Түркістанда өз анасының қолынан қаза тапқан екі баланың өлімі үшін уәкіл Динара Закиева көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Балалар уәкілі Динара Закиева екі баланы тұншықтырды деп айыпталған анаға қатысты тың деректерді Facebook-парақшасында жариялады.

  • Қызылордалық мұғалімдер Түркиядағы трансвеститтер клубында демалғаны үшін жұмыстан шығып қалды

Айтуынша, күдікті Қызылорда облысының тумасы, алайда Түркістанға келген.

“Ол Түркістанға келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқанын айтқаны белгілі”, – деп жазды Закиева.

Мән-жай анықталуда. Түркістан облыстық ПД істі тергеп жатыр. 

Бұған дейін Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі баланың денесі табылғаны туралы жазған едік. Кейін күдіктінің Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істегені белгілі болды. Кейін ол Шымкентте ұсталды. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.