1. Автобус орнынан қозғалған сәтте ақ 1,5 м/с



Дата18.04.2022
өлшемі15.8 Kb.
#173011
Байланысты:
9 сынып


1-нұсқа

1.Автобус орнынан қозғалған сәтте ақ 1,5 м/с2 тұрақты үдеуге ие болады ол қанша уақыттан кейін 54км/сағ жылдамдық алады?

2.200м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары атылған ракета жоғары қарай

g= -10м/с2 теңкемімелі үдеумен қозғалады.Оның ең жоғары биіктігін анықтаңдар(ауаның кедергісі ескерілмейді)

3.Дене радиусы 50м шеңбер доғасының бойымен қозғалады .Оның 10с ішіндегі бұрылу бұрышы 1,57 радианға тең екені белгілі.Дене қозғалысының сызықтық жылдамдығы мен жүрілген жолын табыңдар

4.Жердің өз осінен бір айналу уақыты 24 сағ.Экватордағы нүкте айналуының бұрыштық және сызықтық жылдамдықтарын есептеп шығару керек.Жер радусы 6400 км-ге тең деп есептеңдер.

5.Теңайнымалы қозғалыс дегеніміз не?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2-нұсқа

1.36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан троллейбус тежелгеннен кейін 4с ішінде тоқтайды.Тежелу басталғаннан кейін ол қандай тұрақты үдеумен қозғалады?

2.Шүйіліп ұшқан ұшақтың жылдамдығы 800 км/сағ,ал оның ең төмен нүктедегі үдеуі жер бетіндегі еркін түсу,үдеуінен 10 есе үлкен екені белгілі болса, онда осы ұшақ қозғалатын шеңбердің радусы неге тең болады?

3.Дененің айналу периодын 10с қа тең деп алып,оның 10с ішіндегі бұрыштық жылдамдығы мен бұрылу бұрышын есептеп шығарыңдар?



4.Жердің жасанды серігі дөңгелек орбита бойымен 630 км биіктікте қозғалады.Оның айналу периоды 97,5 мин.Жердің жасанды радусын 6370 км деп алып,осы ЖЖС інің сызықтық жылдамдығы мен,центрге тартқыш үдеуін анықтаңдар?

5.Центрге тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады?Формуласын жазып көрсет?

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет