Қ ұрастырушы: м.ғ. к., профессор Булекбаева С. Е



Дата10.04.2019
өлшемі141.5 Kb.
#90979
түріНұсқаулар

Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Психология және педагогика кафедрасы

Әлеуметтік жұмыстағы гендерлік зерттеулер

пәні бойынша
6М090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының магистранттарына арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41







БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

________ Н.Э.Пфейфер

20__ ж. «___»________


Қ ұрастырушы: ___________м.ғ.к., профессор Булекбаева С.Е.


Психология және педагогика кафедрасы

«Әлеуметтік жұмыстағы гендерлік зерттеулер» пәні бойынша

6М090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының магистранттарына арналған

әдістемелік нұсқаулар
20 _ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _________ Бурдина Е.И. 20__ж. «____» ________
Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20 _ж. «___»_____ №__ хаттама


ОӘК төрағасы __________ Ксембаева С.К. 20 _ж. «_____»_________

КЕЛІСІЛГЕН

ГП факультетінің деканы _______Сарбалаев Ж.Т. 20 _ж. «_____»________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы _______ Жуманкулова Е.Н. 20 _ж. «___»_______




Пәннің мақсаты – магистранттарға әлеуметтік жұмыстың гендерлік аспектілерін түсінуге көмектесу.

Пәннің міндеттері:

- магистранттарда қоғамда гендерлік қарым-қатынас, оның әлеуметтік дамуда және адам өмірінің түрлі іс-әрекеттерінде ролі туралы жүйелік түсінігін қалыптастыру;

- магистранттарды әлеуметтік жұмыстың тікелей байланыс үрдісінде қолданылатын гендерлік тұрғының кәсіби технологиялармен, әлеуметтік салада гендерлік бағытталған тәжірибемен таныстыру;

- магистранттарға гендерлік зерттеу жүргізу дағдылары мен біліктерін меңгеруге көмектесу;

- магистранттарда гендерлік ойлау және тәртіп мәдениетін қалыптастыруға көмектесу.

Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар:

- жыныс теориясының негізгі сұрақтарын, гендерология мен феминологияның базалық түсініктерін білуі керек;

- әлеуметтік жұмыс саласында гендерлік зерттемелердің негізгі бағыттары туралы түсінік болуы керек;

- гендерлік факторларды есепке ала отырып әлеуметтік жұмыста жобаларды жасау және болжау, талдау барысында алған білімдері мен дағдыларын қолдана алуы керек;

- әлеуметтік жұмыстың тікелей байланыс үрдісінде гендерлік тұрғының тәсілдерін меңгеруі керек.

Пререквизиттер:

«Педагогика», «Психология», «Әлеуметтік жұмыста психологиялық кеңес беру»

Постреквизиттер: магистерлік диссертацияны жазу

Әдістемелік ұсыныстар

Дәріс сабақтары магистранттардың ғылыми білімін арттыратын маңызды бөлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік, ғылыми – тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.

Дәрістерді тыңдау және қабылдау: магистранттардың оқытушының дәрісіне дайындығына кіретіндер:

Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты танымдық – тәжірибелік қызмет, соның ішінде:

а) алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске тұсіру мақсатында қарастыру;

ә) алдыңғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан, бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мұмкін. Осындай сәйкессіздіктен кейін магистрант дәріс барысында осы мәселелерге көңіл аударуы керек.

б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың түрлерін анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);

г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;

Дәріске алдын–ала дайындық магистрантты шығрмашылық жұмысқа және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге үйретеді.

Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі магистранттардың шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.

магистрант дәріс мазмұнын толық түсіну үшін оның мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты мен міндеттерін түсіну магистрантқа баяндалып отырған материалды терең түсініп, оған сын көзқараспен қарауына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар дәріс оқытушы мен магистрант арасындағы байланыс ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Оның орындалуы магистрантқа ғана қатысты емес, оқытушының баяндауына магистранттар беделін арттыра білуіне де байланысты.

Жазу – оқытушының магистранттардың материалдарды қаншалықты меңгергендігін бақылауға мүмкіндік береді. Егер дәріс барысында магистранттар тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге акцент жасау арқылы және т.б.)

Дәрісті жазуға қалай үйрену керек? Бәрінен бүрын нені және қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтың күні, тақырып, мақсаты, сабақтың жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге жєне берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.

Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті сақтауға болады.

Дәріс жазудың тұрлері әртүрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер, сызбалар және т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жазудың әртүрлісі қолданады. Кең тараған түрі:

Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердің келесі беттерін бос қалдыру керек.

Магистранттардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман болуына, кәсіби және т.б. қызмет түрлеріне дайындығын арттыруға дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.

Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, магистрантқа оны жалпылама түрде меңгеруге мұмкіндік береді. Ал, семинар мен тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра түседі, оны толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді

Магистранттың жан-жақты дамыған тұлға, маман ретінде дамуына және оны кәсіби және басқа қызметтерге дайындауда семинар сабақтарының маңызды зор, олар дәрісте басталған сабақтардың логикалық жалғасы. Дәріс ғылыми білімнің негізін қалыптастырады, олар магистрантқа оларды жалпы түрде меңгеруге мүмкіндік береді, семинар және тәжірибе сабақтары бұл білімдерді тереңдетеді, нақтылайды және кеңейтеді, жоғары репродукция және трансформация деңгейінде меңгеруді көмектеседі. Оған қоса, осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді. Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке жұмыстың өзіндік ерекшелектері бар.



Тақырыптардың мазмұны

Тақырып 1. Курстың пәні, міндеттері, құрылымы және негізгі түсініктері.

Семинар жоспары

1. Феминология қоғамда әйел адамдардың орны мен ролі туралы ғылым.

2. Гендерология ғылыми пән ретінде.

3. Ресейде гендерді зерттеудің институциализациясы.



Негізгі түсініктер: гендер, сексизм, патриархат, кемсіту, андроцентризм, стереотип, гендерлік зерттеулер.

Әдебиет:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. Коленко Л.В. Библиотечный коллектив: гендерный ракурс: научно-практич. пос., 2010 – 79 с.

3. Мужчины и женщины Казахстана: стат.сб. – Астана, 2010 – 99 с.

4. Павлодар облысының әйелдері мен ерлері: стат.жинақ, 2009ж. -48 б.

Тақырып 2. Гендер қоғамдық феномен ретінде.

Семинар жоспары

1. Қоғамда маскулиндік пен феминдіктің бейнесі мен типі.

2. Бұқаралық мәдениетте гендер репрезентациясы.

3. Пікірталас өткізу «Заманауи қоғамда ер мен әйел адам ролі»



Негізгі түсініктер: маскулиндік, феминдік, гендер репрезентациясы, гендерлік қарым-қатынас, гендерлік мәселе, гендерлік ролдер.

Әдебиет:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. 2006 жылы еңбек статистикасындағы гендерлік айырмашылық. –Павлодар,2007 – 12 б.

3. Антонов А.И. Микросоциология семьи. – М.: ИНФРА – М, 2005.-368 с.



Тақырып 3. Гендерлік әлеуметтенудің және гендерлік бірегейліктіің концепциясы.

Семинар жоспары

1. Түрлі жыныстағы балалар әлеуметтенуінің тарихи, этнографиялық және әлеуметтік-мәдени аспектілері.

2. Заманауи қоғамда жыныстық персонализация мәселесі.

3. Қазақстандық отбасыларда тәрбенің гендерлік стереотиптері.



Негізгі түсініктер: жыныстық персонализация, жыныстық ролдік стереотипизация, жыныстық дамудың деформациясы, гендерлік әлеуметтенудің агенттері, гендерлік әлеуметтену.

Әдебиет:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. 2006 жылы еңбек статистикасындағы гендерлік айырмашылық. –Павлодар,2007 – 12 б.

3. Антонов А.И. Микросоциология семьи. – М.: ИНФРА – М, 2005.-368 с.

4.Лисовский В.Т. Молодежь: любовь, брак, семья. – СПб.: Наука, 2003. – 368 с.

Тақырып 4. Гендерлік стратификация - түрлі гендерлік теориялық позициялардан.

Семинар жоспары

1. Ресей, Қазақстан және шет ел тарихында ер мен әйел адам жағдайын салыстырмалы-тарихи талдау.

2. Ерлер мен әйел адамдардың құқықтық және фактілік теңдік мәселесі.

Негізгі түсініктер: бұқаралық және жеке өмір саласы, патриархаттық мәдениет, еңбекті гендерлік бөлу, гендерлік әдет-ғұрып, гендерлік теңдік, әйел адамдар қозғалысы, «әйел адамға қатысты сұрақ».

Әдебиет:

1. Мужчины и женщины Казахстана: стат.сб. – Астана, 2010 – 99 с.

2. Павлодар облысының әйелдері мен ерлері: стат.жинақ, 2009ж. -48 б.

3. 2006 жылы еңбек статистикасындағы гендерлік айырмашылық. –Павлодар,2007 – 12 б.



Тақырып 5. Адам құқығы жүйесінде гендерлік қарым-қатынас.

Семинар жоспары

1. Әйел адамдарға қатысты кемсітушіліктің барлық формаларын жою туралы БҰҰ конвенциясы.

2. Түрлі жыныс пен жастан құралған топтардың еңбегін регламенттеу туралы Еңбектің халықаралық ұйымы конвенциясы.

3. ЮНЕСКО – ның білім беруші және әлеуметтік-мәдени жобаларында гендерлік факторды есепке алу.

4. ҚР Конституциясында, Отбасылық, Қылмыстық, Азаматтық, Тұрмыстық Кодексте гендерлік қарым-қатынасты реттеу және Қазақстан Республикасының Заңнамасы.

Негізгі түсініктер: адам құқығы, халықаралық құқық, еңбектің халықаралық ұйымы, конвенция, декларация, гендерлік қарым-қатынас, азаматтық құқық, дискриминация (кемсіту).

Әдебиет:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. Коленко Л.В. Библиотечный коллектив: гендерный ракурс: научно-практич. пос., 2010 – 79 с

Тақырып 6. Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласында гендерлік мәселелер.

Семинар жоспары

1. Отандық еңбек нарығында негізгі тенденцияларды анықтау.

2. Жұмыссыздықтың гендерлік аспектілері.

3. Өндірісте еңбектің ауыр, қауіпті және зиян шарттарында жұмыс істйтін әйел адамдардың еңбегін қорғауОхрана труда женщин на .



Негізгі түсініктер: жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару барысында кемсітушілік, гендерлік сегрегация, жұмыссыздық, экономиканың бірінші және екінші реттік секторы, «шыңы төбе», еңбекті және денсаулықты қорғау.

Әдебиет:

1. 2006 жылы еңбек статистикасындағы гендерлік айырмашылық. –Павлодар,2007 – 12 б.

2. Антонов А.И. Микросоциология семьи. – М.: ИНФРА – М, 2005.-368 с.

3.Лисовский В.Т. Молодежь: любовь, брак, семья. – СПб.: Наука, 2003. – 368 с.



Тақырып 7. Отбасы мен некеде гендерлік қарым-қатынас.

Семинар жоспары

1. Заманауи қазақстандық отбасыларда ер мен әйел адамдардың өмірлік стратегиясы.

2. Заманауи отбасында басшылық пен тәуелділік қарам-қатынасы.

3. жұмыс істейтін ерлі-зайыптылармен кәсіби және отбасылық ролдерін үйлестіру.



Негізгі түсініктер: отбасы, өмірлік стратегия, басшылық пен тәуелділік қарам-қатынасы, репродуктивтік құқық, отбасылық қарым-қатынас, моногамия.

Әдебиет:

1. Антонов А.И. Микросоциология семьи. – М.: ИНФРА – М, 2005.-368 с.

2.Лисовский В.Т. Молодежь: любовь, брак, семья. – СПб.: Наука, 2003. – 368 с.

3.Федотова Ю.В. Проблема понимания кризиса семьи // Социс. –2003. - № 11. – С. 137-140.



Тақырып 8. Әлеуметтік жұмыстың гендерлік аспектілері.

Семинар жоспары

1. Халықты әлеуметтік қорғау мазмұнында және ұйымдастыруда гендерлік аспектілерді есепке алу.

2. Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру барысында гендерлік факторды есепке алу.

3. Әлеуметтік қызметкердің клиентпен әңгімелесу барысында гендерлік аспектіні есепке алу.

4. Ерлер мен әйел адамдармен әлеуметтік жұмыс формасы мен әдістері.

Негізгі түсініктер: гендерлік тұрғы, зорлық-зомбылық, әлеуметтік қызмет көрсету, дағдарыстық орталық, гендерлік бағдарланған әлеуметтік жұмыс.

Әдебиет:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. Коленко Л.В. Библиотечный коллектив: гендерный ракурс: научно-практич. пос., 2010 – 79 с.

3. Мужчины и женщины Казахстана: стат.сб. – Астана, 2010 – 99 с.



Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. Коленко Л.В. Библиотечный коллектив: гендерный ракурс: научно-практич. пос., 2010 – 79 с.

3. Мужчины и женщины Казахстана: стат.сб. – Астана, 2010 – 99 с.

4. Павлодар облысының әйелдері мен ерлері: стат.жинақ, 2009ж. -48 б.

Қосымша:

5. 2006 жылы еңбек статистикасындағы гендерлік айырмашылық. –Павлодар,2007 – 12 б.

6. Антонов А.И. Микросоциология семьи. – М.: ИНФРА – М, 2005.-368 с.

7.Лисовский В.Т. Молодежь: любовь, брак, семья. – СПб.: Наука, 2003. – 368 с.



8.Федотова Ю.В. Проблема понимания кризиса семьи // Социс. –2003. - № 11. – С. 137-140.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Пәннің жұмыс Нысан
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет