№ исх: 05/1416АкиматАягозскогорайона от: 24



жүктеу 58.38 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі58.38 Kb.
түріКонкурс




Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру



Шығыс Қазақстан облысының «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, анықтама үшін телефондар: 8 (72237) 7-00-73, факс: 7–00–21, 7–00–11, e-mail: a.razdykova@akimvko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Аягөз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау жұмыстары және заң бөлімінің бас маман – есепшісі, (EG-3 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қала әкімі аппаратының қаржылық – шаруашылық қызметін ұйымдастырады. Келісім – шарт, есептік баланс жасайды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілетін конкурстардың құжаттарын, жеңімпаз мекемемен келісім-шарттарын дайындайды. Жалақыны мерзімінде есептейді және төлейді, салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады, салықтық, статистикалық есеп беруді құрайды. Активтердің, ҚТЗ (құндылығы аз тез тозатын заттар) және басқа да  материалдық құндылықтарды сақтау және пайдалану орындарында бүтіндігін бақылауды жүзеге асырады. Бухгалтерлік және қаржылық есептілікті белгіленген мерзімде құрылуын және берілуін қамтамасыз етеді. Шарттардың тіркелуін және мемлекеттік мекемелер мен жекелеген тұлғалардың қаржыландыру жоспарын орындау барысында туындаған есептеулерді уақтылы жүргізеді. Бастапқы құжаттардың, қағаздардағы және электрондық жеткізгіштердергі бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің, есептіліктердің сақталуын жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырады. Қала әкімі аппараты атқаратын қызметтер шегінде тағы да басқа тапсырмалармен жұмыс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Білімі жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы, бухгалтер, экономист-бухгалтер)     

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар.

3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттардың орналасуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.



Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия шешіміне шағымды: ШҚО, Өскемен қ. Тәуелсіздік даңғылы 4 мекенжайы бойынша ұсынуға болады.



Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны:  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, өтеді.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан

___________________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________

___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________



     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________


____________________________________________________________________
________                         ________________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет