Ұлттық қауіпсіздік комитеті 17 ақпанда ішкі істер органдарымен бірлесіп еліміздегі деструктивті діни ағымдар тобына қарсы операция жүргізетінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік қызметі бұл операцияны Бас прокуратурамен келісе отырып жүргізбек.

Радикалды іздестіру және жолын кесу операциясы Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында өтеді.

"Қабылданған шаралардың нәтижелері жақын күндері белгілі болады", — делінген хабарламада.

  • Терроризмді насихаттаған: Атырауда бұған дейін де сотталған 17 жастағы діни радикал ұсталды

  • Алматыдағы медреседе 15 жастағы жасөспірімді ұстазы соққыға жыққан


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.