келуi. Мысалы:


  1. Алдыңғы арба қалай жүрсе,

Соңғы арба солай жүредi.

2. Сиыр су iшсе,

Бұзау мұз жалайды.


  1. Тау мен тасты су бұзар

Адамзатты сөз бұзар.

  1. Қотыр қолдан жұғады,

Пәле тiлден жұғады.

Сөйтiп фразеологиялық синоним дегенiмiз - әр түрлi образдарға кұралған, бiрақ мағынасы бiр-бiрiне жақын, тұрақты сөз тiркестерi.Фразеологиялық синонимдерде плеоназмдар мен перифразалар да жатады.

Плеоназмдарға мысалдар: жарым-жарты, самал жел, ұлан-байтақ, қоңыр салқын, жарық сәуле, сәске түс, ақыр аяғы т.б.

Перифразаларға жататындар: қыз бала – тақия тiгер, қырық жетi; ер бала – ат ұстар, еркек кiндiк; ақшам аз - қалам таяз; Перифразаның ерекше бiр түрi – эвфемизм. Перифразаның бұл түрiне бiрнеше мысал келтiрейiк. Өтiрiкшi – аузының желi бар; түсiнедi – төбесi тесiк; ұры- қолының жымырқасы бар; ұрлану - қолды болу т.б.

Фразелогиялық синонимдер бiр-бiрiнен семантикалық реңiне, стильдiк бояуына және қолдану аясына қарай ерекшеленедi. Мысалы, тайға таңба басқандай, атқан таңдай, соқырға таяқ ұстатқандай синонимдер ашық, айқын деген ұғымды бiлдiретiн мағынасы жақын сөздердiң тiркестерi болғанымен, олардың экспрессивтi қасиетi мен қолдану аясы бiрдей емес. Мұндай өзгешелiктi алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүредi мен сиыр су iшсе, бұзау мұз жалайды сияқты мақал-мәтелдерден де байқаймыз. Ал кейбiр фразеологиялық синонимдер бiрыңғай болып келедi: бетi қайту, сағы сыну, тауы шағылу, жүрегi шайлығу т.б.

Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынаен сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Я болмаса екі нәрсені бір-біріне қарсы қойып, салыстырады. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу. Суық ширатады, жылы жасытады. Аяғы жаман төрді былғайды, Аузы жаман елді былғайды. Балық аулай алмаған суды лайлайды. Атың барда жер таны желіп жүріп, Асың барда ел таны беріп жүріп ,т.б.

Фразалық тіркестердің енді бір ерекшелігі-дыбыс үйлесімі, ұйқасқа құрылуы. Мысалы, ақай жоқ, тоқай жоқ; үлде мен бүлдеге орану сияқты тіркестер ұйқас нәтижесінде жасалған болуы керек.

Фразалық тіркестердің ішінде әсіресе аллитерация тәсілімен үйірлескен сөз келісімдері жиі ұшырасады. Бұлардың с, т дыбыстары арқылы жасалатынын ғана көрсетіп өтейік. « Сай сүйегім сырқырады», «Сайда саны, құмда ізі жоқ» дегенде алғашқы идиомдағы сөздердің бәрі де с дыбысынан басталып тұр. «Сайда саны(жоқ), құмда ізі жоқ» дегенніңсоңғы бөлігі («құмда ізі жоқ») алғашқы бөлікпен(«сайда саны») мағына жағынан қабысып тұр. Осы сияқты бір тізбектің (фразаның) ішіндегі компоненттер түгелімен бір түрлі дыбыстан келе беруі шарт емес.

Ассонанс жолымен келетін тізбектер де бар. «Атқан таңдай» (сұлу), «Көзге біткен сүйелдей» сықылдылар не біркелкі жіңішке сөздерден, не біркелкі жуан сөздерден келіп тұр.

Фразеологизмнің мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрылысы жағынан ұқсас (үйлес) келген құрылымдарды фразеологиялық варианттар деп атайды. Фразеологиялық варианттар екі түрлі болады: а) Фонетикалық вариант, ә) Лексикалық вариант. Фонетикалық вариантқа тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген кейбір сөзлдердің бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толық, кейде қысқарып айтылуы жатады. Мәселен, Ай дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ дегенді әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ дегенді айта береді. Мұндағы ай мен әй, ажа мен бір-біріне фонетикалық вариант болып есептеледі.Фонетикалық варианттар бір сөздің ішінде де түрлі-түрлі болып өзгеріп отыруы мүмкін. Мәселен, ұнжырғасы түсті деген фразеологизм ұнжорға, үнжорға, енжорға, өнжорға болып та ауызекі тілде айтыла береді. Лексикалық варианттар фразеологизмдердің арасынан жиі ұшырасады.Мысалы, ағама жеңгем сай – апама жездем сай, аға өлсе, іні мұра – аға өлсе жеңге мұра, адыра қалды – қаран қалды, ант атқан - ант ұрған, аузы мұрнынан келді - аузы мұрнынан шықты т.б. Кей жағдайда фразеологизмнің құрамындағы әрбір сөзден әр түрлі варианттар өрбиді.Мысалы:Көңілге қуат (медет, медеу)

Омономия мен көп мағыналылық(полисемия) құбылыстары негізінен жеке сөздердің арасында жиі ұшырасады. Фразеологизмдер арасынан да ара-тұра кездесіп қалады. Әсіресе омонимия құбылысы фразеологизмдерден тым сирек байқалады. Мысалы: 1.Ат қойды-атой салып шаба жөнелді. 2.Ат қойды-балаға қойылатын есім, ныспы.

Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты тіркестерді де кейбіреулері көп мағыналы болып кездеседі. Алайда фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, идиом біткендері әрдайым дара мағыналы болады да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болатындығы байқалады. Мысалы, бой бермеді: а) айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді, ә) ырық бармеді, күші жетпеді. Жігіт ағасы: а)ер- жетті,есейді; ә)ақылшы, басшы.

Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық екі түрлі жолмен жасалады. Оның бірі- жалғаса туады, екіңшісі- жарыса туады. Мәселен, ат үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы, ат үстінде тұрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымға жалғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Фразеологизмдердің де көп мағыналығы да негізгі заттық мағынадан өрбиді. Туынды мағына сол алғашқы лексикалы мағынаны ауыстырып қолданудан келіп шығады. Мәселен, иі қанді (жетті) деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы илеген заттың илеуін жеткізу, әбден жұмсартып, жұмсақ қалыпқа келтіру болса, одан соң бір нәрсені әбден жетілдіріп, шыңдап кемеліне келтіру ұғымы келіп шықты. Кей жағдайда жалғаспалы мағына мен жарыспалы мағына бір-біріне ұласып, үсті-үстіне туынды мағына жамай беруі мүмкін. Мәселен, зәрі қайтты дегеннен; а) уы тарады; ә) жыли бастады; б) ашуы басылды деген үш түрлі мағына туындаған.

Тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды, сонымен қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі балама болып та қолданыла береді. Мұндай құбылысты тіл білімінде фразеологиялық синонимдер деп атайды. Мәселен, аза бойы қаза болды, аза бойы тік тұрды, азар да безер болды, ат-тонын ала ұашты дегендер мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын келгенімен, іштей өзіндік сәл ерекшеліктері бар. Фразеологиялық синонимдер де ұғымы жағынан бірінен-бірі сатылап өсіп, күшейіп отырады. Мысалы. Көз(кірпік) ілмеді, көз шырымын алмады, түн баласына кірпік қақпады, түн ұйқысын төрт бөлді, көрер таңды көзімен атырды.

Фразеологиялық синонимдер сындық және үстеулік мағынада да кездеседі. Мәселен, біреудің асқан сұлулығын бейнелеп айтқымыз келсе: ай десе аузы бар, күн десе, көзі бар, үріп ауызға салғандай дейміз. Фразеологиялық синонимдер көркем образ жасау үшін қолданылады. Сондақтан бұлар тілдегі кез келген стильде талғаусыз қолданыла бермейді.

Фразеологиялық синонимдер тәрізді мақал-мәтелдер де бір-біріне синоним болып жұмсала береді. Мысалы: біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы; қасапшыға мал қайғы, қара ешкіге жан қайғы т.б.

Фразеологиялық антонимдер мән-мағынасы жағынан қарама-қарсы болып қолданылатын тұрақты тіркестер.Қазақ тіліндегі фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі болып кездеседі. Мұның бірінші түрі тұрақты тіркестердің өз ішіндегі компоненттерді басқадай сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы: аты шықты-аты өшті, бақ қонды-бағы, тайды, ер жүрек-қоян жүрек т.б. Фразеологиялық антонимдердің екінші түрі құрылым-құрылысы жағынан да, құрамы жағынан да мүлдем басқа сөздер болып кездеседі. Мысала: соры сорпадай қайнады-көзі ашылды, шөлі қанды-қаны кепті, өркенің өскір-желкең қиылғыр т.б.

Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский фразеологиялық оралым тілде жеке сөздің кызметін атқарады дейді.Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер дараланбай, мағынаның тұтастығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді болады да, бір сөздің орнына жүреді.Мәселен, араға от жақты(араздастыру, жауластыру).

Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:

1.Етістік мағыналы фразеологизмдер.

2.Сындық мағыналы фразеологизмдер.

3.Үстеу мағынасындағы фразеологизмдер.

4.Заттық мағыналы фразеологизмдер.


Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети
47828 -> Науаи мемлекеттiк педагогика институты
47828 -> Бейімбет Майлин атындағы
47828 -> Мавзу: Бўлажак педагогларда бошқарув маданиятини шакллантириш
47828 -> Ўзбекистон республикаси олий ва ўрта махсус таълим вазирлиги низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет