Қ. Әбдіхалықова табиғатты пайдалану экономикасынан практикум



жүктеу 1.57 Mb.
бет5/9
Дата04.03.2018
өлшемі1.57 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(6.1 және 6.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 6.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Суды қорғау жөнінде кешенді шаралардың қанша түрі бар?




2

Су қорғау шараларының әлеуметтік маңыздылығы




3

суды аз қолданатын, су көздерін ластамайтын технология




4

Мұнай- химия, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында қолданылатын суды тиімді пайдаланудың жүйесі




5

Су үнемдеумен қатар басқа су қорғау экологиялық мәселелерін шешетін ең тиімді су жүйесі.




6

Суды ең көп пайдаланушы экономикалық сала




7

Ауыл шаруашылығында судың ысырабын азайту арқылы пайдаланатын суды үнемдеудің жүйесі




8

Қазақстанның ауызсумен қамтамасыз ету секторын сауықтыруға арналған бағдарламасы




9

адамның шаруашылық қызметi нәтижесiнде немесе ластанған аумақта пайда болатын, табиғи немесе жасанды су объектiлерiне немесе жергiлiктi жер рельефiне ағызылатын сулар;




10

құрлық бетiнiң рельефiнде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемi мен су режимi бар сулар;




11

Сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түрдегi кез келген қалдықтар;




12

Суда ластаушы заттарды тұндыруға немесе ерімейтін заттардың затсыз еріген затқа өтуіне әсер ететін, қосындыларды еріту жолымен жүргізілетін тазалау




13

Судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы.




14

Су көп қолданылатын өндіріс салаларында суды үнемдеудің тағы бір болашағы зор бағыты- салқындату процестерінде судың орнына нені пайдалану болып табылады



Кесте 6.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

1

2

А

Тамшылатып суғару

Ә

тұйық

Б

Ауыл шаруашылығы

В

«сусыз»

Г

айналымды

Кесте 6.2 жалғасы

1

2

Ғ

төрт

Д

халықтың қажетін сапалы сумен қамтамасыз ету

Е

Химиялық тазалау

Ж

Ақ бұлақ

З

сұйық қалдықтар

И

Суды залалсыздандыру

К

сарқынды сулар

Л

су объектiлерi

М

ауа


3. Иә/жоқ
Кесте 6.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

Су шаруашылық комплексіне : сумен жабдықтау, суды бөлу, гидроэнергетика, су транспорты, суландыру, құрғату, балық шаруашылығы және т.б.жатады.




2

Су пайдаланудың нормалық жағдайын қалыптастыру қоғамдық өндірістің әлеуметтік- экономикалық тиімділігінің кемуіне әкеп соғады.




3

Суды қорғау шараларының көпшілігі суды бағалау, жұмсалатын шығындарды есептеу, тиімділігін анықтау сияқты экономикалық есептеулерге байланысты.




4

Халық шаруашылығында пайдаланған барлық судың 70-75% -іне дейін ауыл шаруашылығының үлесіне тиеді.




5

Су пайдаланудың нормалық жағдайын қалыптастыру қоғамдық өндірістің әлеуметтік- экономикалық тиімділігінің кемуіне және қоғам наразылығына әкеп соғады.




6

Озық технологиялар қолдану арқылы су тұтынуды шұғыл азайтатын, лас суларды төгуді қысқартатын айналмалы және тұйық, су жүйелерін пайдалану Қазақстанда жоғары деңгейде дамыған




7

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде өнеркәсіпте пайдаланылған судың 61 %-і айналымды қолданылады.




8

Айналмалы су жүйесі ашық және кезекті жүйелерге қарағанда техникалық су тұтынуды 20-30рет көбейтеді, сонымен бірге лас су төгуді, таза сумен толықтыруды тоқтатады




9

Суды су кезінен алғаннан бастап тұтынушыға жеткізгенге дейін оның 62%-і ысырап болады екен.




10

Сатылап тазарту арқылы суды тазарту дәрежесін арттыруға болады.




11

Су қорын тиімді пайдалану үшін су шаруашылық кешендерін ұдайы үздіксіз жетілдіріп отыру керек.




4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Қазақстан аумағында көлдер саны қанша?

А) 32500;

В) 48000;

С) 25600;

D) 76400;

Е) 34000.


2. Қытайда басталып, үш елдің аумағын басып өтетін ірі трансшекаралық өзен:

А) Ертіс;

В) Іле;

С) Нұра;


D) Сырдария;

Е) Жайық.


3. Тұщы сулардың қомақты бөлігі болып есептеледі:

А) жер асты сулары;

В) өзендер;

С) теңіз сулары;

D) мұхит айдыны;

Е) қар және мұздықтар.


4. Қазіргі суғару жүйелерінің пайдалы коэффициенттері шамамен қаншаға тең?

А) 0,1-0,3;

В) 0,3-0,5;

С) 0,5-0,7;

D) 0,7-0,9;

Е) 0,4-0,6.


5. Т.С. Хачатуровтың келтірілген мәліметтер бойынша егістікті суғарғанда судың қанша пайызы ғана өсімдіктің қоректенуіне кетеді?

А) 20-25%;

В) 10-12%;

С) 3-4%;


D) 8-9%;

Е) 35-40%.


5. Ұғымдар мен терминдер
Су қоры

Су қорын тиімді пайдалану

Ақаба сулар

Тұйық су жүйесі

Айналымды су жүйесі

Сарқынды сулар

Су объектiлерi

Тамшылатып суғару

Суды залалсыздандыру
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Су қорын кешенді, үнемді пайдаланудың экономикалық тиімділігі. Су қорын қорғау, қалпына келтіру, тұтыну шығындарын есептеңіз?

2. Су көздерінің ластану факторлары және ластануды болдырмаудың қандай шараларын білесіздер?

3. Судың ластануынан болатын экономикалық зиянды анықтау және су қорғау шараларының экономикалық тиімділігін есептеулері қалай жүзеге асырылады?

Тақырып 7

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ, ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ




1. Тақырып бойынша теориялық материал
Қазақстан ормандарының халық шаруашылығындағы маңызы және атқаратын қызметтері. Орман қорын шаруашылықта пайдалану тиімділігін арттыру

Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі- орман болып табылады. Орман ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп алып, өзінен оттегін бөліп шығарады, яғни ауадағы оттегі мен көмір қышқылгаз балансын қамтамасыз етушілердің бірі және негізгісі болып табылады. Салыстырмалы түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып, 180-200кг оттегін бөліп шығарады. Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір гектар ормандағы жапырақты ағаштар бір күнде 2 кг фитонцид бөліп шығарады, қылқанды жапырақтар- 5кг, ал арша тектестер – 30 кг-нан астам. Орманда ауру тудыратын микроптардың күрт азаятындығы байқалады. Қала ауасымен салыстырғанда орманда мұндай бактериялар 300 есе кем. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық орперация бөлмесіндегімен бірдей. Сондықтан қалалалрдағы, елді мекендегі орман алқаптары (парктер, скверлер,т,б, ) маңызды денсаулық, сақтау, сауықтыру қызметін атқарады. Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын (эрозияға) болдырмайды. Орман жердің көркі, жанның саясы. Орман су көздерін қорғау қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын – жел эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды. Орман халық шаруашылығына қажетті құнды материал- ағаш береді. Орманда дәрілік, тағамдық , техникалық, өсімдіктер жеміс- жидек, саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Орманда түрлі жан- жануарлар, құстар, жәндіктер өмір сүредңі.

Қазақстан орман қорының жері 21.2 млн.га, оның ішінде ағашты алқап – 9.1 млн.га. Орманнан жылына 2.0-2.4 млн. м3 –ге дейін ағаш даярланады, ал есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн. м3 –ге жетеді.

Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. м3 –ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінене табиғат қорғау қызметін атқарады. Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шетелдерден (көпшілігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік- экономикалық мәселе.

Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге мүмкінгдік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз қайталанып отырады.

Екінші мәселе- ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын ұқыпты керек. Бұл жұмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нұқсан келтірмеуі қажет. Ағаш кесу орман ағаштардың құрамына, жасына байланысты белгіленеді. Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда құнды ағаштардың сақталуы, құнды ағаштар кесіліп, және оның орнын басқа құндылығы төмен ағаштар баспауы қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін, технологиялар қолданылуы керек.



Орман қорын шаруашылықта пайдалану тиімділігін арттыру. Орман қорын экономикалық бағалау ерекшеліктері, бағалау белгісі, көрсеткіштері және әдістері. Орман қорын жаңғырту құндылығын анықтау

Үшінші мәселе – орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану. Қазақстан ормандарының басым бөлігі 1- топқа жатқызылған, онда тек қана күтіп- баптау, сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бұл топтағы ормандар, негізінен экологиялық қызметтер атқарады.

Төртінші мәселе даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бұтақтарын, түбірін, қабығын, қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз құндылығы төмен ағаштарды пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бұйымдар, өнімдер (целлюлоза, картон, қағавз, ДСП,ДВП, жасанды талшық пластмасса, жем, спирт, дрожжи, глюкоза, т.б.) шығарылады.

Қазақстан территориясының едәуір бөлігін жайылым мен шабындықтар алып жатыр. Жайылым 183,2 млн.га, шабындық 5,1 млн.га. Жайылымның 27%-і шөл және шөлейтті аймақтарда, 25%-і құмда, 18%-і тау беткейлерінде, 5%-і ойпаттарда. Шабындықтар негізінен ойпаттарда, су жағалауларында (71%) , жазық жерлерде (23%), тауларда (6%) орналасқан.

Жайылымның жемдік қоры 576,6 млн.ц (немесе 296,1 млн.ц жем бірлігі), шабындықта-58,2 млн.га. (28,2 млн.ц. жем бірлігі).

Жайылымдарды жүйесіз пайдалану- ондағы өсімдік қорының азаюына, әсіресе құнды өсімдіктердің кемуіне әкеп соғады. Ауыл шаруашылығына берілген жайылымдардың 50-60 % -ке дейінгі шамасының жемдік қоры нашарлаған, құндылығы төмендеген (тақырланған, сортаңдаған, бұта, арамшөп, құм басқан). Әсіресе, құмдауыттты, шөлейтті аймақтарда жайылым күйі нашар. Шабындықтың 18%-і тақырланған, түсімі азайған, 2%-і батпақтанған, 6%-і бұта, арамшөп басқан және эрозияға ұшыраған.

Жайылымды , шабындықты пайдалануды ғылыми негізде жүйеге келтіру өзекті экономикалық мәселе. Олардағы құнды жемдік өсімдіктерді қорғау, қорын молайту және әр аймақтың өзіне тән өсімдіктер қорын сақтау керек. Мысалы, тау бөктеріндегі шабындықтан қазір 3-7 ц/га шөп дайындалады, ал ғылыми институт ұсынған технология бойынша оны 30-50 ц-га жеткізуге болады. Жұмсалған шығын бір- екі жылда қайтады.

22 млн.га. сортаң жердің өнімділігін 2-3 есе арттыруға болатындығы дәлелденген. Шығын 4-5 жылда қайтарылады.



Орман қатынастарының құқықтық негіздері, оны экономикалық реттеу. Ренталық қатынастар

Жайылымды ғылыми негізде пайдалану арқылы әр гектардан алынатын өнімді 5-6 ц жем бірлігіне дейін арттыруға болады екен, сонымен қоса, суландырылса өнімділігі 6-10 ц-ге дейін артады. Суландырылған жайылымдар Қазақстанның барлық аймағында тиімді. Шабындықты тиімді пайдалану мақсатында шөп шабу, тасымалдау және сақтау технологияларын жетілдіру қажет, ең бастысы шөптің жемдік қасиетін сақтау, малға сіңімділігін арттыру. Жайылымды жақсарту үшін құнды өсімдіктердің тұқымын жинап, іріктеп, қолдан сеуіп өсірудің қазіргі кезде маңызы артып келеді. Бұл жолмен изен, теріскен, күйреуік т.б. өсірудің тиімділігі дәлелденді, біраөқ кең қолданыс тапқан жоқ.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің 100-ге жуық түрі өседі, бірақ олар барлық аймақтарда толығымен зерттелген жоқ, кейбір аймақтарда толығымен зерттелген жоқ, кейбір аймақтарда олардың таралуы туралы мәліметтер ғана бар. Кейбір өсімдіктердің таралу картасы жасалған және дайындауға болатын шамасы бағаланған. Дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктерді сақтаудың (қорғаудың) тиімді пайдаланудың Қазақстандағы басты бағыттары:

дайындау, кептіру талаптарын, ережелерін қатаң сақтау;

өсімдіктер қорының сақталуына, молаюына жағдай туғызу;

өсімдіктердің өндірістік плнатацияларын ұйымдастыру;

зерттеу, қорғау, тарату жұмыстарымен айналысатын қорықтар ұйымдастыру.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(7.1 және 7.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 7.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

2

3

1

Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі




2

Қазақстан орман қорының жер ауданы




3

Орман қоры қандай мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы?




4

Бiр түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi





Кесте 7.1 жалғасы

1

2

3

5

Гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе солардың компоненттерi бар өсiмдiктен және (немесе) жануарлардан алынатын өнiмдер;




6

Генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi;




7

Қандай да бiр организмнiң немесе популяцияның табиғи мекендейтiн жерiнiң типi немесе орны;




8

Бiрыңғай функционалдық тұтастық ретiнде өзара әрекетте болатын организмдердiң және солар мекендейтiн жансыз ортаның өзара байланысты жиынтығы;




9

Өсiмiн молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекше, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;




10

Қазақстанда 1-ші топтағы ормандардың, негізінен атқаратын қызметтері




11

Бір гектар ормандағы жапырақты ағаштар бір күнде бұл өнімнің 2 кг, қылқанды жапырақтар- 5кг, ал арша тектестер – 30 кг-нан астамын бөліп шығарады



Кесте 7.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

А

тiршiлiк ету ортасы

Ә

экологиялық жүйе (экожүйе)

Б

фитонцид

В

экологиялық

Г

ұзақ

Ғ

орман

Д

генетикалық түрлендiрiлген организмдер

Е

генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер

Ж




З

биологиялық ресурстар

И

биологиялық әртүрлiлiк

К




Л

21.2 млн.га

3. Иә/жоқ
Кесте 7.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды.




2

Қазақстан территориясының едәуір бөлігін орман мен шабындықтар алып жатыр




3

Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің 100-ге жуық түрі өседі




4

Қазақстан ормандарының басым бөлігі 3- топқа жатқызылған




5

Жайылымның 85%-і шөл және шөлейтті аймақтарда орналасқан




6

Орман су көздерін қорғау қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын – жел эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.




7

Жайылымдарды жүйесіз пайдалану- ондағы өсімдік қорының азаюына, сонымен, әсіресе құнды өсімдіктердің көбеюіне әкеп соғады.




8

Еліміз жылына 190 млн. м3 –ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін тұтынады.




9

Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту.




10

Жайылымды жақсарту үшін құнды өсімдіктердің тұқымын жинап, іріктеп, қолдан сеуіп өсірудің қазіргі кезде маңызы біртіндеп азайып келеді.




11

Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет