Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов жер сілкінісіне қалай дайындалып, "дабыл сөмкесіне" қандай заттар салу керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі хабарлайды.  

ТЖД өкілі "дабыл сөмкесін" үйдегі қарапайым рюкзакқа, сөмкеге немесе чемоданға жинауға болатынын атап өтті.

"Біріншіден, алғашқы көмек көрсететін қажетті дәрі-дәрмек салынған медициналық жәрдем қобдишасы, жылы киім, қолшам, консервілер мен батырмалы телефон болуы керек. Оның қуаты бар болса бір апта немесе тіпті 10 күн жұмыс істей алады. Сондай-ақ міндетті түрде ысқырық болуы шарт. Себебі Түркиядағы жер сілкінісінің тәжірибесіне сүйенсек, бір минуттық үнсіздік жарияланған кезде адамның қай жерде екенін ысқырық арқылы білуге болады. Бұл әрбір алматылықтың дабыл сөмкесінде болуы қажет", — деді Әнуар Юсупов.

"Дабыл сөмкесі" — төтенше жағдай кезінде қажетті заттар салынатын жиынтық. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.