Қ. Әбдіхалықова табиғатты пайдалану экономикасынан практикум



жүктеу 1.57 Mb.
бет3/9
Дата04.03.2018
өлшемі1.57 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(3.1 және 3.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 3.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату болып табылады




2

Өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс катынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштер




3

Табиғат байлығын экономикалық бағалау қажеттілігі




4

Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу қандай бағалау арқылы жүзеге асырылады




5

Экономикалық тұрғыдан бағалағанда ескеру керек




6

Халық шаруашылық құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы




7

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызметі




8

Ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі




9

Экономикалық бағалаудың қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты шаруашылық басқару экономикалық механизмі мен тетіктері арқылы қайда жұмылдырады




10

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі түрі




11

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне оны игеруге, пайдалануға жұмсалған шығындар (еңбек) алынады




12

Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау анықталады




13

Табиғат ресурстарының құнын оларды игеруге, ұқсатуға, пайдалануға жұмсалған еңбек шығындарымен анықтауды ұсынған академик




14

Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) арттырады, ал ол...



Кесте 3.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

А

экономикалық бағалау

Ә

қосымша дифференциалдық табыс (рента) әкеледі

Б

табиғат байлығы

В

шығындық қағида бойынша

Г

ұлттық байлықты есептеу

Ғ

С.Г.Струмилин

Д

есептеу және ынталандыру

Е

табиғат пайдаланудың мағынасы

Ж

табиғатты тиімді пайдалануға, оның қалыпты жағдайын қорғауға

З

шығындық және ренталық қағидасы

И

табиғат байлығы

К

жұмсалған шығындар арқылы

Л

табиғат байлығының экономикалық бағасы

М

табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсерін


3. Иә/жоқ
Кесте 3.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

2

3

1

Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату




2

Өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс катынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғатты қорғау деп білеміз.




3

Нарық қатынасына толығымен өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсіресе өндіруші салаларында табиғатты пайдалануды экономикалық бағалаусыз шешуге болады.




4

табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады.




5

Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалаусыз жүзеге асырылады.




6

Ренталық қағида дифференциалдық рента түріндегі табиғат ресурстарының халық шаруашылық тиімдерін есептеуге құрылған.




7

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі: есептеу мен ынталандыру түрлері бар




8

Шығындық қағида бойынша халық шаруашылық тиімдері есептеледі




Кесте 3.3 жалғасы

1

2

3

9

Табиғат байлығының экономикалық бағасы -оның халық шаруашылық құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы




10

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады: бағалау және анықтау




11

Ренталық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады.




12

Табиғат байлығы - ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі




13

Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады.




14

Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) арттырады




15

Тауардың құны оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталады





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Қазір табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін керек, қайда қолданылады десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек?

A)` ұлттық байлықты есептеу;

B)` табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықтау, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау;

C)` ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау;

D)` өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік құнын, бағасын дұрыс есептеу;

E)` барлық жауап дұрыс.


2. Табиғат байлығын экономикалық бағалау – бұл?

А) табиғат ресурсын нақты пайдаланудан түсетін экономикалық тиімнің ақшалай өлшемін анықтау;

В) ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі;

С) Өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс катынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштер;

D) Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу бағалау арқылы жүзеге асырылады;

Е) Табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату;


3. Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың неше түрі бар?

А) 2;


В) 5;

С) 3;


D) 4;

Е) 6.
4. Дифференциалдық рента шамасын есептеудің әдісіне қайсы жатпайды?


А) жақсы және нашар жерлердің бір өлшемінен алынған өнімдер құнының айырмасы;

В) өнімнің бағасы мен нормалы мөлшердегі пайдасымен өзіндік құнының айырмасы;

С) игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы;

D) әр түрлі жерден алынған өнімдердің өзіндік құндарының айырмасы;

E) жауабы жоқ.
5. Ұғымдар мен терминдер
Табиғат байлығы

Экономикалық бағалау

Шығындық қағида

Дифференциалдық рента


6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Табиғатты пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалаудың қажеттілігі қандай?

2 . Экономикалық бағалау көрсеткіштері және оларды анықтау әдістерін атаңыздар.

3. Әртүрлі экономикалық бағалалаулардың ерекшеліктері және қолданылу қандай болып саналады?

4 .Экономикалық бағалау, құн және баға айырмашылықтары. Табиғи ортаның сыйымдылық потенциалы және оны экономикалық бағалауын сипаттаңыз?
Тақырып 4

ҚАЛПЫНА КЕЛМЕЙТІН ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ



1. Тақырып бойынша теориялық материал

Минералдық шикізат қорын, кен орындарын экономикалық бағалау белгісі, принциптері

Жердің сыртқы қыртысы «литосфера» деп аталады. Оның радиусы – 15-18 км-ден 80 км-ге дейін болады.

Жер қойнауы дегенде оның сыртқы қабатын, мантиясын және ядросын қосып айтқан дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылымда жер қойнауын деп, тек оның беткі қыртысын (литосфераны) қарастыру қалыптасқан, жер қойнауы пайдалы қазба байлықтарының қоймасы. Адамдар осы күнге дейін олардың тек 10км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады.

Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:



  • жанатын отын- энергия қоры- көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек;

  • рудалы пайдалы қазбалар- қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б. металдар кендері;

  • бейруда пайдалы қазбалар- химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит,фосфорит,т.б.)отқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар;

Экономикалық бағалау тәртібі, қолданылатын әдістер. Бағалау түрлері, оларды қолдану бағыттары

Адамдар өте ерте заманнан бері жер қойнауынан пайдалы заттарды алып пайдаланып келеді. Жер қойнауы әлі толық зерттеліп, болған жоқ. Жер қойнауындағы минералдық қазба байлықтар осы заманғы индустриялық өндірістің негізгі шикізат көзі болып табылады. Ауыр өнеркәсіп өнімдерінің 90%-і , халық тұтынатын тауарлардың 20%-і минералдық, шикізаттан алынады. Қазақстан жер қойнауы минералдық қазба байлыққа бай. Онда өнеркәсіпте қолданылатын минералдық шикізаттың барлық түрі бар деп айтуымызға болады. Осы байлығымызды тиімді пайдалану экономикамыздағы ең өзекті басты мәселе. Сонымен қатар минералдық шикізаттты өндіргенде, өңдегенде ауаға, суға, жер бетіне қалдықтар шығарылу арқылы табиғи ортаға зиян келтіріледі. Осы зиянды шектеу, азайту немесе болдырмау өндірістің басты міндеттерінің бірі болып табылады.



Минералдық шикізатты тиімді пайдалану жолдары. Жер қойнауы байлықтарын қорғау

Жер қойнауын қорғау, минералдық, шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі:

Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу, зерделеу. Кешенді барлау деп- минералды шикізаттың қорын ашу, зерттеу кезінде оның құрамын, құрылымын, орналасу жағдайын, ондағы зиянды қоспаларды мейлінше толық анықтау деп түсінеміз. Барлау қазба байлықтың бір түріне ғана емес кешенді жүргізілуі тиіс.

Ашылған шикізат қорын мейлінше толық өндіру, ысыраптың мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау (азайту), қазба байлықтың сапасын жоғарылатпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластанбауы т.с.с. Жер қойнауынан шығарылатын мұнайдың, газдың үлесін арттыру, ілеспе өнімдерді тиімді пайдалану. Өндіру кезінде көмір- сутектердің жеңіл фракциялар жоғалтпауы т.б.

Өндірілген минералдық шикізатты кешенді пайдалану, өңдеуші өндірістерді дамыту, өндіріс қалдықтарын пайдалану. Кеннің құрамындағы металдарды толығырақ ажыратып алу арқылы ғана шикізаттан алынатын жылдың өтімді 20-30%- ке арттыруға болатыны әлдеқашан дәлелденген.

Кен қоры және кондициясы, анықтау көрсеткіштері. Минералды ресурс қорын пайдалану төлемдері

Қазақстанда өндірілетін түсті металдар кендерінен таза метал және қоспа түрінде қырық тоғыз элемент алынады, яғни кенді кешенді пайдалану әлі де жеткіліксіз. Жезқазған комбинатының кендерінде он жеті элемент пен компонент болатын болса, оның тек он екісі ғана алынады. Соколов-Сарыбай кеніндегі оннан астам пайдалы элементтердің негізгі біреуі ғана – темір алынады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Барланған мұнай қорының 30-33%- і ғана өндіріледі. Көмір шахталарында есепке алынған қор мен өндірілген қор айырмашылығы 50-60%-ке жетеді.

Жер қойнауын қорғау, минералды байланысты пайдалану қазіргі ғылыми- техникалық жетістікке (ҒТЖ) байланысты, бірінші кезекте, экономикалық мәселе болып отыр және көпшілік жағдайда ол экономикалық бағалау, ынталандыру, төлемдер белгілеу негізінде шешіледі. Осыған қарамастан ұзақ жылдар бойы экономикалық бағалауға мән берілмей келді, жер қойнауында жатқан байлықтың ақшалай құны жоқ деп есептеліп тау-кен рентасы мойындалмады. Іс жүзінде мұндай көзқарас қазба байлықты пайдалану экономикасында біраз кемшіліктер туғызды. Біз әлі күнге дейін қазба байлықтарымыздың ақшалай құнын білмейміз. Ол нарық қатынасына көшуімізге байланысты өте қажет. Экономикалық бағалау шамасын білмей минералдық шикізатты тиімді пайдалану мәселелері: кеніштерді игеру кезегін анықтау, оларды пайдалануға, жалға беру, сату, олардан алынатын өнімдерді бағалау,т.б. дұрыс шешу мүмкін емес. Экономикалық бағалау минералдық шикізатты кешенді пайдалануға байланысты өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан экономикалық бағалауға байланысты, оны анықтаудың әдістері туралы көптеген ғылыми пікір- таластар, практикалық ұсыныстар айтылып келеді. Оларды бағалау басты көрсеткішіне байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(4.1 және 4.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 4.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Жердің сыртқы қыртысы




2

Жердің сыртқы қыртысы «литосфераның» радиусы –




3

Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлығы




4

Қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б. металдар кендері




5

Химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит,фосфорит,т.б.) отқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар




6

Осы заманғы индустриялық өндірістің негізгі шикізат көзі




7

Минералды шикізаттың қорын ашу, зерттеу кезінде оның құрамын, құрылымын, орналасу жағдайын, ондағы зиянды қоспаларды мейлінше толық анықтау




8

Қазақстанда өндірілетін түсті металдар кендерінен таза метал және қоспа түрінде алынатын элементтер саны




9

Соколов-Сарыбай кенінен алынатын элемент




10

Табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттары




11

Көмір шахталарында есепке алынған қор мен өндірілген қордың пайыздық айырмашылығы




12

Экономикалық бағалау шамасын білмей минералдық шикізатты тиімді пайдалану мәселесінің бірі




13

Минералдық шикізаттты өндіргенде, өңдегенде табиғи ортаға қайдан зиян келеді




14

Көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек



Кесте 4.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

1

2

А

Барлау, зерттеу, зерделеу

Ә

Энергия қоры

Б

Темір

В

Бейруда пайдалы қазбалар

Г

ауаға, суға, жер бетіне қалдықтар шығарылу арқылы

Ғ

50-60%

Д

кеніштерді игеру кезегін анықтау

Е

минералдық қазба байлықтар

Ж

литосфера

Кесте 4.2 жалғасы

1

2

З

Қырық тоғыз

И

рудалы пайдалы қазбалар

К

Кешенді барлау

Л

15-18 км-ден 80 км-ге дейін

М

жанатын отын- энергия қоры


3. Иә/жоқ
Кесте 4.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

Жердің сыртқы қыртысы «литосфера» деп аталады




2

Литосфераның радиусы –10 км-ге дейін болады




3

Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды екі топқа бөлінеді




4

Жанатын отын - көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек




5

Бейруда пайдалы қазбалар- қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б. металдар кендері




6

Рудалы пайдалы қазбалар- химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфорит, т.б.) отқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар




7

Адамдар осы күнге дейін жер қыртысының тек 10км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады




8

Қазақстан жер қойнауы минералдық қазба байлыққа бай




9

Жердің сыртқы қыртысының радиусы – 15-18 км-ден 80 км-ге дейін болады.




10

Жезқазған комбинатының кендерінде он жеті элемент пен компонент болатын болса, оның тек он екісі ғана алынады




11

Соколов-Сарыбай кенінде қырық тоғыз элемент өндіріледі




12

Экономикалық бағалау минералдық шикізатты кешенді пайдалануға байланысты өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет