«Үздік педагог- 2016»



жүктеу 24.72 Kb.
Дата21.08.2018
өлшемі24.72 Kb.

«Адамның адамгершілігі

жақсы ұстаздан болады... .

Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа,

одан соң ақыл-парасатқа,ақырында нағыз

пайдалы ғылымға,еңбекке баулы.

Ақыл, қайрат, журекті бірдей ұста.

Сонда толық боласың елден бөлек».

А.Құнанбаев.
«Көңілі көтеріңкі, арманы асқақ адамға ғана бала тәрбиесін сеніп тапсыруға болады. Сонда ғана рухы жоғары ұрпақ тәрбиеленіп шығады...», демекші  2017 жылдың 21 сәуір күні Шортанды № 1 орта мектебінде «ЭКСПО -2017 болашақ энергиясы» шеңберінде «ҮЗДІК ПЕДАГОГ- 2017» атты аудандық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты шығармашыл, жоғары интеллектуалды даму деңгейімен талантты оқытушы, рухани-адамгершілігі, ғылыми-әдістемелік және ақпаратық мәдениетіне иелі, жан жақты дамыған тұлғаны айқындау. Сонымен қатар:


«Үздік педагог - 2017» байқауына аудан мұғалімдерінің арасынан 11 үміткер қатысты.

       Байқаудың  бірінші (сырттай)  кезеңіне қатысушылар  педагогтың  жұмыс  жүйесін, өзінің  педагогикалық  қызметінің  ерекшелігі  мен  жаңашылдығын  сипаттайтын  жұмыс  жүйесін  көрсетуі  қажет  болатын «Шығармашылық  зертхана» атты сынаққа қатысып, «Портфолиоларын»   ұсынды.

      «Үздік педагог2017» байқауының үміткерлері екінші  кезеңіннің бірінші турында  «Өзін - өзі таныстыру», екінші турында «Мастер-класс» - таныс  емес  сыныпта  ашық  сабақ  өткізді, үшінші турда «Мен қазіргі заман педагогімін» атты эссе жазып, төртінші турда «Импровизициялық тапсырма»  атты сынақтарға қатысып, өздерінің  шығармашылық  шеберліктерін  көрсетті.

        Қазылар  алқасының  шешімімен  конкурстың  жеңімпаздары  анықталып, нәтижесінде оқытудың заманауи тәсілдерін озық меңгерген әрі өзін жоғары кәсіби біліктілік тұрғысынан көрсете білген Новокубанка орта мектепбінің жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Келес Досан бас жүлде - Гран-При жүлдесіне ие болды,  1-орын –Шортанды № 1 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Таукелова Анар Боранбаевна жеіп алды,  2-орынды Тонкеріс негізгі орта мектебінің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі – Смаилова Жаңылдық Ахметовна иеленді,  3-орынға ие болған педагог –Бозайғыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сманова Айнагүл Жетеновна мен Степной орта мектебінің мұғалімі Серикпай Надя иеленді. Номинацияларда марапатталған мұғалімдер:



  • «Жаңашыл-педагог» - Новокубанка орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Макер Тұрысхан;

  • «Үздік мастер - класс» - Шортанды № 3 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Зайтхан Нұрлангүл;

  • «Талантты ұстаз» -Жолымбет № 2-ші орта мектебінің мұғалімі Шошах Лида;

  • «Болашақ энергиясы» – Институт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Митрофанова Мария Владимировна;

  • «Үздік презентация» - Шортанды № 2-ші орта мектебінің мұғалімі Жилкибаева Юлдуз Музаппаровна;

  • «Үздік эссе» - Петровка орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Маевская Ирина Филипповна.

Аудандық  байқаудың   жеңімпазы   Келес Досан   «Үздік  педагог -  2017»  облыстық  байқауында ауданның  намысын   қорғайтын  болады.


Ш. Х. Ахметова.

Әдістемелік кабинеттің

меңгерушісі

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет