Қ. Әбдіхалықова табиғатты пайдалану экономикасынан практикум



жүктеу 1.57 Mb.
бет2/9
Дата04.03.2018
өлшемі1.57 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3. Иә/жоқ
Кесте 1.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

Адамдар арасында табиғатты пайдалану процессінде пайда болатын өндірістік қатынастардың қиын жүйесін зерттейтін ғылым табиғатты пайдалану экономикасы деп атайды




2

Жаңаратын ресурстар дегеніміз – тұтыну мерзімімен өлшенетін уақыт аралығында қайта қалыптасуға мүмкіндігі жоқ ресурстар




3

Қазіргі кезде пайдаланатын ресурстар потенциалды ресурстар деп аталады.













4

Табиғи реурстарды қолдану процесінде шектеулі жаңармайтын ресурстарға қатысты ерекше сақтық және үнемділік қажет.




5

Жаңармайтын өсімдіктер, жануар әлемі жатады.




6

Табиғи ресурстар — бұл адамның өмір сүруіне қажеттті табиғат шартының барлық жиынтығы, қоғамның материалдық және мәдени қажеттілігін қамтамасыз етуге қолданылатын қоршаған ортаның маңызды компоненттері.




7

Табиғи ресурстардың негізгі түрлері — күн энергиясы, жердің ішкі жылуы, су, жер және минералды ресурстар — еңбек құралдары болып табылады.




8

Өсімдік ресурстары, жануарлар әлемі, ауыз суы, жабайы өсімдіктер — қажеттілік заттары болып табылады.




9

Табиғи ресурстардың сарқылуын тоқтату үшін оларды оңтайлы қолдану мен шикізат, жанар май және энергияның жаңа көзін табу керек.




10

Табиғат ресурстары адам өмірінің қызметінде маңызды рөл атқарады, дегенмен оны қолдану процесі кезінде қазір өмір сүріп жатқан адамдар мен болашақ ұрпақ мүддесіне оның ешқандай әсері жоқі.




11

Табиғи заттар мен энергияны қолданудың орасан зор көлемі адамзатты алаңдатпауы тиіс, себебіл табиғи энегргия көзі де энергия да бізде жеткілікті.




12

Табиғат ресурстары сарқылмайтын байлық





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Бүкіл адамзат қоғамның даму тарихы неден тұрады?

А) педагогикалық психология дәстүрінен;

В) зерттеу мамандықтарынан;

С) табиғат пен адамзаттың қарым- қатынасынан;

D) кәсіби іс- әрекеттерден;

Е) еңбек құралдарынан;


2. Қоғамның өндірістік дамуына байланысты адамның қандай ортаға әсері артып келеді?

А) табиғи;

В) атмосфера;

С) литосфера;

D) педагогика;

Е) биосфера;


3.Қоғамдық өндіріс кезінде қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық, экономикалық қатынастары – бұл ?

А) табиғи байлығын неғұрлым тиімді пайдалану;

В) табиғат байлығын пайдаланудың экономикалық пәні;

С) табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістерін;

D) халық шаруашылығын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайлары;

Е) барлығы дұрыс.


4. Табиғат пайдалану экономикасы қандай ғылымдарымен тығыз байлаенысты?

А) гуманитарлық;

В) педагогика;

С) философия;

D) техникалық;

Е) дұрыс жауап жоқ.


5. Қазіргі кезде пайдаланатын ресурстар:

А) нақты ресурстар;

В) қалпына келмейтін ресурстар;

С) қалпына келетін ресурстар;

D) потенциалды ресурстар;

Е) өндіріс қалдықтары.


5. Ұғымдар мен терминдер
Экология

Қоршаған орта

Табиғи ресурстар

Табиғатты пайдалану

Нақты ресурстар

Қалпына келмейтін ресурстар

Қалпына келетін ресурстар

Потенциалды ресурстар

Өндіріс қалдықтары
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1 Табиғи орта, табиғат ресурстары және оларды қорғау, тиімді пайдалану туралы жалпы мағлұмат беріңіздер

2 Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері қандай?

3 Табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын үйлестіру қалай, қандай тетіктер арқылы жүзеге асырылады?
Тақырып 2

ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰҚЫПТЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ




1. Тақырып бойынша теориялық материал
Табиғи ресурстар елдің экономикалық дамуының және өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Мемлекеттің экономикалық мүмкіндігі қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды қолдану деңгейімен анықталады.

Табиғатты қолдануды жоспарлаудың тапсырмалары келесідей болады:

- минералды ресурстарды кешенді қолдануды қамтамасыз ету, минералды шикізатты қайта өңдеудің азшығылды және шығылсыз технологияларын қолдану;

- ұқыпты қолдануды қамтамасыз ету және бөлінген, бұзылған жер, су ресурстарының, өсімдік және жануарлар әлемін қалпына келтіру;

- табиғи ортада ғылыми нормативтерді қолдану арқылы тепе-теңдікті қамтамасыз ету.

Меншіктің әртүрлі формаларының бары және нарықтық экономика жағдайында табиғатты ұқыпты қолдану жоспарлаудың негізгі принциптерін қарастырайық.

Ғылымдылық принципі— объективтілік, жүйелік, кешенділік, тиімділік және жоспарлаудың мақсаттылығы. Табиғатты ұқыпты қолданудың жоспарлары мен бағдарламасы нақты, объективті ақпарат және экономикалық заңдардың әрекет жан-жақты есебінің негізінде өндіріледі. Бұл кезде ғылымның және техниканың жаңа жетістіктері есепке алынады, заңға негізделген нормалар мен нормативтер қолданады. Жоспарлаудың үздіксіздік және табиғатты қорғау қызметінің болжау қағидасы ағымдағы жоспар мен ұзақ мерзімді болжамды өндіруге негізделеді.

Табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін жоғарылату және табиғи ортаның жағдайына талаптар, мақсаттардың бірлігін қамтамасыз ететін көрші мемлекеттердің табиғатты ұқыпты қолдану жоспарларын реттеу маңызды мәнге ие болады.

Табиғатты қолдануды жоспарлау кезінде әр түрлі әдістер қолданады: баланстық, нормативті, аналитикалық бағдарламалы-мақсаттық, экономико-математикалық модельдеу және сараптамалық бағалар.

Қазіргі кезде табиғи ресурстардың азаю мәселесі лауазымды орынға ие болып тұр. Табиғи ресурстардың азаю адамзаттың қажеттілігіне, оның техникалық мүмкіндіктері және табиғи жүйе үшін қауіпсіздік нормаларына жауап бермейтін деңгейіне дейін табиғи ресурс қорларының азаюынада көрініс табады.

Табиғи ресурстардың азаюы олардың экономикалық және экологиялық дамуын болашақта мақсатсыз етеді. Қайта қалпына келетін ресурстардың кейбір түрлерін жыртқыштық пайдалану кезінде қайта қалпына келу мүмкіндігін жоғалтады.

Өндірістің өсуі табиғи ресурстардың азаю және қоршаған ортаны ластау есебіне жүзеге асырылуы мүмкін емес, яғни олардың жағдайына өндірісті дамыту ғана емес, сонымен қатар жерде өмір сүру де тәуелді болады.

Табиғатты ұқыпты қолдану және табиғатты қорғау түсінігінің өзара байланысы.

Табиғи ортаның жағдайының нашарлауы адамзат қоғамының және табиғаттың өзара байланысының үрдісі кезінде табиғатты қорғау және ұқыпты қолдану қажеттілігін тудырады.

Табиғатты ұқыпты қолдану және табиғатты қорғау өзара тығыз байланысты. Бұл мына анықтамалардан көрініс табады.

Табиғатты ұқыпты қолдану-табиғи ресурстарды үнемді қолдануды қамтамасыз ететін, оларды қорғау және қоғамның қазіргі болашақ қызығушылықтарын ескере отырып жүзеге асатын адамның шаруашылық қызметі.



Табиғатты қорғаутабиғат ресурстарын қорғауға қолдануға және адамдардың ұрпағының материалдық, мәдени қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында табиғи ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық жүйесі.

Басқаша айтқанда, табиғатты қорғау –табиғат пен адамзат қоғамының арақатынасын жақсарту бойынша іс-шаралардың жүйесі.

Сондықтан, кейбір жағдайларда табиғатты қорғаудың міндетті құрылымдық бөлігіне табиғи кешендердің шаруашылық өндірісінің және биологиялық өнімділігінің ұлғаюына бағытталған іс-шаралар жатады.

Табиғатты қорғаудың және табиғатты ұқыпты қолданудың аспектілері.

Табиғатты қорғауда және табиғатты ұқыпты қолданудың негізінде келесі аспектілер жатыр: экономикалық, денсаулық сақтау, эстетикалық, ғылыми танымдық, тәрбиелік.

Табиғатты қорғаудың және табиғатты ұқыпты қолданудың мақсаты-адам өмірі үшін жағымды жағдай тудыруды барлық адамзат қоғамының мәдени және материалдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін шаруашылықтың, ғылымның, мәдениеттің дамуын қамтамасыз ету.

Табиғатты қорғаудың және табиғатты ұқыпты қолданудың принциптері

Табиғатты қорғаудың және табиғатты ұқыпты қолдану келесі принциптерге негізделуі тиіс:

1) болжау ережесі: табиғи ресурстарды қорғау және қолдану табиғатты қолданудың жағымсыз әсерін максималды болдырмау негізінде жүзеге асуы тиіс.

2) табиғи ресурстарды игерудің тиімділігін жоғарылатуды ережесі: табиғи ресурстармен қолдану, пайдалы қазбаларды табу, өңдеу және өткізу кезінде шығындарды азайтуға негізделеді.

3) табиғаттың көріністері мен объектілерінің көптеген маңызының ережесі.

4) кешенділік ережесі;

5) аймақтық ережесі;

6) қорғаудың және жанама қолданудың ережесі;

7) табиғатты қорғау және бірыңғай қолдану.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(2.1 және 2.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 2.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Елдің экономикалық дамуының және өндірістің маңызды факторларының бірі




2

Минералды шикізатты қайта өңдеудің технологиялары




3

Табиғат ресурстарын қорғауға қолдануға және адамдардың ұрпағының материалдық, мәдени қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында табиғи ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық жүйесі




4

Табиғатты қорғаудың және табиғатты ұқыпты қолдану принциптерінің бірін көрсетіңіз




5

тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi




6

табиғи ресурстардың әрбiр түрiн олардың тұтыну қасиеттерiн жоғалтуға әкеп соғатын тиiмсiз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi




7

объективтілік, жүйелік, кешенділік, тиімділік және жоспарлаудың мақсаттылығы




8

Табиғатты ұқыпты қолданудың жоспарлары мен бағдарламасы қандай есеп негізінде өндіріледі




9

Табиғатты қолдануды жоспарлау кезінде қолданылатын әдіс




10

Экономикалық және экологиялық дамудың болашақ мақсатсыздығының салдары




11

Табиғи ресурстарды үнемді қолдануды қамтамасыз ететін, оларды қорғау және қоғамның қазіргі болашақ қызығушылықтарын ескере отырып жүзеге асатын адамның шаруашылық қызметі




12

Табиғатты қорғауда және табиғатты ұқыпты қолданудың аспектілері





13

Табиғи ресурстарды игерудің тиімділігін жоғарылатуды ережесі: табиғи ресурстармен қолдану, пайдалы қазбаларды табу, өндеу және өткізу кезінде шығындарды азайтуға негізделеді.




14

Табиғи ортаның жағдайының нашарлауы адамзат қоғамының және табиғаттың өзара байланысының үрдісі кезінде туындайтын қажеттілік



Кесте 2.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

А

табиғатты қорғау және ұқыпты қолдану

Ә

табиғатты қорғау

Б

табиғи ресурстардың азаюы

В

экономикалық, денсаулық сақтау

Г

аз шығынды және шығынсыз

Ғ

табиғатты ұқыпты қолдану

Д

ғылымдылық принципі

Е

табиғи ресурстар

Ж

табиғатты қорғау және бірыңғай қолдану

З

табиғи ресурстарды қорғау

И

нақты, объективтік және экономикалық заңдар

К

табиғи ресурстар

Л

табиғатты қорғаудың және табиғатты ұқыпты қолдану принципі

М

экономикалық-математикалық модельдеу


3. Иә/жоқ

Кесте 2.3






Тұжырым

Иә/жоқ

1

2

3

1

Табиғи ресурстар елдің экономикалық дамуының және өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады.




2

Ғылымдылық принципі- тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi




3

Табиғатты қолдануды жоспарлау кезінде денсаулық сақтау әдісі қолданылады




4

Табиғатты ұқыпты қолдану-табиғи ресурстарды үнемді қолдануды қамтамасыз ететін, оларды қорғау және қоғамның қазіргі болашақ қызығушылықтарын ескере отырып жүзеге асатын адамның шаруашылық қызметі




5

Өндірістің өсуі табиғи ресурстардың азаю және қоршаған ортаны ластау есебіне жүзеге асырылуы мүмкін




6

Минералды шикізатты қайта өңдеудің технологиялары-азшығылды және шығылсыз




7

Табиғатты қорғаудың міндетті құрылымдық бөлігіне экономикалық, денсаулық сақтау, эстетикалық, ғылыми танымдық, тәрбиелікке бағытталған іс-шаралар жатады




8

Табиғатты қорғаудың және табиғатты ұқыпты қолданудың мақсаты- шығындарды көбейтуге негізделеді.




9

Табиғатты қолдануды жоспарлау кезінде әр түрлі әдістер қолданады: баланстық, нормативті, аналитикалық бағдарламалы-мақсаттық, экономико-математикалық модельдеу және сараптамалық бағалар




Кесте 2.3 жалғасы

1

2

3

10

Табиғатты қорғаутабиғат ресурстарын қорғауға қолдануға және адамдардың ұрпағының материалдық, мәдени қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында табиғи ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық жүйесі.




11

Табиғатты ұқыпты қолдану және табиғатты қорғау түсінігі қарама-қайшы




12

Ғылымдылық принципіне объективтілік, жүйелік, кешенділік, тиімділік және жоспарлаудың мақсаттылығы жатады




13

Болжау ережесі: табиғи ресурстарды қорғау және қолдану табиғатты қолданудың жағымды әсерін максималды болдырмау негізінде жүзеге асуы тиіс.





14

Кейбір жағдайларда табиғатты қорғаудың міндетті құрылымдық бөлігіне табиғи кешендердің шаруашылық өндірісінің және биологиялық өнімділігінің ұлғаюына бағытталған іс-шаралар жатады




15

Табиғи ортаның жағдайының нашарлауы адамзат қоғамының және табиғаттың өзара байланысының үрдісі кезінде табиғатты қорғау және ұқыпты қолдану қажеттілігін тудырады





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Объективтілік, жүйелік, кешенділік, тиімділік және жоспарлаудың мақсаттылығы- бұл...?

А) экономикалық принцип;

В) ғылымдылық принципі;

С) экологиялық принцип;

D) табиғи орта принципі;

Е) табиғатты қорғау принципі;


2. Табиғатты қолдануды жоспарлау кезінде қандай әдістер қолданады?

А) денсаулық сақтау;

В) эстетикалық;

С) танымдық;

D) баланстық;

Е) аймақтық;


3. Табиғат ресурстарын қорғауға қолдануға және адамдардың ұрпағының материалдық, мәдени қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында табиғи ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық жүйесі бұл -

А) табиғатты қорғау;

В) табиғатты пайдалану;

С) дұрыс жауабы жоқ;

D) табиғи орта;

Е) табиғи ресурстар.


4. Табиғатты қорғаудың және табиғатты ұқыпты қолданудың принциптері?

А) экономикалық және экологиялық;

В) кешендік;

С) табиғатты қорғау және бірыңғай қолдану;

D) денсаулық сақтау;

E) берілген жауаптардың барлығы дұрыс.


5. табиғи ресурстар дегеніміз -

А) табиғатты қорғау;

В) табиғи орта;

С) Минералды шикізатты қайта өңдеудің технологиялары

D) экономикалық және экологиялық принциптер;

E) тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi.


5. Ұғымдар мен терминдер
Табиғи ресурстар

Ғылымдылық принциптер

Табиғатты қорғау

Табиғи орта

Табиғи ресурстар
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Табиғи ортаны қорғау қажеттігі және басты бағыттарын атаңыз

2. Табиғат ресурстарын сұраптау түрлері және мақсатын атаңыз

3. Табиғатты пайдалану экономикасының өзге ғылымдармен байланысын сипаттаңыз?

Тақырып 3

ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ САПАСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ТЕОРИЯСЫ



1. Тақырып бойынша теориялық материал
Табиғатты пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалау қажеттілігі. Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату болып табылады. Осыған сәйкес өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс катынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.

Осы тұрғыдан кем дегенде екі негізі қорытынды жасауға болады. Бірінші - табиғат байлығы өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ. Бұл жалпы кең мағынада. Негізінде табиғат ресурсының өндіріске қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатысын ғана аламыз, яғни табиғат байлығын өз ортасынан бөліп алу немесе сол ортада жұмыс істеу, табиғи заттарға еңбекпен тікелей әсер ету немесе табиғи күштерді еңбекте пайдалану. Алғашқы өңдеуден өткен, соның арқасында тауарға айналған заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда жұмсалатын затты табиғат байлығы (ресурсы) деп қарастырмаймыз. Мысалы, саз балшықтан кірпіш жасасақ, табиғат байлығын пайдаландық деп есептейміз, ал сол кірпіштен үй салсақ, олай деп айтпаймыз.

Екінші қорытынды - табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде ме, ғылыми тұрғыдан ба немесе іс қажеттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.

Экономикалық бағалау көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері

Табиғат байлығын пайдалану керек пе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге жаратамыз? - деген сияқты бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің пайдалануға болатынын, оның тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз. Яғни, табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады. Олар өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін зерттеледі. Бұл әрекеттің түпкі мақсаты табиғат байлығын саны және сапасы жағынан зерделеп, оның әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін анықтау.

Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені, көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді. Дегенмен, белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б.) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалық бағалау іс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді.



Әртүрлі экономикалық бағалаулардың ерекшеліктері және қолданылуы. Қазір табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін керек, қайда қолданылады десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:

  • ұлттық байлықты есептеу;

  • табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықтау, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау;

  • ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау;

  • өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік құнын, бағасын дұрыс есептеу;

  • табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп мүмкіндіктерін есептеу;

  • жеке экономикалық аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу және болжау;

  • табиғат байлығын пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау;

  • жеке кәсіпорындарды жобалау және экономикалық тұрғыдан жобаны дәлелдеу;

  • арендалық, концессиялық тағы басқа төлемдерді есептеу;

  • табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық зиянды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін бағалау.

Осы келтірілген табиғат байлығын экономикалық бағалау негізінде шешілетін мәселелер оның қаншалықты маңызды екеніне және тез арада шешімін табу керек екеніне көзімізді толық жеткізеді. Нарық қатынасына толығымен өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсіресе өндіруші салаларында табиғатты пайдалануды экономикалық бағалаусыз шешуге болмайды. Өйткені барлық кәсіпорын табиғат байлығын пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді. Біреулері табиғат байлығын өсіретін болса, екіншілері оны зерттейді, барлау жұмыстарын жүргізеді, санын, сапасын зерделейді; үшіншілері - табиғат байлығын өндіріп пайдаланады немесе пайдалануға әзірлейді; төртіншілері табиғатқа ластаушы заттар шығарып ауаға, суға, жерге әсер етеді; бесіншілері табиғаттың ассимиляциялық, рекреациялық потенциалын пайдаланады. Егер бұрын экономикалық бағалау оптималдық есептеулерде, жоспарларда, болжамдарда ғана қолданылып келсе, енді ол тікелей шаруашылық қатынастарда қолданылады, меншік иесі мен табиғат байлығын пайдаланушылар арасындағы экономика қатынастарды реттеуде, арендалық қатынастарда, мемлекетік және жергілікті салық, қаржы несие жүйелерінде толық қолданылады.

Экономикалық бағалау, құн және баға айырмашылықтары. Табиғи ортаның сыйымдылық потенциалы және оны экономикалық бағалау.

Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау (кең мағынада). Ал таза экономикалық мағынада - табиғат ресурсын нақты пайдаланудан түсетін экономикалық тиімнің ақшалай өлшемін анықтау. Экономикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсерін, соған сәйкес қойылатын талаптарды, шектерді ескеру керек.

Табиғат байлығының экономикалық бағасы -оның халық шаруашылық құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады: есептеу және ынталандыру. Табиғат байлығы - ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі. Құндылығын анықтау арқылы табиғат байлығын тиімді, үнемдеп пайдалану ынталандырылады, табиғатты қорғау жауапкершілігі арттырылады. Сапасы, орналасу тиімділігі әр түрлі табиғат байлығын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызылады.

Экономикалық бағалаудың қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты шаруашылық басқару экономикалық механизмі мен тетіктері арқылы табиғатты тиімді пайдалануға, оның қалыпты жағдайын қорғауға жұмылдырады.

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі: шығындық және ренталық қағидасы және олардың бірнеше түрлері бар. Шығындық қағида бойынша табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне оны игеруге, пайдалануға жұмсалған шығындар (еңбек) алынады, ал ренталық қағида дифференциалдық рента түріндегі табиғат ресурстарының халық шаруашылық тиімдерін есептеуге құрылған.

Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады. Табиғат байлығының сапасы оның құндылығын анықтаудың тек қосымша факторы ретінде қызмет атқарады. Құн заңына сәйкес, тауардың құны оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталатынын ескеріп, академик С.Г.Струмилин табиғат ресурстарының құнын да оларды игеруге, ұқсатуға, пайдалануға жұмсалған еңбек шығындарымен анықтауды ұсынған. Бірақ табиғат ресурстарын бұлай бағалау олардың тұтыну құндылығының шамасына сәйкес келмейді. Мысалы, пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатса, оны өндіруге аз шығын жұмсалады. Яғни, оларды тереңнен өндірілетін кендерге қарағанда, сапасы бірдей болғанның өзінде арзан бағалауымыз керек. Тағы бір мысал: Өндіру шығындары бірдей кендер сапасының - тұтыну құндылығының әр түрлілігіне қарамай, теңдей бағаланар еді. Тұтыну құндылығы артық кен, әрине, жоғары бағалануы тиіс. Әдетте сапасы төмен жерге сапалы жерге қарағанда көп шығын жұмсалады (тыңайту, тегістеу, т.б. жұмыстар). Оның тұтыну құны да жақсы жерден төмен. Сондықтан бағалануы да төмен болуы тиіс. Ал шығындық қағида бойынша ол жер жақсы жерге қарағанда жоғары бағаланар еді.

Шығындық қағиданың осы басты кемшілігін табиғат ресурстарының сапасын, өнімділігін есептейтін коэффициенттер де жоя алмайды. Табиғат ресурстарының сапасы әр түрлі болғанда бірдей еңбек жұмсай отырып, әр түрлі нәтиже аламыз. Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) арттырады, ал ол қосымша дифференциалдық табыс (рента) әкеледі. Сондықтан табиғат ресурстарын оның құндылығын көрсететін осы дифференциалды рента негізінде бағалау қолданылады. Дифференциалдық рента шамасын есептеудің бірнеше әдістері белгілі: жақсы және нашар жерлердің бір өлшемінен алынған өнімдер құнының айырмасы; өнімнің бағасы мен нормалы мөлшердегі пайдасымен өзіндік құнының айырмасы; әр түрлі жерден алынған өнімдердің өзіндік құндарының айырмасы, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет