Reddit қолданушысы күйеуінің отбасындағы күтпеген қонаққа ашуланған соң ажырасуға өтініш бергенін айтады. Пікір білдіргендердің басым бөлігі әйелдің әрекетін дұрыс деп бағалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Автордың сөзінше, күйеуінің ағасы өз қыздарына азғындық жасап, суреттерін таратқаны үшін 29 жылға сотталған. Жақында автор мен оның қыздарын күйеуінің әпкесі қонаққа шақырған екен.

"Кешкі ас кезінде балалардың барлығы қонақ бөлмеле отырды, олармен бірге 4 ересек, соның ішінде 50 жастағы әйел мен оның серігі болды", – дейді ол. 

Кейін жазба авторы әйелдің балаларды суретке түсіріп жатқанын көрген, ал жанындағы ер адам оларға қарап тұрған. 

"Мен енемнен олардың кім екенін сұрап едім, еш саспастан Стив пен оның әйелі екенін айтты. Мен ашуланып, балаларыма далаға шығыңдар дедім. Сосын енеме неліктен мұнда педофилдің болатынын ескертпегенін сұрадым", – деп қосты автор. 

Кейін енесі Стивтің балдақпен жүретінін және дұрыс тыныс ала алмайтынын айтқан. 

Бұдан соң әйел күйеуінің туыстарынан балалардың суретін өшіріп тастауды талап еткенімен, олар бас тартқан екен. Оқиға орнына полиция келген соң олар телефонды тәркілепті. Ал күйеуі оны бұл әрекеті үшін жазғырған. Сондықтан ажырасуға арыз жазу туралы шешім қабылдапты. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.