Қ. Әбдіхалықова табиғатты пайдалану экономикасынан практикум


Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар



жүктеу 1.57 Mb.
бет6/9
Дата04.03.2018
өлшемі1.57 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Қазақстан аумағының қанша пайызын орман алып жатыр?

А) 10,2%;

В) 7,5%;

С) 13,1%;

D) 3,8%;

Е) 1,6%.
2. Қазақстан Республикасының орман кодексі қашан қабылданды?

А) 1991;

В) 1992;


С) 1993;

D) 1995;


Е) 1996.
3. Бір гектар орман тәулігіне қанша кг оттегін бөліп шығарады?

А) 100-120;

В) 180-200;

С) 400-420;

D) 280-320;

Е) 50-70.


4. Дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктерді сақтаудың (қорғаудың) тиімді пайдаланудың Қазақстандағы басты бағыттарына жатпайды:

А) өсімдіктердің өндірістік плантацияларын ұйымдастыру;

В) дайындау, кептіру талаптарын, ережелерін қатаң сақтау;

С) өсімдіктер қорының сақталуына, молаюына жағдай туғызу;

D) зерттеу, қорғау, тарату жұмыстарымен айналысатын қорықтар ұйымдастыру;

Е) жетіспеген өсімдіктерді шетелден экспорттау.


5. Биологиялық ресурстар қандай табиғат ресурстарына жатады?

А) сарқылатын;

В) сарқылмайтын;

С) қалпына келетін;

D) қалпына келмейтін;

Е) жартылай сарқылатын.


7. Ұғымдар мен терминдер
Биологиялық ресурстар

Орман қоры

Биологиялық әртүрлiлiк

Тiршiлiк ету ортасы

Экологиялық жүйе (экожүйе)

Жайылым


Шабындық

Жемдік қор


8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Орман қорын жаңғырту құндылығын анықтау. Орман қатынастарының құқықтық негіздері, оны экономикалық реттеу. Ренталық қатынастары қандай?

2. Орман қорын шаруашылықта пайдалану тиімділігін арттыру. Орман қорын экономикалық бағалау ерекшеліктері, бағалау белгісі, көрсеткіштері және әдістері. Орман қорын жаңғырту құндылығын анықтаңыз?

3. Орман қатынастарының құқықтық негіздері, оны экономикалық реттеу. Ренталық қатынастары қандай?
Тақырып 8

ӘУЕ КЕҢІСТІГІН БАССЕЙНДЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ




1. Тақырып бойынша теориялық материал

Атмосфера жердегі тіршілік негізі ретінде

Жерді қоршаған ауа қабаты - атмосфера жердегі тіршілікке қажетті жағдай болып табылады. Атмосфера күн энергиясының жартысына жуығын өзіне сіңіреді, қысқа толқынды, тіршілікке керекті гамма сәулесі толығымен атм осферада ұсталып қалады. Атмосфера жер бетін метеоридтерден қорғайды. Жер беті мен атмосферада тұразты жылу, ылғал алмасуы болып тұрады. Ауа сонымен қаптар ерекше өндірістік табиғат байлығы болып табылады, көптеген өндірістерге, әуе және автомобиль траспортында пайдаланылады.

Атмосфераның тазалығы жердегі тіршіліктің маңызды шарты. Сондықтан оның тазалығын сақтау маңызды міндет. Оған тек қана үкімет, кәсіпорын басшылары ғана емес әрбір саналы азамат жауапты.

Атмосфераның тазалығына ауаға әр түрлі ластаушы заттардың (шаң, түтін, күйе, улы газдар, күкірт. Азот тотықтары, т.б.) таралуы және оттегін тұтыну, көмірқышқыл газдарын шығару әсер етеді.

Құрғақ атмосфера ауасы- 73,09 %, азот, 20,95 %оттегі, 0,93% аргон,0,03%көмірқышқыл газдарынан тұрады. Қалған (неон, галий, сутегі криптон, ксиптон) газдардың үлесі 0,01%- тен аспайды.

Атмосфера ауасының салмағы- 5,15*1015 т (5,15 квадрилион). Атмосфераның төменгі тығыз қабатында – оның 80%-і орналасқан. Тропосфера қабатының қалыңдығы жер полюстерінен- 8 км , экватор шеңберінен -18 км. Атмосфераның 20%-і стартосферада жерден- 55 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан. Жергілікті жер бетінің ауасының тазалығына онда зиянды заттардың таралуына және шоғырлануына атмосфералық құбылыстар жауын-шашын, тұман, жел әсер етеді. Әсіресе жер бетіне жақын ауа қозғалысы- желдің әсері күшті. Ауа алмасуыжер бетінен жоғары аспанға бағытталғанда (турбалента құбылысы) ондағы зиянды заттардың таралуын (сейілуін) күшейтеді. Керісінше, ауа қозғалысы жер бетіне бағытталса (инверсия құбылысы) зиянды заттарды шоғырландырады. Мұндай құбылыстардың қайталануын, тұрақтылығын білу өндірісті орналастыруды жоспарлау үшін аса қажет. Инверсиялық құбылыстардың қайталануыҚазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне қарай біртіндеп арта береді. Солтүстікте оның жиілігі- 34-35 %болса, оңтүстікте, әсіресе тау етектерінде – 48%-ке жетеді. Негізінен желсіз, тымық күндерде ауада зиянды заттардың таралуы нашарлайды. Ондай ауаның қозғалысы -0-1 м/секундтан артпайтын күндер Сарыарқа -20 %- тен аспайтын болса, оңтүстікте, тау бектеріндегі аудандарда -41- 60%, кей жерлерде тіпті 80%-ке жетеді. Ауада ластаушы заттардың шоғырлану мүмкіндігінің жиынтық көрсеткіші- атмосфераның ластану потенциалы (АЛП) деп аталады. Ауада ластаушы заттарды шоғырландыратын жағдайлар жоғары потенциалдық , ал таралатын жағдайлар – төменгі потенциалдық көрсеткіштерге сәйкес келеді. Бұл көрсеткіштің орташа шамасы Қазақстанда 2.4-3.6 аралығында.



Атмосфераның ластануы және оның алдына алу шаралары

Атмосфера ауасы ешқашанда абсолютті шамада таза болмайды. Егер мұхит бетіндегі ауаны ең таза деп алатын болсақ, ауыл шаруашылық жеріндегі ауаның тазалығы одан 10 есе кем шағын қалаларында 35есе, үлкен қалада 150есе, өнеркіәсіп орталықтарында 1000 есе кем. Ауаның тазалығын сақтау үшін алдымен оны ластаушыларды білу керек. Ауаны ластаушы заттарды үлкен екі топқа : табиғи және антропогендік ластаушылар деп бөледі. Табиғи ластаушылар:



Антропогендік ластаушылар:

  • өнеркәсіп, оның ішінде үлес салмағы бойынша электроэнергетика, отын өндірісі, металлургия, құрылыс материалдар өнеркәсібі, машина жасау, тау-кен өндірісі;

  • транспорт (автомобиль, темір жол, су, әуе транспорттары)

  • тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық (орталық және жеке жылу орталықтары, қоқыстарды өртеу, олардың шіруі);

  • ауыл шаруашылығы (мал,құс өсіру кешендері, химиялық заттар қолдану, ауыл шаруашылық заттарын өңдеу, ағаш өңдеу);

  • ауаны ластаушыларды бұлай сұрыптау әр сала бойынша ластау мөлшерін анықтап, атмосфераны қорғау шараларын жоспарлауға ыңғайлы. Сонымен қатар, ластаушы заттардың құрамы, түрі бойынша, оларды шығаратын кәсіпорындарды топтастырып бұрыптаулар да қолданылады. Бұл табиғи қорғау шараларын аймақтық жоспарлауға пайдалы.

Атмосфераның ластануы шаруашылықтың барлық саласына зиян келтіреді.

Мысалы, ауыл шаруашылық өнімдерінің түсімі кемиді, ағаштар қурайды немесе өсуін баяулатады,малдардың ,жануарлардың өсуі азаяды, зиянды аурулар көбейеді. Өнеркәсіпте негізгі қордың тозуы тездейді немесе істен шығады, сондықтан оларды жөндеу, жаңарту шығындары артады. Коммуналдық, тұрғын үй шаруашылықтарында мүліктердің тозуы, істен шығуы артады. Адамдардың денсаулығына ең үлкен зиян келтіріледі, соның салдарынан еңбек өнімділігі төмендейді, әлеуметтік, емдеу шығындары артады,адамдардың жасы, әсіресе еңбекке жарамды жасы қысқарады. Ауаны ластаушы заттарды білумен қатар, оның келтірген залал түрлерін де білу керек. Сұрыптаулар залалдың түріне, масштабына, әсеріне, уақытына қарап қолданылады. Әсер ету механизмі бойынша нақты және жанама әсер ететін деп бөлінеді. Әсер ету түрлері бойынша: натуралды, рухани-эстетикалық , әлеуметтік, экономикалық, құқықтық болып бөлінеді. Залалдың әсер ету уақыты: қазіргі кезде немесе болашақта болуы мүмкін. Масштабы бойынша: әлемдік, материктік, аймақтық, жергілікті және нысаналық болуы мүмкін. Экономикалық зиянын потенциалды мүмкін, нақты, болдырмаған және жойылған деп бөледі. Ауаның ластануы болдырмау және оның зиянды зардаптарын жою мынандай негізгі бағыттарда жүргізіледі:



  • зиянды, ластаушы заттарды ауаға шығармау;

  • ластаушы заттардың әсерлерінен қорғану;

  • ластаушы заттардың зиянды әсерін, зардабын жою;

  • зиянды әсерлердің алдын-алу, оларды болдырмау (нормалау, тиым салу, т.б.)



2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(8.1 және 8.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 8.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Атмосфераның бұл қабаты жерден- 55 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан.




2

Ауада ластаушы заттардың шоғырлану мүмкіндігінің жиынтық көрсеткіші




3

Антропогендік ластаушылар




4

Атмосфера ластаушылары әсер ету механизмі бойынша бөлінеді.




5

Атмосфераның төменгі тығыз қабаты




6

Залалдың әсер ету уақыты болуы мүмкін.




7

ауа қозғалысы жер бетіне бағытталу құбылысы




8

Ауа алмасуы жер бетінен жоғары аспанға бағытталғанда пайда болатын құбылыс



Кесте 8.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

А

турбалента

Ә

өнеркәсіп, транспорт, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

Б

тропосфера

В

атмосфераның ластану потенциалы

Г

Инверсия

Ғ

стартосфера

Д

нақты және жанама

Е

қазіргі кезде немесе болашақта

3. Иә/жоқ
Кесте 8.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

Атмосфера ауасы ешқашанда абсолютті шамада таза болмайды.




2

Жер беті мен атмосферада тұрақты жылу, ылғал алмасуы болып тұрады.




3

Атмосфераның тазалығына ауаға әр түрлі ластаушы заттардың (шаң, түтін, күйе, улы газдар, күкірт. Азот тотықтары, т.б.) таралуы және оттегін тұтыну, көмірқышқыл газдарын шығаруы мардымсыз әсер етеді.




4

Құрғақ атмосфера ауасы- 84,09 %, азот, 13,5 %оттегі, 1,38% аргон,0,13%көмірқышқыл газдарынан тұрады.




5

Инверсиялық құбылыстардың қайталануы Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне қарай біртіндеп кеми береді.




6

Залалдың экономикалық зиянын потенциалды мүмкін, нақты, болдырмаған және жойылған деп бөледі.




7

Жергілікті жер бетінің ауасының тазалығына онда зиянды заттардың таралуына және шоғырлануына атмосфералық құбылыстар жауын-шашын, тұман, жел мүлдем әсер етпейді.




8

Залал масштабы бойынша: натуралды, рухани-эстетикалық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық болып бөлінеді




9

Атмосфера күн энергиясының жартысына жуығын өзіне сіңіреді, қысқа толқынды, тіршілікке керекті гамма сәулесі толығымен атмосферада ұсталып қалады




10

Атмосфераның ең көп үлесі стратосферада орналасқан




11

Залал әсер ету түрлері бойынша нақты және жанама деп бөлінеді




12

Атмосфераның ластануы шаруашылықтың барлық саласына емес тек жекелеген салаларға зиян келтіреді.




13

Атмосфера ауасының салмағы- 5,15*1015 т (5,15 квадрилион)




14

Атмосфераның тазалығы жердегі тіршіліктің маңызды шарты.





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Жердің ауа қабаты – бұл?

А) атмосфера;

В) литосфера;

С) гидросфера;

D) биосфера;

Е) агрохимия;


2. Құрақ атмосферада ауада азот неше пайызға тең?

А) 83,09 %;

В) 73,09 %;

С) 77,02 %;

D) 88,3 %;

Е) 99,1 %.


3. Атмосфераның төменгі тығыз қабатында, оның қанша пайыз орналасқан?

А) 70;


В) 65;

С) 80;


D) 91;

Е) 100;
4. Ауаны табиғи ластаушыларға жатпайды:

А) радиоактивті ластау;

В) жанартаулар;

С) орман және жер өрттері;

D) транспорт;

Е) шаң, тұз көшкіндері.
5. Атмосферада ең көп таралған газ:

А) Оттегі;

В) Аргон;

С) Сутегі;

D) Көмірқышқыл газы;

Е) Азот.
7. Ұғымдар мен терминдер


Атмосфера

Ауа қабаты

Азот

Тропосфера



Стратосфера

Инверсиялық құбылыстар

Турбалента құбылысы

Атмосфераның ластану потенциалы

Табиғи ластаушылар

Антропогендік ластаушылар


8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Атмосфераның ластануы және оның алдына алу шаралары турал не білесіздер?

2. Атмосфераны жердегі тіршілік негізі ретінде сипаттап беріңіздер

3. Ауаның ластануына қарсы шаралардың ішінде Сіздің ойыңызша ең маңыздысы және тиімдісі не болып табылады?

Тақырып 9

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕН ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН КЕШЕНДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ



1. Тақырып бойынша теориялық материал
Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану және кешенді қорғаудың басты бағыттары

Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік. Табиғат қорғау шаралары да кешенділікті талап етеді. Кешенді пайдаоану деп- табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз. Кешенді пайдалану ұғымына өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану да кіреді.

Белгілі бір жағдайда минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану деп аймақтағы барлық ресурстарды пайдалануды айтады. Бұл ұғымға, минералдық шикізат кешенді барлау, мейлінше толық өндіру, өндірілген қорды кешенді пайдалану, шикізаттың жеке түрлерін кешенді ұқсату ұғымдары кіреді.

Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау және кешенді пайдалану варианттарын таңдау

Минералдық шикізатты кешенді пайдалану- өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану. Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану- кен қорын және оны өндіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату. Аймақтағы кен көздерін кешенді пайдалану деп жақын орналасқан кендерді бір-бірімен байланысты ортақ игеруді айтады. Жеке дара игеруге тиімсіз ұсақ кеніштерді бірге пайдаланғанда тиімді болуы мүмкін. Өйткені ортақ байыту фабрикалары, ортақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынады. Соның нәтижесінде шығындарды үнемдеуге мүмкіндік туады.



Табиғат ресурстарын кешенді пайдаланудың табиғи ортаға әсері

Минералдық шикізатты пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, шамасы, кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны;экономикалық тиім және тиімділік, т.б.

Минералдық шикізатты кешенді пайдалану көрсеткіштері: кешенді пайдалану дәрежесі – тауарға алынған элементтер саны; минералдық, шикізат қорын толық пайдалану- кеннің құрамындағы элементтерді айырып алу; жалпы көрсеткіш – тауарға алынған элементтер құнының кннің құрамындағы элементтерге құнына қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі- экономикалық тиімдер сомасының шығынға қатынасы. Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі жіберілген (жоғалтылған) қалдықтың шамасын өлшеу арқылы анықталуы мүмкін немесе алынған өнім мен есептелген өнім шамасын салыстырады.

Кешенді пайдаланудың экономикалық, экологиялық, әлуметтік тиімділігі

Қазіргі ғылыми- техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді алуға мүмкіндік береді, бірақ соның ішінде тиімділері ғана алынады. Міне, осы тиімді кешенділікті анықтау ерекше экономикалық мәселе болып табылады. Сонымен, шикізатты кешенді пайдалану мәселесі варианттардың тиімдісн анықтау мәселесіне айналады.

Кешенді пайдалану варианттарының экономикалық тиімділігін анықтаудың түпкі мақсаты- халық шаруашылық қажетін шикізаттан алынатын өнімдермен неғұрлым аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл тұрғыдан шикізатты кешенді пайдалану вариантын анықтау өндірістің, қолданылатын технологияның тиімдісін таңдау болып табылады. Осыған сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді вариантын таңдау әдісі өндірістің халық шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерінен туындайды.

Тиімді өндірістің ең басты белгісі- нақты және өткен еңбектің, табиғат ресурстарының үнемделуі, табиғи ортаға нұқсан келтірмеу. Осы белгіні табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды бағалауға қолдануымызға болады.



Қазақстандағы аумақтық өндіріс кешендері

Варианттарды салыстыру үшін баланстық есептеулер жүргізу қажет болады. Бірақ бұлай істеу көп қиындықтармен байланысты. Мысалы, минералды шикізатты пайдаланудың тиімді вариантын таңдау үшін әр кезде кәсіпорындарда, аймақ бойынша немесе республика көлемінде шикізаттан алынатын барлық өнімдердің баланстық есептеулерін жүргізіп және оларды басқа балама варианттармен салыстыру қажет. Варианттар өте көп болуы мүмкін сондықтан оларды есептеу электронды есептеу машинасының (ЭВМ) өзіне де қиынға соғады, шығыны көп, нәтижесі мардымсыз. Өйткені баланстарға қатыстырылған бір сан өзгергенде есептеулерді қайтадан қацйталауға тура келеді.

Қазіргі кезде тиімді вариантты таңдау үшін көп қолданылатын әдіс- келтірілген шығындарды салыстыру. Мұнда тиімді вариантты таңдау белгісі- шығынның ең азы. Бұл әдісті қолданудың басты шарты – варианттар бір- бірімен салыстырылатын болуы немесе сол жағдайға келтірілуі керек. Варианттарды өнімнің шамасы бойынша салыстыру үшін «компенсация» (орнын толтыру) әдісі қолданылады.

2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(9.1 және 9.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 9.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

2

3

1

Пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қамтамасыз етiлетiндей деңгейге дейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн техника және жабдық




2

Елеулi физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерiстерге ұшырамайтын әрi қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтiн қалдықтар;




3

Механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;




4

Атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ осылардың өзара әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы;




5

Ластағыш заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету




6

Белгiлi бiр мерзiмге арнап белгiленетiн қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтiк көлемi;




7

Қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер;




8

Қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерiнiң сипаттамасы




9

Қоршаған ортаға ластағыш заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға ықпалы;




10

Табиғи ресурстардың жұтаңдауы мен сарқылуын немесе тiрi организмдердiң қырылуын туындатып немесе туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу




11

Нәтижесiнде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкiн болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметi





Кесте 9.1 жалғасы

1

2

3

12

Табиғи ресурстардың әрбiр түрiн олардың тұтыну қасиеттерiн жоғалтуға әкеп соғатын тиiмсiз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;




13

Табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;




14

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң және экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жөнiндегi қызметi;






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет