Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау қағидалары



жүктеу 56.62 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі56.62 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау қағидалары

(3.1–3.4-нысандар)

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес әзірленген және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің (бұдан әрі – салық төлеушілер) салық есептілігін жасау және табыс ету тәртібін көздейді.

2. Салық төлеушілер мониторингі нақты салық салынатын базасын айқындау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың


қаржылық-шаруашылық қызметiн талдау жолымен жүзеге асырылады.

3. Мониторинг салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын қамтамасыз ететін уәкілетті органның (бұдан әрі


– уәкілетті орган) орталық серверінің дерекқорына деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы салық төлеушілерден негізгі
қаржылық-экономикалық және салықтық көрсеткіштер бойынша ақпарат жинау жолымен жүзеге асырылады.

Мониторингті уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мониторинг бойынша салық есептілігі шоғырландырылып табыс етіледі.

4. Мониторинг бойынша дерекқор осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бағдарламалық қамтамасыз етудің электрондық пішімінде (файлдарында) салық төлеуші табыс ететін, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтитын, осы Қағидаларға «Салық есептілігі нысандарын жасау тәртібі» деген 2-тарауға сәйкес нысандар бойынша жасалатын салық есептілігінің негізінде қалыптасады.

5. Мониторинг бойынша салық есептілігі нысандарын толтыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету салық төлеушілердің барлық есептерін (салық есептілігінің толтырылған нысандарын) бірыңғай стандартта жазылған бір үлгідегі файлдарға келтіру функциясын орындайды.

6. Деректерді берудің электрондық жүйесі салық есептілігінің толтырылған нысандарын белгіленген стандарттағы файлдар түрінде дерекқорға дейін жеткізу тәсілін білдіреді.

7. Мониторинг бойынша салық есептілігі нысандары және оларды толтыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз ету уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

8. Мониторинг бойынша салық есептілігінің толтырылған нысандарын салық төлеушілер уәкілетті органға деректерді беру жүйесі арқылы табыс етеді.

9. Мониторинг бойынша салық есептілігі нысандарының түрі.

Аталған торкөздер Салық кодексінің 63-бабына сәйкес белгіленеді. Салық есептілігінің түріне байланысты тиісті торкөз белгіленеді.

10. Мониторинг бойынша салық есептілігінің әрбір нысанын толтыру кезінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес мониторинг бойынша салық есептілігін табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтыруы тиіс;

3) құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің атауы;

4) мониторинг бойынша салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі;

5) салық төлеушiнiң тiркеу орны бойынша салық органының коды.

Есепті кезеңде қаржылық-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері болмаған кезде мониторинг бойынша салық есептілігі қажетті бағандар толтырылмай табыс етіледі.

11. Қажет болған кезде уәкілетті орган табыс етілген мониторинг бойынша салық есептілігі нысандары бойынша таратып жазуды сұратуға құқылы.
2. Салық есептілігі нысандарын жасау тәртібі
12. «Зейнетақы активтері бойынша есеп» 3.1, «Бухгалтерлік теңгерім» 3.3, «Табыстар мен шығыстар туралы есеп» 3.4-нысандары есепті салық кезеңi үшін дайындалған салық төлеушiнің қаржылық есептiлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк жөніндегі заңнамасына сәйкес толтырылады. Нысандар өспелі қорытындымен толтырылады. Өлшем бірлігі мың теңге болып табылады.

13. «Зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп» 3.2-нысаны.

«№» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат нөмірлеу тәртібін үзбеуге тиіс.

«ЖЗҚ атауы» деген 2-бағанда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаға берген жинақтаушы зейнетақы қорының атауы көрсетiледi. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары бұл бағанды толтырмайды.

«Салық кезеңінің соңындағы зейнетақы активтерiнің сомасы» деген 3-бағанда салық кезеңінiң соңындағы жағдай бойынша әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерінің сомасы көрсетiледi.

«Инвестицияланды, барлығы» деген 4-бағанда салық кезеңінің аяғында қаржылық құралдарға орналастырылған әрбір жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің сомасы көрсетіледі. Бұл баған осы есептің 5 – 13-бағандарының сомасын көрсетеді.

«ҚР Ұлттық Банкі» деген 5-бағанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің салымына орналастырылған зейнетақы активтерінің сомасы көрсетіледі.

«Екінші деңгейдегі банктер» деген 6-бағанда екінші деңгейдегі банктердің салымына орналастырылған зейнетақы активтерінің сомасы көрсетіледі.

«ҚР ҚМ мен ҚР ҰБ бағалы қағаздары» деген 7-бағанда Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылған зейнетақы активтерінің сомасы көрсетіледі.

«Жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздары» деген 8-бағанда жергілікті атқарушы органдары шығарған, мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылған зейнетақы активтерінің сомасы көрсетіледі.

«Шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары» 9-бағанда шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына орналастырылған зейнетақы активтерінің сомасы көрсетіледі.

«Шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары» деген 10-бағанда шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздарына орналастырылған зейнетақы активтерінің сомасы көрсетіледі.

«Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары» деген 11-бағанда халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына орналастырылған зейнетақы активтерінің сомасы көрсетіледі.

«Мемлекеттік емес бағалы қағаздар» деген 12-бағанда сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне қосылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигацияларына; «А» санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне қосылған, ипотекалық облигациялардан басқа да, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарына; «Қазақстанның Даму Банкісі» ЖАҚ облигацияларына және де басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздарына орналастырылған зейнетақы активтерінің сомасы көрсетіледі.

«Өзгелері» деген 13-бағанда осы есептің 5 – 12-бағандарында көрсетілмеген өзге де қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтерінің сомасы көрсетіледі.

«Есептелген инвестициялық табыс» деген 14-бағанда есептi кезеңде әрбір жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген инвестициялық табыс сомасы көрсетiледi.

«Комиссиялық сыйақы» деген 15-бағанда есептi кезеңде әрбір жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның комиссиялық сыйақысының сомасы көрсетiледi.

Нысан өспелі қорытындымен толтырылады, өлшем бірлігі мың теңге болып табылады.



____________________________


Каталог: sites -> default -> files -> npa -> fno -> 2013 -> pravila kaz
pravila kaz -> Нысан Жалпы ережелер
pravila kaz -> Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
pravila kaz -> Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті
pravila kaz -> Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары салық есептілігін
pravila kaz -> Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
pravila kaz -> Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет