zha_adan_ta_ayyndal_an_sot_t_ra_alary.doc [Айдарбек би]



жүктеу 22.08 Kb.
Дата19.10.2017
өлшемі22.08 Kb.

17/09/2013

Қазақстан Респуликасының Президентінің 2013 жыл 02 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» № 628 Жарлығымен Ақтөбе облысының аудандық соттардың және Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағалары тағайындалды.


Сонымен, бұрынғы Қобда аудандық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Әйтеке би аудандық сотының төрағасы лауазымына Асхат Амантайұлы Әбдіров, Алға аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Қобда аудандық сотының төрағасы лауазымына Әбитхан Темірбайұлы Анарбаев тағайындалды.  Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Мәртөк аудандық сотының төрағасы лауазымына Мақсат Құдайбергенұлы Дүйсен тағайындалды. Әйтеке би аудандық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Мұғалжар аудандық сотының төрағасы лауазымына Сейфолла Зәкарияұлы Тасымбетов тағайындалды. Мұғалжар аудандық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Ақтөбе қалалық №2 сотының төрағасы лауазымына Айсұлтан Жабайұлы Балмұқанов тағайындалды.
Жаңа тағайындалған сот төрағаларын Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов облыстық сот Кеңсе басшысы Айтазин Айдарбек Қазтайұлымен бірге  аталған соттардың  ғимараттарында соттар  ұжымына және аудандық активке таныстырып, олардың өмірбаяндарын оқып, оларға ҚР Жоғарғы Сотымен қойылып отырған сот жұмысын жақсарту және орындау туралы тапсырмаларын тапсырып, алдағы уақытта жұмыстарында сәттілік пен жақсы көрсеткіштер болуын тіледі.
 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі      
Каталог: sites -> default -> files -> page docs
page docs -> Салтанат ЖҰбаниязова
page docs -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
page docs -> Пленарное заседание
page docs -> Жумабеков О
page docs -> Об отправлении правосудия судами Республики
page docs -> 2001 жылєы бірінші жартыжылдыќтыѕ ќорытындысы бойынша
page docs -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
page docs -> 1-жоба Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
page docs -> Халықаралық құқық


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет