Зияткерлік білім сайысы (8-9сынып)



жүктеу 110.03 Kb.
Дата09.05.2019
өлшемі110.03 Kb.

Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы




зияткерлік білім сайысы (8-9сынып)

Ұйымдастырған: қосымша білім беру педагогі Н.А.Султанова

«Зерде» тобының басшысының көмекшісі Е.Қ.Өтегенова

2016-2017 оқу жылы


«Интеллектуал ринг» зияткерлік білім сайысы (8-9сынып)

Мақсаты: Білімділік. Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой -өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, тіл байлығын, зияткерлік қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген, бәсекелестікке қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Ғылымилығы: Сайыс сұрақтарының негізгі пәндерден және де қазақ халқының салт-дәстүрлерінен құрастырылғандығы, оқушының жеке басының интеллектуалды әлеуетінің қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне бағытталады.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Интеллектуал ринг» білім сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыста «Тіл мәдениеті»тобы қатысады. Сіздердің қошеметтеріңізбен сайысқа қатысушы оқушыларды сайыс алаңына шақырамыз.





3.

4.


5.

6.

7.


Қатысушылар белгілі болды. Ендеше бүгінгі сайыстың өту барысын бақылап баратын эксперт тобымен таныс болыңыздар:

1.

2.



3.
«Ақыл таразысында өлшенбеген білім негізсіз» деген екен дана ғұламалардың бірі. Демек өз білімдеріңді «Интеллектуал ринг» сайысында сынап көруге мүмкіндік бар.

Сынның да сыны бар ғой сыналатын, Әр түрлі білім сырын ұға алатын. Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік, Сыналып әр секундпен жүре алатын. Сіздерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.



І. Раунд «Мен ұнататын пән»деп аталады экрандағы ұяшықтардан біреуін таңдаймыз, қатысушылардың қай категория бойынша сұраққа жауап беретіні анықталады.Әр пәннен 5 сұрақтан оқылады.Дұрыс жауап 1 ұпай.

- Бұл бөлімде кем ұпай топтаған жұп сайыс алаңынан шығарылады.



ІІ.Раунд «Сөзжұмбақ шешеміз» Әрбір дұрыс табылған сөз 1 ұпаймен бағаланады.Бұл раундта ұпайы кем болған жұп сайыс алаңынан шығарылады. ІІІ.Раунд «Полиглот» деп аталады, бұнда сайыскерлерге жұмбақ оқылады,жұмбақтың жауабын 3 тілде айту керек,1 тілде айтса 5, 2 тілде айтса 10, 3 тілде айтса 15 ұпай жинайды. Бұл раундта ұпайы кем болған 2 жұп сайыс алаңынан шығарылады.

IV.Раунд Осы бөлімге дейін бір-біріне жұп болып көмектесіп келген қатысушылар жеңімпаз болу үшін қарсылас болады. Әр қатысушыға 7 сұрақ қойылады дұрыс жауап 1 ұпай.

Ескерту: Ұпайлар тең болып қалғанда қосымша сұрақтар беріледі. Қатысушылар дайын болса сайысымызды бастаймыз.

І.Раунд

Қазақ әдебиеті
1.Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап, Есі болса,жұрнақ болса намыстан. Ұшқалақтық –бірі, екінші-сараңдық, Үшіншісі-ашу, оған егіз надандық

Қырсығың-сор,бетті жер ғып жүргізер, Бесіншісі-өтірік,жерге тірі кіргізер ... Кімнің,қай шығармасынан үзінді?

2.Тәкәппарлықты Тәңірі сүймес, Көңілі пасық ерде дәулет болмас, Күңге қамқа тон жапсаңда,ханым болмас, Ежелгі дұшпан дос болмас ... кімнің сөзі? Ж: Қорқыт ата

3.Лұқман хакімнен әдепті кімнен үйрендің дегенде берген жауабын білесіз бе? Ж: -әдепті әдепсізден үйрендім.Олардың өзін-өзі ұстауына қарап,қайсысы көңіліме жақпаса ,сол әдеттен бездім деген екен.

4.Қайрат,ақыл,жүрек туралы Абайдың нешінші қара сөзінде айтылған? Ж: Он жетінші қара сөзінде 5.Шәкәрім Құдайбердиевтің поэмасын ата Ж: «Қалқаман-Мамыр»

Математика:

1.Ең алғашқы әйел математик? Ж: С.В.Ковалевская 2.Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны? Ж: шеңбер 3.«Математика-пәндер патшасы» сөзінің авторы кім? Ж: Гаусс

4.Ғасырдан бастап уақыттың өлшем бірліктерін ата? Ж:Ғасыр,жыл,ай,апта,күн

5.Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? Ж: теорема



Биология 1.Микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалым? Ж:Луи Пастер 2. Адамның артериялық қысымын өлшейтін аспап? Ж: Танометр 3.Тірі табиғаттың тарихи дамуын зерттеген ғалым? Ж:Чарлз Дарвин
4. Тірі ағзаның ең кішкене құрамдас бөлігі Ж: жасуша 5.Ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым қалай аталады? Ж: генетика

Тарих 1. Қазақ хандығының негізін салушылар? Ж: Керей, Жәнібек

2.Антикалық дәуірдегі массагет тайпасының ханшайымы? Ж: Томирис 3.Білте қаған, Күлтегін, Тоныкөк қай қағанаттың тұсында өмір сүрген? Ж: түркі

4.Қорқыт ата қай ғасырларда өмір сүрді? Ж: 8-9 ғасырларда 5. ХХ ғасырда Қазақстанның астанасы болған қалаларды ата Ж:Қызылорда, Орынбор, Алматы

Информатика

1.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы? Ж:Компьютер 2. Компьютерде цифрларды қай пернені басу арқылы енгіземіз? Ж: Цифрлық немесе Num Lock пернесі арқылы

3. Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы? Ж: сканер
4. Іске қосу батырмасын ата Ж: пуск 5. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы? Ж: модем

География 1.Қазақстан халқының орналасу тығыздығы 1ш км жерге қанша адамнан тура келеді? Ж: 5,8 2.Қазақстан республикасында қанша қала,қанша кент,және ауылдық елді мекен бар? Ж: 87қала,35кент,6982 ауылдық елді мекен 3. Қазақстанның климаты қандай? Ж: шұғыл континентті 4.Картаны оқып үйренудің ең басты құралы? Ж: шартты белгілер жүйесі
5. Қазақстандағы аты да, заты да бұзық өзен ? Ж: Талдықорған облысында, Тентек өзені

7. Қазақ тілі

1. Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлеуін не дейміз? Ж: диалог 2.Біреу, екеу, алтау, жетеу қандай сан есім? Ж:жинақтық 3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? Ж: түркі 4. Қазақ тіліне қай жылы мемлекеттік мәртебе берілді? Ж:1989ж 5. Біріккен сөз дегеніміз не? Ж:екі түбірден жасалған



Бұл раундтан соң,ұпайы аз оқушы сайыс алаңынан шығарылады.Қалған оқушылар өздеріне жұп таңдайды.

ІІ раунд Бұл раундта топтарға сөзжұмбақ беріледі. Сөзжұмбақ дұрыс шешілсе тігінен « зияткер» сөзі шығады. Әрбір дұрыс табылған сөз 1 ұпаймен бағаланады.
Сөзжұмбақ





























































з




























и





































я
















т






















к





































е








































р

























































































































































1.Сәндік үшін білекке тағатын бағалы әшекейлі бұйым? 2.Жиеннен туған бала? 3.Бас киім түрі? 4.Жас келінге арналған өлең? 5.Киіз үйдің бөлігі? 6.Қазақтар сәби дүниеге келгенде қандай той жасайды? 7.Киіз үйдің төбесі?

Осы раундтан соң, ұпайы кем болған топ сайыс алаңынан шығарылады. Ұпайлар саны тең болып қалғанда, қосымша сұрақтар беру арқылы анықталады.



ІІІ раунд. Бұл раундта ұпай саны жоғары болып,осы кезге дейін бір-біріне көмектесіп келген жұп,енді бір-біріне қарсы ойнайды. Бұл раунд «Полиглот » деп аталады. Бұнда сайыскерлерге жұмбақ оқылады,жұмбақтың жауабын 3тілде айту керек. Бір тілде айтса 5,екі тілде айтса 10,үш тілде айтса 15 ұпай. 1.Жеп көріп ем өзін мен, Жас шығарды көзімнен.( пияз-лук- onion ) 2. Білімнің дәнін тереді, Балаға тәлім береді. (Ұстаз-учитель- teacher ) 3. Бұдан кір қорқады Судан бұл қорқады (сабын-мыло- a soap)

4.Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан (Күн-Солнце-a sun ) 5. Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.    (Сөз-слова-
words)

6. Мұртымен туады,
Мұртын күнде жуады. (мысық-кошка- cat)
 
ІV Раунд 1 оқушыға


1.Қ.Р-ның Конституциясы неше бөлім,неше баптан тұрады? 9 бөлім, 98 баптан 2.Қ.Р заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы орган. парламент 3.Мемлекеттік тудың авторы кім? Ш.Ниязбеков 4.Парламенттің жоғарғы палатасы? Сенат 5.Бүкілхалықтық дауыс беру? референдум 6.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды? 1992 ж. 7 мамырда

7.Қ.Р-сы бойынша ең жоғарғы заңдық күші бар нормативтік актты атаңыз? Қ.Р Конституциясы 8. ҚР - сы қандай мемлекеттермен шектеседі? Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түркіменстан

9.Қ.Р ның төл теңгесі қашан қолданысқа енді? 1993ж 15 қараша 10. Елордамыз Астанадағы ең биік монумент? Бәйтерек 97м
2ші оқушыға


1. Қазақстан Республикасының Ата Заңы қашан қабылданды? 1995 ж 30 тамыз

2. Қазақстан БҰҰ-на қашан мүше болып кірді? 1992 ж 2 наурыз 3.Астананың 10 жылдығы қай жылы атап өтілді? 2008 ж 4.Елордамыз Астанадағы «Қазақ елі»монументінің биіктігі қанша метр? 91м

5.Қазақстанда І Бүкіләлемдік келісім конгресі қашан өтті? 1992 ж 18 қазан 6.Мемлекеттік рәміздер қабылданған күн? 1992 жылы 4-маусым 7.Қ.Р-ның жаңа әнұраны қашан қабылданды? 2006 ж. 6 қаңтар 8.Қ.Р-ның Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер соңғы рет қашан енгізілді? 2011ж,ақпан 9.Қ.Р Парламенті неше палатадан тұрады? 2 10.Еуропалық ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының саммиті қашан, қазақстанның қай қаласында өтті? 2010ж 1-2 желтоқсан, Астана

Бұл раундта аз ұпай жинаған қатысушы сайыс алаңынан шығарылады. Егер ұпайлар тең болып қалғанда жеңімпаз қосымша сұрақтар беру арқылы анықталады. Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегі экспертке беріледі. Жарыс заңы ежелден



Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау деп сайыс қатысушыларына сайыста қарсылас болғанмен өмірде дос болып қалыңыздар деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

БҚО Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы

Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта

білім беретін мектеп-балабақшасының

ІІ санатты қосымша білім беру педагогі

Султанова Нурия Амантаевна





Каталог: uploads -> doc -> 0512
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0512 -> Сабаќ таќырыбы: п
0512 -> Сабақ § 59.Қазақстан әлем картасында. Мектеп: Шахта орта мектебі
0512 -> «Кел, балалар, оқылық!»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет