Зубаир селолыќ округі єкімініњ 2008 жылы атќарѓан ж±мысы жайында есебі



жүктеу 24.72 Kb.
Дата17.02.2018
өлшемі24.72 Kb.


Зубаир ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарған жұмысы жайында есебі.
Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша жұмыс атқару ауылдық округ әкімінің негізгі міндеті болды. Ауылдық округте 3 елді мекен бар, олар Зубаир, Байтанат және Жаңааул. Жалпы округ тұрғындарының саны- 523 адам. Жұмыстың ең негізгі бағыттарының бірі- ауылшаруашылық құрылымдарымен жұмыс.Ауылдық округте барлығы 48 шаруа қожалығы тіркелген. 2014 жылы ауыл шаруашылық құрылымдары барлығы 13066 гектарға егістік екті,бұл 2013 жылмен салыстырғанда 228 гектарға артық.2014 жылы 4465 га бидай, 136 га арпа, 373 га қарақұмық, 7338 га күнбағыс егілді.

Ауылшаруашылығы округте жеке секторда дамыған, 141 аула бар,биыл 2785 центнер ет өндірілді,9850 ц. сүт өндірілді,былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара мал саны 3 басқа,қой 98 басқа,жылқы 16 басқа артты.

Ауылдық әкімдік бойынша бюджеттік бағдарлама 100% орындалды. Жергілікті салық түрлерінен биылғы жылғы жоспар 100% пайызға орындалды. Байтанат ауылында аудандық бюджет қорынан 3000000 тенгеге ауыз суды тазартатын қондырғы орнатылды.

Есеп беру жылында «Сұлтан» шаруа қожалығы 28 миллион тенгеге жаңа ауылшаруашылық техникасын сатып алды.

Жыл бойы ауыл тұрғындары арасында мәдени көпшілік жұмыстары өткізіліп тұрды. Ұлы Жеңістің 69 жылдығы атап өтілді, 1 маусым балаларды қорғау күні мерекесін өкізілді, «Мектепке жол» бағдарламасы бойынша оқушыларға оқу-құралдары алынды, 1 қазанда «Қарттарым аман-сау жүрші» атты қарттар күніне арналған іс–шаралар өткізілді, мектеп оқушыларының «Шырша тойы» және ауылдық мектепке дейінгі балаларға арналған «Шырша тойы» ертеңгілігі мен ауыл жастарына арналған шырша мерекесі атап өткізілді. Осы шараларды өткізуге аудандық мәслихаттың депутаты Ю.Г.Ковязин,шаруа қожалықтарының жетекшілері: «Сұлтан» шаруа қожалығы Ғ.К.Мендекеев,«Даулет»ш\қ Г.Қ. Сейтмолдина, «Мирас»ш\қ Тютенов Е.Ж., «Кузембай» ш\қ Мендекеев Р.К., «Шұғыла» ш\қ Ф.С.Курмангалиев, «Даут» ш\қ Ж.Х. Ягуфаров, «Ердос» ш\қ. Е.Керебаев., «Едил» ш\қ Тютенов Еділ, «Елдар» ш\қ С.Н.Керимбаев, «Төлеубек» ш\қ Т.С.Шаймарданов, «Канат» ш\қ Қ.М. Мухаметғалиев, жеке кәсіпкерлер: Б.С.Ерубаева,З.Р.Суюндукова,Р.З.Мендекеев, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі және жастар ұйымы мүшелері демеушілік жасап, шараларды ұйымдастыру бойынша көмек көрсетті.

Ауылдық аймақта 2 мектеп жұмыс істейді.Зубаир орта мектебі және Байтанат бастауыш мектебі. Мектепке оқушыларды көрші Петропавловка, Байтанат ауылдарынан 2 автобуспен тасып оқыту ұйымдастырылған.

Ауылдық округ аумағында 2 фельдшерлік пункт, 3 дүкен халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылдық кітапхана жұмыс істейді және оқырмандармен белсенді жұмыс атқарады,көпшілік іс шараларын өткізеді.

Округте көктемгі және күзгі ветеринарлық малдәрігерлік мал егу шаралары жүргізілді,малдарға таңба салынып, олар туралы мәлімет «Индентификация» компьютерлік бағдарламасына енгізіліп отырылады.

Ауылдық аймақтың тұрғындарына «Қазпошта» АҚ Бородулиха аудандық пошта байланыс бөлімінің жылжымалы автокөлігі келіп байланыс қызметтерін көрсетіп отырады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны көп бала тәрбиелеп өсірген 22 ана алады.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімінен берілген несиеге ауыл тұрғыны В.К.Оспанова жеке кәсіпкер ретінде наубайхана ашуға ниеттеніп жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Семей жолдары» ұйымы Байтанат ауылынан Петропавловка ауылына дейінгі аралықтағы жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Ауылдық аймақ бойынша бүгінгі күні әлі шешімін таппай отырған проблемалық мәселелер-Зубаир ауылында ауыл ішілік су құбырын өткізу, Жаңаауыл ауылында ауыз суы тапшылығы.Осы мәселелерді шешу ауылдық округ әкімінің 2015 жылғы жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі болады.


О.Есенжолов, Зубаир ауылдық округінің әкімі




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет