Зертханалыќ жўмыс №1



жүктеу 166.4 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі166.4 Kb.

Әдістемелік нұсқаулық ПМУ ҰС 7.18.1/05

Қазақстан республиканың білім және ғылым министірлігі

С. Торойғыров атыңдағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология және экология кафедрасы

Зертханалық жұмыстарға арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Жануарлар экологиясы» пәні бойынша
050608-Экология мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар


Әдістемелік нұсқаулық ПМУ ҰС 7.18.1/05

бекіту парағы



Бекітемін

ХТжЖ факультетінің деканы ________________Ахметов Қ.Қ.

20____ «_____» __________
Құрастырушы: б.ғ.д., професор. Қаманұлы Ұлықпан _________________
Биология және экология кафедрасы.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Зертханалық жұмыстарға арналған
«Жануарлар экологиясы» пәні бойынша
050608 - Экология мамандығының студенттеріне арналған.

Кафедра мәжілісінде ұсынылған

2009ж. «19» 08 №1 хаттама
Кафедра менгерушісі.....................................Исимбеков Ж.М.
ХТжЖ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінен құпталған
2009ж. «25» 08 №1 хаттама
ОӘК төрайымы..................................... Ұ.Д. Бүркітбевна

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1

Тацырыбы: Жануарлар экологиясының теориялық жэне практикалық мәні.

Жұмыстың мақсаты: Экожүйедегі жануарлардың иеленетін орны, маңызын құрлық, су, топырақтағы жануарлардан мысал келтіріп түсіндіру. Жануарлардың, өсімдіктердің ұрықтануына, таралуына әсері. Ауыру таратушы, ауру туғызушы жануарлар.

Құрал-жабдық, материал: Жануарлар әлемінің систематикалық топтарының шығу тегін көрсеткен сурет (дендрохронология), бір клеткалы т.б. омыртқасыз жануарлардың өсіріндісі (культура). Микроскоп, лупа, препараттық әйнек, ас тұзы, пипетка.

Жануарлар өздерінің қоректену, ін қазу, ұя салу, қозғалысы және нәжіс пен зәр шығаруын арқылы қоршаған ортасына аса зор әсерін тигізеді. Өсімдіктің қалдығын ұсатады, өсімдіктерді тозаңдырады, ұрығын таратады, зақымдайды, шірітеді. Суды ластайды немесе органикалық заттардан тазартады. Топырақты сиретеді, ауа және су сіңімділігін жоғарылатады т.б. көптеген жануарлар басқа жануарлардың және адамның ішкі-сыртқы мүшелерінде паразиттік түрде тіршілік етеді. Сондықтан жануарлардың теориялық және практикалық мәні өте зор.



Жұмысты атқару барысы мен реті:

1. Дендрохронологиялық және шығу тегі мен туыстық қатынасын


көрсеткен суретті түсініп сызып алу.

Protozoa - Phagocytellozoa- Раrаzоа – Еumetazoa аймақтарының типтік, кластық құрамын көрсеткен схеманы анықтау.



  1. Арнайы аквариумға өсірген культуралардан амеба, эвглена, инфузорияларды микроскоппен қарап, әрбіреуінің қозғалысын бақылап, белгілеп жазып алу, бұлардың суретін салу.

  2. Екі тамшы судың ортасын қосып, бір жағындағы суды қыздырған инемен жылытқанда инфузориялардың қай жаққа көп жиналғанын бақылап, белгілеп жазып алу.

  3. Дизентерия амебасы, трипоносома, трихомонада, плазмодин қатарлы мал мен адамның паразиттарының дайын препарат арқылы танысу, олардың тіршілік айналымын сызып, белгілеу жасау.

Жұмысты тәмәмдағанын тексертіп, оны бағалату үшін:

а) жоғарыдағы сурет, схемаларды толық жасап орындаған;

б) микроскоптан қарапайым денелі (бір клеткалы) тауып, уақытша
препарат жасап көріп, бақылау жасап, қорытындылап жазу;

в) инфузорияның термотаксис қозғалысын бақылап қорытынды жасау;

г) тіршілік айналымы деген не? Паразиттың иесі деген не? Иелер қалай-
қалай бөлінеді деген сұрақтарға жауап беру керек.

Әдебиеттер


  1. В. А. Догель. Зоология беспозвоночных, М.,1981

  2. И. X. Шарова. Зоология беспозвоночных, М.,2002

  3. А. Л. Зеликман практикум по зоологии беспозвоночных, М.,1971

Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: Қоршаған ортаның негізгі абиотикалық факторларының жануарларға әсері және жануарлардың жауап реакциясы.

Жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортадан жануарларға әсер ететін температура, ылғал, су, жел, жарық сияқты абиотикалық факторлардың әр түрлі жануарларға тигізетін әсері бәріне бірдей емес, бір түрлі жануарға жайлы фактор, басқа бір түрдің жануарына қолайсыз болатынын зертханалық жолмен анықтап тексеру.

Құрал-жабдық, материал: термометр, гигрометр, люксметр, жауын құрты, тарақан дафня. Мұзатқышқа қойып суытқан және +5,10,15ْ С-қа жылытқан су, топырақтың пробтары, электр плиткасы.

Тіршілік етуші ортасының температурасы, ылғалы, жарығы азайып, не көбеюіне байланысты жануарлар оған сәйкес әртүрлі жағдайда жауап қайтарады. Бұл жануарлардың орта факторын сезініп, өзінің тіршілік әрекетін өзгерту арқылы ортаның факторына бейім болатынын көрсетеді. Ортаның факторының өзгерісін сезініп оған жауап қайтару арқылы жануарлар әр түрлі факторлардың кенет өзгерістерінен өзін қорғап қалады. Ортаның факторы қолайлы болса, жануарлар сол фактордың келу бағытына қарай бағытталып қозғалады. Бұны жағымды фактор дейді. Егер қолайсыз болса (фактордың күші жетіспесе немесе тозу мөлшерінен асып кетсе), жағымсыз фактор деп аталады. Фактордың әсер ету көзіне қарай қозғалуды тура қозғалыс, фактордан алыстап қозғалуды кері қозғалыс (таксис) деп атайды.



Жұмысты атқару реті:

  1. Жауын құртын 5ْ , 10ْ , 15ْ жылы топыраққа және мұздатқышқа қойп суытқан өте суық топыраққа салып көріңіз, бұл топырақтар өзара жалғас қойылсып 10 минуттан кейін жауын құрты неше градустағы топырақта болғанын белгілеп. Оларға жағымды температура қандай екенін тексеріңіз.

  2. Жауын құртын салыстармалы ылғалдығы әр түрлі топырақтардың арасын жіберіп, қандай ылғалдықты таңдайтынын тексеріңіз. Топырақты кептіру арқылы ылғалдығын әр түрлі жағдайда дайындаңыз. Бұларды бір ыдысқа қатарластырып ортасынан өзара жалғас (жауын құрты бір топырақтан екіншісіне еркін өтуі үшін) болдырып салыңыз.

Ол топыраққа 5-6 жауын құртын салып 10,15,20 минуттан соң жауын құртты топырақтың қай бөлшегінде жиналғанын тексеріп көріңіз. Бұл топырақтан проб алып, оның ылғалдығын тексеруге болады. Ол үшін алғашқы салмағын өлшеп, сонан соң 105ْ - тық сушильный шкафта 12 сағат кептіріп соңғы салмағын өлшеу арқылы ылғалдығын есептеу.

  1. Электрлік плитканың қызуын азайтып көбеуту арқылы. Тарақанның қандай жылулықты сүйетін, қандай мөлшердің суығынан қашатынына көз жеткізу.

Шыны ыдыстың (бюкс) бір жағына суық топырақ, екінші жағына суық топырақты толтыру арқылы жылылықты тарақан қалай талғайтыны туралы мәлімет алу, топырақты ары қарай электр шамымен немесе электр плиткасымен қыздырып температурасын жоғарылату арқылы қанша градустық ыстыққа жеткенде тарақандар салқын топыраққа қарай жиналатынын белгілеп жазу.

Су жануарларынан дафняның су температурасына қайтаратын жауабын (қозғалысын ) белгілеу. Суық суды жылытып температурасын қосу арқылы қандай температура дафняға жағымды, қанша жылылықты төзе алатынын бақылып, белгілеп алу керек. Жұмыс 4 сағаттық сабаққа арналған.



Жұмыстың қорытындысын бағалау: бұл жұмысты студент қалай атқарғанын оларды белгілеп жазып алған температура, ылғалдың мөлшеріне қарап ол кезде жануарлар қандай қозғалыста болғанына жасаған қорытындысын бағалайды.

Әдебиеттер

  1. Н. М. Чернова, А. М. Былова. Экология, М.,1981

  2. И. А. Шилов. Экология, М.,1998

  3. Н. А. Рыков. Зоология с основами экологии животных, М.,1981

  4. С.Д. Фазылов т.б. Экология (лекциялық курс). Павлодар, 2005

  5. Н. П. Наумов. Экология животных М., 1963.


Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Экологиялық талаптарына сәйкес жануарларды экологиялық топтарға бөлу.
Жұмыстың мақсаты: температура, ылғал, жарық, қоректік факторлардың ауытқу мөлшеріне төзімділік қасиетін тексеру арқылы жануарларды термофиль (жылу сүйгіш), криофиль (салқын сүйгіш), мезофиль (ылғал сүйгіш), ксерофил (құрғақ сүйгіш), фотофиль (жарық сүйгіш), фотопоб (қараңғы сүйгіш) т.б. топтарға бөле білуге қабілетін жетілдіру.
Құрал-жабдық, материал: максималь, минималь термометр, топырақ, дафня, циклоп, гидра, сүлік, ұлу, суіңкәр қоңыз өсірілген аквариумдер рН-метр; ұлу, ыдысқа өсірген бидайың немесе жоңышқа, көшпелі электр шамы.
Әр түрлі жануарлар қоршаған ортаның факторларының көп не аз мөлшерде ауытқуына төзуі тұрғысынан бірдей еместігін дәлелдеп, осыған байланысты жануарларды эврибионт, стенобионт деп топтайтынын білеміз. Жылудың көп мөлшерде ауытқуына төзетін жануарларды эвритерм, аз мөлшерді төзетінін – стенотер; ылғалға байланысты: эвригигробионт және стеногигробионт; эврифаг, сигенофаг т.б. деген топтарға бөледі.
Жұмысты атқару реті:

  1. рН-метр арқылы судың немесе топырақтың рН-ын анықтау рН-мөлшері ең аз, ең көп нейтролға жуық суға гидра, сүлік, суіңкәр қоңыз, дафня, циклоп сияқты жануарларды 5-10 данадан салып 24 сағат болдыру. Олардың тіршілік жағдайында қандай өзгерістер пайда болғанын бақылау, қорытындылап жазу. Қайсысы қандай өзгерістер пайда болғанын алғашқы санынан өлген даралардың санын тексеру. рН-тың мөлшерін қаншаға өзгерткенде, олардың тіршілік белсенділігі нашарлап, өле бастағанын тексеру.

  2. а) Судың температурасын жоғарылатып қосу, төмендетіп азайту арқылы температураның ауытқу мөлшеріне төзімділігін тексеру.

б) Топырақты қыздырып жылыту арқылы тарақанның қанша жоғарғы градусқа дейін белсенді қозғалыста болатынына көз жеткізу.

3. Жарықтың мөлшерін азайтып көбейту арқылы дафня, циклоптар қандай жарықты сүйетінін анықтау (15 вт, 25, 40, 60, 90, 100 вт. лампасын пайдалану).

4. Жоңышка, бидайық егілген ыдыстағы өсімдікке су шашып ылғалды молайту ауасы ылғалсыз жағдайдағы өсімдіктерге ұлуларды орналастырып, ауаның ылғалдығы қаншаға жеткенде ұлулар топырақтан жоғары қарай (өсімдікке өрмелеп) көтерілетінін астерометр немесе аспирациялық термометр арқылы анықтау.

5. Жұмысты аяқтаған соң тәжірибе жасаған жануарларды экологиялық топтарға бөлу (эвритерм, стенотерм, эвригигробионт, стеногигробионт, эврифот, стенофот).

6. Жұмысты 4 сағаттың сабаққа сиғызып атқарады.

Зертханалық жұмысты бағалау:

а) жұмысты атқарған туралы қорытындылап жазу.

б) қорытынды дұрыс, реттері нұсқама бойынша атқарылған болу керек.

в) жұмыстың маңызы мен мақсатын толық түсінгеніне ауызша сұрау арқылы баға беріледі.


Әдебиеттер

  1. Н. П. Наумов. Экология животных, М., 1963

  2. Н. А. Рыков. Зоология с основами экологии животных. М.,1981

  3. Н. М. Чернова, А. М. Былова. Экология, М., 1981.


Тәжірибелік жұмыс № 4

Тақырып: Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық және тәуліктік құбылыстар, олардың қоршаған орта факторларымен байланысы.

Мақсаты: Жануарлар маусымға немесе тәуліктің күндіз бен түнгі сағаттарында өзінің тіршіліксипатын және белсенділігін өзгертіп , сол арқылы ортаның маусымдық, тәуліктік өзгерістеріне жауап қайтаруын жете түсіну.

Жұмысты бастау алдында оқытушы маусымдық тәліктік құбылыстарға жануарлар қалай бейімделетіні туралы, осылайша бейімделудің жануарлар тіршілігіне маңызы туралы студенттерге қайтадан ескертеді. Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық , тіршіліктік құбылыстардың бәрі де қоршаған ортаның факторлары, маусым немесе тәулік бойынша өзгеретіндігіне байланысты екеніне талдау жасау үшін бұл жұмыс атқарылады.

Құрлықта тәуліктік өзгеріс өте кенет, шұғыл терең мөлшерде жүріледі, суда тәуліктік өзгеріс онша қарқынды емес, ал топырақта тәуліктік өзгеріс баяу, қарқынды, аз түрде жүрілетіндігіне байланысты жануарлардың тіршілігіндегі өзгеріс құбылыстарының байқалу да осыған сәйкес келеді.

Құрал – жабдықтар, материалдар: бинокль, монокль, сапер күресі, целафан дорба термометр, жаңғақтың, күнбағардың тұқымы, ет, астық тұқымдары.

Жұмысты атқару реті: Жануарлардың маусымдық құбылыстарын күзде немесе қыста қала ішіндегі синантроп құстардың ұясын және топырақтағы қыстап жатқан жәндіктердібақылау арқылы жүргіземіз.

Жазда әртүрлі жеміс жидектермен, жәндіктермен қоректенетін торғай, қарға, сауысқан, кептерлер қатарлы құстар қыста қала ішнде көшеде, стылатын тұқым, дәндермен немесе тамақтың қалдықтарымен қоректенуге көшеді. Олардың қанат, қауырсындары, ұлпа жүндері қалай қалыңдағанына назар аударыңыз

Біраз күнбағар тұқымын немесе жаңғақты мектеп ауласына шашып қойып, алыстан бинокль, моноколмен қарап байқаңз.

Топ торғайлар ұшып келіп тере бастаса іле шала сауысқан, кептер, қарғалар келеді.Олар бірін-бірі қалай қорқытатынына назар аударыңыз. Жазда бұл құстардың арасында мұндай таластар болмайтын себебі неде?

Сауысқан, қарға, кептердің қысқы ұясын бақылаңыз. Олар кешке қай мезгілде ұясына қайтады екен. Ұясын елді мекенге салуының себебін талдаңыз.

2. Қарашаның басында бақшадан, өзен бойының шалғынынан топырақтың 10 см-ге целафан дорбаның әрбіреуіне 2 кг мөлшерінде топырақтан салып 4 пробасын (шалғыннан-4, бақша топырағынан-4) топырақта қыстайтын жәндіктерді жинап, олар сыртынан құбыршақ қабықпен немесе жапырақпен оранғанын байқаңыз.

Бұл жәндіктер қай топқа жататын қандай түрлер. Өсіп жетілуінің қай сатысында екенін анықтаңыз.

3. Аквариумдағы ұлу, дафня, циклоптар күндіз судың қандай қабатында, түнде қандай қабатта болытынын бақылап қорытынды жасаңыз.



Жұмысты бағалату үшін:

1.Қандай түрдің құсының қоректену сипатын қалай бақылағаныңызды қорытындылап жазыңыз.

2.Бақылау көріністерін теориялық дәрістен алған біліміңізге ұштастыру керек.

3.Әрбір студент әртүрлі құстарды әртүрлі жем беріп және әртүрлі сағатта бақылауға болады.

4.Топырақ жәндіктерін анықтау, бақылау қорытындысын жазыңыз.

Әдебиеттер:

1.Н.П.Наумов. Экология животных М., 1963.

2.Н.М.Чернова, А.М.Былова. Экология М., 1981.

3. И.А.Шилов. Экология. М.,1998.



Тәжірибелік жұмыс № 5

Жұмыстың тақырыбы: Жануарлардың кеңістіктегі бағдары.

Жұмыстың мақсаты: Жүйке жүйесі дамымаған және жүйке жүйесі дамыған жануарларда кеңістікті бағдарлау деңгейі бірдей еместігін, жүйке жүйесі жақсы дамыған жануарлардың кеңістікті бағдарлауы жоғары, биологиялық жағынан қолайлы екенін тәжірибелік бақылау арқылы анықтау.

Құрал-жабдық, материалдар: микроскоп, препараттық әйнек, мақта талшықтары, қарапайымдар культурасы бар аквариум, бақшадан алынған топырақ (5 см-лік тереңдіктен алынады) жауын құрты. Және құстардың бағытын желді, желсіз күндерде бақылайды.

- Кеңістікті бағдарлай алу қабілеті жануарлардың тіршілігіне аса маңызды. Бағдарлау арқылы жоғары сатыда өркендеген жануарлар өздеріне қолайлы орын, мекен-жайын, қауіпсіз жерлерді оңай табады. Бағдарлау жүйке жүйесінің жетілуіне тура байланысты. Құстар мен сүтқоректілерде орталық жүйке жүйесі жақсы жетілгендіктен өзінің бағдарын жақсы біледі.



Жұмысты атқару реті:

  1. Қарапайым денелер өсірілген аквариумнан кебісше (инфузория), эвгленаны алып бірнеше тамшы сумен бірге препараттық әйнекке қойып қозғалыс бағдарын

мұқият қарап бақылаңыз.

  1. Мақта талшығын сол тамшы суға салып қойыңыз. Олардың бағыты сол мақта талшығының бойымен қайталана беретініне зер салыңыз. Бұған қандай қорытынды жасайсыз.

  2. Топырақта жауын құртының қозғалысын бақылаңыз. Құрғақ топырақ пен ылғалды топырақты жалғас қойып, жауын құрттарын сол топыраққа жіберсеңіз, біраз уақыттан соң барлығы топырақтың ылғалды бөлігіне жиналғанын көресіз. Жауын құртының жүйке жүйесі қандай деңгейде жетілгеніне мән бере отырып, бұл көрініске қорытынды жазыңыз.

  3. Топырақтың бетін электр шамымен қыздырып көріңіз, топырақтағы жәндіктер мен кенелер топырақтың қызған үстіңгі қабатынан төменгі қабатына қарай орын ауыстырғанына куә боласыз.

  4. Желді күні құстар төмендеп және желге сая жолдармен, үйлердің ық жағын жағалай ұшатынын, ал желсіз күндерде аспанға қалықтап үйлерден жоғары шығып ұшатын көріністерін бақылаңыз және қорытындылап жазыңыз. Қандай құс жел қандай кезде қандай бағытпен ұшты? Көріністі 45 минуттай бақылап толық реттеп, суреттеп жазу.


Жұмыстың қорытындысын бағалату үшін:

  1. Қарапайым денелердің сезім қабілеті туралы. Оларда жүйке жүйесі бар ма? Бағытын бағдарлай ала ма?

  2. Құрттар мен буынаяқтылардың жүйке жүйесінің жетілу деңгейі, бағытын бағдарлау қабілеті;

  3. Құстардың бағытын бағдарлау қабілетінің жүйке жүйесінің жетілу деңгейіне байланысын жазып, өзіңіздің бақылау-тәжірибеңізді қорытындылаңыз.



Әдебиеттер:

  1. Н.М. Чернова, А.М.Былова. Экология М., 1981.

  2. Р.Риклофс. Основы общей экологии (перевод с английского) М., 1979.


Тәжірибелік жұмыс №6

Жұмыстың тақырыбы: Антропогендік факторлардың жануарлар тіршілігіне әсері.

Жұмыстың мақсаты: Антропогендік факторлардың (егістік, мал шаруашылығы, қала, өндірістік орындар, орман кәсіпшілігі, шабындық) жануарлар тіршілігіне тигізетін кері әсерлерінің салдарынан жануарлардың алуантүрлілігі азайып, саны сиректеу, қоныс аудару, кейбір зиянды жәндіктердің көбеюі сияқты көріністерді бақылауға арналады.

Құрал-жабдықтар, материал: Сачок, күрек, қармақ, сарқуыш (дночерпатель), су жануарларын жинап, есептеуге арналған сүзгіш тор, рулетка-метр, банкалар.

Адамның шаруашылық, кәсіптік іс әрекетінің әсерінен жануарлардың мекен-жайы, жалпы қоршаған ортаның табиғи құрылымы өзгеріп, сапасы төмендеуіне байланысты жануарлар әлемінің алуантүрлілігі азайып,табиғатқа аса зор маңызды кейбір нәзік жануарлар мүлдем жойылып, төзімді жануарлар ғана қалатындықтан экологиялық тепе-теңдік бұзылуына себеп болады. Өндірістен шыққан немесе мал шаруашылығынан, егістік шаруашылықтарынан шыққан органикалық ылас заттар мен су ыластануы маса т.б. қан сорғыш зиянкес жәндіктер молаюына себебін тигізеді. Орманды кесіп сиретуден ондағы көптеген пайдалы жануарлар (тоқылдақ, шымшық, қараторғай, т.б.) азайып, есесіне ағаштың зиянкестері молаюына әсерін тигізеді.



Жұмыстың атқару реті: Судың мал шаруашылығы қалдықтарымен немесе өндірістік ыластармен ыластанған және ыластанбаған бөліктерін таңдап алыңыз.

І. Таңдап алынған әрбір судан 3 банка (0,5 литрден аз емес) су проб алып лабораторияда 4-5 сағат тұндырып қояды. Содан кейін микроскоп, бинокулярдың көмегімен зерттейді.Қандай түрдің жануарлары кездесетінін тізімдеп жазыңыз. Оларды объективтік торды пайдаланып санаңыз.

а) эудоминант

б) доминант

в) субдоминант

г) резидент

категорияларына бөліп және полисапроб, α- олигасапроб, β-олигосапроб жануарлардың қайсысы басым екенін анықтаңыз.

Бұда судың органикалық қалдықтарымен ыластану деңгейі, осылай ыластанған суда қандай жануарлар жойылып, қандай жануарлар көбейетініне көз жеткізіңіздер.

2. Ыластанбаған табиғи жағдайдағы су көзінен алған пробты да жоғарыдағы ретпен зерттеп көріңіз.

3.Зерттеген екі судың планктон фаунасын салыстырыңыз.



Жұмыстың нәтижесін қорытындылап жазыңыз.

ІІ. Сарқуышты пайдаланып судың түбіндегі тұнбасын алып шығыңыз. Бұл үшін а) Ыластанған судың бөлігінен 3 жерден 3 тұнба пробын, ыластанбаған судан және де 3 жерден үш тұнба алады.

Тұнба батпақты ақ өңді легенге салып, толтыра су құйып араластыру арқылы батпақты езеді. Осылайша бірнеше рет араластырып, суын сүзіп төгу арқылы батпағынан тазартқанда легеннің түбінде қалған жануарлар айқын көрінеді. Барлық жануарларды теріп, санап олардан эудоминант, доминант, субдоминант, резиденттерді анықтайды. Бұлар экологиялық қай топқа жататынын анықтау арқылысу түбінің тұнбасы қалай ластанғанына қорытынды жасайды.
Жұмысты тапсырып бағалату үшін:

а) Биозеноздағы басымдылық реті бойынша эудоминант, доминант, субдоминант, резидент жануарлар тобын дұрыс реттеу.

б) α, b- олигосапроб, полисапроб жануарларды дұрыс анықтау.

в) Судың ыластану деңгейін дұрыс есептеп бағалаған болуы керек.

Әдебиеттер


  1. Н. А. Рыков. Зоология с основами экологии животных. М.,1981

  2. А.В. Макрушин: Биологический анализ вод с приложением списки организмов индикаторов загрязнения Л, 1973

  3. В.И. Жадин: методы гидробиологического исследования М, 1960


Тәжірибелік жұмыс № 7

Жұмыстың тақырыбы: Жануарлардың шаруашылыққа және медициналық маңызы.

Жұмыстың мақсаты: Шаруашылыққа зиянды және пайдалы жануарлар, адамға ауыру тудырушы, ауырудың қоздырғышын таратушы дәрі-дәрмектік өнім беретін жануарлармен таныстырып, олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсінік беру.

Құрал-жабдық, материал: Зоогеографиялық карта, жануарлардың әртүрлі топтарының альбомдары, сачок, ара, балта, альтиметр, целлофан төсеніш.

Жануарлар әлемінің ішінде адамға аса қауіпті вирус, бактерияларды, гельминтоз, зооноз ауыруларын тарататын, шағып уландыратын, қан сорып паразиттік әсерін тигізетін жануарлар; егістік, орманды зақымдап зиян шектіретін зиянкестер; адамдар етін, сүтін, терісін, дәрілік қасиетті ұлпаларын пайдаланатын пайдалылары да аз емес.

Міне, осылардың тіршілік әрекетін, экологиялық ерекшеліктерін біліп, оларды қорғау, өсуіне жағдай жасау, зиянкес жануарлармен күресудің жолын ұғу үшін бұл жұмыс арналады.

Жұмысты атқару әдісі мен реті:

Зоографиялық картадан адамға ең пайдалы және зиянкес жануарларды, атластан олардың негізгі тұлғасы мен бейнесін анықтап белгілеу.



Негізгі жұмысты орманда жүргізеді. Орманнан жапырақтың, бүрдің, тамырдың, ағаштың діңінің зиянкес жәндіктерін жинап, олардың орманды қандай жолмен, қанша мөлшерде жарақаттағанын есептеу;

  1. 100 жапырақтың пробын алып, одан қаншасы қандай мөлшерде зақымдалғанын санап есептеу. Бұл үшін миллиметрлік сызығы бар қағаз парақтарына жапырақты төсеп, сол арқылы жапырақтың ауданының қанша пайызы желінгенін өлшейді.

  2. Зақымдалған ағаштың діңінен 30 см-лік пробты 3 дана кесіп алып, әрбіреуінің жәндіктермен зақымдалған мөлшерін зерттейді. Зақымдалған ауданды есептеп шығарады.

  3. 100 бүрден қаншасы жәндіктерге зақымдалғанын есептеу керек.

  4. Егіс алаңы жақын болса, егістікті жеп зақымданған мөлшеріне есеп жүргізуге болады.

  5. Ағашты шайқалтып сілкілеп, оның түбіне целлофан төсенішті төсеп қою арқылы зиянкестерді теріп алып, лабораторияда бинокулярдың көмегімен қандай түрдің жәндігі екенін анықтайды. Анықтаған жәндіктің тіршілігі, зияны, күресу жолы туралы Щеголовтың «Словарь-справочник энтомолога» кітабынан оқып, белгілеу жасау.



Әдебиеттер:

  1. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных. М., 2001.

  2. Щеголов В.Н. Словарь-справочник энтомолога. М. – Л., 1965.

  3. И.П.Карузина. Биология. М., 1967.

  4. А.Тілменбаев. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері.

  5. Воронцов А.И. Лесная энтомология. М., 1982.

  6. Воронцов А.И. Практикум по лесной этомологии. М., 1973.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет