«Үздік баяндама» байқауына Шынар апкеге Жамбыл облысы, талас ауданы, Қаратау қаласындағы «Үміт» қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі Несіпбаева Лаура Төлеуқызы Такырыбы



жүктеу 122.63 Kb.
Дата16.04.2018
өлшемі122.63 Kb.
түріСабақ

«Үздік баяндама» байқауына Шынар апкеге

Жамбыл облысы, талас ауданы, Қаратау қаласындағы «Үміт» қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі Несіпбаева Лаура Төлеуқызы
Такырыбы: Ойында сабақта тиімді пайдалану

Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби

қызмет саласында, көбінесе сондай болады.

КІРІСПЕ

Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқұшыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқұға деген қызығушылығын арттыру. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын – дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Мектептеде тәрбиеленушілердіңтанымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс

түрі – ойын әрекеті. Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін тілін, сөз байлығын дамытып, айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.

Ойын – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып, батылдыққа және салауатты өмірге жетелейді.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою. Ойынға кірер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндіру. Ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету. Ойын үстінде шешім ұабылдай біліуіне, ойлана біліуіне жетелеу. Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу. Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану. Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу. Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.



Ойынның түрлері:

  1. Дидактикалық

  2. Логикалық

  3. Сюжеттік

  4. Ұлттық

  5. Рөлдік

  6. Қимылды

Жаңылтпашты ұлттық ойындар тілді дамытуға, сөзді таза сөйлеуге үйретеді. Тіл дамыту, қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында да рөлдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады.

  1. Дидактикалық ойын

Дидактикалық ойын өзінің қызметә мен атына сай орындалуы үшін, оның арнайы құрылымы төмендегідей:

  1. Міндеті.

  2. Әрекет.

  3. Ереже.

  4. Нәтиже.

  5. Ойынның

  6. Аяқталуы.

Оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:

  1. Міндеті – әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның (мақсаттан келіп) міндеті, оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс - әрекетін белсендіреді және жаңа білім, іскерлік, дағдымен байытады.

  2. Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір оқушының мінез – құлқын анықтап, ұйымдастырып, бір тұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоцияналдық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:

а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы тиіс;

ә) ойынның аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.



  1. Ереже – дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше орын алады, сондықтан кейде дидактикалық ойындарды «ережеге құрылған ойындар» деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс -әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында іс - әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын үстінде не істеу керек және қалай істеу керек екендігін анықтайды. Ережесіз іс - ірекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның ережесі іс – әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.

  2. Ойын нәтижесі – бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және мұғалімнің немесе тәрбиешінің көзқарасы тұрғысынан.




  1. Логикалық ойындар

Логика – адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның нақты өмірді тануында өте қажетті құрал болмақ.

Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуәнде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау, ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтканда сол заңдылықтар

мен формалары жөніндегі ғылым – логиканың көмегімен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А. Петров, А.Н. Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой- пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В. Запорожец, Л.Н. Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.

Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:


  • барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;

  • ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.

«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көтрсетті К.Д. Ушинский.

Сюжеттік ойындар

Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тапсырмасынан, үлкендердін еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынатарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжетті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғурлым

Кең болса, ойын сюжеті де соғурлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да,

мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес-алты жастағы балалар қонактар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, колхоз

өмірі, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.

Ойын сюжетінін әр алуандылығы арткан сайын ойын уақытының ұзақтығы

да артады. Мәселен, үш-төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатка, кейде

тіпті бірнеше күнге созыла береді.



Е.С. Слеповичтің «Сюжеттік-ойын » әдістемесі.

Мақсаты: Баланың өз іс-әрекетін уұйымдастыра білуін анықтау.

Әдістеме арнайы іріктелген топта жүргізілген. Балаларды алдын-ала дайындалған бөлмеге алып барған. Онда келесі тақырыптарға сай ойыншықтар дайындалған: «Емхана», «Дукен», «Огбасы», «Курылыс». Әдістеме психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілген.Е.С. Слепович

және оның шәкірттері жүргізген әдістемеде анықталғандай, қарастырылып

отырған топтағы балалар өздігінен ойын бастамайды. Олар кейде ойыншықгарды алып, оларды қарап заттық-ойындық іс-әрекеттер жасаған. Не істеп жатырсыңдар деген сұраққа олар: «машинаны жүргізіп жатырмын», «қуыршақты киіндіремін» деп жауап берген. Тагы бір жағдайларда балалар іс-әрекєттерді өздерінің қиялынан шығаратыны байқалған. Егер эксперимент жүргізуші ойын шартын ұсынбай жатып, ойынды бастауға итермелесе бұрынғы көрсеткіштер қайталанып отырды, яғни өздігінен ойын бастамады. Алайда, уақыт өте келе ойынды ұйымдастыруға деген талап арта түсті. Сонымен бірге топтын бір бөлігі ауыр турдегі ПДТ балалар ойын бастауға ықыласы болмай, бөлме ішінде жүгіріп жүрді немесе басқа іспен айналысты.



Ұлттық ойындар

Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан алуан.

Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттык ойындар. Баланын өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балапар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін

қою, ерік арқылы) байқалады.Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Қунанбаев:

«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?›› - деп айтқандай, бала өмірінде

ұлттық ойын ерекше орын адады.

Ұлттық ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту белсенділігін арттыру. Математика сабағында қолданылатын ұлттық ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. Математика сабағында қазақтын ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады.

Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған есептерді алу.



«Аркан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білімімен сынасады. Алдымен ойын шартын түсіндіру. ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қою. Арқанның қызыл мата байлаған жерін тең етіп қою. 2 топтан

1-1 оқушы шығып,1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтың оқушысы

бұрын шығарса, жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай кеп жылжыса сол топ жеңді деп есептеледі.

Ұлттық ойындар ата-бабаларымыздан бізге жеткен «ханталапай»

ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады. Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты алу арқылы тапсырмаларды орындау тапсырылады. Математика сабағында 2- топтан 2-оқушы қатысады. Асықтағы нөмер бойынша сол тапсырмаларды орындайды. Бұл баланы жылдамдқыққа, жылдам есептеуге, ептілікке үйретеді.

«Ақсүйек» ойынын сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. Тақтаға нөмірленген, артына тапсырмалар жасырылған әртүрлі түсті қағаздар ілінеді. Тапсырманың біреуінде ақсүйектің сүреті жасырылған. Нөмерлерді

таңдау арқылы ақсуйекті табу тапсырылады. Тақырыпқа байланысты сұракқтар қою арқылы пайдалануға болады. Ұлттық ойын ойнау барысында

балалар өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою) байқалады.
«Сиқырлы қоржын». Бұл ойынды жаңа материалды бекіту немесе қайталау

кезінде қолдануға болады. Ойынның шартына сәйкес оқушылар кезекпен қоржын ішінен асық алады. Асықтарда сандар жазылған, қай сан шықса, сол

санға берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Күтілетін нәтиже:


  • сабақта тұрақты белсенділік, қызығупшлық пайда болады.

  • оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.

  • ұлттық ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-

бірінен ептілікті, сергектікті үйренеді.

  • оқушылардың қабілеттері айқындалады.

Рөльдік ойындар

Рөльдік ойындар бастауыш сынып балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл

ойындар ұзақа та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рөльді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дукен» ойынын ойнаганда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары аркылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануга төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынга

талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін

ойластыруға тиіс.

Қимыл ойындар

Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына

зор ықпал етеді. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына

енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға

сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де

ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.



Бастауыш сыныпта ойналатын ойын түрлері

«Адасқан әріптер» ойыны

Мақсаты: Логикалык ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.

Қ,у,о,ы,ш – оқушы

Т,п,і,к,а - ....................

І,і,б,л,м,-........................

М,м,ғ,ұ,а,л,і-.................



«Шашылған дыбыстар ойыны»

Мақсаты: Шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, баланың сөздік

қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.

Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.

Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау, мысалы: а,л,к,л,й,ү,н, дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады: ай, күн, үй, т.б.



«Жалғасын тап ойыны»

Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады. Мақал басы мен соғының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы бітеді

Ә) Жақсы болсаң , жүректе

Б) Ерлік білекте емес, ашу-дұшпан

В) Жері байдың ел

Г) Ақыл дос, ардақты ат,
Ғ) Кім еңбек етсе жақын көп
Д) Мал баққанға сол тоқ
Е) Адам деген - елі бай
«Сандар әлемі ойыны»

Мақсаты: сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу арқылы еске түсіру қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын кеңейту.

Ойын шарты: ойынды жұптық жұмыс ретінде өткізуге болады. Қай жұп құрамында сан есімдері бар сөздерді көп жазса. Сол жұп жеңімпаз атанады.



Мысалы: 2+бастұз, к+3+ік, тағы басқа.

Ойындардың сапалылығы:

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары арттады. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.




Қорытынды

Қорыта айтқанда, оқушы ойын түрлері арқылы дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

Заман талабына сай ойын түрлерін ұсына отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады.

Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті

мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті

зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бул жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре

біліп, оны дамыту.

Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді таңып білуге, қоғам



алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.

Күтілетін нәтиже:

  • Ойната отырып жаңа білімді меңгертеді;

  • Танымдык қызметі мен ой-өрісі кеңейеді;

  • Оқушының өзіне деген сенімі артады;

  • Оқуға деген қызығушылығы, белсенділігі дамиды;

  • Оқушыларды адамгершілікке, бір-бірін сыйлай біліп, көмектесуге

үйретеді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет