Зертханалық жұмыс №1



жүктеу 132.61 Kb.
Дата17.04.2019
өлшемі132.61 Kb.

Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Кәдімгі және қабыршақты амебаның кұрылысы.
Систематикалық орны
Бір жасушалы жануарлар - Protozoa

Саркомастигофоралар типі - Sarcomastigophora

Класс саркодалылар- Sarcodina

Отряд Амебалар- Amoebina

Өкілі Кәдімгі амеба- Amoeba proteus

Отряд Қабыршакты амебалар - Testacea

Өкілдері Арцелла Диффлюгия

Отряд фораминифералар -Foraminifera

Өкілдері Бір және көп камералы фораминифералар

Мақсаты: Кәдімгі амебаны мысалға ала отырып, кұрылысы карапайым жалған

аяктылыр класына тән ерекшелітерді анықтау.



Тапсырма: Амебаның құрылысымен танысып, козғалысын бақылау.

Қабыршактарының құрылысымен танысу. Фораминифералардьщ жай және

күрделі қабыршақтарын микроскоппен қарау.

Құрал-жабдыктар: кестелер (қарапайымдылардың систематикасы, амебаның

құрылысы) амебаның және қабыршақты амебаның тұрақты препараты.


Жұмыстын барысы:
Уакытша препарат жасап, амебаны тауып, оны әртүлі ұлғайтқышпен карау. Амебаның қозғалуын, коректенуін бақылау. Амебаның суретін салып, онда эктоплазманы, эндоплазманы, жалған аяктарды, ядроны, асқорыту және жиырылғыш вакуольдерін керсетіңдер.

Дизентерия амебасының даму циклымен кесте аркылы танысыңдар. Қабыршақты амебаның құрылысымен танысып, арцелланың және диффлюгияның суреттерін салыңдар.

Қайталауға арналған сұрактар:

1. Біp жасушалылардың қандай типтерін білесіңдер?

2. Карапайымдылардың козғалу органеллаларын атаңдар.

3. Жалаңаш амебалар мен қабыршақты амебалардың қандай ұқсастыктары мен айырмашылықтары бар.

4. Цистаның түзілуінің қандай биологиялык манызы бар?

5. Амебалар қалай көбейеді?

6. Фораминифералра калай көбейеді?

Зертханалық жұмыс №2
Такырыбы: Талшықтылардың құрылысы және тіршілік циклымен танысу
Систематикалық орны
Бір жасушалы жануарлар - Protozoa.

Тип Саркомастигофоралар - Sarcomastigophora.

Класс Талшықтылар- Mastigophora

Класс тармағы Өсімдік тектес талшықтылар- Phytomastigin

Өкілі Жасыл эвглена- Euglena viridis

Отряд Фитомонадалар- Phytomonadina

Өкілі Вольвокс- Volvox

Отряд Кинетопластидтер- Kinetoplastida

Өкiлi Трипанозома- Trypanosoma sp.

Мақсаты: Еркін тіршілік ететін талшықтылардың өсімдіктермен ұқсастығын

аныктау. Талшықтылардың колониялы және паразиттік тіршілік ететін

формаларымен танысу.

Тапсырма: Эвгленаның дене пішінімен және козғалу тәciлiмeн танысу.

Вольвокстың колониясымен танысу.

Құрал-жабдықтар: кестелер, фиксацияланған вольвокстер, трипаназоманың

препараты, препараттар жасайтын әйнектер, пипеткалар, су құйылған ыдыс.

Жұмыстың барысы:

Эвглена өсірілген ыдыстан бip тамшы су алып, уакытша препарат жасап, оны микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қараңдар. Эвгленаның денесі жұқа қабықша — пелликуламен қапталған.

Трипаназоманың құрылысымен танысып, суретін салыңдар.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Эволюциялық теория тұрғысынан қарағанда талшықтылар класының қандай маңызы бар?

2. Талшықтылардың өсімдіктерге ұқсас белгілерін айтыңдар?

3. Эвглена жарықта және қараңғыда қалай коректенеді?

4. Стигма дегеніміз не?

5. "Миксотрофты" қарапайымдар деген терминді түсіндіріңдер.

Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Грегаринаның құрылысы және тіршілік циклы
Систематикалық орны
Бір жасушалы жануарлар - Protozoa.

Споралылар типі — Sporozoa

Класс Грегариналар-Gregarinina

Отряд нағыз Грегариндер-Eugregarinidia

Өкілі Грегарина- Gregarina sp.
Мақсаты: Грегаринаны мысалға ала отырып, паразиттік тіршілік ететін қарапайымдармен танысу.

Тапсырма:Ұн қоңызының личинкасынан уақытша препарат жасау.

Грегаринаның құрылысымен танысып, оның тіршілік циклының әртүрлі фазаларымен танысу. Препаратты микроскоппен қарап, одан грегариндерді табу.



Құрал-жабдықтар: Қара таракан немесе ұн қоңызының личинкалары. Грегаринаның микропрепараттары. Заттық және жабын шынылар, физиологиялық ерітінді, пипетка, кармин, пластилин, сүзгі, қағаз, қайшы, пинцет.
Жұмыстың барысы:
Грегариналардың құрылысымен танысу үшін екі обьекті пайдаланылады: кара таракан және ұн қоңызының личинкалары. Егерде кара таракан пайдаланылатын болса, онда оның арқа жағынан кeciп,ішегін бөліп алып, ортаңғы ішектi физиологиялык ерітінді құйылған ойыс заттық шыныға салу керек. Егерде, ұн коңызының личинкасы пайдаланылатын болса, онда онын бас және артқы бөлімін қайшымен алып тастап, пинцетпен ішегін шығарып, оныда физиологиялық ерітіндіге салып, езу керек. Ерітіндіден 1-2 тамшы сұйықтық алып микроскоппен қарау керек. Препараттан грегариналарды тауып, дене бөліктерін ажыратыңдар. Пелликула, эктоплазма, эндоплазма қабаттарына назар аударыңдар. Дейтомериттің эндоплазмасындагы ядроны табыңдар. Препаратта бір-бірімен жалғасқан особьтарды да кездестіруте болады. Бұлар-сизигиялар. Грегаринаның сизигия стадиясының және даму циклының схемалық суреттерін салыңдар. Суретте грегаринаның протомеритін, дейтомеритін, ядросын, пелликуласын көрсетіңдер.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Грегаринаның құрылысына қандай ерекшеліктер тән?

2. Спорогония және гаметогония дегеніміз не?

3. Грегаринаның тіршілік циклының ерекшелігі неде?

4. Грегариналардың неге споралылар класына жаткызамыз?



Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы: Кірпікшелі кебісшенің құрылысы
Систематикалық орны
Бір жасушалы жануарлар - Protozoa.

Тип Инфузориялар - Ciliophora

Класс Кірпікшелі инфузория-Ciliata

Отряд Хименостаттар-Hymenostomata

Өкілі Кебісше (Туфелька) - Paramecium caudatum
Максаты: Кірпікшелі кебісшені мысалға ала отырып, қарапайымдардың ішіндегі құрылысы күрделі инфузориялар типіне тән ерекшеліктерді анықтау. Тапсырма: Tipi кебісшені микроскоппен қарап, оның асқорыту, қозғалу, зәр шығару құрылысымен танысу. Үлкен ұлғайтқышпен кебісшенің ядролық аппаратын және трихоцисталарын керу. Кебісшенің құрылысының схемалық суретін салу.

Құрал - жабдықтар: кестелер (кебісшенің құрылысы), тipi инфузориялар. Кебісшенің тұрақты препараттары. Сүзгі қағаз, пипеткалар, заттық және жабын шынылар, бояғыш қызыл конго.
Жұмыстың барысы:
Алдын-ала қызыл конгомен боялған инфузориядан уақытша препарат жасап, цитоплазмадағы органоидтардың құры|лысын қарау.Инфузорияның құрылысына, ас түйірлерін ұстауына, ас қорыту вакуольдерінің цитоплазмада козғалуына, қалдық заттарды сыртқа шығаруына, жиырылғыш вакуольдердің, кызметіне бақылау жасаңдар.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Басқа қарапайымдылармен салыстырғандағы инфузориялардың құрылысының күрделілігі неде?

2. Ядролык дуализм дегеніміз не?

3. Инфузорияның қозғалу органелласының ерекшелігі неде?

4. Инфузорияның көбею жолдарын атаңдар.

5. Коньюгация процесінің биологиялық маңызын түсіндіріңдер.

6. Инфузорияның тіршілігіндегі макро- және микронуклеустің ролі қандай?

7. Инфузорияның шабуыл жасау және қорғану денешіктері қалай аталады?

8. Инфузорияның коректену органдарын атаңдар.

9. Балантидоз ауруынан қалай сақтануға болады?
Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы: Тұщы су гидрасының құрылысы
Систематикалық орны
Көп жасушалы жануарлар - Metazoa.

Тип Ішекқуыстылар - Coelenterata.

Класс Гидрозоа-Hydrozoa

Отряд Гидралар- Hydrida

Өкілі Тұщы су гидрасы- Hydra oligaotis

Максаты: Ішекқуыстыларды мысалға ала отырып, төменгі сатыдағы көп

жасушалыларға тән белгілерді анықтау.



Тапсырма: Tipi гидраның коректенуіне, қозғалуына, тітіркенуіне бақылау жасау. Гидраның сыртқы пішінімен танысу. Гидраның көлденең кесіндісінің,суретін салу.

Құрал-жабдықтар: кестелер ( гидраның құрылысы, ішек қуыстылар типінің,

систематикасы), макро- және микропрепараттар. Гидраның ұзынынан және

көлденеңінен кесінділері
Жұмыстың барысы:
Гидраның тітіркендігіштігін бақылау үшін сірке қышқылымен немесе инеменен әсер етуге болады. Инемен әсер еткенде гидра белгілі бip бағытта жиырылады. Мұндай жиырылу эпителиальды - ет жасушаларының қызметі нәтижесінде болады. Сірке қышқылымен әсер еткенде қармалағыштарындағы атқыш жасушалары белсенді жауап береді. Гидраның денесіндегі әртүрлі жасушаларды анықтап, олардың морфофункциональдық айырмашылықтарына назар аударыңдар.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Ішекқуыстылар мен губкалардың ұқсастығын қандай белгілермен байкауға болады?

2. Гидраларға симметрияның қандай түрі тән?

3. Гастраль қуысы, гастроваскулярлық жүйе дегеніміз не?

4. Гидраның ас қорыту процеci қандай этаптардан тұрады?

5. Ішекқуыстылар қалай көбейед!?

6. Не себепті Ішекқуыстыларды төменгі сатыдағы көп жасушалылар дейміз?




Зертханалық жұмыс №6

Такырыбы: Аурелия аурита жэне актинияның құрылысымен тіршілік циклы
Систематикалық орны
Көп жасушалы жануарлар - Metazoa.

Тип ішекқуыстылар - Coelenterata.

Класс Сцифомедузалар- Scyphozoa.

Отряд Семаостома- Semaeostomae

Өкілі Аурелия аурита-Aurelia aurita

Класс Маржан полиптері-Anthozoa

Отряд Актиниялар- Actiniara

Өкілі Кәдімгі актиния —Actinia



Максаты: Сцифомедузалармен актинияның, сыртқы және ішкі құрылысымен

танысу.


Тапсырма: Аурелия ауританың құрылысымен танысып, схемалық суретін

салу. Сцифомедузалардың даму циклының схемасын сызыңдар. Актинияның,

сыртқы пішінімен танысыңдар.

Құрал-жабдықтар: кестелер (аурелиның құрылысы, актинияның, сыртқы пішіні), фиксацияланған медузалар мен актиниялар. Штативті ұлпа, қол лупасы, демонстрациялық материалдар.
Жұмыстың барысы:
Лупаны пайдаланып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Ауыз қуысын, қармалағыштарын табыңдар. Ас қорыту құрылысымен танысып, ондағы жеке мүшелерді ажыратыңдар. Ұзынынан кесілген актинияның препаратын қарап, онан жұтқыншағын, гастраль қуысынан, септаларды, мезентриялық жіпшелерді табыңдар.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Гидралардың, сцифомедузалардың, маржан полиптерді гастраль қуысының дамуының негізгі бағыттарын көрсетіңдер.

2. Сцифомедузалардың даму циклы қалай өтеді?

3. Сцифомедузалардың жүйке жүйесінің құрылысы қандай?

4. Сцифомедузаларда қандай тіршілік фазасы (полиптік немесе медузалық) басым келеді?

5. Актинияның гастраль қуысында ас қорыту процесі қалай жүреді?

6. Маржан полиптерінің құрылысының және жетілуінің ерекшеліктері қандай?




Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Сорғыш құрттардың құрылысы және тіршілік циклы
Систематикалық орны
Тип Жалпақ құрттар- Plathelminhes.

Класс Сорғыштар - Trematoda.

Өкілі Бауыр сорғыш- Fasciola hepatica.

Максаты: Ланцет тәpiздi сорғыш құрт пен бауыр сорғыш құрттың құрылысымен танысу.

Тапсырма: Сорғыш құрттардың құрылысмен танысу. Бауыр сорғыш құрттардың ас қорыту, зәр шығару және жыныс жүйелерінің құрылысымен танысу.

Құрал - жабдықтар: кестелер (типтің систематикасы, сорғыш құрттардың құрылысы ). Фиксацияланған сорғыш құрттар.
Жұмыстың барысы:
Микропрепараттан табиғи түсі сақталған құрттың пішініне, мөлшеріне, денесінің дорсо-вентральды бағытта қысыңқы келетіндігіне назар аударыңдар. Ауыз және бауыр сорғыштарын табыңдар. Бауыр сорғыш құрттың ас қорыту, зәр шығару және жыныс жүйесімен танысып, оларға тән ерекшеліктерді анықтаңдар. Бауыр сорғыш құрттың ішкі құрылысының және даму циклының схемалық суреттерін салыңдар.

Кайталауға арналған сұрақтар:


1. Сорғыш құрттар мен кірпікшелі құрттарға тән ортақ белгілерді атаңдар.

2. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты сорғыш құрттардың құрылысынан қандай өзгерістерді байқауға болады?

3. Сорғыш құрттардың медициналық және ветеринарлық маңызы неде?

4. Сорғыш құрттардың даму цикліндегі личинкалық стадияларды атаңдар.

5. Фасциолез ауруы адамға қалай жұғады?

6. Аралық ие және ақырғы ие деген ұғымдарға түсінік беріңдер.



Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: Таспа құрттардьң құрылысы және тіршілік циклы.
Систематикалық орны
Тип Жалпақ құрттар- Plathelminhes.

Класс Таспа құрттар -Cestoda.


Мақсаты: көптеген өкілдері адамның кең таралған паразиттері болып табылатын таспа құрттарға тән ерекшеліктерді анықтау.

Тапсырма: Таспа құрттардың стробиласының, сколексінің құрылысымен танысу.

Құрал-жабдықтар: кестелер (жалпак құрттар типінің систематикасы: шошқа

және сиыр цепенінің құрылысы), макро- және микропрепараттар.



Жұмыстың барысы:

Препараттарды пайдалана отырып таспа құрттардың, сколекстерінің әртүрлі типтерімен танысу және бip-бipiмен салыстыру. Сақиналардың құрылысымен танысқанда олардың бас бөлімінен денесінің артқы бөліміне қарай жіктелу ерекшелігіне назар аудару қажет.

Сиыр, шошқа цепендерінің, кең сақиналы таспа құрттың сколекстерінің суретін салыңдар. Суретте сорғыштарын, ілмектерін, мойнын, жеке ілмегін көрсетіңдер.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Кірпікшелі құрттар мен таспа құрттардың құрылысында қандай ортақ белгшері бар?

2. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты таспа құрттардың сыртқы құрылысы қандай өзгерістерге ұшыраған?

3. Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы қандай?

4. Таспа құрттардың ұрықтануы қалай жүреді?

5. Таспа құрттардың тіршілік циклының ерекшеліктерін айтып беріңдер.

Зертханалық жұмыс №9
Тақырыбы: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысы
Систематикалық орны
Тип Буынаяқтылар - Arthopoda.

Тип Желбезектыныстылар-Вranch iata.

Класс Шаянтэр1здшер-Сгш1асеа.

Өкiлi Өзен шаяны- Astacus sp.

Мақсаты: Шаянтәрізділермен таныса отырып, буынаяқтылар типіндегі прогрессивті белгшерді және олардың буылтық құрттармен туыстығын көрсететін ерекшеліктерді анықтау.

Тапсырма: Өзен шаянының сыртқы пішінімен танысып, дене бөлімдерін ажыратыңдар. Өзен шаянының аяқтарының құрылысымен танысып, схемалық суретін салыңдар.

Құрал-жабдықтар: Буынаяқтылар типінін систематикасы, өзен шаянының және төменгі сатыдағы шаяндардың құрылысы. Микропрепараттар.Фиксацияланған шаяндар.
Жұмыстың барысы:
Шаянды алып алдымен арқа жағынан қараңдар. Шаянның денесі баскөкірек және құрсақ болып айқын екіге бөлінеді. Арқа жағынан қарағанда дене сегментациясы өте айқын көрінеді. Сонан соң аяқтарының құрылысымен танысыңдар.
Қайталауға арналган сұрақтар
1. Хитин дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады?

2. Буынаяқтылардың систематикасын айтып беріңдер.

3. Шаянтәрізділер мен буылтық құрттарға тән қандай ортақ белгілерді білесіңдер.

4. Өзен шаянының дене бөліктерін атаңдар.

5. Өзен шаяны желбезегінің құрылысын айтып беріңдер.

Зертханалық жұмыс №10
Тақырыбы: Насекомдардың сыртқы жәнеішкі құрылысы
Систематикалық орны
Тип Буынаяқтылар - Arthopoda

Тип тармағы Кеңірдектыныстылар-Тгаспеа1а.

Класс Насекомдар-Insecta.

Өкілдері: қара таракан, шегіртке

Мақсаты: Қара тараканды мысалға ала отырып, насекомдарға тән ерекшеліктерімен танысу.

Тапсырма: Насекомдардың дене бөліктерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: кестелер, макропрепараттар және микропрепараттар.
Жұмыстың барысы:
Насекомдардың сыртқы құрылысымен танысу. Бас бөлімшдегі мүшелерді ажыратыңдар. Насекомдардың денесін 3-ке бөліңдер. Мүшеленген насекомды картонқағазға орналастырып тігу керек. Мүшеленген насекомның суретін салыңдар. Насекомдардың ішкі құрылысымен танысу. Ішкі мүшелерге қысқаша сипаттама бepіп, суретін салыңдар.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Насекомдарғақ дене бөліктері тән?

2. Ас қорыту жүйесінің бөлімдерін атаңдар.

3. Толық және шала түрленіп дамитын насекомдардың даму стадияларын атаңдар.

4. Ауыз аппаратының құрылысы қандай?



5. Ауыз аппаратының типтерін атаңдар.

6. Насекомдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет