Қ. Әбдіхалықова табиғатты пайдалану экономикасынан практикум


Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар



жүктеу 1.57 Mb.
бет4/9
Дата04.03.2018
өлшемі1.57 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Жер қыртысы қалай аталады?

А) литосфера;

В) атмосфера;

С) гидросфера;

D) мантия;

Е) ядро.


2. Соколов –Сарыбай кенінде өндірілетін қазба?

А) темір;

В) алтын ;

С) көмір;

D) мұнай;

Е) газ.
3. Жердің сыртқы қыртысының радиусы?

А)10-16 км-ден 70 км;

В) 25-30 км-ден 90км;

С) 12-14 км-ден 60 км;

D) 15-18 км-ден 80 км;

Е) 15-18км-ден 90 км.
4. Қазақстанда өндірілетін элементтер саны?

А)47;


В) 49;

С) 32;


D) 21;

Е) 50.
5. Рудалы пайдалы қазбалар?

А) қара және түсті металлдар;

В) химиялық шикізаттар;

С) көмір;

D) мұнай;

Е) газ.
5. Ұғымдар мен терминдер
Жер қыртысы

Жер қойнауы

Минералдық шикізат

Жанатын отын

Литосфера;

Атмосфера;

Гидросфера;
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Минералдық шикізат қорын, кен орындарын экономикалық бағалау белгісі, принциптерін атаңыз?

2. Экономикалық бағалау тәртібі, қолданылатын әдістер. Бағалау түрлері, оларды қолдану бағыттары қандай?

3. Минералдық шикізатты тиімді пайдалану жолдары. Жер қойнауы байлықтарын қорғауды сипаттаңыз?

4. Кен қоры және кондициясы, анықтау көрсеткіштері. Минералды ресурс қорын пайдалану төлемдеріне анықтама беріңіздер.
Тақырып 5

ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ



1. Тақырып бойынша теориялық материал
ҚР ауылшаруашылық мақсатта пайдаланылатын жерлердің жалпы сипаттамасы: категориясы, қазіргі жағдайы

Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы. Қазіргі адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%- ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтан да ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе. Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271.7млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222.3млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық, сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді. Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жерлер 34.9 млн. га, барлық жердің 12.8%-і ғана. Жер қорының едәуір бөлігінің сапасы төмен: 77млн.га эрозияға ұшыраған; 75 млн.га. сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген, 58% - тен астамы «қауіпті» (шөлейтті) аймақта орналасқан; жайылымның 69%-і шөл және шөлейтті аймақта, оның 60%-інің жемдік қоры нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына жарамсыз өсімдіктер басқан,15%-і эрозияға ұшыраған.



Жер қорын бағалау әдістері. Жердің абсолютті және салыстырмалы құндылығы

Суғару жүйелерінің нашарлығынан суармалы жерлерден 23% -і сортандаған, 3% батпақтанған, 5%-інің топырағының құнарлығы жоғалып кеткен. Жер жырту, өзінде арнасы өзгерту, т.б, шаралар нәтижесінде табиғи шабындықтардың ауданы 30% -ке кеміді.

Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту.

Ғылыми – болжамдар бойынша республикамызда суармалы жерлердің аумағын 2млн. гектардан 3.5млн.гектарға жеткізуге мүмкіндік бар. Сортаң жерлерді өңдеп жайылымға, тіпті егістікке айналдыруға болады. Сөйтіп жайылым ауданын 7.1млн. гектарға арттыруға мүмкіндік бар. Бүлінген жерлерді ұдайы қалпына келтіріп отыру керек. Есептеулер бойынша жыл сайын 15-16 млн. гектар бүлінген жерлер оңдалуы тиіс. Жердің ерекше қасиеті- топырақтың құнарлығы. Топырақтың құнарлығы көптеген микроорганизмдердің қатысуымен өздігінен қалпына келеді, бірақ оған ұзақ уақыт керек 2.5 см құнарлы топырақ қабатын қалыптастыру үшін 100 жыл, бір қалыпты температурада 90см топырақ қабаты жасалу үшін 16мың жыл керек екен. Топырақтың құнарлы қабатының қалыптасуына сыртқы ортаның факторлары (ыстық ,суық,жел, ылғал, күн т.б.) әсер етеді.



Жерді тиімді пайдалану мәселелері. Жер қорын қорғау, тиімді пайдалану бағыттары

Топырақтың құнарлығының өзгеруіне адамдар әрекеті де әсер етеді. Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлығын арттырады, ал жауапсыздықпен қарайтын болса, топырақ құнарлығын төмендетеді немесе жойып жібереді. Топырақтың құнарлығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі агрономиялық, агротехникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:

1. Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияның негізгі үш түрі бар: жел, су және техникалық. Тегіс емес, тақыр жерлерде жауын- шашын топырақтың құнарлы қабатын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер, әсіресе өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырап кетеді. Ормансыз ашық жерлер, әсіресе өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырап кетеді.

2. Жерді ауыз техникамен өңдеу, жылма- жыл бір дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен жүруі топырақ эрозиясын күшейтеді.



Жердің табиғи және жасанды өнімділігі. Салыстырмалы өнімділік, табыс, пайда, рента және тиімділік көрсеткіштері

Шөл және шөлейт аймақтарда маусымдық пайдалану тәртібін сақтамай шамадан тыс мал жаю, техникалардың жүруі өсімдіктердің, әсіресе құнды өсімдіктердің жойылуын тудырып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су эрозиясына ұшырайды, бұл қауіптен қорғанудың басты жолы тоғайлар өсіру, суландыру, реттеп пайдалану. Топырақты эрозиядан қорғау үшін жер ерекшелігін, ауа райын, эрозиялық құбылыстың жылдамдығын ескере отырып мынандай шаралар қолданылады:

1. Ұйымдастырушылық шаралары:


  • айналмалы егістік, жайылымдарды дұрыс пайдалану, суландыру, жерді пайдалану құрылымын жақсарту;

  • агротехникалық шаралар- жерді топырақтың түріне, қасиетіне сәйкес өңдеу, тыңайтқыш беру, арам шөптерді отау, зиянкестермен күресу және т.б.

  • егістік айналасына қорғаныш ормандар өсіру, ылғалдандыру, т.б.

2. Топырақты сортаңданудан (тұзданудан) қорғау. Топырақтың тұздануы жауын-шашын мөлшері буланатын ылғалдан аз болғанда болды. Егістікті көп жыл бойы көлдетіп суғару топырақтың тұздануын тудырады. Жаңбыр суының жер бетіне көлкіп жатып булануы жерді сортаңдандырады. Егістікті, жайылымды суғарудың озық тиімді әдістерін қолдану топырақты сортаңданудан сақтайды.

3. Топырақты құм басудан қорғау жолдары- ағаш (сексеуіл,жыңғыл), бұталар отырғызу, көп жылдық шөптер егу.

4. Жерді батпақтанудан қорғау үшін гидромелиоративтік жұмыстар жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру қажет.

5. Топырақтағы қоректік заттарды сақтау үшін мелиоративтік жұмыстар, сортаң жерлерді әкпен, гипспен өңдеу, арнаулы әдіспен жырту, тыңайтқыш беру, мал жаюды реттеу т.б. агрономиялық жұмыстар жүргізіледі.

6. Топырақты уланудан қорғау- пестицид, гербицид, тыңайтқыштар қолдану мөлшерін реттеу, өндіріс тұрмыс қалдықтарынан қорғау, санитарлық сауықтыру шаралары болып табылады.

7. Құрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау пайдалы қазбаларды өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) республикамыздың жер қорын едәуір жақсартады.

8. Егістік құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау шаралары заңдастыруды талап етеді. Соңғы жылдары әр түрлі құрылысқа, саяжайға, жолдарға, сауда орындарына егістікке қолайлы, құнарлы тегіс жерлерді, ормандарды бөлу етек жайып келеді. Оны заңдастырып тоқтату қажет-ақ.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(5.1 және 5.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 5.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

2

3

1

Табиғат байлығы, тіршілік көзі және өмір сүру ортасы




2

Жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет




3

Қазақстанның жалпы жер ауданы




4

Оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері




5

Жер қорын қорғаудың басты бағыттарының бірі




6

Топырақтың құнарлы қабатының қалыптасуына әсер ететінсыртқы ортаның факторлары




7

Топырақ эрозиясының түрлері




8

Топырақты құм басудан қорғау жолдары




9

Жерді топырақтың түріне, қасиетіне сәйкес өңдеу, тыңайтқыш беру, арам шөптерді отау, зиянкестермен күресу




10

Пестицид, гербицид, тыңайтқыштар қолдану мөлшерін реттеу, өндіріс тұрмыс қалдықтарынан қорғау, санитарлық сауықтыру шаралары




Кесте 5.1 жалғасы

1

2

3

11

Топырақтың құнарлығының қалпына келуі




12

Ормансыз ашық жерлер, әсіресе өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер ұшырайды




13

Беті ашылған топырақ жел, күн, су эрозиясына ұшырайды, бұл қауіптен қорғанудың басты жолы




14

Жерді батпақтанудан қорғау үшін



Кесте 5.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

А

Жер

Ә

тоғайлар өсіру, суландыру, реттеп пайдалану

Б

Топырақты уланудан қорғау

В

микроорганизмдердің қатысуымен

Г

Қазақстан

Ғ

222.3млн. га

Д

Топырақ құнарлығын арттыру

Е

гидромелиоративтік жұмыстар жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру қажет

Ж

агротехникалық шаралар

З

ыстық, суық, жел, ылғал т.б.

И

Жел, су, техникалық

К

Жел эрозиясына

Л

Ағаш, бұталар отырғызу, көп жылдық шөптер егу

М

271.7млн. га


3. Иә/жоқ
Кесте 5.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

2

3

1

Қазіргі адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%- ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін мұхит суларынан алады




2

Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет




3

Қазақстанның жалпы жер ауданы 222.3млн. га




4

Топырақты эрозиядан қорғау үшін жерді топырақтың түріне, қасиетіне сәйкес өңдеу, тыңайтқыш беру, арам шөптерді отау, зиянкестермен күресу қажет




5

Ғылыми – болжамдар бойынша республикамызда суармалы жерлердің аумағын 2 млн. гектардан 4 млн.гектарға жеткізуге мүмкіндік бар.




Кесте 5.3 жалғасы

1

2

3

6

Топырақтың тұздануы жауын-шашын мөлшері буланатын ылғалдан аз болғанда болды.




7

ҚР ауыл шаруашылық жерлері 271.7млн. га




8

Агротехникалық шаралар - пестицид, гербицид, тыңайтқыштар қолдану мөлшерін реттеу, өндіріс тұрмыс қалдықтарынан қорғау, санитарлық сауықтыру шаралары




9

Есептеулер бойынша жыл сайын 15-16 млн. гектар бүлінген жерлер оңдалуы тиіс




10

Жаңбыр суының жер бетіне көлкіп жатып булануы топырақты сортаңданудан сақтайды




11

Жер қорын қорғаудың басты бағыттары топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру




12

Егістікті, жайылымды суғарудың озық тиімді әдістерін қолдану топырақты сортаңданудан сақтайды




13

Топырақ эрозиясының екі түрі бар




14

Топырақтың құнарлы қабатының қалыптасуына сыртқы ортаның факторлары (ыстық, суық, жел, ылғал, күн т.б.) әсер етеді




15

Жерді ауыр техникамен өңдеу, жылма- жыл бір дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен жүруі топырақ эрозиясын күшейтеді






4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Қазақстан жер ауданы жөнінен нешінші мемлекет?

А) 5;


В) 9;

С) 10;


D) 7;

Е) 15.


2. Жерді пайдалану бағыттарына қарап бөлінеді:

А) ауыл шаруашылық жерлері;

В) елді мекендер орналасқан жерлер;

С) өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс;

D) курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер;

Е) барлық жауап дұрыс.


3. Қазақстанның жалпы жер ауданы?

А) 222.3млн. га;

В) 272.5млн. га;

С) 224.7млн. га;

D) 222.5млн. га;

Е) 271.7млн. га.


4. Топырақ эрозиясының неше түрі бар?

А) 5;


В) 2;

С) 3;


D) 4;

Е) 7.
5. Ауыл шаруашылық жерлерінің аумағы қанша?

А) 271.7млн. га;

В) 222.3млн. га;

С) 224.7млн. га;

D) 273.3млн. га;

Е) 271.5млн. га.
5. Ұғымдар мен терминдер
Жер қоры

Топырақ эрозиясы

Топырақ құнарлығын
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. ҚР ауылшаруашылық мақсатта пайдаланылатын жерлердің жалпы сипаттамасы: категориясы, қазіргі жағдайы қандай?

2. Жер қорын бағалау әдістері. Жердің абсолютті және салыстырмалы құндылығын сипаттаңыздар

3. Жерді тиімді пайдалану мәселелері. Жер қөрын қорғау, тиімді пайдалану бағыттары қандай?

4. Жердің табиғи және жасанды өнімділігі. Салыстырмалы өнімділік, табыс, пайда, рента және тиімділік көрсеткіштерін атаңыздар
Тақырып 6

СУ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ



1. Тақырып бойынша теориялық материал
Су қорын кешенді, үнемді пайдаланудың экономикалық тиімділігі. Су қорын қорғау, қалпына келтіру, тұтыну шығындарын есептеу

Өндіргіш күштердің дамуының қазіргі кезеңінде су қорын қорғау, сарқылтпай тиімді пайдалану оны ластамау, қоғамдық өндірістің тиімді пайдалану оны ластамау, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың ең маңызды жақтарының бірі. Су қоры ұлттық байлық болып табылады. Сондықтан қатаң есепке алынады. Еілімізде сандық және сапалық сипаттарын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Суды пайдалану қарқыны артуымен байланысты олардың сапалық өзгерістері зерттеліп, қорғау шаралары, жер бетіндегі, жер астындағы суларды ластамау шаралары белгіленіп, жүзегек асырылуда. Су қорын тиімді пайдалану үшін су шаруашылық кешендерін ұдайы үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Су шаруашылық комплексіне : сумен жабдықтау, суды бөлу, гидроэнергетика, су транспорты, суландыру, құрғату, балық шаруашылығы, ағаш тасымалдау, денсаулық сақтау, туризм және т.б.. жатады. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық шешімдері бойынша әр түрлі , оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады:

Озық технологиялар қолдану арқылы су тұтынуды шұғыл азайтатын, лас суларды төгуді қысқартатын айналмалы және тұйық, су жүйелерін пайдалану;

Ластанған ақаба суларды тазарту шаралары, оларды ауыл шаруашылық және техникалық мақсаттарда пайдалану, арнаулы қоймалар, тазартқыштар салу және т.б.

Су көздерінің санитарлық тазалығын қорғау, арттыру, арнаулы биологиялық өндеулерден өткізу.

Суға зиянды әсерлерді азайту, шектеу шаралары. Су жағасына орналасқан өндірістерді азайту, оларды тәртіпке келтіру.



Су көздерінің ластану факторлары және ластануды болдырмау шаралары

Судың ластануынан болатын экономикалық зиянды анықтау және су қорғау шараларының экономикалық тиімділігін есептеу.

Бұл шараларды тікелей су пайдаланушылар мен сумен қамтамасыз етушілер жүргізуі мүмкін. Олар жергілікті, аймақтық, республикалық, мемлекетаралық, тіпті халықаралық болуы мүмкін. Соған қарап әр түрлі деңгейде су қорғау бағдарламалары жасалып жүзеге асырылады.

Бұл шаралардың барлығы суды сарқылтпай, сапасын нашарлатпай пайдалануға жеткізетін қалыпты деңгейдегі су жүйесін қалыптастыруға бағытталады. Су пайдаланудың нормалық жағдайын қалыптастыру қоғамдық өндірістің әлеуметтік- экономикалық тиімділігін арттыруға әкеп соғады.

Су қорғау шараларының әлеуметтік маңыздылығы халықтың қажетін сапалы сумен қамтамасыз ету және су пайдалануға байланысты қолайлы жағдайлар, жан рахатын туғызу. Су пайдаланушылардың осындай қалыпты жағдайын біртіндеп қалыптастыру үшін мүмкіндіктерді ескеріп, экономикалық механизмдерді пайдалану керек. Былайша айтқанда, белгілі мерзімге сәйкес оған сай келетін экономикалық тұрғыдан дәлелді жүзеге асыруға болатын шаралар жеке су бассейндері, олардың құрамдас бөліктері бойынша анықталып, жүзеге асырылып отыруы керек.

Айта кететін жағдай, шаруашылық әрекеттерінің су ресурстарына әсері артқан сайын суға байланысты технологияларға көзқарас, оларды бағалау өзгеріп отырады. Бұл тұрғыдан ең озық технология «сусыз» суды аз қолданатын, су көздерін ластамайтын технология болады. Өнеркәсіпте су үнемдеу мүмкіндіктері өте зор. Мысалы, қара металлургияда, химия өнеркәсібінде су пайдалануды ондаған оңдаған есе азайтатын технологиялар қолданыла бастады. Целлюлозақағаз өнеркәсібінде лас суды төгуді тоқтататын технология өндірістің техника – экономикалық көрсеткіштерін күрт жақсартады.

Су көп қолданылатын өндіріс салаларында суды үнемдеудің тағы бір болашағы зор бағыты- салқындату процестерінде судың орнына ауаны пайдалану. Мұндай жағдайда таза суды қолдану, ластанғансуды төгу азаюмен қатар, өндіріс шығындары кемиді. Суды тиімді пайдаланудың келесі маңызды бағыты- айналымды су жүйесін қолдану. Ондай жүйе қазір мұнай- химия, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында қолданылады. Соңғы мәліметтер бойынша елімізде өнеркәсіпте пайдаланылған судың 61 %-і айналымды қолданылады. Айналымды су жүйесінде таза су ысыраптың орнын толтыруға ғана алынады. Сонымен қатар техникалық сумен жабықтауда әлі күнге дейін үнемсіз ашық және кезекті су жүйелері қолданылып келеді. Болашақта нағыз үнемді- тұйық су жүйесі қолданылуы тиіс. Оның айналымды су жүйесінен артықшылығы – мұнда су ысырабы болмайды және таза сумен үнемді толықтырылып отырмайды.

Айналмалы су жүйесі ашық және кезекті жүйелерге қарағанда техникалық су тұтынуды 20-30рет азйатады, бірақ лас су төгуді, таза сумен толықтыруды мүлдем тоқтатпайды. Бүл тұрғыдан ең тиімдісі тұйық су жүйесі. Ол су үнемдеумен қатар басқа су қорғау экологиялық мәселелерін шешеді. Әсіресе, суға тапшы аймақтарда өнеркәсіпте тұйық су жүйесі қолданылуы тиіс. Тұйық су жүйесін қолданудың бірақ техникалық, технологиялық қиындықтары бар екенін айта кеткен жөн және едәуір қаржы жұмсауды талап етеді. Сондықтан экономикалық тиімділігі болғанда және техникалық тұрғыдан қолдану мүмкін болғанда ғана өндіріске енгізіледі.

Суды ең көп пайдаланушы ауыл шаруашылығы болып табылады. Халық шаруашылығында пайдаланған барлық судың 70-75% -іне дейін ауыл шаруашылығының үлесіне тиеді. Суармалы егіншілікте суды дұрыс пайдаланбағанда су айналымының табиғи процесі бұзылады және судың сапасы нашарлайды; тұздылығы артады, тыңайтқыштар, пестицидтер араласады. Сондықтан суды қорғау, үнемдеу шаралары қолданылады. Ең бірінші кезекте, суғару жүйелерін жетілдіру, суғарудың озық үлгілерін қолдану. Тамшылатып суғару су үнемдеуге мүмкіндік береді. Судың ысырабын азайту арқылы пайдаланатын суды үнемдеудің мол мүмкіншілігі бар. Мысалы, Т.С. Хачатуровта келтірілген мәліметтер бойынша егістікті суғарғанда судың 8-9%-і ғана өсімдіктің қоректенуіне кетеді екен. Қазіргі суғару жүйелерінің пайдалы коэффициенттері 0.5- 0.7 –ден аспайды. Судың көп бөлігі каналдарда, арықтарда жоғалтылады, буланады. Суды су кезінен алғаннан бастап тұтынушыға жеткізгенге дейін оның 62%-і ысырап болады екен.

Су ресурстарына арналған төлемдер

Ақаба суларды тазартып егіншілікке қайта пайдалану да біраз су үнемдеуге мүмкіншілік береді. Бірақ оның қазіргі деңгейі әлі мардымсыз. Коммуналдық шаруашылықта да су үнемдеудің өте көп мүмкіншіліктері пайдаланылмай келеді. Мұндай ауыз судан басқасын қайтарымды сумен ауыстыру, судың ысырабына жол бермеу, тұтынуға берілген суды есептеп, бақылап отыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс. Су қорын тиімді пайдаланудың маңызды бағыттарының бірі- су қорын ластамау. Өндірістің, коммуналдық шаруашылықтың ақаба суларды тазартудан өткенен кейін ғана табиғи су қорына қосылуы тиіс. Ластанған суды тазалау өте қымбатқа түсетін шара. Тазалау қондырғыларының құны негізгі өндіріс қоры құнының 6-15% -іне жетеді. Соның 90-95%органикалық қосындылардан таазртылады,ал тұздар ерітіндісі іс жүзінде тазартылмайды. Мұндай жағдайларда судың тұздылығын қалыпты жағдайға жеткізу үшін бірнеше есе көп таза сумен араластыруға тура келеді. Сондықтан ақаба суды тазарту әдісін әлі жетілдіру қажет. Қазіргі кезде механикалық, физика- химиялық, биологиялық, тазарту әдістері қолданылады. Биохимиялық тазарту әдісінің болашағы зор. Сатылап тазарту арқылы суды тазарту дәрежесін арттыруға болады. Суды қорғау, үнемдеу, тазарту шаралары кешенді жүргізілгенде нәтижелі болады. Мұндай жағдайда тек қана су үнемделіп немесе оның тазалығы қорғалып қана қоймай, суды пайдаланудың халыққа қолайлылығы, оның денсаулығына пайдалылығы арттырылады. Жоғарыда айтқанымыздай, суды қорғау, тазарту, үнемдеу, тиімді пайдалану шаралары аса көп қаржы талап етеді. Бірақ су қорының ластануынан ысырап болуынан келетін шығындарды есептейтін болсақ, суды қорғау шараларының тиімді екенін байқаймыз және судың ластануынан болған зиянды жоюдан оның алдын алып болдырмау шаралары анағұрлым тиімді болады. Сондықтан су қорының нашарлауын күтпей, су қорғау шараларын перменді жүргізуге тиіспіз. Суды қорғау шараларының көпшілігі суды бағалау, жұмсалатын шығындарды есептеу, тиімділігін анықтау сияқты экономикалық есептеулерге байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет