«Зергерлік бұйымдардың адам ағзасына әсері» Оқушының аты-жөні



жүктеу 315.45 Kb.
Дата17.11.2018
өлшемі315.45 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Байтоғас ауылы

«Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі»КММ

Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы:«Зергерлік бұйымдардың адам ағзасына әсері»



Оқушының аты-жөні: Досжанқызы Саяжан

Сыныбы:10

Бағыты: Этномәдениет

Ғылыми жетекшінің аты-жөні: Қызырханова Аяулы Бақытбекқызы

2017 жыл

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................3

І. Зергерлік бұйымдардың адам өмірінде алатын орыны......................

1.1. Зергерлік бұйымдардың шығу тарихы................................................

1.2. Ұлы адамдардың қоғамдық өміріндегі зергерлік бұйымдардың ықпалы....................................................................................................................

1.3. Күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың адам ағзасына әсері ............

1.4. Шашбау. Шашбаудың қыз бала тәрбиесіндегі орыны мен маңызы.........

ІІ. Асыл тастар. Олардың қасиеттері мен адам ағзасына әсері................

2.1. Асыл тастардың қасиеттері..............................................................

2.2. Асыл тастардың адам денсаулығына әсері................................................

ІІІ. Тылсым күштерге ие зергерлік бұйымдар..............................................

3.1.Бойтұмарлар, тұмаршалар......................................................................

3.2.Көзтастар, тылсым күштері бар асыл тастар............................................

3.3. Асыл тастарды жұлдызнамаға қарап таңдаңыз...................................



Қорытынды бөлім..............................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................



Кіріспе

Қолөнер –ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлі өнер, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен  дәстүрлі де  халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі. Қандай халықтың қолөнері болса да  оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, салт-санасымен астасып қатар өркендейді. Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдік бейнелердің  өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай  сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ретінде  жалғасын тауып келе жатқан қолөнеріміздің  ішіндегі киелі әрі күрделілерінің бірі – зергерлік өнер. Зергер- сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста. Зергерлік – әшекейлі бұйым жасау өнері. Әсіресе, зергерлік бұйымдардың ішінде  қазақтың қыз-келіншек, әйелдердің тағатын әшекей бұйымдардың орны ерекше. Қолөнер адам баласының көркемдікке, нәзіктікке, сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше  таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады. «Әшекейі жоқ әйел жапырағы жоқ ағашпен тең» демекші ертедегі қыз, келіншектер, апа әжелеріміз ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарын шашбауларын сылдырлатып, қолдарына жүзік сақиналарын тағып жүрген, қазірде қыз келіншектердің барлығы дерлік мойын қодарына әшекейлерін күнделікті өмірде тағып жүреді. Бірақ бір әттеген-ай дейтін жеріміз өзіміздің ұлттық нақыштағы әшекейлерімізді емес Еуропа стилиндегі бұйымдарды күнделікті өмірде қолданады. Менің бұл тақырыпты таңдаған мақсатым ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарымыздың тек сәндік ретінде ғана емес емдік қасиеттері жөнінде де мағлұмат беру. Менің ойымша біз өз ұлттық киімізді, сәндік қолданбалы өнерімізлі, әшекей бұйымдарымызды күнделікті өмірде қолданып жүрсек, басқа ұлт өкілдері де қызығып, одан әрі қазақтың әшекей бұйымдарының таралуына, ұмыт болмауына оң әсерін тигізер еді. Енді әшекей бұйымдарымызды саралап олардың емдік қасиеттерін адамға тигізетін пайдасын жазсам. Зергерлер көбіне бағалы металлдың ішіндегі  ең қолайлысы күмісті пайдаланған. Өйткені күмістің жалтыраған түсін, әр түрлі  техникалық тәсілдерге  икемділігін, жұмсақтығын  және  тазалығын жоғары бағалаған. Сонымен қатар күмістің адам баласына тигізетін пайдасы көп екен. Адам бойындағы ауыруларды күміс тартады дейді, сол кезде ол қарайып кетеді екен. Ертеден бері қазақ жерінде қыз-келіншектерді ажарландыра түсу үшін оларға арнап сан алуан түрлі әшекей бұйымдар жасаған. Халық зергерлері көбінесе білезік, өңіржиек, сақина, сырға, түйреуіш, ілгек, шашбау, шолпы, алқа, қапсырма, жүзік  сияқты адамдардың өз бойындағы әсемденетін заттарды жасады. Осы әшекейге орнатылған тастардың белгілі мән-мағаналары да бар. Мысалы, ақық тасты шын-шайтандар келетін аурудан қорғау үшін жүзік, білезіктерге орнатқан. Аңызға сүйенсек Мұхаммед Пайғамбардың «Ақық жүзік таққандар жайсаң өмір кешеді», «Ақық жүзік тақсандар кедейліктен арыласыңдар» деген сөздері адамдардың бұл тасты қалай ардақтағанын көрсетеді.

Меруерт, інжу тастарға деген сүйіспеншілік қазақтардың ой-санасында айға теңеумен байланыстырылады. Көптеген егде әйелдер бұл тастарды да күміс секілді ай сәулесінің бір бөлшегі бар деп, оған ерекше мән берген. Інжу мен меруерт бақытты, байлықты білдіреді, сондықтанда осы тастармен киімді сәндеу үшін де көп қолданады.

Осы тақырыпты таңдауыма себеп болғаны да осы қызықты мәліметтер болып табылады. Қазақ халқының бар асыл қазынасын неге басқа қырынан көрсетпеске? Қазақ зергерлік бұйымдарының бойында өте көп тылсым күштер бар. Солардың пайдалысын неге іске жаратпасқа?-деген сұрақтарға жауап іздеу осы ғылыми жобамның жазылуына себеп болып отыр. Зергерлік бұйымдар тек сән үшін ғана емес адам ағзасына пайдасы мол болғандығында тілге тиек етпекпіз. Қазақ халқының өміріндегі күмістің қандай пайдалары бар екендігіне де тоқталып өтеміз.



Ғылыми жобамның мақсаты: ұлттық зергерлік бұйымдардың тарихына шолу жасай отырып, өзіміздің ұлттық бұйымдарымыздың пайдасын, аңыздылығының сырын ашу. Олардың медециналық тұрғыдан пайдасын зерттеу. Сонымен қатар тылсым күштерге ие зергерлік бұйымдардық құпиясын ашу. Қазақ халқының сенім нанымдарына байланысты зергерлік бұйымдардың қолданылуын зерттеу болып табылады.

Осыған байланысты осы ғылыми жобаны зерттеу барысында әр түрлі жұмыстар атқардық. Соның бірі ауыл тұрғындарынан сауалнама алу болатын. Сауалнама барысында әр түрлі жастағы адамдардан сауалнамалар алдық. Сауалнама алудың басты мақсаты қазіргі ХХІ ғасырдағы адамдардың тұрыс тіршілігіндегі ұлттық зергерлік бұйымдардың алатын орыны қандай және олар осы зергерлік бұйымдардың адам ағзасына тигізер пайдасы қандай екендігін қаншалықты білетінін сұрап білу боолатын. Сауалнама нәтижесі өкінішке орай көңілге қонымсыз болып шықты. Себебі қазіргі таңда адамдардың көбі ұлттық зергерліу бұйымдарды емес, Еуропалық зергерлік әшекейлерді көбінесе тұтынатындығы анықталды. Зерттеу барысында тек 20%-ы ғана ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарды тұтынатындығы айқындалды. Ал олардың адам ағзасына пайдасы бар екендігі туралы тек 18%-ы ғана білетін болып шықты. Оның өзінде олар көбінде күмісті тілге тиек етіп өтті. Ал сауалнамамыздың екінші бөлімінде біз ауыл тұрғындарына «Ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарды қолдануға қалай қарайсыз?»-деген сұраққа 91%-ы «Қарсы емеспін»-деп жауап берді. Тек оларың сапасы жақсы бұйымдарды табу өте қиын екендігін атап көрсетті. Қазіргі дүкен сөрелеріндегі еуропалық әшекейлердің сапасындай етіп кең таңдау болса жақсы болар еді-деп пікірлерін айтып жатты. Сондықтан болашақта осы ұлттық зергерлік бұйымдардың қолданысын арттыруға барымша ат салысқым келеді.

Қазақ халқының дәстүрлі зергерлік бұйымдары қазақ қоғамында баға жетпес құндылықтардың бірі. Қазақ халқының көне заманнан сыр шертетін дәстүрлі қолөнерінде сәні мен салтанатына тәнті етерлік зергерлік өнер маңызды орын алады.

І. Зергерлік бұйымдардың адам өмірінде алатын орыны

1.1. Зергерлік бұйымдардың шығу тарихы: Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау т.б. әсем жасай білген.     Қазақтың қыз-келіншектерін  ажарландыра  түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – саукеле.

Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Тағы да әсем бұйымдардың бірі жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан  не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі. Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық  жүзік  деп аталады.

Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті қоңыраулы, күмбезді  т.б. түрлері болған. Қазақта ертеректе қыз баланы қырқынан шығара салып, құлағының сырғалығын тары дәнімен ұқалап, етін өлтіріп, отқа қарылған инемен тесіп, оған жібек жіп өткізіп, тұйықтап байлап қоятын. Құлақтың тесігі бітеліп қалмау үшін кейінірек кішігірім күміс сырға тағатын. Ол «жас нәрестеге тіл- көз тимесін» деген тілектен туындаса керек. Бұрын ер баласы тұрмай жүрген  немесе баланы өте кеш көрген ата-аналар ырым етіп қартайғанда  көрген осы ұлымыз тұрсын, тіл-көзден, әр түрлі жаман күштерден аман болсын деген мақсатпен оны ұл емес қыз, деп құлағына сырға тағып қоятын болған. Баланың буыны бекіп ер  жете бастағанда ғана оны құлағынан шешіп алған. Ал қазір бұл ғұрып өкінішке орай  ұмыт болған.  Зергерлік – өте ертеден келе жатқан, көркемдік өнердің түрі. Қазақ халқының ерте заманнан  бастау алған зергерлік өнер халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамыды. Әртүрлі сәнді бұйымдар, асыл тастардан жасалған қымбат заттар шеберлер қалдырған халық мұрасы болып табылады. Әшекей заттар қоғамның барлық әлеуметтік топтары арасында үлкен сұранысқа ие.

Қазақ арасында қалың темір соғатын ұсталарды да, зергерлерді де «ұста» деп атаған. Ұста сөзі шебер, өнегелі, ісмер деген ұғымда ағаш ұстасы, күміс ұстасы деп бөлген. Қолөнер еңбегі шеберлердің қандай материалдан жұмыс істейтіндеріне қарай бөлінді: Темірден түйін түйгендер ұста, мыс, қола, жезбен жұмыс істейтіндер қолашы, бағалы металдан әшекей жасайтындар зергер деп аталады. Зергерлер әртүрлі қарапайым әдістерді, дәлдікпен өте шебер орындаған(1).

Зергер мен ұсталардың өнерінен туған әшекей бұйымдар арулар бойына көрік, ажар, жігіттерге жігер беретіндіктен ондағы жазулардың тәлімдік ролі арта түскен. Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылатын қыздың сән-салтанаты жасауы ретінде қолданылған.

Самайылық әшекейлердің бір түрі – ширатпа шекелік. Оның күрделі үлгіде жасалған селдір салпыншақтары өте тартымды келеді. Самайылық әшекей кейде маржан моншақтардан тұратын тізбектермен әсемделеді, кейде түрлі салпыншақтармен күрделене келе самай– кеуде әшекейіне айналады(4).

Алқа – әйел адамдар мойнына, омырауына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым. Алқалар жасалуына,салмағына,әсемдігіне қарай жетілетін көптүрлілігімен көз тартады. Қыздар мен жас әйелдер маржан, ақық, інжу және түрлі түсті шыныдан көз қолданған моншақ пен алқа таққанды ұнатқан(5).

Сыртқы пішіні ХХ ғ. қалыптасқан сағат білезіктер өз алдына ерекше. Жасалған бөліктері бір-біріне қозғалмалы етіп байланыстырылған тас көздерден тұратын тасты білезік те білекте жарасымды көрінеді(6).

Қазақ әйелдерінің әсем көркіне қосымша сән беріп, жарасымды тағылатын зергерлік бұйымдардың бірі –сырға. Соғылатын сырға үлгілері әртүрлі және көркемдік шешімі, мағыналық болмысы алуан түрлі. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрлері болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б.

Әйел затының жанына жақын, сүйіп тағатын әшекейлерінің біріне жүзік, сақина жатады. Қазақ халқында саусаққа киілетін, алақаны бар әшекейдің бір түрі жүзіктер әртүрлі пішінде болады.  Оның саусақ сыртына түсетін жағына түрлі асыл тастардан көз орнатылады. Жүзіктің беті өте сәнді әшекейленеді. Оның бетіне ширатылған металл сымнан, сіркелеу, лажылау, бағдарлау тәсілдерін қолдана отырып күрделі өрнектер салынады.

Саусаққа салатын алтын, күмістен жасалатын сақинаны балдақ деп атайды. Кейбір жерлерде оны жүзік, сақина деп те атайды. Жүзіктен айырмашылығы балдаққа көз орнатылмайды.  Жалпақ, дөңгелек, тұтас болып келеді, кейде бетіне ою-өрнек жүргізіледі, кейде  беті сол күйінде қалдырылады. Бұларда негізгі әшекейлерінің бірі болып саналғанымен, оларды ер адамдарда салған. Бірақ әйелдер барлық саусақтарына екі-үштен қосарлап сала береді де, ерлер бір ғана саусағына және біреуін-ақ салады.  Жасалу материалына қарай балдақ алтын балдақ, күміс балдақ болып бөлінеді. Сақиналар көбіне күмістен соғылады. Сақина көздеріне теңбіл тас, көк тас, су тас, құлпырма тас, жақыт, жарқырауық тас, гауһар және ақ тасты пайдаланған(9).

Балдақ, жүзік сияқты саусаққа салатын зергерлік бұйымның бірі - сақина. Жүзікпен салыстырғанда  сақинаның бауыры жалпақтау болып келеді. Бетіне тас қондырылмаған түрлері көп кездеседі, тас қондыру сирек ұшырасады. Күміс, алтын сақиналардың бетіне көбінесе бізбен әртүрлі ою-өрнектер жүргізіледі.



1.2. Ұлы адамдардың қоғамдық өміріндегі зергерлік бұйымдардың ықпалы: Ертеден бері қазақ жерінде қыз-келіншектерді ажарландыра түсу үшін оларға арнап сан алуан түрлі әшекей бұйымдар жасаған. Халық зергерлері көбінесе білезік, өңіржиек, сақина, сырға, түйреуіш, ілгек, шашбау, шолпы, алқа, қапсырма, жүзік  сияқты адамдардың өз бойындағы әсемденетін заттарды жасады. Осы әшекейге орнатылған тастардың белгілі мән-мағаналары да бар. Мысалы, ақық тасты шын-шайтандар келетін аурудан қорғау үшін жүзік, білезіктерге орнатқан. Аңызға сүйенсек Мұхаммед Пайғамбардың «Ақық жүзік таққандар жайсаң өмір кешеді», «Ақық жүзік тақсандар кедейліктен арыласыңдар» деген сөздері адамдардың бұл тасты қалай ардақтағанын көрсетеді. Тастардың ішінде де киелісі болады.

Мысалы, қазіргіАмерикада сақталған “Хоуп гауһары“ сондай тас. Ол ертеде Үндістан храмынан ұрланды. Ұрлаған ұрыны көшедегі құтырған иттер талап боршалап өлтіреді. Гауһардың алғашқы салмағы 212 карат болса, ұрланған-нан кейін 1668 жылы Француздың королі Людовик XIV сатып алып гауһарды өңдегенде 67 карат болыпты. Король де, т.б. мұрагерлер де соғыстан, автомобиль апатынан, кеменің суға батуынан қаза табады. Ақыры гауһар тасты1863 жылы Лондонның банкирі Томас Хоуп сатып алды, немересі барлық байлығынан айырылып, кедейлікке ұшырапты. Бұдан кейін гауһар

тас Ресей князі Катиновскийге өтеді. Ол бір әйелге беріп, артынан әлгі сұлу

актрисаны князь өзі өлтіреді. Княз да кешікпей анархистер қолынан қаза табады. Бұл туралы Владимир Мезенцев “Тас туралы ертегі“ кітабында: “Қасірет тас қолданқолға өтіп жүріп, Испаниядан бір-ақ шығады. Оны алған бай гауһар тасты өзіменбірге алып, 1909 жылы кемемен сапарға шығады. Жолда кеме суға батып, кемедегілер түгел балыққа жем болады. Алайда асыл тас су астында көп жатпай,“қалқып“ шығады“ – дейді. Гауһарды кемеден тапқан маржан іздеушілер американдықмилионер Маклинге сатады. Көп кешікпей оның кішкене баласын машина қағыпкетеді. Бұл тас қазір Америкада сақтаулы.



1.3. Күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың адам ағзасына әсері : Күмістің химиялық қасиеттері.  Күміс жер бетінде гидротермалдық жүйелер  
мен  минералдардың  үгілуінен  пайда  болған.  Жаратылысы  жағынан  күмісалтынға  көп ұқсайды. Бірақ күміс алтынға қарағанда төзімді емес, беті тез  қараятыны белгілі.  Адамзат күмісті өте ерте замандардан бері пайдаланып келе жатқаны белгілі.  Көне тарихқа көз салсақ, ежелгі Мысырда (б.з.б. 3600 жыл) күміс алтыннан 2,5  есе  қымбат  болғанын  байқаймыз.  Одан  күміс  теңгелер,  зергерлік   бұйымдар  жасалынған.  Табиғатта түсті металдар таза күйінде кездесе бермейтінін бәріміз білеміз. Бұл  заңдылық  тек  күміске  ғана  жүрмейтіндей.   Әлі есімде бала кезімізде біздің үйдің бесігінде күміс қоңырау сылдырлап тұрушы еді, анамыз бәріміздің киімдерімізге күмістен ілгек, теңге т.б. әшекейлер тағып қоюшы еді. Өзініңде барлық әшекейлері күмістен болатын. Ежелгі қазақтар қолында, киімінде күміс әшекейлері жоқ әйелдерді қазан-ошаққа жолатпаған. Кей өңірлерде онсыз пісірілген асты арамға санаған. Бұл дәстүр көрші түрікпен елінде күні бүгінде де қолданыста бар. Күміс демекші, сонау ерте замандарда қазақ қолы мен қалмақ қолы соғысып жатқан кезеңде, сол жерде бір жұқпалы ауру пайда болып қалмақ қолы сол кеселден баудай қырылыпты. Ал қазақ сарбаздарының еш қайсысына бұл кесел дарымаған. Кейін зерттеушілер бұның басты себебі, қазақтың қару-жарағы мен ат-әбзелдерінде күмістің мол болуынан деп тұжырым жасаған. Дана халқымыз күмістің көптеген жұқпалы кеселдерге қарсы тұратын қасиеті барын ежелден-ақ бағамдаған. Тура осындай бір дерек араб аңыздарында да бар. Бірде араб сарбаздары астан жаппай уланып, бұл аурудан тек қана олардың басшылары аман қалыпты. Кейін зерттеу жүргізгенде әскер басшыларының асты күміс қасықпен ішетіндері анықталған. Күміс бактери-цидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен. Күмістің емдік қасиеті бүгінгі медицинада да толықтай дәлелденген. Қазақ емшілері өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан, күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундік жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті, ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда, адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Қазақта алтын мен күміс қатар жүреді. Себебі, алтын күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммунды қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ, қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады. Жалпы ішетін суыңа (графинге) түнге қарай күміс салып қойып, таңертең ішетін болсаң көптеген жұқпалы аурулардың алдын алуға болады. Тарих тағлымы: Бұл дәстүрдің жалғасуы ұрпағымыздың әр түрлі жұқпалы аурулардан аман болуының кепілі болмақ. Бұл қазіргі дәрігерлік "екпелерден" мың есе артық. Оған күмәндарың болмасын

1.4. Шашбау, шолпы. Шашбаудың қыз бала тәрбиесіндегі орыны мен маңызы: Шашқа тағатын әшекейдің түрі – шашбау. Шашбау аты айтып тұрғандай  «шаштың бауы» деген мағынаны береді.  Оның қарапайым түрі ызылып тігілген мата кесіндісі түрінде болады. Оған кейде  күміс немесе алтын теңгелер, тиындар, кейде маржан қадалатын. Ол әйел шашының көркін ашатын, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын сәндік бұйым. Оның алтын, күміс, тілла шашбау сөлкебай шашбау (орыс тіліндегі «целковый рубль» деген сөзден алынған, жергілікті тілде сөлкебай – «сом, теңге») теңге шашбау, шаштеңге, үкі аяқты шашбау,  шаштүлек (лентадан жасалған қарапайым шашбау), шашбаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатып жасаған шашбау түрі) сияқты түрлері бар(3). Қазақ халқы қашанда әйел көркi – шаш, шаштың көркi шолпы деп есептеген,  әр бойжеткендi бірінші шашына қарап бағалаған. Сондықтан да ата-анасы қызына шашқа қосатын, жалғайтын, кигiзетiн, тарайтын, тағатын сияқты тәрбиелік мәні жоғары зергерлiк әсем бұйымдарды шеберлерге арнайы тапсырыс беріп істететін. Шашқа тағатын сәндiк бүйымдардың iшiндегi асылы мен артық саналатыны – шолпы. Әсем-сәндi шолпыларды қыздар мен келiншектер ғана таққан, егде әйелдер қарапайымдау түрін таққан. Шолпыдағы салпыншақтар бір-біріне төгіліп, шылдырлап, құлаққа жағымды дыбыстар шығарып, кең даланың қоңыр үнін  сыңғырымен байыптай түседі. Қазақтың «сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосар» деген әдемі сөздер соның айғағы. Тәжiрибелi халық шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы үзын әрi сұлу, берiк болып өседi, ерте түспейдi деп жорамалдаған. Сонымен қатар, қызбалаға шолпы тағудың тәрбиелік те мәні ерекше. Шолпы таққан қыздар аяғын басқан сайын шолпысы сыңғырлап, оның жүрісіне әдемі реңк береді. Шолпы таққан бойжеткендерге денеңді тік ұстасаң, тиындар сылдырламайды деген шарт қойылған. Тиындар кісі алдынан өткенде сылдырласа, ол үлкен әдепсіздік деп есептелінген. Екіншіден, тиындарды сылдырлатпай бойыңды тік ұстасаң, онда денең оқтай түп-түзу болып өседі деген тәлімдік ойлар бар. Шашқа тағатын әшекей берген кезде: «шашың ұзын болсын, қалың болсын» деген. Жеңгелерi қайын сiңiлiлерiне “Шашбаулым”, “Шаштеңгелiм”, “Сырғалым” деп ат қоюында да үлкен мән  жатыр. Қазақтың бойжеткендері шолпы таққан. Шолпының ызған не  не кестелі бауға тағып, шашпен бірге тағып қойған. Ол өрілген бұрымның  ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан тағылған, ызылған бауы бар сәндік  бұйым. Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын жөндеу үшін қоңыраулы шолпыны қолданған. Бұл да тәрбиелеудің  бір әдісі деп ұққан  дұрыс. Ал екіншіден, ауыр шолпы таққанда бас ауырмайды. Сонда шолпының емдік қасиетінің бар екенін байқаймыз. Ерте заманда «шашбау шаш арасындағы жын-шайтандарды  қашырады» деп сенген.

ІІ. Асыл тастар. Олардың қасиеттері мен адам ағзасына әсері

2.1. Асыл тастардың қасиеттері. Асыл тастардың адам денсаулығына әсері: Меруерт, інжу тастарға деген сүйіспеншілік қазақтардың ой-санасында айға теңеумен байланыстырылады. Көптеген егде әйелдер бұл тастарды да күміс секілді ай сәулесінің бір бөлшегі бар деп, оған ерекше мән берген. Інжу мен меруерт бақытты, байлықты білдіреді, сондықтанда осы тастармен киімді сәндеу үшін де көп қолданады. Асыл тастардың емдік және ерекше қасиеттеріне келетін болсақ:
1. Алтын – өмір жасты ұзартады, қарт адамдардың бойына әл қуат береді, қауіпті аурудан қорғайды, уланғаннан емдейді.
2. Күміс – шиқан сырқаттарын, іріңмен қанды кептіреді.
3. Мыс – іріңді, қанды кептіреді,өкпе мен бауырдың қызуын түсіреді.
4. Алмаз – ізгілік пен ерлікті бейнелейді. Көкшіл реңді асыл тас жас аналардың бойтұмары іспеттес болады.
5. Жақұт – опасыздық пен қорқыныштан қорғайды. Сүйген жанын өзіне қарату үшін еуропалық әйелдер жақұт ұшқынымен

магниттелген ыдыстан тамақ берген.


6. Замартас(изумруд) – қуаныш пен көңілділік сыйлайды. Ұмытшақ

немесе көзі нашар көретін әйелдер оны мойынына таққан. Бұл асыл тас ұзақ өмір

сүруге кепілдік береді. Дел-салдықтан арылтып, ойды ширатады.
7. Алтындалған табас (топаз) – ұмытшақтық пен ұйқы қашуды жазады. Көз тиюден сақтайды,дәм сезу күшін арттырады.
8. Александрит – қан айналуды жақсартады,қанды тазартып,тамырлардыбекітетүседі.

9. Гауһар – күш-жігер қосады,жүрегіңді тыныштандырады, сағыныштан сарғайғанға да ем болады.


10. Ізгілікті циркон (гиацинт) – күйгелектік панелестен арылтады. Мінезі жеңілтек

әйелдер “жоспарсыз“ туудан сақтанғанда пайдаланған.


11. Қызыл шпинель (лал) – күннің өткір

сәулесінен қорғайтын болған. Қарт кісілер бел ауруын жеңілдетуге тағады.


12. Фируза (бирюза) – адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді.Ұдайы мойынға тастамай тақса әйелдер сары ауруға ұшырамайды. Фируза да адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгертіп тұрады. Иесіне әлде бір қауіпті жағдай төнсе, фируза оның көз алдында күңгірт тартып жүре береді. Ал жазылмайтын ауруы бар адам тақса ол мүлдем “сөніп“ қалады.
13. Опал – күдікті ойларды қоздырады,

ұрыс-керіске итермелейді. Қорқыныш туғызып, секем мінез қалыптастырады. Ерте кезден-ақ опалдың жүректі күдікті ойлармен тұмшалайтыны белгілі болған. Тек өз-өзіңе деген мықты сенім ғана олардың атты әсерінен сақтай алады.


14.Аметист – маскүнемдіктен қорғайды,адамның жүрегін ізгілікке толтырып, аумалы-төкпелі ойдан сейілтеді. Егер әйел адам оны жастығының астына жастанып жатса жақсы түс көреді. Аметистпен бетті сипап әжім мен секпілді кетіруге болады.

15. Агат – тіл-көзден сақтайтын қара тас. Бойыңдағы ауруыңды бәсеңбетіп, есту қабілетіңді жақсартады.


16. Яшма – суық реңді бұл тас болашақтың көзге көрінбейтін пердесін ашады. Қызыл яшма қан аққанды тоқтатып, иіс сезу қабілетін күшейтеді. Ал күңгірт түстісі удан және қастандықтан сақтайды.
17. Гагат–бұл таспен сіреспе мен буын ауруын емдейді.
18. Айтас(лунный камень) – қояншық ауруы мен бүйрек шаншығанын емдейтін болған.
19. Кровавик(гематистің бір түрі) – бақсылардың бойтұмары болып есептелген. Оның көмегімен іріңді жаралар мен зәр жіберу органдарының ауруларын емдеген.
20. Жадейт – әсіресе Шығыс елдерінде жоғары бағаланған. Ол жетпіс жеті ауруға ем, әсіресе ревматизмге жақсы шипалы болған.

Қазақ көгілдір ақық (перуза) бақыт пен сәттілік әкеледі деп түсінген, ал сыйға тартылған тас сонымен қатар көңіл күй өзгерісін білдіреді. Егер адам ауырса тас қарайып кетеді. Ең сүйікті тас маржан болып саналған, ол қарғыстан, тіл көзден сақтайды, дәулет, бақыт әкеледі деген сенім бар және ең маңыздысы, ол дені сау ұрпақ өсіруге ықпал етеді деп саналады. Әрлеуіш тастар әшекейлерге сиқырлы қасиет бере отырып, маңызды сәндік рөл атқарған. Қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша, қыздар мен әйелдердің әшекейсіз жүруі әдепсіздік болып саналған, өйткені әшекейді тек қаралы күндері тақпайды. Сондықтанда қазақ қыздары туғаннан бастап өмірінің соңына дейін өзінің жасына және әлеуметтік деңгейіне сай әшекейлер тағып жүретін болған. «Әшекейі жоқ әйел жапырағы жоқ ағашпен тең» деген аталы сөз бар(2).



ІІІ. Тылсым күштерге ие зергерлік бұйымдар. Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең көп қолданған әшекей заты- түйреуіш. Түйреуішті көбінесе көз тимесін деген ниетпен жаңа туған сәбилердің киімдеріне тағып қоятын болған.

Білезік - өте ерте замандардан тұтынылып келе жатқан сәндік бұйым.  Білезік әдетте бір қолға, немесе екі қолға бір-бір білезіктен, кейде бір қолға екеуі тағылады. Білезіктердің тұтас болып келетін, сондай-ақ құрамды бөліктерден жасалатын түрлері болады. Екі-үш бөлшектен тұратын ашпалы-жаппалы болып келетін білезіктер қақпақ білезік деп аталады. Иіліп істелетін жұмыр білезіктердің екі қоспасын кигенде жыланның бас пішініне келтіріп, ортаңғы бөлігін жуандау етіп жасайды. Жұмыр білезіктердің қою шытырман өрнектермен көмкерілуі оларға асқан тартымдылық пен сырбаз сымбаттылық береді. Білезік бергенде «қолың өнерлі болсын» деген. Қазақ зергерлері жасап жүрген білезіктердің бес білезік деген түрінің бауыр сырты жалпақ, сағат бау сияқты. Ортасында топсасы болады. Білезіктің екі басы түйісіп түймеленеді. Білезіктің сыртқы жағында күміспен немесе алтын шынжырмен шынжырлап қойған бес сақина бар. Сақиналар да өрнектеліп, тастан көз орнатылып жасалады. Білезікті білекке тағып, бес саусаққа сақинасын киеді. Білезіктерге көбінесе «сыңар өкше», «ырғақ», «бұрма», «көз» өрнектері салынады.

Алқа – әйел адамдар мойнына, омырауына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым. Мойынға тағатын өңір әшекейлері  тобына алқадан басқа моншақ, тұмар сиақты бұйымдар жатады. Бұл әшекейлерді емдік тәжірбиеде де пайдаланылған. Егер баланың құлағынан бұлақ ағып ауырса, анасы оны бұлаққа әкеліп, үш рет ауырған жерін сумен жуып, суға міндетті түрде моншақты тастаған. Содан кейін «Бұлағыңды алып, құлағымды бер!» деген қасиетті сөздерді үш рет айтқан. Бұл жағдайда моншақ баланы ауыруынан айықтыру үшін өтемақы және бұлақтың тазартушылық магиялық күшімен байланыстырушы ретінде қолданылады. Сонымен қатар эпилепсия ауыруына да қолданылған. Моншақтардың «көз моншақ», «қараңғылық моншақ», «чашми» т.б. әшекейлерді таққан балалар, ересек адамдар тіл-көзден, бәле-жаладан , ауру –сырқаудан  аман болады деген түсінік ел арасында қазір де кездеседі.

Әр қашанда тазалықты сүйетін қазақ халқы ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина немесе жүзік болуы керек деп санаған. Тіліміздегі «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дегендей нақыл сөздер сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызметте атқарғанын дәлелдейді. Бұдан қазақ халқының ертеден-ақ күміс пен алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына әсерін тигізетінін, адам ағзасына жағымды әсер ететінін аңғарғанын көруге болады. Нәрестені қырқынан шығарғанда да  оны шомылдыратын суға алтын не күміс сақина немесе білезік салу баланың денсаулығына, тазалыққа көңіл бөлуге байланысты шыққан екенін аңғару қиын емес(10).

Жүзіктер тек сән үшін ғана тағылатын әшекей емес, сонымен қатар ертеректе таңба басатын мөр қызметін де атқарды. Ондай жүзіктерді мөрлі жүзік (перстень печать) деп атайды. Мөрлі жүзікті бұрын атқаратын қызмет дәрежесі жоғары лауазымды адамдар ғана таққан. Оны оң қолдың саусағына салатын болған.

Жүзіктің келесі бір түрлері – беті шиыршық өрнекті, бұдырлы болып келетін отау жүзік, құс мұрын жүзік, ортасына қондырылған тасы тасбақа тұрпалас тасбақа жүзік те сақина соғу өнерінің қайталанбас туындылары. «Құдағи жүзік» аталатын сақина түрінің материалдық да мағаналық жасалуы ерекше.

Құдағи жүзіктер Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында кездесетін аса көлемді және өте сәнді жүзік болып есептеледі. Жүзіктің бауырында екі саусаққа бірдей кигізілетін қосарланған екі сақинасы соғылып жүзік беті көлемді келеді.  Жүзікке асыл тас, түсті шыны қондырылады, сондай-ақ міндетті түрде алтынмен әсемделеді. Әдетте, ондай жүзіктерді үйлену тойында қыздың анасына сый ретінде береді. Құдағи жүзіктің «қызметінің» маңыздылығына қарай құндылығы да жоғары. Сондықтан, оны «құдағи жүзік» деп атайды. Әсіресе, асқан шеберлікті талап ететін нәзік етіп соғылған зер сырғалардың құрылымы ерекше. Сырға түрлерінің ішінен ерекше орынды алатыны – ай сырға. Ай сырғалардың еліміздің кез келген аудандардан кездестіруге болады. Бұл сырғаның бойына қазақтар тылсым табиғат – Айдың қасиеттілігін бейнелеуге деген құштарлықтан туған. Айды о бастан қазақтар қасиетті санап, тылсым күштерінің алдында дәрменсіздігіне қорғаныш іспетті санаған және әшекейлерінде өзіндік шыраймен бейнелеуге тырысқан. Құлаққа сырға таққанда «құлағың ауырмасын, жаманшылық естіме, бетің ажарлы болсын» деген тілек айтқан(7).

Қыздар арасында жоғары бағаланатын жүзіктердің түрі – құсмұрын жүзік. Жүзіктің бұл түрі негізінен қалыпқа салу әдісімен жасалып, сан алуан өрнектермен, зерлеумен, майда салынған өрнектермен әшекейленеді. Соғылу техникасы жағынан қызықты болып келетіні – ішіндегі қуысқа құм  немесе ұсақ тастар салынатын жүзіктер. Мұндай әдіспен алынған сақина сыңғырлаған әсем ән шығаратын болған. Құсмұрын жүзіктердің құстың бейнесі басқа да қолөнер туындыларында жиі кездесіп, еркіндіктің, қайырымдылық пен бейбіт өмірдің нышаны деп түсінілген. Бұл жүзіктің рәміздік мәні «құстай ерікті, өз еркі өзінде», яғни «қыздың басы бос» деген ұғымды білдіреді. Тұрмысқа шыққан кезде бұл жүзікті қыздың дүниесіне қосып беріп жіберген. Бауырларының жаңа босағада жағдайын  білуге келген қыздың іні-сіңілілеріне құсмұрын жүзікті төркініне қайтарса, онда бұл белгі қыздың жағдайының жақсы екенін хабардар еткені. Қызының жағдайының жақсылығына көзі жетіп, қуанған анасы құсмұрын жүзіктің қайтқаны үшін, яғни жақсы хабар үшін ауыл-аймақты дастархан мәзіріне шақырған(8). 



3.1.Бойтұмарлар, тұмаршалар: Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі – бой тұмар. Оны ертеде әйелдер ғана емес, еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс, әдемі былғарыдан  тігіліп, ою-өрнектеліп күміс шынжырмен мойынға асып алады. Адамды пәле жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға тығып қояды.

3.2.Көзтастар, тылсым күштері бар асыл тастар: Тылсым сырлы асыл тастар Бізге табиғаттың күш-қуатын сыйлайды. Минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар мен зергерлік әшекей жасайтын ерекше тобын-асыл тастар деп атайды. Біздің данагөй бабаларымыз асыл тастарды ерте заманда-ақ танып, оны пайдалана білген. Солардың қатарына Солтүстік және Батыс Қазақстан жерінен табылған біздің заманымыздан бұрынғы 3 мыңжылдықта тастан жасалған білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктерін, Бесшатыр зираты мен Есік қорғанынан қазып алынған қызғылт сары ақықтан жасалған моншақтарды жатқызуға болады. Жалпы, Батыс Қазақстаннан табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрса, түрлі нефрит, ақық және тағы да басқа тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайында тұр.Өмірде біреулер асыл тасы бар, жүзік, білезікті қолына, сырғаны құлағына, алқаны мойнына жәй әшейін сән-дік үшін тақса, кейбіреулер оның адамға энергия беру көзі, ғарышпен байланысқа түсіру құралы екенін біледі. Ал енді ғалымдардың ай-туынша, осы асыл тастар- дың барлық қасиеттерін бойына жинаған бір мысқалдайы әркімнің денесінде де бар. Табиғатта жетілген элементтер түрінде кездесетін алмаз, көмір, өзен тастары адамның организміне қажет болғандықтан, өзінің саналы күш-қуатымен оның белгілі орталықтарына әсер ете алады. Яғни, ғалымдардың дәлелдеуінше, жүзіктегі, білезік, алқа, сырғадағы асыл тастар адамның энергия қабылдау көздерінде жетпей тұрған күш-қуатты ғарыштан жинап береді Таңғажайыптылығы сол, адамдар саусағына жүзік кигізгенінде ол өз энергиясымен де, минерал ретіндегі табиғатымен де, түсімен де сәйкестене кетіп, үндес энергетикалық орталыққа тартыла бастайтын болып шықты. Атап тұрып айтсақ, сары түсті тастар өзінің бойындағы минералдарымен дененің осы минералдары бар 3-энергетикалық орталығына (манипура – үндіс тілі), ал қызыл түсті тастар төменгі энергетикалық орталыққа (муладхара) қарай тартылады.Адамның қолдары түрлі орталыққа тартылу қабілетіне сәйкес әртүрлі аураға ие. Бас бармақта – қызыл түсті аура, сұқ саусақта – қызғылт сары аура, ортаншы саусақта сары түсті аура, аты жоқ саусақта – көкшіл – күлгін, шынашақта – жасыл түсті аура бар дейді зерттеушілер. Тек аты жоқ саусаққа барлық түсті тасы бар жүзіктерді киюге бола- ды екен. Себебі, бұл саусақтың космостық көкшіл-күлгін түсі қалған энергетикалық орталықтардағы түстерді басқарып отыратын көрінеді. Тағы бір зерттеушілердің анықтаған қызық жағдайы, егерде сіз ортаншы саусағыңызға сары топаз көзді жүзік кигеніңізде сіздің денеңізде энергия жеткіліксіз болса, тас жарқ-жұрқ етіп, ғарыштан күш-қуат жинап оны тиісті орталыққа (асқазан түбіндегі) береді.

Сары, қызғылт сары түсті тастар адамның физикалық табиғатына өте жақын. Сол себепті мұндай тастарды барлық адамдар тағып жүре алады. Жасыл түсті тастар бойында жақсылы-ғы мен жамандығы алмасқан, алайда түбінде жақсылығы жамандығын жеңетін адамдарға тән екен. Күлгін түсті тастар көк (ғарышқа тән) және қызыл (динамикалық) түстердің қоспасынан құралғандықтан, оның адамға әсері өте айрықша өткір. Олай болса, асыл тасты бұйымдар таңдағанда да мамандармен пікірлескеннің ешқандай артықшылығы жоқ. Біз енді жекелеген асыл, қымбат, бағалы тастардың құпия сырларына, табиғатына тоқталсақ.

Қызыл түсті тастар тобы Лағыл (рубин) – минерал, корундтың бір түрі. Ол бірінші класты асыл тас. Лағыл тобына қызыл жақұт, шпинель, пироп, турмалин, тағы да басқалар жатады. Лағылдың жасанды түрлері 19 ғасырдың аяғында-ақ шығарыла бастаған болатын. Лағыл – зергерлік тас. Оны сағат өнеркәсібінде, кванттық генераторларда қолданады. Көп адамдардың түсінігінше асыл тастардың королі – рубин. Алайда зерттеушілер Жер Ананың қойнындағы барлық минералдардың бірдей қымбат екендігін дәлелдейді. Негізінен, лағыл – адамның психикасына күшті әсер етіп, оның мінезін ұштай түседі. Мейірім-ді жан бұрынғыдан да мейірімді, қатал адам бұрынғыдан да қаталданып кетеді. Олай болса, лағыл көзі бар жүзікті сыйларда оны мінезі қан дай адамның тағып жүретінін есіңізге алып, ойланыңыз. Асыл тастардың тылсым сырын зерттеушілердің түсіндіруін-ше, адамдар лағыл жүзіктерді елді өзіне тәнті еткісі келген де, бойын сенімсіздік жайлап алғанда тағу қажет деп ақыл айтады. Мұндай сәттерде әлгі лағыл көзі бар бұйымдар адамдардың ой-санасына, бойына күш-қуат қосады. Және де лағыл сақинаны дұрыс пайдаланып, дұрыс тағып жүрсе ңіз ол сіздің денсаулығыңызға ешқандай зиянын тигізбей, қайта өзіңізге даңқ пен байлық әкелетін көрінеді. Мамандар рубинді айына бір-үш рет, аты жоқ саусаққа, барлық металлмен, ал дұрысы алтынмен көмкеріп кигенді дұрыс санайды. Ең абзалы, қатты ауырып тұрғанда лағылды тақпаған жөн. Анар тастар, гранаттар (анар дәндеріне ұқсастығына байланысты лат. «granatus» - «түйіршік» сөзінен шыққан) – силикаттар класына жататын минералдар тобы.



Гранаттар – барлық қасиеттері жағынан лағылдан кейінгі асыл тас. Гранаттың құрылымы рубиннен (лағылдан) бір саты төмен.

Мамандар гранатты – бейнетқор адамның тасы дейді. Өйткені, ол өзінің түсіне сәйкес эмоционалды жұмыс ырғағын сіңіріп алады екен де, адамға ерекше шабыт, іскерлік қасиеттерді сыйлайтын көрінеді. Гранат таққан адам бұл тастың құрылымының әсерінен бұрынғыдан да жинақы, жылдамырақ бола түседі. Оның табысқа жеткізетін кілт екенін түсінеді. Гранатты қандай металлмен де тағуға болады. Гранат иесіне экономикалық табысқа жетуге көмектеседі. Гранаттар адамның жүйке жүйесіне қажетті күш-қуатын молықтырады. Оны қандай металлмен де таға береді. Зерттеушілер гранат иесін табысқа жеткізеді деп те болжам айтып, еліктіреді. Негізінен, гранаты бар сақина, жүзіктер адамның сұқ немесе аты жоқ саусағына тағылады. Төменгі энергетикалық орталықтың (ішек-қарын, несіп жолдары жүйесі) жұмысын жақсартады деп есептелетін анартасты бір күн (24 сағат) суға салып қойып, сол суды ем ретінде де ішетіндер бар. Сонан соң бір апта демалу қажет. Гранатты денеңдегі қызыл түсті энергетикалық орталыққа қарайтын бір жерің ауырғанда, соған қоюға болады.



Лал (мейірбан шпинель). Ол өзінің құрылымы жағынан лағылға ұқсас. Оны таққан адамның да мінезі ұшталады, бойына сенімділік бітеді деген пікірлер бар. Мамандар лалды да рубин тәрізді абайлап пайдалануға кеңес береді. Мұндай асыл тасы бар жүзікті адамдар айына бір-үш рет аты жоқ саусаққа алтынмен көмкеріп тағуға тиіс. Оның да емдік қасиеті лағыл тасындай.

Қызыл ақық (сердолик). Өзінің құрылымы арқылы адам биоөрісімен ерекше қарым-қатынасқа түсетін бұл минерал мөлдір емес. Мамандар қызыл сердоликті адамды пәле-жаладан сақтайды деп есептейді. Қызыл ақық адамның психикасына әсер етпейді, адамның (қызыл ақық тасты жүзік таққан) энергетикалық орталықтарын бөтен сұқ көз-ді адамдардың биоөрісінен, қасақана қадалған жанарының отынан сақтайтын күшке ие. Қызыл ақық тасты кез келген металлмен көмкеріп, аты жоқ саусаққа тағуға болады. Тек осындай тасты алқаны мамандардың пайымдауы бойынша, үшінші және төртінші энергетикалық нүктелердің арасына, яғни жүрек пен асқазанның ортасына, қай-қайсын да жаппай, қайсы бір орталықта энергияның көзі болып кетпеуін қадағалай тағуды мамандар еске салады. Қызыл ақық несеп жолдарын, жыныс органдарын суық тию ауруларынан сақтайды деген сенім бар. Әрине, мұның бәрі Аллаһ Тағаланың мейірім шапағатымен жүзеге асатын шипалық емдер ғой. Алайда біз асыл тастардың табиғатын, олардың адам ағзасына тигізетін әсерін жоққа да шығармаймыз.

Бір қызығы, мамандардың айтуынша, барлық қызыл түсті тастар адамның денесінде 6 сағаттан артық тағылып жүретін болса, ол сол кісінің нәпсісін де оятады екен. Оған біреу сенер, біреу сенбес, бірақ та біз осы мақаламызды даярлау барысында пайдаланған медициналық, отбасылық әдебиеттерде, газет-журналдарда солай деп жазылған. Қазақ атамыз: «Білгенге-маржан», - дейді ғой. Сондықтан да біз бұл болжамдарды да оқырмандардың назарына сала кетуді жөн көріп отырмыз.



Қызғылт сары түсті тастар Зерттеушілер қызғылт сары түсті тастарда жерге деген махаббат және нәзіктік пен ізгілік тұнып тұр дейді. Қызғылт сары түс – күшті энергетикалық антисептик. Қызғылт сары яшма. Бұл минерал да мөлдір емес. Ма-мандардың есептеуінше, ол өз иесін қоршаған ортамен үйлесімділікке жетелеп, пә-ле-жаладан сақтап, адамның қызба, еліктегіш қасиеттерін, махаббат сезімін оятуға әсер етеді. Мұндай тасты түйреуіш, кулон, галстук тасы ретінде барлық металлмен көмкеріп, сұқ саусаққа, аты жоқ саусаққа тағып жүреді.

Падпараджа. Мөлдір түсті минерал әрі жарық. Ол та-биғатта сирек кездеседі. Зерттеушілердің әспеттеуінше, оны таққан кісі тастың қуатты күшімен махаббат азабынан қ тылып, адамды сақтап, қорғайды. Оны таққан адамның махаббат сезімі күшейеді. Бұл тастың несеп жолдарының, жыныс органдарының суық тиіп ауруын қорғайтын қасиеті бар.

Қызғыл сары опал. Түсі күн сияқты жарқырап тұрады. Құрылымы тұрақты. Энергиясы күшті бұл тастың адамға сыйлайтыны: махаббат, құштарлық, қуаныш, бақыт. Мұндай көзі бар жүзік, алқа таққан адам шаршап, шалдықпайды. Осы тастан жасалып, күміспен қабысқан жүзікті адамдар оң қолының сұқ саусағына, аты жоқ саусағына тағады, басқа да әшекей етіп пайдалана алады. Қызғылт сары опал адамның несеп жолдарына, жыныс органдарына шипалы. Сары түсті тастар Сары түсті тастар - өмірге деген іңкәрлық символы болып сенімге ұялаған. Сары берилл. Ол – сақиналы силикаттар тобына жататын минерал. Бериллдің жасыл түстісі-изумруд, көк және көгілдірі-аквамарин, қызыл, қызғылт түстісі воробьевит, сарысы-гелиодар деп аталады. Берилл жылтыр, қатты. Асыл тастардың табиғаты туралы болжам айтушылар: ол өзінің энергиясымен үшінші орталықты-астралды әлемнің «шабуылынан қорғайды». Ол басқа металлдардың ішінде күміске ерекше жақын. Металлмен көмкерілген, осындай тасы бар жүзікті аты жоқ немесе ортаңғы саусаққа, сол қолға салып тағады. Сары берилл ер адамға жақын тас.

Сары топаз. Ол – ғажайып мөлдір минерал. Бұл асыл тастың түрлері аз емес. Соған қарамастан, олардың ішінде сары түсті энергетикалық әсері өте күшті асыл тас. Зерттеуші мамандар сары топазды бақытты тасқа жатқыза-ды. Олар: «Сары топазды түнде басқа жастап қоюға, төсектің жанына төбеден жоғары ашық кеңістікке іліп қойған жөн. Сонда ол адамның ұйқысын бір қалыпқа келтіріп, ұйқыдан шошып оянудан, ұйқылы-ояу сөйлеуден, қорылдау дан емдеп жазады»,- дейді. Зерттеушілер мұны әлемдік тәжірибеге арқа сүйеп айтады, осылайша ой қорытып, адамның үмітін үкілейді. Сары топазбен неврастения, лейкоцитоз ауруларына әсер етуге болады деген пікір қалыптасқан.

Сары циркон. Әдемі асыл тастардың бірі. Тек қана құрылымы жағынан сары топаздан әлсіз. Сол себепті адамдармен де қарым-қатынасы әлсіз саналады. Көп адамдар пәле-жаладан сақтайды деп оны бойтұмар етіп тағып алады. Жалғыз-ақ есте болатын жағдай дініңе, ұлттық салт-дәстүріңе, наным-сеніміңе сәйкес саған қандай бой-тұмар қажет, сол туралы ойланып алып қана, мұндай тастан бойтұмар тағасың ба, тақпайсың ба, өзіңнің шешкенің дұрыс. Мамандар сары циркон, адамның ақылын толыстырады дейді. Осы тастан жасалып, барлық металлмен көмкерілген сары цитронс жүзігін оң қолдың сұқ, ортаншы саусағына салады. Гиацинт. Бұл минерал жартылай мөлдір. Адамның психикалық энергиясын күшейтеді деп есептеледі. Гиацинт – адамға екі жақсы әсер ететін тас. Біріншіден, ол адамның жақсы қасиеттерін дамытады. Екіншіден, ол адамды бір-бірімен ұрыстырып та қояды. Бұл тас өз қателігін түсініп, оны түзеткен адамдарға ғана бақыт әкеледі. Мамандар бұл таспен де ішек-қарын, асқазан ауруларын түзеуге болады деп жорамал айтады.

Сары түсті тастардың ішінде сары ақық (сердолик), янтарь да бар. Сары ақық – ғажайып минерал. Өңдеп, тегістеуге әдемі. Бойтұмар тасқа пайдаланады. Янтарь болса, бұл – беріш болып қатқан шайыр, бойында миллиондаған жылдардың энергиясы бар деп айтылады. Бұл тас энергияны жинақтап, 3 энергетикалық орталыққа береді де, ой-сананың, адам ағзасының белсенді жұмыс істеуіне ізгі ықпалын тигізеді.

Жалпы, табиғатта жасыл, көк, көгілдір, басқа да түсті тастар бар

3.3. Асыл тастарды жұлдызнамаға қарап таңдаңыз: Асыл тастар иесін келеңсіз жәйттен сақтап, сәттілік әкеледі дейді болжамшылар. Жұлдызшылардың айтқанына құлақ  асқан артық болмайды. лағыл Егерде сіз тоқты белгісіндегі жанға асыл тасты бұйым сыйлауды жоспарлап жүрсеңіз, оған лағыл (рубин), яғни қызыл түстісін сатып алыңыз. Бұл ұзақ әрі берік махаббаттың белгісі. Сүйгенадамыңызға сыйға берсеңіз қарым-қатынастарыңыз мықты, сүйспеншіліктеріңіз,сезім сақталады, дейді жұлдызшылар. Сонымен бірге тоқты белгісіндегілер үшін бақыт әкелетін тастың бірі гаухар. Барлық істе сәттілік әкеледі, аурудан, келеңсіз жәйттер мен көз өтуден сақтайды. Қорғаныш ретінде гаухар тасты жүзікті сол қолға және алқасын тағады.  Торпақтар асыл тасты зергерлік бұйымдардың сәнділігіне аса мән береді. Олар заманауи үлгідегі және сирек кездесетін тастарды таңдайды. Торпақтар үшін бақыт тасы аспан түсіндегі мәселен көгілдір ақық, ( бирюза), жақұт (сапфир) — көз тиюден сақтайды. Махаббатты қорғайды, үйге тыныштық, мамыражайлылық сыйлайды. Алайда ақықты тек жастар таққаны жөн. Ал 30-дан асқандар одан бас тартқаны жөн.  Егіздер зергерлік бұйымдардың әдемілігіне қызығады. Арзандарына да құмар. Бұл белгіде туылғандарға ұсақ көзді гаухар, (бриллиант), топаз, меруерт (изумруд) тасы бар, артық безендірілуілері жоқ бұйымды сыйлаған жөн. Егіздер үшін аталған тастар сәттілік әкеледі. Мұндай зергерлік бұйымдарды атақты актриса Анджелина Джолидан көругеболады.  Шаяндарға ешқашан ыдыс аяқ жиынтығы, стақан сыйламаңыз. Бұл оның жүрегін жаралуға, нәзік болмысына өзгеріс әкелуге апарады. Олар үнемі жақындары мен айналысындағылардан ерекше пайдалы

сый күтеді. Шаян су мен Ай белгісі болғандықтан оларға інжу (жемчуг), маржан(коралл), құлпырма тас (перламутр), ай тасты (лунный камень) бұйымдар табысеткен дұрыс. Бұл оларға бақыт әкеледі. Арыстан үшін алтын бұйымдардан артығы жоқ. Дегенмен бұл металдан жасалған бұйымның дизайнына, көлеміне аса мән беру міндетті. Арыстан белгісінде туылғандарға әшекейдің біреуін немесе бірнешеуін таққан ұнайды. Ал сырғаның көзге көрінетін қалайды. Арыстандар үшін лағыл (рубин), топаз және гаухар тасты (бриллиант) зергерлік бұйым пайдалы.Әрдайым өз ортасында беделін көтеріп, ерекшелендіріп тұрады. Бикештер үшін сыйлықтың қарапайым, әрі сапалы болғаны маңызы. Олар інжу,(жемчуг), гаухар (бриллиант) қажетті. Бұл белгіде туылғандар үшін бақыт әкелетін тастардың бірі көкшіл түсті минерал (нефрит). Ол бикештерге конкурс,сайыстарда сәттілік әкеледі және иесін сырт көздерден қорғайды. жақұт Сәнді әрі көлемді және қымбат металдан жасалған зергерлік бұйымдар таразылардың басын айналдырады. Олар қолтырауын бейнеленген үлкен сақина тағуға құмар. Таразы белгісінде туылған қыздарға гаухар тасты (бриллиант) бұйым үнемі жаңа өзгерістер әкеледі. Сондай-ақ жақұт (сапфир) және жасыл ақық (аквамарин) сәттілік сыйлайды оларға. маржан Сарышаяндар белгілі бір мағынасы бар зергерлік бұйымдарға мән береді. Оларға арналған жасыл ақық (аквамарин), маржан (коралл) және анартас (гранат) яғни күрең-қызыл түсті асыл тасты сыйласаңыз қателеспейсіз. Маржан сарышаяндардың нәзіктігін көрсетеді және жасыл ақық жұмсақ мінезін байқатады. Анартас қиындықты жеңуге септігін тигізеді дейді жұлдызшылар. Мерген белгісінде туылғандардың сары түсті топаз немесе көкшіл көзді мөлдір тасты (аметист) бұйымдарды таққаны дұрыс. Бұл тас- махаббаты жауапсыз қалғандарға көмектеседі, тас жүректерді жібітеді дейді болжамшылар. Сондай-ақ мергендерге алтын бұйым, ақ алтын (платина)және күміс пайдалы. Тауешкілер үшін лағыл тас (рубин)аса маңызды саналады. Олар ескі үлгідегі мағынасы бар зергерлік бұйымдарды ұнатады. Сирек кездесетін, тіпті қолөнер шебері жасаған асыл заттарды сатып алса артық болмайды оларға. Өмірін жеңілдетеді, қиындықтан тез шығуға көмектеседі. Суқұйғыш аты айтып тұрғанындай су секілді, мөлдір, көк түстілерге жаны құмар. Олар арзан мен қымбат зергерлік бұйымдарды үйлестірудің шебері. Бұл белгіде туылғандарға жақұт(сапфир) және көкшіл түсті мөлдір асыл тас (аметист) маңызды. Балықтарға өзен және теңіз інжуін (жемчуг) таққан дұрыс. Бұл белгіде туылғандарға міндетті түрде ақ алтын, күмістен жасалған бұйымдар сыйлаған жөн. Балықтар аса сән қумайды. Олар өз талғамына сенеді. Зергерлік бұйымдардың классикалық үлгіде болғаны дұрыс.


Қорытынды бөлім. Айта берсек қазақтың әшекей бұйымдары өте көп. Қорыта айтқанда, қазақтың халық өнерінің  жете дамыған түрлерінің бірі  қазақтың әшекей бұйымдары арқылы  халық педагогикасының  зергерлік өнері жайлы насихаттау және оны дамыту ұлттық мәдениетіміздің  тарихында өзгеше орын алады. 

Әдебиеттер тізімі

1. //Жұлдыз, 1976, №8.-180 б. 2. Тоқтабаева Ш.Ж. Қазақ зергерлік өнері. А.,2011. -67-68 бб. 3. Егізбаева М. Қазақ халқының дәстүрлі материалдық мәдениеті. А., 2012. -91-92 бб. 4. Тохтабаева Ж.Ш. Серябрянный путь казахских зергеров. А.,2005.-с. 93- 94. 5. Сычева Н. Ювелирное украшения народов Средней Азии и казахстана. М.,1984. -с.124. 6. Казахское прикладное искусство. А.,1986. т.1.-с.34. 7. Қазақтың зергерлік әшекейлері. А.,1985.-7 б. 8. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. А.,1977. -45 б. 9. С. Қасиманов Қазақ халқының қолөнері. А.,1995. -130 б. 10. //Ана тілі, 1991, 4 шілде. №27, -8 б.

(Сілтеме: «Абыз» газетіне дайындалған)

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Авторлар: Солтиева Б.Ш.

Session: ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Категория: Білім және ғылым



Версия для печати
Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет