Танымал актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова жұбайы Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актриса жеке парақшасында 35 жасқа толған туған күн иесіне арнап видео жүктеп, құттықтау жазба арнады. 

“Халықтың, сахнаның, ағайынның Қайраты, туған күніңмен! Өнерің, еңбегің өмір бойы әлдилесін. Абыройың асқақтап, балаларың үшін мақтаныш болуды нәсіп етсін. Тілерім, тура жолдан адастырмай, басыңнан бағың таймай, әдемі қарттық болсын. Тыңдарманның қошеметі кемімесін. Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарың қасыңнан табылсын! Сыйлаймын!”, – деп жазды актриса. 

  • Алматы облысында оқушылардың еден жуушыны туған күнімен құттықтаған видеосы жұртты сүйсіндірді

  • "Келіндерім жаман емес": Гүлзира Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтады

Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасынан салқынқандылықты байқаған. Тіпті, тілектің түбінде реніш те жоқ емес деп топшылап жатыр.  

“Менің Қайратым” деп жазсаң, жағың түсіп қала ма?!”, “Қайрат пен анасының арқасында танымал болдың”, “Күйеуіне реніші бар секілді”, “Сол күйі есеймей, анасының қасында жүр,”, “Қайрат жыл сайын туған күнін жалғыз өзі қарсы алады”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова ұлының балаларымен араласып тұратынын айтқан еді. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.