Қырғызстан астанасы Бішкен қаласында өтетін  Азия құрлығының лицензиялық турнирінде ел намысын қорғайтын еркін күрес шеберлері анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Қырғызстанда 19-21 сәуір күндері Азия құрлығының лицензиялық турнирі басталады. Әлем чемпионатында лицензияға қол жеткізе алмаған Азия құрлығының балуандары Бішкектегі олимпиада жолдамасын сарапқа салатын турнирде бас қосады.  Бұл сынға ел чемпионатында чемпион атанған балуандардың барлығы барады. Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел намысын қорғатын спортшылардың тізімін ұсынамыз.

Еркін күрес: 

57 келі. Ерасыл Мұхтарұлы

65 келі. Майис Әлиев

74 келі. Нұрғожа Қайпанов

97 келі. Әлішер Ерғали

125 келі. Юсуп Батырмұрзаев

Елімізде күрестен лицензиялық турнирге баратын балуандар белгілі болды

Әйелдер күресі: 

50 келі. Лаура Ғаниқызы

53 келі. Жұлдыз Ешімова

57 келі. Эмма Тисина

62 келі. Ирина Кузнецова

68 келі. Елена Шалыгина

76 келі. Жәмила Бақбергенова

Айта кетейік, еркін күрестен Қазақстан құрамында бір ғана жолдама бар. 86 келідегі Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатында үздік үштіктен көрініп, олимпиада лицензиясына ие болған еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.