2024 жылы Оңтүстік Кореядағы Ганвонда өткен жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойыны өтті. Қазақстан алғашқы алтынды еншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Илья Мизерных жеңімпаз атанды. Ол трамплиннен бірінші рет секіргенде, үшінші орында болды. Алайда екінші рет секіргенде, бәрін басып озды. 

Екіншісі орынды австриялық Никки Хумль, үшінші орынды польшалық Лукаш Лукашчук алды.

Қазақстан бұған дейін қысқы жасөспірімдер ойындарында алтын алған емес.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.