Зерттеу объектісіне



жүктеу 1.01 Mb.
бет4/4
Дата09.09.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4
Ж.Аймауытұлы да едәуір еңбек, мұралар қалдырған. ұстаз-психологтың ұлттық тәлім-тәрбие тақырыбына арналған еңбектері ("Тәрбиеге жетекші", "Психология", "Комплекспен оқыту жолдары", "Жаңа ауыл"), педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр.Бұл еңбектер өз дәуірі үшін аса пайдалы қызмет атқарды.қазақ жастарына осы ғылымдар негізінде алғашқы мәлімет берді , ғылыми терминдердің тууына негіз болды.1 Біздіңше, оның бірнеше себеп, сыры бар.

Біріншіден, қаламгер әрі ұстаз - психологтың өмірбаян беттеріне үңілсек, 5 пен 15 жас аралығында ескі молдада оқыған, Керекудегі екі сыныпты орыс – қазақ мектебін, Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітірген, Семей губерниялық оқу бөлімін басқарып, қазақ инситутында (Ташкент) , Шымкент пед.техникумында оқытушы әрі директорлық қызметтер атқару әлеуметтік - халықтық іске, ағарту саласына сирек қарауына мол септігін тигізеді (жоғарыдағы еңбектердің жазылуы осыған дәлел) .

Екіншіден, педагог - ғалым уақыт талабына орай халқымыздың тыныс-тіршілігіне негізделген. Тәлім-тәрбиелік мәні зор ғылыми еңбектер жазып қалдыруы ұлттың, ұрпақтың, ұлы байлықтарының бірі- бала болашақты ата-ана тәрбиесімен, адамның өміріндегі мақсат мұраттарымен, іс-әрекеттерімен табиғи байланыста қарастыруы бүгінгі күні де ерекше орын алады.

Бұл тақырыпта Ж. Аймауытұлы жекелеген мақалаларында, атап айтқанда " Емлені өзгерту жобасы" ( "қазақ тілі ", 1924, N15), "Әйелді мектепке алыңдар" ("Ақ жол", 1924, 26 қаңтар), "қазақша хат таныту әдістері"( "Жаңа мектеп", 1929,N13), т.б. ұлт тілі, мектеп ісі, сауатсыздықты жою секілді маңыз - мәнін еш уақытта жоймайтын мәселелерге, тәрбие тағылымдарына қалам тербейді. Демек, олардан үйренеріміз де, үлгі тұтарымыз да жеткілікті.

Бұған қоса жастар тәрбиесінде саяси- ағарту үйірмесінің ережесін жасайды ( "Жас қазақ" журналы, 1924,N5-6 және 7-8 ), ел арасында кездесетін ұлттық психологияға, әдет-дағдыға жат құбылыстарды "Пара алу тоқтала ма? " ("Ақ жол", 1924, 22 қараша) , "Гәп қол ағашта " ("қазақ тілі", 1926, 4 қазан) деп сын тезіне салады. Балалар әдебиетіне, жас ұрпақ тәрбиесіне "Көк өгіз", "Жаман тымақ", "Шал мен кемпір", "Күй" секілді ертегілермен де үлес қосты.

Ой мен сөздің бірлігі ретінде "Абай" журналында басылған "Тәрбие " мақаласын тілге тиек етуге әбден болады.Мақала авторы тәрбие тақырыбының мұрат –міндетін айқындау үшін мал баласын, тауық пен құмырсқаның, т.т. хайуандарды өзіндік ерекшелік-белгілерін еске алу негізінде олардан адамның артықшылықтарын тарата сөз етеді.Нәтижесінде, автор "хайуан мен адамның тұрмыс мақсаты екі басқа" деген қорытындыға келеді.

Мақалада адам мен хайуанның жаратылысы, іс-әрекеттері әр түрлі мысал-деректермен берілген. Әсіресе, тәрбие мәселесіне, ол жайлы жазылған еңбек - мұраларға зор ілтипат көрсетіліп, өзіндік ой-пікір білдіріледі. "Тәрбие екі түрлі ,- деп жазады автор , дене тәрбиесі және жан тәрбиесі. Хайуан көбінесе денесін тәрбиелейді. Адам баласына дене тәрбиелеудің үстіне жанын, ақылын, сезімін, жігерін, мінезін тәрбие қылу керек. Денесі мен жаны бірдей тәрбиеленбеген кісі сыңаржақтау бола береді…

Мінездің, ақыл-қайраттың әр түрлі болмағы тәрбиенің түрлі-түрлі болмағынан".

Ж.Аймауытов ұлы ойшылдар өміріне, еңбек-мұраларына тоқталған тұста адамшылық тарихына, тәрбиенің мұрат-міндетіне кең орын береді.

Аталмыш еңбекте тәрбие мақсаты мен қуатына зор маңыз беріледі. "Автор адамды бұзатын да, түзейтін де тәрбие" екеніне мол мысал-деректер келтіреді, бұрынғы білімпаздар ой-пікіріне ден қояды. Жеке адам, оның өмірі , қоғамдағы орны мен ұлтқа, Отанға үлес салмағы, адамгершілік, әділдік жолындағы іс-әрекеттері кең көлемде сөз етіледі. Бұл бағыттағы ғылым, тәжірибе әсерінің мәні терең түсіндіріледі.

ғалым-ұстаздың тәрбие шарттары жөніндегі ой-пікірлері бүгінде мән-маңызын жоймағанын байқар едік. Автор әрбір адамның туу, қалыптасу, жетілуінде тәрбие шарттарының, атап айтқанда "жаратылыс, үй-іші, өскен орта, замандастар, туған жұрты, оның діні, тілін" бөлекше атап, ерекше мән береді.

Негізінен алғанда, айтылмыш мақала бірнеше маңызды қырларымен назар аудартады. Олар:


  • тәрбие мақсатын айқындаудан;

  • тәрбие туралы ойшылдар пікірін назарда ұстаудан;

  • тәрбие шарттарына көңіл бөлуден;

  • тәрбие маңызын арттырудан тұрады.

Жалпы адам өмірінде, оның қалыптасуы мен дамуында, іс-әрекеттерінде тәрбие тәлімінің сан тарау әсер, ықпалы жатқаны белгілі болса, Ж.Аймауытұлының бұл тақырыпты аталмыш мақаласында өмір-құбылыс сырына сай, әлеуметтік-қоғамдық маңызы жоғары, ғылыми тұрғыдан негізді етіп сөз етеді.

ұстаз-ғалым, қаламгердің педагогика саласындағы іргелі еңбектерінің бастауында - "Тәрбиеге жетекші" (1924) атты оқу құралы тұрады. Кезінде бұл еңбек осы саладағы "жыл құсы …жаңа сарынмен жазылған" деп қалың көптің қызығушылығын туғызған, жылы лебіздер білдірілген.

"Бала оқытушыларға арналған " бұл еңбекте оқу мен оқыту ісіне қатысты ереже-шарттар, мектептегі шешуші тұлға – мұғалім орны мен беделі, әдіс-тәсілдері кең көлемде сөз болады. Әсіресе, әрбір мұғалім бойында өз ісіне, еңбегі мен мамандығына деген жоғары жауапкершілік пен терең сезім, өтілген және жаңа тақырып аясындағы байланыстың болуы, оқушы қабілеті мен зейінін жаңа сабаққа аударып, қызықты тәжірибе салыстыруларға бару, көрнекілік, соны дерекке назар аудару талап етіледі. Ең негізгісі, мұғалімге оқушылар сеніп тапсырылған соң одан адамдық қасиеттер , ізгілік иірімдері , маңыздысы - білім нәрінің сыр сипаттары талап етіледі.

Кітаптың қомақты, негізгі бөлімі – дидактикаға оның мәні мен маңызына арналған ғылыми –танымдық тәжірибеге, талдауларға орын беріледі. Бұл бөлімде, сондай-ақ дидактикаға ғылыми анықтама беріліп, оның жалпы, жеке түрлері арнайы қарастырылады. Осындағы білім беру әдістері , сабақты өтудің өзгешеліктері , оқыту мазмұнына қатысты көзқарастардан - жас ұрпақ алдындағы қарыз бен парыз, оны оқыту мен тәрбиелеудегі ұстаз шеберлігі, психологиясы айрықша аталады. Ең бастысы, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие мен білім беру мәселелері әр қырынан сөз болады. Өркениетті елдер тәжірибесі, оқу жүйесіндегі озық үлгі, өнегелі істер өзара салыстыру, толықтыру ретінде баяндалады. Түпкі нәтижеде - ұлттық мүдде, ұрпақ қамы алдыңғы кезекте көрінеді.

Бүгінгі күннің шындығы да осында.

Бұл еңбекте туған тіл – ана тілінің қыры мен сыры, маңызы ашылды. "Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі" деп бағаланады, әрі адамзат қоғамында қатынас құралы, ой мен сөз жүйесінің – кілті екендігі кеңінен көрсетіледі. Ең негізгісі, туған тіл арқылы мұғалім айнала-әлемінің сырын, пән табиғатын, тәжірибе тағылымдарын тарата талдап, түсіндіретініне назар аударылады. Тіл - құрал өмір өзегі, адам қатынасындағы – басты кілт, тіршілік арқауы деп табылады. Мұның ақиқатын бүгінгі күн шындыққа шығарып отыр. Біздің елімізде, Ата заңда көрсетілгендей, "мемлекеттік тіл – қазақ тілі"(7-бап, 1-тармақ). Демек, тіл - ұлттың ұлы байлығы.

Тәлімгер - ғалым қоғам сырына, адам жанының иірімдеріне енгенде жас ұрпақтың жан қуаттары мен ой жүйесінің дамуында бірнеше пәннің әсіресе, рухани нәр – кітаптың, соның ішінде оқу пәні - тарихтың әсер-ықпалы басым болатынына ерекше тоқталады. Өмір , қоғам, ғылым – бәрі-бәрі - тарихпен байланыстырылады. " Тұрмыс жүйесі, әлеумет заңы, заң, пәлсапа, әдебиет, мәдениет – бәрі тарихтан қозғайды. Әр ғылымның тарихы бар" деп алуан ғылым салаларымен байланысын да бөлекше айтады. Ал, автор "тарихты қай сыныптардан бастап оқытқан жөн?" дегенде 4 сыныпты дұрыс деп тауып, оған дейін оқып - жазуды меңгеру, қоршаған ортаны, жағрафияны танып – түстеу керектігін назарға салады. Нәтижесінде - әдебиетті, жағрафияны, тарихты өзара байланыстырып "Біздің Отан" деген ортақ атпен оқыту туралы ой-ұсынысты алға тартады. Біздіңше, пәндерді интеграциялау, мақсат-мұраттарына сай топтастыру міндеті – бүгінгі уақыттың талаптарымен үндес келеді. Кейінгі кезде ашылып, түрлі мақсатта жұмыс істей бастаған гимназия, лицей, колледждердің тәжірибесі мен бағыт-бағдарларынан жоғарыдағыдай ортақ мұрат жолындағы биік талап, ұлттың келешегіне деген айқын көзқарастар көрінеді. Демек, оқу мен оқыту жүйесінен, пән мен мақсатынан ұлт мүддесі, ұрпақ қамы жіті сезіледі. Бұл келешекке сенімді, өсер ұрпаққа адалдықты танытады. Адам тәрбиесі - ұлы іс, биік мұрат екендігі көңіл қуантып, жүрекке жылылық ұялатады.

Еңбекте өнер тақырыбының орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі мәдени-рухани құндылықтар жан-жақты баяндалады. Әсіресе, ұлт мектептерінде кескін және әуез өнерін дамытуға кең жол ашу, ән-күй, сурет салуға зор маңыз беру керектігі түрлі дерек, салыстырулар арқылы өріс алады. Ондағы мақсат: жас ұрпақ – айнала әлемді, табиғат тамашаларын құрғақ қызықтап, үстірт қабылдамай, керісінше, өмірге сүйіспеншілік, өнерге құштарлықпен қараса әрбір іс-әрекетінен әсемдікке, білімге, мамандыққа көзқарасы, дүниетанымы қалыптасатындығы дәлелді жеткізіледі. Әрі адамгершілік-эстетикалық тәлім-тәрбие арқылы жас ұрпақ бойына ұлттық ерекшеліктерімізді сіңдіру, әсемдік әлемді жан-жақты сезінту, ең негізгісі - мектепке өзгеріс, ұстазға жаңалық, шеберлік тұғысынан рухани көмек, тірек болу көзделеді.

Еңбекте тәрбие ісі мен мақсаттары, адам жаратылысындағы жан қуаттары, олардың өсіп-жетілуі өзара байланыста баяндалады. Автор: "Тәрбие берілмеген жерде шын ақылды, мәдениетті адам да болмақ емес" дейді. Ал , оқыту түріне тоқталғанда мұғалімнің шәкіртке айтар ойын, түсіндіру тәсілін екі жолмен жеткізетіндігіне тоқталады. Олар: сөйлеу және сұрау түрі.

Мұғалімнің тақырып төңірегіндегі әңгімесі, талдау-тәжірибелері – сөйлеу түрі, ал ұстаз бен шәкірт арасындағы диалог- сұрау болады.

Сабақтың ағымы үш басқыштан тұрады:


  • сабақты ескі және жаңа мағлұматтармен байланыстыру;

  • жаңаны білдіру;

  • жалпылау, яки қорыту.

Ал сабаққа қатысты бағдарлама, жоспар, оқу кестесі, ондағы пәндер реті тақырыптар төңірегіндегі автор ойларынан бүгінмен үндесетін, үлгі алатын жайлар аз емес. Демек, "Тәрбиеге жетекші" – дидактика сырын, оқу жүйесінің мақсат-маңызын айқындайтын туынды.

Ал, тәрбие тақырыбын әр қырынан алып қарастыратын еңбектерінің бірі - "Психология" кітабы. Автор аталмыш еңбегінде бұл пәннің "бала оқытушыларға" арналатынын айтып, "қарапайым адамға жұмбақ сықылды көрінетін талай нәрселер" ұлттық тұрғыдан, пәлсафалық негізде қарастырылатыны кеңінен көрсетіледі. .Еңбектің әр бөлімі адам дүинетанымының иірімдерін терең ойлап, оған әсер етуші факторлар, эмоция мен сезім күші, айнала - әлемдегі заттар мен құбылыстар сыры, ой мен сөз, ес пен елес т.б. мәселелер нақтылы деректермен ден қойғызады. Педагог психологтың адам мен жануардағы дағды,соқыр сезімдер, өсімдіктердегі тропиздер мен нерв жүйесі, оның атқаратын қызметтері хақындағы ой-толғам, тәжірибелері дәлелді дамып жеткізіледі. Сондай-ақ, эмоция мен сезім сырлары(5 тарау), ерік–жігердің мәні (9 тарау), ұйқы, түс көру ерекшеліктері(10 тарау), дәстүр тағылымдары мен салт – сана иірімдері(11-12 тараулар) т.б. әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан да, халық өмірі мен тұрмысына байланысты да табиғи өріс, арна алады. Бұған кітаптағы сурет, схема безендірілімі елеулі әсер, ықпал еткен. Әсіресе, екі ғасырдан астам тарихы бар психологияның ақыл-ой және эксперименттік үлгілерін, математиканың варияциялық статистика саласының ұлттық топырақтағы орнын дерек, дәйегі мол нақтылы фактілер негізінде өрістетіп, тереңнен сөз қозғайды.

Атап өтер жайт, автор : "Өмірге, тіршілікке пайдасыз білімнің білім сәні жоқ. қандай білім болса да күнделікті тіршіліктің азды-көпті түзелуіне қолқабыс етуі керек" деп, алғашқы кезекте – "Жан деген не? Жан бар ма, жоқ па?" деген сауалға жауап іздейді. Әрбір кезең, көзқарастарға ден қояды. Сол арқылы "Психология" (автор еңбекті осылай атап, жазған – Р.С.) пәнінің мақсаттарына зор маңыз береді.

" Адамның қылығын қалай зерттеу керек" деген сауалға (2-тарау) болмысты бақылап, түрлі тәжірибе жасап, әрі анкеталық үлгіні пайдалану арқылы байыпты жасалынады. Сол арқылы пәннің математикамен байланысы, адамдағы рух және ми жұмыстары кең үлгіде қарастырылады.

Сондай-ақ, тірі заттардың қылығы, қозғалысы, саңылау мүшелерінің (көз бен құлақ) міндеттері, адамның айуаннан өзгешілігі автор сөзімен айтсақ: "қазақ өмірінен қатыстырған" мысал-көріністер арқылы беріледі.

Еңбекте дене мүшелері, сондай-ақ әдет, зерде, жас, қиял, мүдде, сезім ынта, т.т. атау - ұғымдарға назар аударылып, олардың міндет- қызметтері анықталады. ұйқы, түс, көз байлаудың ақыл-ой қызметінен алар орны мен адам қылығының әлеуметтік, шаруашылық негіздері қоғам дамуымен, табиғат және әлеумет қатынастарымен бірлікте баяндалады.

Негізінен алғанда, аталмыш кітап – адамзат, оның іс- әрекеттерін , қоғамға, табиғатқа қатынас -үлесін кеңінен көрсетеді.

Ж.Аймауытұлының ғылыми еңбектерін еске алғанда жан әлеміне сырлы саяхат жасататын - " Психология" (жан-жүйесі) мен "Өнер таңдау" атты кітабының мәні айқындала түседі. Адамтану мен оның бойындағы қабілет, секем, дағды, дарын, мінез қырлары аталмыш еңбектің қарастыратын негізгі, түйінді мәселелері. Сонымен бірге мамандық таңдау ісіндегі анкеталық әдістің алар орны да арнайы сөз болады. Сол арқылы өмір мәнін, мамандық сырларын тереңнен толғайды. Автор : "…Әр адам қабілетіне, ыңғайына қарай өз орынында қызмет етпесе әлеуметке пайда орнына зиян келтіреді" деп өмір мәнін, адам орнын, іс әрекетін биік бағалайды. Автор: "Неге арналсаң, соны істе!"- деп өмірдегі адам орнына зор маңыз береді. "Адам- өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат" деп түсінген автор :"… әркімде бір қабілет болуға тиіс", соны керекті қызметке пайдалану керектігін тарата талдайды. Адамның қабілеті, талабы туралы бірнеше анкеталық іс-тәжірибелер жүргізіледі, күнделік жазбалардың да маңыздылығына тоқталып, төрт түрлі мінезге (сангвиник, меланхолик, холерик, флегматик) сипаттама береді.

Негізінен алғанда, Ж.Аймауытұлының тәлім-тәрбиелік тақырыбындағы, еңбек – мұраларындағы басты мәселелер:


  • адам мен оның іс-әрекеттері;

  • олардың бойында кездесетін асыл да жасық қасиеттер;

  • ата-ана орны;

  • мектеп пен ұстаздар ұжымының әсер-ықпалы;

  • бала-болашақ( шәкірттер туралы);

  • жалпы, білім, ғылым, ақыл-парасат, тіл, сөз, өнер, т.т.

Ендеше, Ж.Аймауытұлының педагогикалық еңбек, мұраларының бүгінмен- уақытпен үндесетін тұстарын егемен елдің мектеп пен оқулығында, бағдарламасында басшылыққа алуға, үлгі- өнеге тұтуға әбден болады.

Осы тарауға негіз болған А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтардың бойындағы қабілеті мен зеректігін былай қойғанда, білімділігі, іскерлігі, әсіресе, аса күрделі тарихи кезеңде өздерінің жеке басының мұрат-мақсаттарын қазақ халқының экономикалық, әлеуметтік, праволық, саяси және рухани мүдделерімен жан-жақты ұштастырып, жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын адал перзенттері, ірі қайраткерлері, жанашырлары, қамқоршылары болуы сияқты моральдық қасиеттердің ең жоғары биігіне көтеріле білгендіктерінде деп түсінеміз. Олар данышпан ақын, ғалым, ірі мемлекет қайраткерлері ғана емес, ең алдымен өмірі жастарға үлгі- өнеге болатын иманы кәміл, қасиетті ұстаздар, ағартушылар.

қорытынды
ХІХ аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақстанның тарихи өмірінде елеулі өзгерістер, аса бір алмағайып оқиғалар болған еді. Атап айтқанда, бұл кезеңде қазақстанның барлық территориясы Ресей империясының ішкі отарына айналып, өзінің саяси-экономикалық дербестігінен айрылған, орыс мемлекетінің құрамдас бөлігі ретінде танылды. Бірнеше ғасыр бойы ұлы далада қалыптасқан көшпелі цивилизацияның рухани, мәдени, саяси-құқықтық жүйелері дағдарыс шырмауығына маталып, қазақ қоғамында бұрын мүлдем беймәлім болып келген құбылыстардың орын тебе бастағанына Ресей ықпалы тигендігі анық еді. Атап айтқанда, орыс, шетел капиталдарының енуі мен өнеркәсіп ошақтарының пайда болуы, жұмысшы табының қалыптаса бастауы, қалалар мен поселкелердің көбеюі, т.б. құбылыстар қазақ даласына буржуазиялық қатынастардың алғашқы нышандарын таныта бастаған-ды.

Бұл қатынастар адамдардың белгілі бір дәрежеде батыс үлгісіндегі білімділігін талап еткендіктен қазақстанда орыс білім беру жүйесі біртіндеп енгізіле бастады. Сонымен қатар елде мұсылман білім беру жүйесі де сақталып қалды. Екі білім беру жүйесінің арасындағы талас біртіндеп жаңа ағым –қазақ білім беру жүйесінің қалыптасуына әсер етті. қазақ білім беру жүйесі екі тілде білім беру жүйесінің жақсы жақтарын бойына сіңіре отырып ұлттық танымға, санаға оңай қабылданатын білім беру жүйесін жасағысы келді. ХІХ ғ. аяғында патшалық Россияның отарлық саясаты қалыптасып келе жатқан ұлттық интеллигенцияның ұлттық санасының оянуына әсер етті. Ал олар өз кезегінде өз бет бейнесі бар, басқа халықтардан мәдениеті төмен емес болғанда ғана дүние олармен санасатынын түсінгендіктен басқалармен терезесі тең адам ретінде сөйлесуге тек білім деңгейі ғана мүмкіндік беретінін түсінді.

Міне осы кезден бастап қазақ халық педагогикасы зерттеле бастады және оның нәтижелері ой елегінен өткізіліп, мектепке арналған оқу бағдарламаларына, оқулықтарға, әдістемелік құралдарға айналып қазақтың этнопедагогика ғылымының қалыптасуына әсер етті.

Этнопедагогика ғылым ретінде дами отырып жалпы педагогиканың бір саласы ретінде сақталып қалады. Бірақ әрбір халықтың тәрбие мәселесіндегі жетістігі жалпы адамзаттық тәрбие мәселесін байытатыны сөзсіз. Екінші жағынан әрбір халық белгілі бір табиғи ортада қалыптасқандықтан оның дүниетанымы, ойлау жүйесі бастапқыда қоршаған ортаға тәуелді. Этнопедагогиканың басты міндеті әрбір халықтың басты ерекшеліктерін ескере отырып білім беру және тәрбиелеу. Міне осы мәселені қазақ қоғамы басқа мәдени ортаның басымдығын түсінгенде және сол ортаның өзін бойына сіңіріп жіберуінен қауіптенгендіктен, өз ерекшелігін сақтап қалу үшін ұлттық күресінің барысында жаңа ғылым саласы этнопедагогиканы дүниеге алып келді. Жаңа ғылым тәуелсіздік үшін күрестегі басты құралдардың біріне айналды. қазақ автономиялық республикасы құрылған күннен бастап кешегі отарлық езгіге қарсы күрескен ұлттық интеллигенция осы жетістікті сақтап қалу үшін ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға белсене кірісіп, қазақ тілін ғылым тіліне айландыру үшін күрес бастаған болатын. Бірақ ақ империяның орнына келген қызыл империя да ұлттық аймақтарға деген бұрынғы шовинистік көзқарасты өзгерте қойған жоқ. Міне осы саясаттың нәтижесінде елінің ертеңі үшін күрескен талантты бір толқын этнопедагогикалық еңбек етті.Бірақ олар арманына жетпей кетті. Арада ондаған жылдардан соң аға ұрпақ армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген жағдайдағы басты міндеттің бірі - ұлттық білім беру жүйесін әлемдегі дамыған елдер деңгейіне жеткізу болып табылады. Ал осы міндетті түсіну үшін қазақ этнопедагогикасының қалыптасу тарихына жаңаша бір толқын зор ғылыми еңбек сіңіріп келеді.

қазіргі кезде этнопедагог ғалымдар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы этнопедагогикалық ойлар жүйесін жоғары бағалап, ол еңбектерді қазақ этнопедагогикасы ғылымының негіздері етіп көрсетті.

ғылыми жұмыстардың нәтижесінде қазақстанда этнопедагогиканы оқытудың бағдарламасы қ.Б Жарықбаев және Ә.Табылдиевтің басшылығымен жасалып, бұл пән қазіргі кезде жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына еніп отыр. Бұл бағдарламада этнопедагогика ғылымын қалыптастыруда А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың ерекше орны бар екенін көрсетіліп, олардың еңбектерін зерттеу үшін ғылыми тақырыптардың жүйелі бағдарламасы берілген. Сол бағдарламаларды құптаймын.

Міне осы мәселелерді жүйелі түрде жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан қамқорлық жасалып республикалық этнопедагогика орталығын ұйымдастырған жөн болар еді.

ПАЙДАЛАНЫЛғАН ӘДЕБИЕТТЕР :
1.Аймауытов Ж. Педагогические руководство (учебное пособие), Оренбург. Госиздат,1924.

2.Аймауытұлы Ж. Психология.Алматы, "Рауан" ,1995.

3.Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. Алматы, "Рауан",1991.

4.Алтынсарин Ы. Таза бұлақ: Өлеңдер ,әңгімелер , хаттар , очерктер. Алматы, "Жазушы", 1988.

5.Антология педагогической мысли Казахстана /Сост.: К.Б.Жарикбаев, С.К.Калиев.Алматы: Рауан ,1995.

6.Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы."Ана тілі" ,1991.

7. Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, мақалалар мен әдеби зерттеулер.Алматы,"Жалын",1991.

8.Байтұрсынов А Шығармалары.Алматы."Жазушы",1989.

9.Валиханов ч. Собрание сочинение.Алма-Ата, 1985.

10.Вощинин В. Очерки нового Туркестана. СПб.1914

11.ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері (монография).Алматы: "Әл Фараби",1995.

11.ғабдуллин М. қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы."Мектеп",1974.

12.Диваев Ә. Тарту.Алматы."Ана тілі" , 1992.

13. Досмұхамедұлы Х.Таңдамалы.Алматы."Ана тілі",1998.

14.Досмұхамедұлы Х. Аламан. /құрастырушылар, алғы сөзін және түсініктемелерін жазғандар ғ.Әнесов, А.Мектепов, Ш.Керімов. Алматы. "Ана тілі",1991.

15.Дулатұлы М. История происхождения казахов и киргизов. Оренбург,1925.

16.Дулатұлы М. Шығармалары. Алматы,"ғылым",1996.

17.Жарықбаев қ.Б., Наурызбаев Ж.қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірмелі сөздігі.Алматы."ғылым", 1993.

18.Жарықбаев қ. қалиев С . қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы.Санат,1995.

19.Жарықбаев қ. қалиев С. Из истории казахской народной педагогики. Алматы."Китап",1992.

20.Жарыкбаев К.Б. Развитие педагогической мысли в дореволюционном Казахстане. Афтореф.дисс.Докт.Пед.Наук.Киев,1982.

21.Жарықбаев К.Б."Состояние и перспективы развития этнопедагогических и этнопсихологических исследований в Казахстане" //Материалы научно-практической конференции "Использование традиций народной педагогики и психологии в учебно-воспитательном процессе".Алматы:"Рауан", 1992.

22.Жұмабаев М. Педагогика.Алматы,"Ана тілі",1992.

23..Жұмабаев М.Шығармалары. Алматы,1989.

24. қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан./Ред.коллег.С.Калиев(бас ред.) Алматы, 1992.

25.қалиев С. қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.Алматы."Рауан",1998.

26.қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы, 1993.

27.Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика:методология,теория, практика. Алматы."ғылым",1998.

28.Кенжахметұлы.С. ұлттық әдет- ғұрыптың беймәлім 200 түрі. Көмекші оқу құралы. Алматы" Санат",1998.

29.Лихачев Б.Т.Педагогика . Курс лекций. М.,1998.

30.Мырзахметов М. қазақ қалай орыстандырылды. Алматы. "Атамұра",1993.

31.Омаров Ә. қазақстандағы ағарту ісі және патша өкіметінің отарлық саясаты. Алматы,1997.

32.Остроумов Н.П. Воспоминания о миссионерском отделении при Казанской духовный академии. Казань, 1899.

33.Өзбекұлы С. Арыстары алаштың. Алматы."Жеті жарғы",1998.

34.Радлов В.В. Алтын сандық.//құрастырып, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазғандар – С.қасқабасов, К. Ісләмжанұлы.Алматы "Ана тілі", 1993.

35.Сейдімбек А. қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Оқу құралы. Алматы: Санат,1997.

36.Табылдиев Ә. қазақтың халық педагогикасы және тәрбие. Алматы,"қазақ университеті",1991.

37.Табылдиев Ә.Халық тағылымы .Алматы,"қазақ университеті",1992.

38.Христова Е.Л. Народная педагогика: историографические и теоретико- методологические проблемы: Афтореф.дис… канд.-М.,1988.

39.ЦГИАЛ, қор 733, тізім 170, іс156893.

40.Этнопедагогика және этнопсихология. Жинақ.Алматы: ғылыми-әдістемелік басылым.,1996.

Пайдаланылған газеттер мен журналдар :
1.Арай, 1989, N 12

2.Арай, 1990, N9

3.Ақиқат, 1998, N8.

4.Егемен қазақстан 1999, N90, 11мамыр.

5.Жетісу, 1998, 21 сәуір.

6.қазақстан мектебі, 1995,N11.

7.қазақстан мектебі, 1997, N5.

8.қазақстан мектебі, 1997, N4.

9.қазақстан мектебі, 1996, N6.

10.қазақ тарихы, 1997, N6.

11.қазақ тарихы, 1996, N5.

12.қазақ тарихы, 1994, N4.

13.қазақстан жоғарғы мектебі, 1997,N1.

14.қазақ әдебиеті, 1991, 27 қыркүйек

15.қазақ әдебиеті мен тілі, 1997, N2.

16."қазақ",1913, 1914,1915.

17.Түркістан, 1998, 14 қаңтар.

18.ұлағат, 1995, N2.

19.ұлағат, 1997, N1.

20.Сов.педагогика, 1956, N12.




1 Æàðûºáàåâ Ê.Á. Ðàçâèòèå ïåäàãîãè÷åñêîé ìûñëè â äîðåâîëþöèîííîì Êàçàõñòàíå.Àâòîðåô. Äèññ. Äîêò. Ïåä. Íàóê.Êèåâ, 1982.; Îìàðîâ Ә. ²àçàºñòàíäà¹û à¹àðòó iñi æ¸íå ïàòøà ¾êiìåòiíi» îòàðëûº ñàÿñàòû. À., 1997 æ¸íå ò.á.


1 Æàðûºáàåâ Ê.ºàëèåâ Ñ. Èç èñòîðèè êàçàõñêîé íàðîäíîé ïåäàãîãèêè. À.,1992; ºàëèåâ Ñ. ºàçຠýòíîïåäàãîãèêàñûíû» òåîðèÿëûº íåãiçäåði ìåí òàðèõû.À.,1998

Êîæàõìåòîâà Ê.Æ. Êàçàõñêàÿ ýòíîïåäàãîãèêà: ìåòîäîëîãèÿ, òåîðèÿ, ïðàêòèêà. À.,1998; Òàáûëäèåâ Ә. ºàçàºòû» õàëûº ïåäàãîãèêàñû æ¸íå ò¸ðáèå. À.,1991 æ¸íå ò.á.



1 Íұðòàçèíà Í. ĸñòүðëi îºó æүéåñi æ¸íå îòàðëûº ñàÿñàò ( ÕIÕ ¹.ñî»û-ÕÕ ¹.áàñû). "ºàçຠòàðèõû", 1997, №6.

1 Äîñìұõàìåäұëû Õ. Òà»äàìàëû. Àëìàòû, 1998, 36-á.

1ÖÃÈÀË, ºîð 733, òiçiì 170, iñ 156893.

1 Âîщèíèí Â. Î÷åðêè íîâîãî òóðêåñòàíà. Ñïá.1914, ñ.77

1 Ìûðçàõìåòîâ Ì. ºàçຠºàëàé îðûñòàíäûðûëäû. Àëìàòû, 1993, 20-á.

1 Àëòûíñàðèí Û. Òàçàáұëàº. Àëìàòû, 1988, 133-á.

1 ºàçຠ. 1914, 9 ìàìûð

1 Îìàðîâ Ә. ºàçàºñòàíäà¹û à¹àðòó iñi æ¸íå ïàòøà ¾Êiìåòiíi» îòàðëûº ñàÿñàòû.Àëìàòû,1997, 29-á.

1 Âàëèõàíîâ ÷. Ñîáð.ñî÷. Ò.4. Àëìà-Àòà, 1985, ñ.71

1 áåíäðèêîâ Ê.Å. Íàðîäíîå ïðîñâåщåíèå â òóðêåñòàíå â 1918-1919ã.ã. "Ñîâ. Ïåäàãîãèêà", 1956, №12, ñ.37.

1


1 ºàëûáàåâ Æ. "Ìàìàíèÿ " ìåêòåáií Êiì ñàëäûð¹àí? "Àðàé", 1990, №9.

1 Ìұðòàçà Ø. Áàóûðæàí, Ðàºûìæàí, ʸÊiìæàí. "Åãåìåí ºàçàºñòàí". 1999, 11 ìàìûð.

1Îñòðîóìîâ Í.Ï. Âîñïîìèíàíèÿ î ìèññèîíåðñêîì îòäåëåíèè ïðè êàçàíñêîé äóõîâíîé àêàäåìèè. Êàçàíь, 1899, ñ. 12.

1Àëòûíñàðèí Û. Òà»äàìàëû øû¹àðìàëàð. Àëìàòû, 1955, 225-á.

1 Äîñìұõàìåäұëû Õ.Òà»äàìàëû. Èçáðàííîå. Àëìàòû.,1998,376 áåò.

1Äóëàòұëû Ì. Øû¹àðìàëàðû: Ìàºàëàëàðû ìåí çåðòòåóëåð. Àëìàòû, 1997, 20-á.

1 "ºàçàº", 1913, №2.

2 "ºàçàº", 1915, №141.

1 " ºàçàº", 1914, №62.

1 " ºàçàº", 1913, № 4.

1 ºàðà»ûç: ºîæàõìåòîâà Ê.Æ. êàçàõñêàÿ ýòíîïåäàãîãèêà: ìåòîäîëîãèÿ, òåîðèÿ, ïðàêòèêà. Àëìàòû, "¹ûëûì", 1998

2 æàðèêáàåâ Ê.Á.Ðàçâèòèå ïåäàãîãè÷åñêîé ìûñëè â äîðåâîëþöèîííîì Êàçàõñòàíå: Àâòîðåô.äèññ.. Äîêò.ïåä. Íàóê.-Êèåâ,1982

3 Õðèñòîâà Å.Ë. Íàðîäíàÿ ïåäàãîãèêà:èñòîðèîãðàôè÷åñêèå è è òåîðåòèêî-ìåòîäîëîãè÷åñêèå ïðîáëåìû. Àâòîðåô.äèñ..Êàíä.-Ì.1988, 20 ñ.

4 æàðèêáàåâ Ê.Á.Ñîñòîÿíèå è ïåðñïåêòèâû ðàçâèòèÿ ýòíîïåäàãîãè÷åñêèõ è ýòíîïñèõîëîãè÷åñêèõ èññëåäîâàíèé â Êàçàõñòàíå //Ìàòåðèàëû íàó÷íî-ïðàêòè÷åñêîé Êîíôåðåíöèè "Èñïîëьçîâàíèå òðàäèöèè íàðîäíîé ïåäàãîãèêè è ïñèõîëîãèè â ó÷åáíî-âîñïèòàòåëьíîì ïðîöåññå"-Àëìàòû: "Ðàóàí", 1992.-127 ñ.


1

ºîæàõìåòîâà Ê.Æ. êàçàõñêàÿ ýòíîïåäàãîãèêà: ìåòîäîëîãèÿ, òåîðèÿ, ïðàêòèêà. Àëìàòû, 1998, ñ.30.



1 Áàéòұðñûíîâ À. Øû¹àðìàëàðû, Àëìàòû,1989æ, 147-á.

2 Áұë äà ñîíäà , 148-á.

1 Áàéòұðñûíîâ À. Øû¹àðìàëàðû. Àëìàòû, 1989, 245-á.

1 Äóëàòұëû Ì. Øû¹àðìàëàðû: Ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð. Àëìàòû, 1997, 2-ò., 276-277 áåòòåð.

1 Æұìàáàåâ Ì. Ïåäàãîãèêà. Àëìàòû, 1992, 19-á.

1 1Æұìàáàåâ Ì. Ïåäàãîãèêà. Àëìàòû, 1992, 35-á.

1 Æұìàáàåâ Ì. Ïåäàãîãèêà. Àëìàòû, 1992, 115-á.

1 Æұìàáàåâ Ì. Ïåäàãîãèêà. Àëìàòû, 1992, 131-á.

1 Àéìàóûòîâ Æ. Øû¹àðìàëàðû. Àëìàòû, 1989, 20-á.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет