Владимир Путин Ресей президенті сайлауында 87,68 пайыз дауыс жинады. Хаттамалардың 30 пайызын өңдегеннен кейін жексенбі күні кешке орталық сайлау комиссиясы алғашқы деректерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Риа Новости

Николай Харитонов 3,95%, Владислав Даванков 3,81%, Леонид Слуцкий 3,01% дауыс иеленді. Мәскеу уақытымен 20:37-дегі дерек бойынша сайлауға қатысушылар 74,22% болды.

Агенттік жазуынша, Путиннің нәтижесі – қазіргі Ресей тарихындағы рекордтық көрсеткіш. 2018 жылы ол 76,69%, 2012 жылы 63,6% дауыс жинаған. Дмитрий Медведев 2008 жылы 70,28% нәтижесімен жеңіске жетті. 2004 және 2000 жылдары Путин сәйкесінше 71,31% және 52,9% дауысқа ие болған еді. 1996 жылы Борис Ельцин екінші турда 53,82%-пен жеңіске жетті.

Ресей президентін сайлау 15-17 наурыз аралығында өтті. Оған төрт үміткер қатысты: қазіргі Мемлекет басшысы Владимир Путин, ЛДПР-дан Леонид Слуцкий, КПРФ-дан Николай Харитонов және "Жаңа адамдар" партиясынан Владислав Даванков.

Бұған дейін Ресейдегі президент сайлауының үшінші күнінде елімізде сайлау учаскелері ашылғанын жазған едік. Ресей азаматтары Ресейдің Астанадағы елшілігінің консул бөлімінде, Алматыдағы бас консулдық пен Өскемен және Оралдағы консул бөлімшелерінде дауыс берді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.