Зерттелетін өҢірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты қазақстанның ОҢТҮстік су ресурстары қорларына болжам жасау мейрбекова А. С., Омарова Ғ. Е.,Тұрсын Б



жүктеу 76.97 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі76.97 Kb.

ӘОЖ 631.524.28
ЗЕРТТЕЛЕТІН ӨҢІРДІҢ КЛИМАТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК СУ РЕСУРСТАРЫ ҚОРЛАРЫНА БОЛЖАМ ЖАСАУ
Мейрбекова А.С., Омарова Ғ.Е.,Тұрсын Б.

М.Х Дулати атындағы ТарМУ. Тараз қ.
Қазіргі таңда және болашақта да, су тапшылығы Орталық Азия елдерінің дамуын тежеуші басты факторлардың бірі болып саналады. Суды тұтынудың өсуі өңірлік және аймақтық деңгейде суару мен энергетика, экономиканың басқа да салаларының арасында суға деген бәсекелестікке алып келеді. Жерді суаруға өңірлік өзен бассейндерінің 90 % - ы кетуі және одан басқа энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты, әр елде су тұтыну артқан сайын олардың арасында мемлекетаралық су қатынасы да қиындай түспек. Соның нәтижесінде Орталық Азия елдерінде суға деген сұраныс көптеген кикілжіңнің басты себебі болу қаупі бар.

Елбасымыздың жолдауындағы ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерінің ішіндегі төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы. Су тапшылығының және су ресурстарын тиімсіз басқарудың қауіп-қатері Қазақстанның тұрақты эко­но­микалық өсімі мен әлеуметтік дамуы үшін негізгі кедергі болуы мүмкін. «Су - барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда. Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз», - деген болатын Президент Н. Назарбаев.

Су пайдалануды, үнемдеуді және суға деген сұранысты басқарудың нәтижелілігін көтеру , өзендердің төменгі және жоғарғы ағысындағы ағыстарындағы мемлекеттер арасындағы келісімге келуде жетістіктерге жету , су тұтынушылар мен экожүйенің қажеттіліктерін өтеу үшін Арал бассейнінің мемлекеттерінің келісімінің нығаюы талап етіледі. Сондықтан да, климаттың өзгеруі жағдайында, Орталық Азия мемлекеттерінің су ресурстарын басқару стратегиясының басты тапсырмасы - бейімделу шаралары мен , гидроэнергетика мен суармалы жерлердегі су экологиясына деген талаптарының ескерілуі мен бір балансқа келтірілуі. Арал теңізінің су ресурстарын бірігіп басқаруды енгізу - климаттық өзгерістерге бейімделудің, судың рационалды қолданылуы мен қорғаудың , экономиканың түрлі саласында су үнемдейтін технологияларға өтудің , су – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың ұлттық және аймақтық деңгейдегі мемлекетаралық келісімнің нығаюының бірден – бір қажетті шарты.

Соңғы кездері, әлемнің бүкіл елдерінде климаттың өзгерісінің экономика мен тұрғылықты халыққа келеңсіз әсерлері талқылануда. Оған қоса, климаттың өзгерісінің салдары , қандай әдістер арқылы климатқа бейімделуге болатыны зерттеліп, болжамдар жасалуда.Орташа температураның жоғарылауы , маусымдық циклондардың жылжуы , төтенше ауа райы құбылыстарының жылдам жиілеуі сияқты климаттық өзгерістердің әсерлерін азайту , бейімделу іс – шараларын жоспарлау қарастырылады. Мүмкін болатын көпжылдық сценарийлерді анализдеу мақсатында жаһандық климаттық модельдерді қолдану арқылы зерттеулер жүріп жатыр (сурет 1).

Жалпы циркуляция модельдері қазіргі уақыттағы және болашақтағы да климаттық болжамдардың жағдайын бейнелейтін математикалық модельдер болып табылады. ЖЦМ әдетте, 100 -200 км өлшемді байламдардан тұрады. Бірақ, бұл модельдер әр бөлшегін дәлме – дәл жасалу керек. Климаттық модельдер климатты түсіну мен модельдеудің маңызды құралы болып табылады. Оларды калибрлеу суреттеліп жатқан физикалық , химиялық процестердің сенімді бейнеленуіне қажетті. Мұндай калибрлеуге әр бақылаудың мәліметтері бойынша жасалған модельдерді салыстыру арқылы қол жеткіземіз. Бұл модельдердің өзгерістерді дәл бейнелеп, модельдердің проекцияларының нақты және климаттың өзгерісіне болжам жасағанда да дұрыс шығу мүмкіншілігі бар.

Сурет 1. Жаһандық жалпы климаттық модельдің көрінісі, HadCM3
XIX ғасырдан бастап Орталық Азия территориясында климатты бақылаулар жүйелі жүргізіліп келеді. Орташа температура жыл сайын жоғарылап отырды:


  • 0,26 º С әр 10 жыл сайын Қазақстанда ( 1936 – 2005)

  • 0,29 º С әр 10 жыл сайын Өзбекстанда ( 1950- 2005)

  • 0,18 º С әр 10 жыл сайын Түркменстанда ( 1961-1995)

  • 0,10 º С әр 10 жыл сайын Тәжікстанда ( 1940-2005)

  • 0,08 º С әр 10 жыл сайын Қырғызстанда ( 1883-2005)

Орталық Азияның көптеген бөлігінде әсіресе, қыста температура жоғары қарқынмен көтерілді. Мысалы , Қазақстан территориясында қыста - 10 жылда орташа 0,44 º С –қа , жазда – 0,14 º С -қа көтерілді (сурет 2).

а б
Сурет 2. 1936 мен 2005 жж. аралығындағы Қазақстанда қысқы (а) және жазғы

(б) уақытта орташа температураның өзгеруі (°C/10 жыл).

Қазақстанның көптеген бөлігінде жауын –шашынның мөлшері қысқы уақытта көбейіп , Орал таулы аймағында, Есіл өзені , Оңтүстік Қазақстанның таулы аймағында қатты байқалған. Қыста Қазақстанның солтүстік бөлігінде 1936 жыл мен 2005 жылға дейін декадада 10 мм – ге көтерілді , оған керісінше, жазды күні территорияның едәуір бөлігінде жауынның төмендегені байқалады. Оған қоса, солтүстік – шығыста жаздық жауынның максималды мөлшері әр декадаға 10 мм- ге қысқарды. Шекаралық және маусымдық жауынның мөлшері сан алуан, мысалы Солтүстік Қазақстанда қыста жоғарылап, жазда төмендегені байқалады. Мойынқұм мен Зайсан көлі аумағында жауынның орташа жылдық мөлшері біршама төмендеген ( сурет 3).

а б

Сурет 3. 1936 – 2005 жж. Қазақстандағы маусымдық жауынның өзгеруі, жазғы

уақытта (а) және қысқы (б) (мм / 10 жыл)
Барлық Орталық Азияда климаттың қарқынды жылынуы байқалады және өңірдің су ресурстарының келешек климаттық өзгерістердің болжамына сүйенетін болсақ , ешқайсысында су ресурстарының қоры артады деген болжам жоқ. Алынған мәліметтерде 2050 жылға қарай бассейндегі су қоры 10 – 15 % -ға, ал Сырдария 6 -10 % қысқарады делінеді. Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан осы мәселенің шешімін табу жолдарын , су ресурстарының жетіспеушілігінен , азаюынан , ластануынан болатын экономикалық шығынды төмендетуге, мүмкіндігінше алдын –алудың амалдарын іздестіруде.

Оңтүстіктің климатын жан – жақты зерттеу арқылы , су ресурстарына тигізетін әсерін, сумен қамтамасыз ету мүмкіншілігін болжай аламыз ( кесте1 ) . Қазақстанның оңтүстігінің климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

Орталық Азиядағы өзендердің ағынындағы су мөлшерінің аздығы мен көптігі 15 – 20 жыл арлығында ауытқып отырады , оған қоса үлкен су бассейнінің бірі Сырдарияда экстремалды гидрологиялық құбылыстар әр 5 – 7 жыл аралығында қайталанып отырады. 40 жылдық уақыт 1950 мен 1990 жылдар , 1991 мен 2007 жылдар аралығындағы салыстырмалы анализдерге негізделетін болсақ , көпжылдық су шығындарының жиілігі 20 – дан 40 % - ға дейін артса , ал шекті көпжылдық судың көп шығыны 100 – 150 % - ға жоғарылады. Қазақстанның территориясы 8 су шаруашылық бассейніне бөлінсе , соның ішінде оңтүстік өңірі 3 бассейнге бөлінеді: Арал – Сырдария, Балқаш –Алакөл, Шу – Талас су бассейндері.

Құрғақшылық жылдарында , Шу – Талас , Балқаш – Алакөл , Арал – Сырдария бассейндері 10 – 30 % -ға дейін ағынын жоғалтады, ал қатты құрғақшылық жылдары ол цифра 15 – тен 80 % -ға дейін өседі.

Арал-Сырдария бассейні шамамен 345 мың шаршы км аумақты алып жатыр және Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда әкімшілік облыстарын өзіне қосады. Бассейннің негізгі өзені Сырдария басты торабы болып есептеледі. Сырдария өзенінің бассейнінің су ресурстары орташа 37,9 текше км құрайды. Ағыстың негізгі көлемі 70%. Ол бассейннің жоғарғы бөлігінде қалыптасады. Шардара су қоймасынан жоғарыдағы оң жағалау ағыстарының көлемі жалпы Қазақстанға түсетін су ресурстарының 21-23% құрайды. Арыс және басқа да өзендерінің үлесі Қазақстанда 9-7% құрайды.

Балқаш-Алакөл бассейні. Балқаш-Алакөл бассейні Қазақстанның оңтүстік-шығыс территориясының үлкен аумағын және Қытай территориясымен жанасқан бөлігін алып жатыр. Оның ауданы 413 мың шаршы км, оның ішінде 353 мың шаршы км Қазақстан территориясында.

Шу-Талас бассейні. Бассейн территориясы Шу, Талас және Аса өзендерінен құралады. Оның жалпы ауданы 64,3 мың км (Қырғыз Республикасы территориясының бір бөлігін қоса есептегенде). Бассейннің су қоры 6,11 текше км, ол деген Арал-Сырдария бассейніне қарағанда 3,6 есе кем. Жер асты суларының көлемі 1,65 текше км.

Жылына су тапшылығы 6,3 км 3 -ті , ал құрғақшылық жылдары сумен қамтамасыз ету 60 % - ды құрайды.


Кесте 1

Қазақстанның оңтүстік бөлігінің сумен қамтамасыз етілуі






Көл, өзен, теңіз су бассейндері

Сумен қамтамасыз етілуі

50%

75 %

95 %

1

Арал -Сырдария

90

82

77

2

Балқаш -Алакөл

98

80

61

3

Шу -Талас

90

73

56




республика бойынша

97

76

60

Климаттың өзгеруі қоршаған ортаға орасан зор әсері бар. Су ресурстарын басқарудың тұрақты нәтижесіне қол жеткізуге қазіргі кездегі және болашақтағы климаттың өзгерісі жағдайында су ресурстарын бағалау бірден –бір септігін тигізбек.
Әдебиеттер


  1. Агальцева Н.А., Пак А.В. Оценка влияния климатических изменений на водные ресурсы рек бассейна Аральского моря // Климатические сценарии, ойенка воздействий климата. – Бюллетень №6. – Ташкент: НИГМИ ,2007. – С.44-51.

  2. Виноградов Ю.Б. Вопросы гидрологии дождевых паводков на малых водосборах Средней Азии и Южного Казахстана. // Тр.КазНИГМИ.- 1967. –Вып.28.-262 с.

  3. Второе национальное сообщение Республики Казахстан по Рамочной конвенции об изменении климата. – Алматы, 2008.

  4. Изменение климата. Ежемесячный информационный бюллетень, 1990 - 2012гг.

  5. Комитет по водным ресурсам, МСХ РК, программа «Охрана и рациональное использование водных ресурсов», 2012г.

  6. Арефьев Н.В., Баденко В.Л., Осипов Г.К., Тараканов А.Е. Оценка геоэкологического потенциала геосистемы «речной бассейн».

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2014 II
konf 2014 II -> Әож 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының жаңа конструкциялары
konf 2014 II -> Жұрымбаева Р., Қожамқулова Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 II -> Исследование влияния технологических факторов на прочность склеивания клеевых соединений
konf 2014 II -> Д., Шилібеков С.Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 II -> Қазақстанның экологиялық ЖҮйесінің климаттың Өзгеруіне байланысты табиғи географиялық ареалының Өзгеру мүмкіншілігін бағалау рсалиева А. М., Асатова Е. С.,Асқанбек А. А
konf 2014 II -> Жаратылыстану ғылымдары Естественные науки
konf 2014 II -> С., Бақбергенова Н. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз,қ
konf 2014 II -> ӘОЖ: 627 03: 628. 06 Көкөніс консерві зауыттарыныҢ ақаба суларындағы қалқымалы заттарды торлармен тазалаудың тиімділігі
konf 2014 II -> Әож 631. 862 Биогаз қондырғысына механикалық араластырғыш қҰру мәселесі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет