1 Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары



бет1/7
Дата22.09.2017
өлшемі1.14 Mb.
#1556
  1   2   3   4   5   6   7


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары..........................................................................................5

1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі.................5

1.2 Туризм индустриясының даму проблемалары .............................................7

1.3 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама....................12

2 ҚазақстандаҒы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктері............................................................................................25

2.1. Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері.....................25

2.2. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары..................................................39

2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар.................................................................48


Қорытынды............................................................................................................53
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................57
Қосымша...........................................................................................................58-63

Кіріспе
Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен,Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес,жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкініщке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі – туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмінің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.

Жұмыс барысында Қазақстанның ішкі туризмін мына тұстардан қарастардық:


  • Ішкі туризм индустриясының даму проблемалары

  • Қазақстанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайы

  • Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері

  • Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары

  • Қазақстанда қазіргі кезде кездесетін туристік аймақтар

Осыған байланысты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мынандай бөліктерден тұрады:

  • Қазақстандағы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктерін қарастыру;

  • Қазақстанның ішкі туризмінің қазіргі таңдағы жағдайына шолу жасау;

  • Қазақстанның ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктерін қарастыру.

– Ішкі туризм дамуының алғы шарттарын белгілеу

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг енгізілуі қажет.

-Осы дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанның туризм индустриясын қалыптастырудың және дамытудың теориялық мәселелелерін қарастыру, туризмнің аз тексерілген аспектілерінің мүмкіндіктерін ашу және әлемдік туристік индустрияға ену болашағын зерттеу .

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының ішкі туризм индустриясы.

Зерттеу объектісі: Қазақстандағы ішкі туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен болашағы.

Практикалық жаңалығы: Қазіргі нарықтық жағдайға сай шет елдердегі дамыған саланың тәжірибесі негізінде ҚР-да ішкі туризм индустриясын дамыту.

Зерттеу міндеті:


  • Ішкі туризмді дамыту проблемаларына теориялық негіздеме жасау;

  • Қазақстандағы ішкі туризмінің әлемдік деңгейге жету барысында қазіргі даму жағдайына сипаттама беру;

  • Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамытудың әлеуметтік-экономиканың алғы шарттарын қарастыру.

Қазақстандағы ішкі туризімінің қазіргі жағдайы, перспективалары


1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі
Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз – туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді.

Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.

Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.

1980ж. Манила декларациясы «Туризм – халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданына, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, қазан 1980 ж.) деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы туризмге кең анықтама берді: «Туризм – бұл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, 1 жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі».

Халықаралық туристік Академия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло): туризм – көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір транспорт түрімен жасалатын саяхат.

П.Г.Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: «Туризм – бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау» – дейді.

Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде - әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген. Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдық-экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрынғы СССР кезінде тіршілік деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманы өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.

Қазір «туризм» терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы 2 бағытта беріледі: географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік-территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.

Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:

Г.А.Папирян, туризм ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді.

П.В.Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы – халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты болады.

Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтама «қазіргі туризмнің экономикасы» жұмысында берілген: «Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады және оны сұраныс пен ұсыныс жағынан қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.

Біздің ойымызша, туризм дегеніміз - рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие.

Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші болатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема бойынша олар: экономикалық - әлеуметтік – географиялық – демографиялық – саяси – этникалық – құқықтық. Аталған факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.

Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статикалық факторларға табиғи-географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әр түрлі бағасы, мағынасы болады.

Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризмнің негізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс-сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағдайлардың өсуі жатады.

Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындардың уақыт құрылымын анықтау керек.

Сыртқы факторларға экономикалық және қаржылық факторлар да жатады. Алайда біздің ойымызша бұл факторлар ерекшеленіп тұрады және оларды бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар болып табылады.

Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық бақылаудың өзгеруі, технологиялық өзгерістер, транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы, сондай-ақ саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.

Ішкі факторлар – бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие. Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т.б. өсуі.


1.2 Туризм индустриясын дамыту проблемасына теориялық негіздеме
Туризм факторларын анықтап және анализдеп болған соң туризм индустриясын зерттеуді бастау керек. Туризм индустриясы экономиканың жеке саласы ретінде жоспарлы экономика жағдайында болған жоқ.

Туризм индустриясы терминінің анықтамасын берейік:

«Туризм және туризм индустриясы» түсінігі ұқсас және бір мағыналы сияқты. Ғылыми әдебиеттерде ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтама береді. «Туризм индустриясы» түсінігі өте көлемді және қиын. ССРО кезінде оған бірінші рет П.Г.Олдак анықтама берген: «Туризм индустриясы туризм қызметін сату және құруға маманданған қызмет көрсетуші мекемелермен мінезделеді немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға мамандандырылған экономиканың бөлек саласы.

С.Р.Ердаулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық деңгейін анықтайды. «Туризм индустриясы» – таза экономикалық категория болып табылады. И.В.Зорин, В.А.Квартальнов туризм индустриясын шаруашылық құрылымның дербес звеносы деп анықтады; комплексті салалар мен бөлімдерден құралған экономикалық жүйе, олардың функциялары демалыс және көңіл көтерудің барлық түріне қиын және әр түрлі сұранысты қанағаттандырумен шектеледі.

Біздің ойымызша «туризм индустриясы – бұл табиғаттағы рекреациялық байлығына сүйенетін, сервис инфрақұрылымының барлық формалары кіретін демалу және көңіл көтеруге қоғамның сұранысын қанағаттандыратын қиын, шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтің көпқырлы жүйесі.

«Туризм және туризм индустриясы» терминінің анықтамасы жалпы қабылданғаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан және «Туризм индустриясы» терминіне экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм – бұл саяхат, ал саяхат – ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы-географтармен жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм – бұл таза географиялық түсінік.

«Туризм индустриясының» экономикалық мәні бар. Индустрия сөзі үлкен өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (л.т. «industria» - қызмет). «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сиымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты.

«Туризм индустриясының» ерекше қасиеттері:

Туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек.

Туризм индустриясының оң жақтарына:



  • ЖІӨ құрылымында туризмнен түскен табыстың өсуі;

  • аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;

  • туризм сферасында жұмыс істейтіндердің өсуі;

  • экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктің артуы;

  • аудандардың білім және ғылым потенциялының өсуі;

  • агломерацияға антропогенді әсердің азаюы;

  • инвестициялық бағдарламалардың тез өтелуі.

Теріс жақтарына:

  • ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үлестіру;

  • өндірістік инфрақұрылымның кейбір салаларының стагнациясы;

  • туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы;

  • туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлардың азаюы;

  • игерілмеген табиғи территорияларға антропогенді әсердің өсуі.

Біздің атап өткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.

Туризм индустриясының оң және теріс жақтары оның экономикадағы және қоғамдағы орнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ғана.

Туризм индустриясының құрылымын және қазіргі этапта оны басқару құрылымын анықтау қажет.

Қазақстанда В.Г.Волошин туризм индустриясының құрылымын көрсетті. Біз Қазақстанның туризм индустриясының альтернативтік, бірыңғайландырылған құрылымын ұсынамыз.

Біздің берген нұсқамыздың негізгі айырмашылығы табиғи рекреациялық потенциалды енгізу. Қазақстан үшін табиғи рекреациялық потенциал факторы оның масштабтылығы, әр түрлілігі және қайталанбайтындығы жағынан тең келмейтін байлық. Қазақстан экономикасының қазіргі даму этабында туризм индустриясына құйылатын қаржының жетіспеушілігі кезінде бұл фактор оның құрылымының басты элементі болуы керек.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Ќазаќстан Республикасы Ауыл шаруашылыєы министрініѕ
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет